Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақстан Республикасы әлемдік өркениетте.




Негізгі түсініктер: Еуразиялық ықпалдасу, жаһандану, интеграция, Еуразия кеңістігі

Әдебиеттер тізімі:

1. Сыздықов С. Еуразия идеясы мен практикасы жаңа белесте // Егеменді Қазақстан, 2010 жылғы 18 мамыр.

2. Нысанбаев А. Н., Абенов С. М., Бакаев Л. К. и др. Евразийская интеграционная политика Республики Казахстан: проблемы и перспективы. Алматы: Ақыл кітабы, 1998.

3. Іңкәрбаев Е. Еуразия идеясының бастаулары // Саясат.- 1998, қараша-89-94 бб.

4. Тулегенов Е. М. Еуразиялық одақ идеясының Қазақстанда жүзеге асырылуы. Тарих ғылымдарының кандид. атағын алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты, Алматы, 2010.

Жақында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Әділбек Жақсыбековтің «Қазақстан болашақта Еуроодаққа қосылса, Еуроодақ Еуразиялық одаққа айналады» деген сөзі көпшілікті елең еткізді. Андрей Грозин секілді ресейлік саясаттанушылар орыстілді БАҚ-ты Қазақстан елшісінің сөзін басқаша мағынасында сенсация етіп бұрмалап берді деп айыптап жатты. Бұл да Еуразиялық одақ туралы көптен бері айтылып жүрген әңгімеге тамызық болғандай. Расында, жаһанды жайлаған дағдарыс әлемдік саяси картаны көпполюсті жағдайға әкелетін сияқты. Қос полюстен ажыраған әлем елдерінің Еуропалық одақ, Латын Америкасы, Араб әлемі, Азия-Тынық мұхиттық сияқты оқшауланған аймақтарға жіктелуі күшейе түспек. Әлемнің жаңа мазмұндағы өзгерісі қарсаңында Елбасының 1994 жылдан бері айтып жүрген еуразиялық идеясының мән-маңызы арта түскендей. Осындай кезеңде Қазақстан Еуроодаққа қосылмай-ақ, айналасындағы елдерді Еуразиялық одаққа топтастыруы ықтимал. Бұған дейін Трубецкой, Савицкий секілді орыс философтарының күбір-сү­бір әңгімелерінен аспай жүрген еу­ра­зияшылдық, Еуразиялық одақ туралы идея жаңаша түрленіп, тұңғыш рет Қа­зақстан басшысының аузынан шықты.

Қазақстан тарапы еуразиялық одақ жо­басын ұсынғанда ТМД елдерінің мүд­­десіне сай тең құқылы және еркін түрде кооперативтік дамудың үлгісін нақтылап беруге тырысты. Еуразиялық одақ егеменді мемлекеттердің тұрақты­лық пен қауіпсіздік, әлеуметтік-эконо­ми­­калық жаңғыруға бағытталған ин­тег­­рациясының тәуір бір үлгісі десек болар. Ресейдің А.Дугин, И.Панарин се­кілді идеологтары еуразиялық идея туралы айтқанда тең құқылы әріптестік негізіндегі интеграцияны емес, баяғы еуразиялық ұлы державаны қалпына келтіруді аңсайды. Тарихта найзаның ұшымен, білектің күшімен осынау ұлан-ғайыр кеңістікте Атилла, Шыңғыс хан империясы, Әмір Темір империясы, Ал­тын Орда, Ресей империясы, КСРО се­кілді еуразиялық державалар болғаны белгілі. Шовинистік пиғылға салынған Ресей саясаттанушысы Игорь Панариннің ойынша, еуразияшылдықтың негізі Еу­ра­зиялық Русь идеясынан бастау алады. Орыс еуразияшылдары Батыстануға, яғни атлантизмге қарсы тұрса, екінші жағынан еуразияшылдық идеясын бұрынғыша ықпал етудің идеологиялық құралына айналдырғысы келеді. Осы арада ба­сын ашып алу керек, еуразияшылдық идея­сының екі кезеңі бар. Біріншісі, 1920-жылдары Н.С.Трубецкой, П.Н.Савиц­кий, Г.В.Вернадский дамытқан фи­ло­со­фиялық ой-пікірлер жүйесі болса, екінші кезеңін – 1990 жылдары Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың еуразияшылдық док­три­насын теориядан шынайы бол­мыс­қа ұластыруға талпынған ерік-жігерімен байланыстыруға бо­лар. Олай болса, ресейлік «ескі еу­ра­зияшылдық» пен қазақстандық «жа­ңа еуразияшылдықтың» ара-жігін ажы­ратып алған жөн шығар. Бірін­шіден, еуразияшылдық Ресей үшін та­рихи тұжырымдама болып қалды. Ал Қазақстан үшін өмірлік қажеттілік. Екін­шіден, ресейлік еуразияшылдық Батысқа қарсы тұрушылықпен ерекшеленді. Ал қазақстандық еуразияшылдық Ба­тыс­тан алыстауға емес, керісінше, мемлекетаралық деңгейде неғұрлым терең қарым-қатынас орнатуға зор мән беріледі. Қазақстанның 2008 жы­лы қабылдаған «Еуропаға жол» бағ­дарламасы осының айғағы. Үшін­ші­ден, Назарбаевтың еуразиялық док­­тринасы орыстар сияқты тар ауқым­дағы идеологиялық сызба емес, кең ауқымдағы халықаралық және өр­ке­ниетаралық байланыстар әдісі. Жа­бық емес, ашық жүйе, ашық түрдегі өркениеттік карта болып табылады.

Еуразиялық одақ идеясының тари­хи, этномәдени және әлеуметтік-эконо­микалық алғышарттары бар. Белгілі тарихшы Лев Гумилев атап өткендей: «ішкі Еуразия халқы славян-тұрандық қауымдастығымен көзге түседі, яғни қауымдастық жай этникалық қа­на емес, суперэтностық мәнге ие» ора­сан зор кеңістік болып табылады. Он­да батыс еуропалық, славяндық, түр­кі­лік этномәдени құндылықтарды топ­­тас­­тырған әр алуандылық байқалады. Сарапшылар арасында Еуразиялық одақ­ты баяғы КСРО-ға қайта оралу деп бағалайтындар да жоқ емес. Алайда қайта оралу емес, интеграциялық қай­­та жаңғыру деп түсінген жөн. Бұл әлемде қалыптасқан дәстүр. Мәселен, Еуропалық одақта – 27 ел, 1999 жыл­дан бастап құрылған Африкалық одақта – 53 мемлекет бар. Еуразиялық идея теориядан шынайы практикалық кезеңге өтті деу қиын. Дегенмен бұған дейін әртүрлі деңгейде, әскери жағынан ҰҚШҰ-ға, экономикалық тұрғыдан ЕуразЭҚ-қа, саяси мүдде жағынан ШЫҰ-ға, АӨСШК-ке интеграциялану үрдісі жүзеге асты. Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссияға бүкіл ТМД-ның ЖІӨ-нің 94 пайызы, сауда айналымының 88 пайызы тиесілі екен. Посткеңестік елдер арасында «біз еуразиялықпыз!» деген ұстаным санаға дендеп еніп келеді.

Қазақстан басшысы жиі көтеріп жүрген жаңа интеграциялық ұйым құру, жаңа аймақтық валюта қалыптастыру жөніндегі ойлары Еуразиялық одақтың алғышарты болса керек. Бұл үшін Еуропалық үлгіде Еуразиялық одақтың атқарушы комитеті мен жалпы парламент, әр сала бойынша комиссиялар құру керек.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Еуразиялық одақ құрудың төрт принципті мәселесі бар. Біріншіден, интеграция, ең алдымен, экономикалық қажеттілікке негізделген прагматикалық сипатта ғана бола алады. Екіншіден, көпқабатты және түрлі жеделдіктегі ин­тег­рация идеясы. Үшіншіден, қауіп­сіз­дікті бір ғана елдің күш-жігерімен қам­тамасыз ету мүмкін емес, аймақтық қа­уіпсіздік тетіктерін іздестіру қажеттілігі. Төртіншіден, интеграцияның еріктілігі.

Елбасының: «Менің Еуразиялық одақ туралы идеям ұлтаралық, мемлекетаралық мәселелер мен қайшылықтарды өркениетті түрде шешуді ұсынады. Халықтар интеграциясы саяси тәуелсіздігі мен этникалық біртұтастығын сақтау арқылы қазіргі заманғы мемлекеттілігі шын мәнінде еуразиялық кеңістіктің бейбіт дамуының саналы және өркениетті формуласы» дегені бар. Бұған алып-қосарымыз жоқ.

Еуразиялық одаққа бес қадам:
Бірінші қадам:
1994 жылы 29 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде ТМД қатысушыларына тұңғыш рет Еуразиялық одақ құру туралы бастама көтерді.
Екінші қадам:
1995 жылы Қазақстан, Ресей, Бе­ло­руссия президенттері Кедендік одақ құру туралы келісімге қол қойды. Кедендік одаққа 1996 жылы Қырғызстан, 1999 жылы Тәжікстан қосылды.
Үшінші қадам:
2000 жылы Бішкекте Кедендік одаққа кіретін Қазақстан, Ресей, Бело­руссия, Қырғызстан, Тәжікстанның мем­ле­кет­аралық кеңесінде жаңа ха­лықаралық ұйым – Еуразиялық эко­номикалық қауымдастық құрылды.
Төртінші қадам:
2002 жылы Қазақстан, Қырғыз­стан, Тәжікстан және Өзбекстан президент­тері Орталық азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қой­ды.

Бесінші қадам:
2003 жылы Мәскеуде төрт мемлекет басшылары – Қазақстан, Белоруссия, Ресей, Украина басшылары бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қойды.

Дәріс 14.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 487 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2460 - | 2139 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.