Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жұмысты орындау тәртібі және тәжірибелік нәтижелерді өңдеу




Тәжірибені жүргізу- адиабаттық процестің ұлғаюында, ауаның әртүрлі тепе-теңдік күйінде қысым мен көлемнің өзгеруін анықтау. Вакуумдық сорғы (1) арқылы оқытушының белгілі нұсқаған шамасына дейін манометрдегі (7) қысымды 2-3 минут ұстау керек. Осы берілген алғашқы күйдегі параметрлерді: қысымды Р1арт, Па; көлемді V1, м3 және бөлменің температурасын Т1бөлм өлшеу керек. Сосын кранды (3) тез ашып және қайта жауып, атмосфералық қысымға жеткізбей соңғы күйдің көлемін V2 шкала 4 бойынша, ал қысымын Р2арт манометр (7) бойынша анықтау керек. Осылай тәжірибені 5-6 рет қайтаған жөн.

Жұмыстық дененің тәжірибедегі әртүрлі тепе-теңдік күйлеріндегі абсолюттік қысымдар мына формуламен есептеледі:

 

Р і (абс) = Рбар(атм) + Р і арт , Па. (3.16)

Мұндағы Р і (абс) - жұмыстық дененің әртүрлі тепе-теңдік күйлеріндегі абсолюттік қысым, Па;

Рбар(атм)- қоршаған ортаның (атмосфералық) қысымы, Па;

Р і арт - әрбір тәжірибедегі манометр көрсеткен ауаның артық қысымы, Па.

Нәтижелерді 3.1-кестеге келтіріп, Р,V – диаграммасында тәжірибелік және есептілген адиабаталарды, алғашқы 1-ші нүктеден Р1(абс)V1тұрғызу керек.

Тәжірибелік адиабата тәжірибе параметрлерімен 3.1-кесте бойынша тұрғызылады да, ал есептелінген (3.9) теңдеуімен бірінші нүктеден басталып, тәжірибелік көлемдерге V1тәж, V2тәжжәне қысымға Р1(абс) сәйкес қысымдар Р2(абс) анықталып (К=Кәд=1,41), гиперболаға ұқсас тұрғызылады.

Тәжірибенің қатесі-осы тәжірибелік және есептелінген адиабаттардың ең үлкен бір бірінен өзара алшақ орналасқан қисық сызықтарының жерлерінен анықталады:

 

. (3.17)

Әр тәжірибенің адиабаттық көрсеткішін К і (3.7) теңдеуі арқылы есептеуге болады:

. (3.18)

Ал К-ның орта мәні:

Kор.тәж = . (3.19)

Мұндағы п – тәжірибе саны.

Кор.тәж – ның мәнін әдебиеттік шамамен Кәд салыстырғандағы салыстырмалы қателік:

 

. (3.20)

Әр тәжірибедегі ұлғаю L және толық берілген (техникалық) жұмыс L ` (3.13) және (3.14) теңдеулерінен табылады. Мұндағы m – ішкі түтікшедегі (6) ауаның массасы. Оны идеал газдың күй теңдеуінен анықтауға болады:

 

m=Р1V1/RTорта, кг (3.21)

мұндағы Rәд=287Дж/(кгК) – ауаның газ тұрақтысы.

Жұмысты анықтағанда максималдық қателікті мына түрде жазуға болады:

 

δLтәж=δРтәж+δV+δКәд, (3.22)

мұндағы δV= ∆V/V·100% - көлемнің тәжірибедегі салыстырма қателігі;

∆V – көлемді өлшеудегі абсолюттік қателік, м3, өлшеуші шкаланың (6) кіші бөлігінің жартысына тең болады.

 

3.1 кесте

Тәжірибелік берілгендер

Рбар(атм) =..., Па; Торта=..., К

  Тәжірибе нөмірі Қысым Көлем
Р1арт Р2арт V1тәж V2тәж
кгс/см2 Па Па кгс/см2 Па Па см3 м3 см3 м3
                     

 

Есептелінген нәтижелер 3.2 – кестеде келтірілген.

 

3.2 кесте

 

Есептелінген нәтижелер

Есептеу номері Қысым Көлем Ұлғаю жұмыс Толық беріген жұмысы Адиабата көрсеткіші
, Па , Па V1тәж, м3 V2тәж, м3 L, Дж L, Дж К
               

 

Әдебиеттер: 1[49-51бет], 3[26-27, 30-34беттер], 5,6[22-23, 26-27бет-тер], 10[33-36, 61-63 беттер].





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 498 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

4444 - | 4244 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.