Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Күнтізбелік- тақырыптық жоспар

СИЛЛАБУС

Пән: Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі

 

Кредит: 3

Семестр: 5

 

 

Пән атауы - Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі

Кредит саны (3) 45 сағат

 

Оқытушы: ф.ғ.д., доцент Жолшаева Майра Сатыбалдықызы.

 

Байланыс ақпараты:

Телефон: 87012729208

e-mail: MAIRA_ZHANIA@mail.ru

 

Пәннің өтетін орын мен уақыты:

Аудитория: филология факультеті, 2 - қабат;

Уақыты: сабақ кестесі бойынша.

Оқытушы туралы мәлімет:

Жолшаева Майра Сатыбалдықызы филология ғылымдарының докторы, 2001 жылы 25 мамырда қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдердің валентілігі мәселесі бойынша кандидаттық, ал 2009 жылы 16 қазанда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми кеңесінде «Қазақ тіліндегі аспектуалды семантика: форма және мазмұн» атты докторлық диссертациясын қорғаған. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы, лингвистикалық семантиканың грамматикалық семантика мәселелерімен айналысады. Грамматика мәселелеріне тікелей қатысты 60 астам ғылыми мақала жариялаған және 3 ғылыми монографияның, бес деңгейге арналған қазақ тілін оқытудың лексика-грамматикалық кешенінің (5 кітап), лексикалық-тақырыптық сөздіктің (2 кітап), қазақ әдеби тілінің 15 томдық түсіндірме сөздігінің, қазақша-қытайша-орысша дипломатиялық сөздіктердің авторларының бірі.

 

 

Курстың пререквизиті. Нормативті қазақ тілі. Тіл біліміне кіріспе. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы.

Курстың постреквизиті. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі. Аалдағы уақытта (магистратура, докторантурада) оқытылатын түрлі ғылыми пәндерді, мәселен, «Коммуникативті-функционалды синтаксис», «Мәтін лингвистикасы», жете түсінуге негіз болады.

Пәннің өзектілігі. Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі пәнін оқытудың қажеттілігі туралы: біріншіден,сөз тіркесі және сөйлем синтаксисінен жүйелі білім алады және аталған синтаксистік бірліктердің граммтаикалық, семантикалық сипаты мен олардың түрлі өлшемдер бойынша топтастыру ұстанымдарыымен танысып, сөз тіркестері, олардың түрлері мен сөздердің өзара байланысу тәсілдері, сөйлемнің түрлері, құрмалас сөйлем, олардың арасындағы синтаксистік байланыстар мен тәсілдер жайында ақпарат алып шығады.

Курс сөз тіркесі негізінде қалыптасатын жай сөйлем, жай сөйлемдер негізінде қалыптасатын құрмалас сөйлемдердің қалыптасуы мен даму жолдарын, синтаксистік бірліктердің грамматикалық-семантикалық белгілерін ажырата білуге үйретеді.

Пәннің мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілінің синтаксисі ойды жеткізу үшін сөздердің өзара тұлғалық және мазмұндық жағынан байланысқа түсіп, сөз тіркесі мен сөйлем түзудегі ерекшеліктерін, сөз тіркесі мен сөйлем түрлерін қарастырады.

Мақсаты - қазақ тілінің синтаксистік жүйесін ғылымда тұрақталған көзқарас тұрғысынан танып білу, сипаттау; студенттің әдеби тіл нормаларын игеруіне көмектесу; болашақ ұстазға қажетті тілдік әдістемелік біліммен қаруландыру.

Негізгі міндеттері: студенттерді қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесіне қатысты теориялық білімдермен қаруландыру; сөз бен сөздің байланысу тәсілдері мен байланысу формаларымен таныстыру; сөз тіркесі деп танудың шарттары; жай сөйлем синтаксисінің нысаны, жай сөйлем түрлері мен жасалу жолдары; сөйлем мүшелері, бірыңғай мүшелер, айқындауыш мүшелер, олардың тыныс белгілері; құрмалас сөйлем және оның жіктемесін; жасалу жолдары; құрмалас сөйлемнің түрлері; теориялық білім негізінде студенттердің мектепте жұмыс жүргізуге қажетті білік, дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

 

 

Күнтізбелік- тақырыптық жоспар

Апта Тараулар мен тақырыптардың атаулары Дәріс Прак сабақ Қажетті әдебиет СӨЖ (СОӨЖ)*
Синтаксис туралы жалпы түсінік
  Синтаксис – тіл білімінің бір саласы. Сөз, сөз тұлға – синтаксис нысаны. Синтаксистік зерттеулерде қолданылатын әдіс-тәсілдер. Қазіргі кездегі жай сөйлем синтаксисін зерттеудің бағыт бағдарлары     [1]; [2]; [3]; [6]; [4]; [5]; [7]; [8];  
  Синтаксис саласының зерттелу жайы Жалпы тіл білімінде зерттелуі Қазақ тілі жай сөйлем синтаксисінің зерттелу тарихы     [5]; [3]; [7]; [6]; [4];  
  Синтаксистік байланыс деңгейлері және синтаксистік байланыс құралдары. Тіркесімділік.     [1];  
Сөз тіркесі синтаксисі
  Сөз тіркесі – синтаксистің нысаны. Сөз тіркесіне тән белгілер. Сөз тіркесі және басқа ұқсас тілдік бірліктер. Сөз тіркесінің байланысу формалары мен байланысу тәсілдері.             [3]; [4]; [6] [7]; [5] [1]; [2]; [21];  
  Сөз тіркестерінің түрлері Түркі изафеті.        
Жай сөйлем синтаксисі
  Жай сөйлем туралы түсінік Сөйлемге тән белгілер. Тема және рема. Сөйлемнің акуталдану жолдары. Предикатвитілік туралы түсінік. Сөйлемді зерттеудің бірнеше аспектісі.         [1]; [2]; [3]; [6]; [19];  
  Жай сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш және оның түрлері мен жасалу жолдары. Баяндауыш туралы түсінік. Баяндауышқа тән грамматикалық белгілер. Жасалу жолдары. Түрлері. Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы.     [1]; [2]; [6]; [11];  
  2.3 Сөйлем, оған тән белгі. 2.4 Жай сөйлемнің құрылымдық типтері.     [1]; [2]; [6]; [14] [9];  
  Аралық бақылау2
  Жай сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Тұрлаусыз мүшелер және олардың түрлері, жасалу жолдары, қызметі. Толықтауыш. Пысықтауыш.         [1]; [2];    
  Анықтауыш мүше. Айқындауыш мүше. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері: бірыңғай тұрлаулы мүшелер, бірыңғай тұрлаусыз мүшелер. Бірыңғай мүшелердің байланысу тәсілдер. Үйірлі мүшелер.     [1] [2]; [6]    
  Жай сөйлемнің типтері Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай топтастырылуы: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер.     [1] [2]; [6] [9] [14]      
  Жай сөйлемнің құрамына қарай топтастырылуы Толымды және толымсыз сөйлемдер. Толымсыз сөйлемдердің түрлері     [1] [2]; [6] [21]; [22]    
  Атаулы сөйлем. Жасалу жолдары. Грамматикалық белгілері. Бір негізді және екі негізді сөйлемдер.     [1] [10] [6]; [19];  
  Бір негізді сөйлемнің түрлері: Жақты сөйлемдер және түрлері.     [1] [10]    
  Күрделенген жай сөйлемдер. Айқындауышты сөйлемдер. Қыстырмалы сөйлемдер. Қыстырынды құрылымдар Көсемшелі оралымды сөйлемдер. Есімшелі оралымды сөйлемдер. Қаратпалы сөйлемдер.     [1] [2];  


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Темы (реферата,презентации, эссе и т.п.) | Краткое описание дисциплины.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 857 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

2186 - | 2136 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.015 с.