Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жедел көмек алгоритмі

Тыныс алу және жүрек соғуы тоқталғандағы көмек

Реанимацияның халықаралық деңгейдегі схемасы 4 бөліктен тұрады.

Бұл схема «Элементарлы ренаимация негіздері» деп аталады.

«А» - келешекте сізге немесе балаға туатын қауіп барлығын тексеріңіз. Әр жағдайда әр түрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін, оларды сіз тез арада бағалауыңыз қажет.

«В» - ауа өткізгіш жолдарын тексеру(өткізгіштігі сақталған ба?)

«С» -тыныс алуын тексеру (бала тыныс алып жатыр ма?)

- кеуде қуысының қозғалысын іздеңіз

- тыныс алу дыбысын тыңдаңыз

- баланың тынысын өз бетінде тексеріңіз

«Д» -пиркуляцияны тексеріңіз – жүрегі соғама

-пульсін іздеңіз (иық артериясы, ұйқы артериясы)

Егер тыныс алуын анықтай алмасаңыз – «жасанды дем беру» өткізу;

Егер пульсін анықтай алмасаңыз – «жүрекке тікелей емес массаж»

Гипертермия

Гипертермия – бұл компенсаторлық қорғаныш реакциясы, екінші белгісі соған байланысты ағзаның иммундық жауабы ауруға қарсы күшейеді, өйткені:

-қанда бактериоциттер өседі;

-лейкоциттердің белсенділігі көтеріледі;

-эндогенді интерферонның белсенділігі көтеріледі;

-метобализмнің қарқындылығы күшейеді;

-ұлпаларға қоректі заттардың жылдам келуін қамтамасыз етеді.

Прогрессиялық дене қызуының көтерілуінде тыныс алуға және қан айналымға күш түседі (37° с дене қызуы әрбір градусқа көтерілгенде тыныс алу жиілігі 4 тынысқа көбейеді 1 минутта, пульс минуттына 10 рет соғуына күшейеді ал ол қанда оттегінің келуін күшейтеді. Бірақ бұл жағдай ұлпаларда оттегімен қамтамасыз етпейді. Одан соң ұлпалардың гипокциясы дамиды, одан ең бірінші ОНЖ зақымданады, фебрейлді тырысу дамиды. Бұл әсіресе температура 39-40° с болған кезде).

Гипертермияның дәрежесі нәресте ағзасының жеке ерекшелігіне байланысты болады.

 

Гипертермияның жіктелуі

Гипертермияның түрлері:

1. Суборебрильді – 37-38° С;

2. Қалыпты – 38-39° С;

3. Жоғары – 39-41° С;

4. Гиперпиретикалық – 41° С жоғары.

 

Гипертермияның түрлері

1. Қызғылт гипертермия:

Механизмі – жылу өнімі жылу берілуге тең.

Клиникасы:

а) Тері шырышты қабаттары қызарған;

б) Жалпы жағдайы шамалы нашарлаған.

2. Ақ гипертермия:

Механизмі – шеткері қан тамырлары тартылады, өйткені жылу өнімі жылу берілуін көп бөледі.

Клиникасы:

а) Қалтырауы, салқын сезімі;

б) Тері шырышты қабаттарының бозаруы;

в) Тырнақтары, еріндері көгерген;

г) Аяқ-қолдары саусақтарының салқындауы.

 

Гипертермия кезіндегі жедел көмек

1. Нәрестені төсекке жатқызу;

2. Қысып тұрған киімінен босату;

3. Таза ауамен қамтамасыз ету;

4. Гипертермияның түрін анықтау (ақ немесе қызғылт). Егер ақ болса қызылға ауыстыру (нәрестені жылыту, но-шпа енгізу немесе никотин қышқылы немесе папаверин, спазмолитин ретінде);

5. Көрсеткіш бойынша шараларды өткізу.

А) 37,0-37,5° С көбірек сұйықтық ішкізу;

Б) 37,5-38,0° С физикалық салқындатуды жүргізу;

В) 38,0-38,5° С энтеральды жолмен дене қызуын түсіретін препараттар (панадол, парацетамол, асперин, дене қысымын түсіретін балауыздар).

Г) 38,5° С және одан жоғары бұлшық етке көктамырға литикалық қоспа енгізу;

- Анальгин

- Димедрол

- Папаверин

Ескерту: асперин цефеконды балауыздарды дене қызуын түсіру үшін ерте жастағы нәрестеге беруге болмайды.

6. Оттегі терапиясын жүргізу;

7. 20-30 минут ішінде өткізуден бастап зәр шығару шараларын өткізу;

8. 20-30 минуттан соң термометрияны қайталау;

9. Термометрияның қайталану көрсеткіші болса, түзету шаралар өткізу.

 

Рысып тырысу синдромы

 

1. Құрысулар – дене және аяқ-қолдарының түр-сипатының өзгерісін тудыратын еріктен тыс болатын бұлшық еттердің жиырлуы;

2. Фебрильді құрысулар – жоғары температура кезінде;

3. Афебрильді – тууылу кезіндегі жарақаттарда, бас миының зақымдануына болады;

4. Ырғақты құрысулар – көбіне Эпилепсия кезінде.

Тырысу синдромы жас нәрестелерде көптеген ауруларда жиі байқалады. Мұның өзі олардың нерв жүйесінің жетілмеуіне байланысты болады. Ол нейротоксикозбен гипертермия, қабаттасатын вирусты жедел инфекцияларында, менингитте, энцефалитте, эпилепсияда, спазмафилияда, туылған кезінде бас сүйек ішінде жарақат алғанда, жаңа туған нәресте миының қан айналысы бұзылғанда, коматоздық жағдайда нерв жүйесінің вакциналаудың әсеріне дағдылы реакция ретінде дамуы мүмкін.

Құрысулардың жергілікті және жайылған түрлері бар.

Құрысу синдромының кезеңдері:

I. Тоникалық:

а) сыртқы ортамен байланыстың кенет жоғалуы;

б) көзқарасы бір орнында тұрмайды, одан әрі жоғары және бір жаққа тігіледі;

в) басын артқа шалқайту;

г) қолдары бүгілген және аяқтары тік жазылған.

II. Клоникалық:

а) басында бет, одан әрі дене, аяқ-қолдарының бұлшық еттері жиырлады және жылдам жайылады;

б) тері қабаттары бозарған.

Жедел көмек алгоритмі

1. Баланы тегіс, жұмсақ жерге жатқызу, жарақаттайтын заттарды алып тастау.

2. Қысып тұрған тар киімнен босату.

3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

4. Күрек тістерінің арасына шиыршықталған салфетка немесе мақтамен оралған шпатель салу.

5. Құрысуға қарсы препараттар енгізу (көктамырға немесе бұлшық етке).

- реланиум (седуксен) – 0,1 мл жасына (0,3-0,5 мг/кг) немесе

- дроперидол – 0,2 мл/кг немесе

- ГОМК 50-100 мг/кг (1 мл - 200 мг)

6. Оттегі беру.

7. Құрысудың себебін анықтау және жою.

Анафилактикалық есеңгіру (шок)

 

Анафилактикалық шок – ол аллергеннің әсерінен бірнеше минуттан соң болатын жедел аллергиялық реакция:

Анафилактикалық шок – аллергенмен, антителла арасындағы аллергиялық реакция нәтижесінде бөліп шығаратын биологиялық активті гистаминнің көп бөліну арқасында болады.

 

Биологиялық токсикалық заттар:

- Қан тамыры мембронаның өткізушілігі көбейеді, соның салдарынан шоктын клиникасы айқын дамиды.

- АД – төмендейді, соның салдарынан науқас есінен танады, жүрегі соғады, терісі бозарады, пульсі әлсірейді.

- Бронхоспазм – оның салдарынан ауа жетіспейді. Тыныс алу жетіспеушілігі ұлғаяды.

- Ентігу, цианоз, қабырға арасындағы бұлшық еті демде қатынасады.

 

Себептері: Аллергияға бейім бала организміне әртүрлі аллергендердің (дәрі-дәрмектер, вакциналар, қан препараттары,тамақ аллергендері, химиялық заттар, жәндіктердің, гүлдер мен шөптердің әсері т.б) әсер етуінің жедел түрінде байқалады.

Белгілері: Қатты әлсіреу, бозару, қатты терлеу, есін жоғалту, дем алысының қиындауы, кейде тоқтап қалуы, қатты басы мен ішінің ауыруы, қан қысымының күрт төмендеп кетуі, тері қабатында бөртпелер пайда болуы.

Жедел жәрдем: Әсер еткен дәріні егуді тоқтату; басын төмен,аяғын жоғарырақ етіп жатқызу; дәрі егілген жерден жоғары жгут салу, дәрі егілген жерді айналдыра 0,1% адреналиннен 0,15-0,75мл егу; науқастың ішін аяқ-қолдарын қатты уқалау; тыныс жолдарын тазалап тұру, басын бір жағына бұрып жатқызу; ылғалдатылған оттегін беріп тұру; демі тоқтап қалса, жасанды дем алдыру.

 

Естен тану

 

Естен тану – өткір тамыр жетіспеушілігі, ми қан айналымының бұзылуымен және қысқа мерзімді есін жоғалтумен сипатталады.

 

Шұғыл көмек:

1. Баланы тегіс жерге жатқызу және аяқтарын жоғары көтеру.

2. Қысып тұрған киімдерін шешу.

3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

4. Баланың бетіне және денесіне суық су шашу немесе мүсәтір спиртін немесе сірке қышқылын иіскету (мақта шаринімен).

5. Тері астына енгізу: кордиамин – бір реттік дозасы = 0,1 мл – 6 айға дейін; 6-12 ай 0,1-0,2 мл; > 1ж. – 0,3-0,5мл.

 

Коллапс

 

Коллапс – өткір тамыр жетіспеушілігінің ауыр түрі. Коллапс көп мөлшерде қан жоғалту немесе тамыр жүйесінде қанның бөлінудің бұзылуының нәтижесі болып саналады (қанның басым бөлігі перифериялық тамырда және ішкі мүшелерде жиналады), соның себебінен қан қысымы күрт төмендейді.

 

Клиникасы:

· Жағдайының аяқ астынан төмендеуі, есін жоғалту;

· Тері қабатының бозаруы;

· Суық жабысқақ тер;

· Пульс жіп тәріздес жиі;

· Қан қысымы төмен.

Шұғыл көмек

1. Баланы қатты тегіс жерге бас жағын төмен орналастырып немесе аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу.

2. Қысып тұрған киімдерін шешу.

3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

4. Келесі препараттарды енгізу:

· Мезатон – көк тамырға тамшылатып 0,1 мл/ жасына 5% глюкоза ерітіндісінде немесе

· Норадреналин – 0,2% ерітінді көк тамырға тамшылатып; 12 айға дейін – 0,05 мл (бір реттік дозасы); 1-6 жас – 0,1-0,2 мл; 6 жастан жоғары – 0,3-0,4 мл немесе

· Адреналин – 0,1% ерітінді тері астында, бұлшық етке немесе көк тамырға, бір реттік дозасы 6 айға дейін 0,1 мл; 1 жасқа дейін 0,15 мл; 1-6 жас – 0,2-0,5; 6 жастан жоғары – 0,5-0,7.

5. Қан қысымын бақылап отырып көк тамырға тамшылатып қан алмастыратындар енгізу.

 

Су

 

Себептері:

1. Ұшыну;

2. Улану;

3. Ас қорыту жүйесінің аурулары;

4. ОЖЖ аурулары.

 

Шұғыл көмек

1. Баланың жоғары көтеріп, басын бір жақ жанына бұрып жатқызу.

2. Қысып тұрған киімдерін шешу.

3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

4. Дәрігердің тағайындауы бойынша баланың асқазанын шаю.

5. Келесі препараттарды енгізу (әр препаратты алдында енгізілген препараттың тиімсіз болуына енгізеді):

а) per os – новокаин 0,25 % -1 шай қасық, -1 дес. қас. -1 ас қас., жасына сәйкес;

б) бұлшық етке – церукал -1 мг/кг (1мл=5мг) немесе прозерин -0,1 мл/жасына;

в) қайталап үзіліссіз құсу болғанда – аминазин бұлшық етке 0,1 мл/ жасына.

6. Құсудан кейін:

а) аузын қайнаған сумен шаю;

б) су – шай үзілісін сақтау 2-4 сағатқа;

в) керек жағдай – құсықтың зертханаға зерттеуге жіберу.

7. Құсудың себебін анықтау және жоюға тырысу.

Метеоризм

Метеоризм – ішекте жиналған газдардың себебінен іштің кебуі.

Жедел көмек алгоритмі:

1. Баланы арқасына жатқызып, денесінің төменгі бөлігін киімінен босату.

2. Таза ауаның болуына қамтамасыз ету.

3. Сағат тілінің бағытымен баланың ішін жайлап сипалау.

4. Шара тиімсіз болған жағдайда – жел шығарып түтікше қою.

5. Шара тиімсіз болған жағдайда келесі препараттарды енгізу(әр келесі енгізілетін препарат алдында енгізілген препарат тиімсіз болғанда енгізіледі):

а) карболен рег os(белсендірілген көмір) немесе смекта – 1мк/кг(1мл=5мг)

б) бұлшық етке – церукал немесе прозерин – 0,1 мл/жасына.

6. Газдың пайда болуына ықпал ететін тағамдарды алып тастау – сүт, қара нан, көкқністер, газдалған сусындар және т.б.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Исторические предпосылки понимания педагогического процесса как целостного явления. Системный подход к пониманию педагогического процесса. | level (16 balls) – 25 questions
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 4286 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2487 - | 2330 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.