Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сейітмұрат ЕМБЕРГЕНОВ




МАХАББАТ МҰНАРАСЫ

(Ә. Нұршайықовтың "Мәңгілік махаббат жыры"

поэмасын оқығаннан туындаған баллада)

Көргенде махаббаттың мұнарасын,

Тірліктің тереңінен сыр аласың.

Тұрғандай көк тәңірмен табыстырып,

Жердегі ғашықтардың Ұлы Анасы.

Ақ мәрмәр мәңгіліктің пердесіндей,

Адамның жасырулы зердесіндей.

Жүректің жұмбақтары ақ жауын боп

Жатқандай жырға айналып жерге сіңбей.

Тәңірдің теңдесі жоқ ғаламаты —

Тірлікте ерекшеленер адам аты.

Ал оны даралатқан бар ғаламды,

Билеген саналы ой мен махаббаты.

Махаббат — Ұлы сезім алыбындай,

Қуаты — сөнбес оттың жалынындай.

Тартатын жанды өзіне қыр-сыры мол,

Адамның алпыс екі тамырындай.

Әрине сана биік теңдесі жоқ,

Тірлікке билік етіп бермесі жоқ.

Маздатар махаббаттың өрт сезімін,

Ынтыққан "үнсіз тілдің" көмбесі боп.

Ғашықтық жүректердің ынтызары,

Санаға билік бермей ынтығады.

Сабыр мен төзімдіктен соқпағы бар,

Арада уақыт атты шың тұрады.

Әрқашан араша боп адамдығың,

Сәтсіздік сала алмайды саған қырын.

Мың түрлі "машақаттар" кездессе де,

Алаулап тұрсын берік адалдығың.

Аялар махаббатын адал жандар,

Ерекше сезім-нұрдан жаралғандар.

Өмірін өрнектеген өрлігімен,

Ерлігімен елге үлгі саналғандар.

Жүрекпен жар сезімін ақтағандар

Кіршіксіз берген сертін сақтағандар.

Тұрса да дараланып тұлғасымен

Озбаған тірлігімен басқалардан.

Беріліп бірі ерекше жан-жарына,

Таратса тағлым-үлгі жан-жағына.

Ал, бірі ақтап қадір қасиетін,

Түспеген күнсыз дүние қармағына.

Халима соның бірі Қазақ қызы,

Ұлт салтын ғажап тұтқан ғажап қызы.

Кіршіксіз махаббаттың отын жағып,

Қызықпен жылдар өтті... тан атқызды.

Арнаған асылына бар қызығын,

Әзекең бағалады жар қызығын.

Ғұмыры өнегелі қос ғашықтың,

Жарасқан тағар дәмі дәм-тұзының.

Танысу балғын шақта бастау болып,

Жұмбақ сыр іште кеткен жастау болып.

Бір бейне сақталды онда еріктен тыс,

Бұл жайлы ешкімге сыр ашпау болып.

Қос балғын жүргенімен алыс-жырақ,

Кеткен жоқ сыр сақтаудан шалыс бірақ.

Ғашықтық сезімдерін жария етуді,

Әдет деп арзан қолдық намыс қылат.

Сыналды соғыстың зор қыспағымен,

Сыналды Сібірдің де қыстарымен.

Сыналды Москваның цензор болып,

Аңдыған әрбір сөзді тұстарымен.

Сыналды уақыт атты өлшемменен,

Мәрт болсаң бұдан өтіп көр сен деген.

Жетерсің мақсатыңа "митың қағып"

Тірліктің илеуіне көнсең деген.

Қос ғашық тоғыз жылдай сыннан өтті,

Жүректі жұлқындырған сырдан өтті.

Соқпағы қиындықтар қатпарымен,

Қоршалған шыдам атты шыңнан өтті.

Бас қосты олар салтанатпен дүрілдетпей,

Барға тән рәсімдердің бірін де өтпей.

Ол кезде сын да жоқты, мін де жоқты,

Жатқанда бірі жетіп, бірі жетпей.

Қос ғашық уақыт сынын елемеді,

Болашақ — мақсатымыз деген еді.

Нұр жауар талаптыға дегендей-ақ

Жол ашып күн сәулесін себеледі.

Осылай уақыт жылжып жылдар өтті,

Махаббат қызығымен жылдам өтті.

Әр күні, әр сағаты ынтызарлы,

Қос жүрек әуендерін жырлап өтті.

Үй болды, үйлі болды, орда болды,

Кейде бар, кейде жоқтан зор да болды.

Алайда кетпес байлық, өшпес бақыт

Ұрпақтар қанат жайған ол да болды.

Бақыт құс қолға қондырған,

Болмайтындарды болдырған.

Тербетіп жүрек тұрғандай,

Махаббат, қызық мол жылдар.

Халима махаббаттың ақ бұлағы,

Аналық қасиеттің бақ тұрағы.

Әйелдік сұлулық пен нәзіктіктің

Жанға жәй ақбұрқатың атқылады.

Пейіштің жеті дариясын кешіп өтіп,

Дарытқан пәк тәніне несіп етіп,

Періште дерсің бейне тірліктегі,

Күн кешкен адалдықпен кәсіп етіп.

Махаббат — дінім — деді, аялады,

Сол жолға салды барын аямады.

Кір шалмас үшін көңіл көкжиегін,

Қалмады қарым-қатынас бай амалы.

Оқыды, оқытты да еңбек етті,

Сан қилы қол өнерін ермек етті.

Сәбилерді, сәбидей махаббатты,

Аналық ақ пейілмен тербеп өтті.

Құрдастар Қозы деді, Баян деді,

Тұстастар Төлеген мен Жібек деді.

Қалайда жарты ғасыр алаулады,

От сезім сертке берік жүректегі.

Тұнық су жарты ғасыр шайқалмады,

Ынтығын бір-бірінің қайтармады.

Білетіндер бұларды сүйсінуден,

Басқаша бұрма сөздер айта алмады.

Сексенге жетіп Халима өтті өмірден,

Қош айтысып ризалық шын көңілімен.

Махаббат жолы ол жүріп өткен қызықтап,

Жыр болып қалды өнегемен өрілген.

Халима өтті өмірден дегенде,

Аяулы үндер естіліп жатты ел-елде.

Қарапайым қазақы әйел есімі,

Кеткен екен аңыз болып тереңге.

Ертеректе Аягөзге барғанды...

Қозы-Баян күмбезіне тан қалды.

Осылардай мәні бірге жатсақ деп,

Құлақ қағыс еткен еді арманды.

Ел құрметтеп орындады арманын,

(Хикая ұзақ айту қалай салғанын).

Махаббаттың мұнарасы атанып,

Айта жүрер кейінгі ұрпақ қалғанын.

Махаббат деп өліп-өшіп ұрандап,

Мақсат емес өмір сүру құр алдап.

Мөлдірлігін жүрек қана сезетін,

Ақтығына куә болар бір Аллаһ.

Махаббат үшін жаным құрбан дегенде,

Кез келген айтса оған халық сенер ме?..

Күресе біліп қиындықтың қыбын тап,

Мақсатыңды бағалай білсең егерде.

Ең бастысы күресе біл өзіңмен,

Өзіндегі ала құйын сезіммен.

Бағалай біл өзіңнің де өзгенің

Мінездерін таныс бала кезіңнен.

Әзілхан мен Халималар осылай,

Болған екен жүргенде-ақ қосылмай.

Бұларды еш алаңдата алмаған,

Ойды арбап көз тартарлық тосын жай.

Өмірдің де өкіндірер жетпесі,

Қиындықтың ауыр естен кетпесі

Әлдекімнің ала сайтан сияқты,

Асын ішіп төсек тілген өкпесі

Бәрін, бәрін Халима өтті елемей,

Бұлар оған оңай болды демегей.

Өмір-Мұхит десек егер,

Қос ғашық Құрған отау болды алып Кемедей.

Алпыс жылдан асып-түсіп махаббат,

Әлсіремей тұрса не деп аталат?.

О дүние мен бұл дүниеде ерекше,

Осы болар аталатын "Бақ-абат".

Зар заманда, тар заманда жаралған

Аңыздағы ғашықтардан нәр алған.

Махаббаттың баянымен болары,

Дәлелденді мына өмірде, қараңдар!

Мәрмәр тастан мұнарасы қаланды,

Жарты әлемге есімдері таралды.

Махаббаттың мәңгілік жыр болары,

Жаңаша енді мойындатты ғаламды.

Қызылорда облысы, 2006 жыл.

Зілхан мен Халима





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 672 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2460 - | 2139 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.