Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ЖҮректі туатады жылы сӨзі




Біз Әзекең ағамен Қазақ мемелекеттік университетінде соғыс аяқталған жылы бір мезгілде білім алдық. Ол кісі майданнан оралған. Үнемі әскери киімімен жүреді. Жып-жинақы, киімі өзіне өте жарасымды. Біздер ол кісіге аса зор сыйластық сезіммен қарайтынбыз. Бізге жеңіс әкелуші батыр деп ұғатынбыз.

Біздердің жоғары курстарда оқитын әпкелеріміз бізге үнемі ескерту жасап, жігіттің соңынан жүгірмеңдер деп отырады. Бірақ өздері Әзекең сияқты сұлу жігіттерге көз салып, олармен таныс, қарым-қатынаста болудан аулақ еместігін айқын сезінеміз. Мұны өздеріне айтуға бата алмайтын едік. Алайда, біз оларды "мұқатудың" жолын таптық. Әпкелерге сырттай Әзекең боп, "күйдім, жандым" деген хатты оқта-текте жазатынбыз. Жігіттен хат алған әпкелеріміз оларға Сізден "сәлем" хат алдық деп айта алмайды. Қыздың жігітке өз тарапынан сөз айтуы қазақ дәстүрінде әдепсіздік, ұят саналады. Сонан іш қуса боп жүрген әпкелердің көңіл-күйіне біздер жас қыздар күле қарайтынбыз. Ал өз атынан қыздарға хат жазылып жүргенін Әзекең де, хат алушы әпкелерміз де білмейді. Біздерге ойын күлкі, әзіл-оспақ керек. Мұны біз ерекше бір ойын көретінбіз.

Әдетте, студенттер жатақхананың оқу залына барып сабақ әзірлейтін. Сондай бір сәтте Әзекең оқу залына келгенде әлгі онан "хат ал алған" әпкелеріміз Әзекеңе көзін сүзіп, жаудыpaп, үнсіз отырып қалады. Кейде әлдеқайда деп, қағарынан орын алып қоятындары бар. Сонда Әзекең бос орынға келіп отырғанда, қасындағы әпкеміз шымшық торғайша қылт-сылт боп, не айтарын білмей отырғанын көргенде біздер ішек сілеміз қаға күліп, булығып қаламыз. Қасымыздағы қыздарға дауысымызды шығармау үшін аузымызды қол орамалмен басып аламыз.

Әзекеңше хат жазғанда "Құрбым-ау, ішің білсін, Сізге тікелей барып сөз айтуға баға алмай жүрмін, бір реті келер" деп те қоямыз. Бірақ әпкелер әркімнен сұрастырып, Әз ағаның Мәскеуде Халима деген ғашығы барын біліп алыпты. Көңілдері су сепкендей болған әпкелер енді Халима апайды көруте ынтық екен.

Мен Халима апаймен алғаш саяжай басында таныстым. Редакция саяжай жерін Әзекеңнің сыйлы досы, Алматы облыстық Советінің торағасы Елагиннің көмегімен алыпты.

Менің жұбайым Орекең (Орақ Сматұлов) Әзекеңмен баспасөз саласында қызметтес, тағдырлас болатын. Бірде саяжайға барғанда мені Халима апаймен таныстырды. Халима аққұба, жылы жүзді, мейірлі, қарақат көздері күлімдеген сұлу кісі екен. Ол маған "Е, Муза, сенсің бе, ағаң арқылы білетін едім" деп, құшақтап, бауырына басып, бетімнен сүйді.

– Муза, жүр, ашық аспан астында, таудың дауалы ауасында отырып шай ішейік, — деп қолымнан жетектей жөнелді. Мен ұялып ермедім.

Жарты ғасырдан астам уақыт бойы Халима апаймен сыйластықта болдық.

Біздің Орекең Халима апайға жиі-жиі телефон соғып әдебиет турасында, кейбір мақала жөнінде сырласады. Ал Халима апай өте білімді, білікті, көрген-білгені мол, көп оқитын ақын жанды кісі екен. Орекеңнің онан ақыл-кеңес алатыны сонан болса керек.

Орекең әрі әпкесі, әрі жеңгесі санап, Халима апай алдында ойын-ерке сөзін айтуға батыл еді. Бірде шілденің шіліңгір ыстық күні еді. Біз саяжай маңында көкшалғында отырғанбыз. Қасымыздағы асфальт жолғға тоқтаған мәшинеден Халима апай жоғары қырдағы саяжайына бармай біздің қасымызға түсіп қалды. Артынып-тартынған. Жүгінің ауыры бес-алты литр сұйық зат сиятын үлкен бидоны бар.

— Халеке, не қаладан ауыз су артып алын келгенсіз бе? — дедік.

— Жоқ, Әзекең сусындасын әрі қасында басқа жігіттер де жүр. Соларға арпа ұнтағынан пісірілген, айран, сырок (арнайы ірімшік) қосқан сусын әкелдім. Шөлдеген шығарсыңдар, — деп, дорбасынан кесе алып, оған бетінде тоңазыған сарымай түзілген, көбігі бұрқыраған, ашыған айран көжені құйып берді. Сіміріп алдық. Расында шөліркеп отыр едік. Маңдайымыздан тер бұрқ ете түсті. Апайға алғысты жаудырып жатырмыз. Ол кісі жәй жымиды.

Тағы да бірде Орекең "Халима апай, Сіз осы Әзекең ағайды айрықша аялайсыз, неге олай?" — деп сұрады.

— Орақжан ау, — деп бастады сөзін Халима апай. Әзілхан ағаң қаршадайынан төрт жыл бойы майданда болды, мұз жастанды, қар жамылды, толарсақтан саз кеше зеңбірек сүйреді. Қатты қиналды емес пе? Оған қосымша әкесі, ағасы майданда опат болды, анасы өмірден ертерек озды. Осындайдан жалғыздық көрмесін, отбасының күйкі құбылысынан аулақ жүрсін, еңсесіне ауырлық түспесін деп аялаймын.

Иә, қандай ізеттілік! Адамға, сүйген жарға осылайша өмір жолын салмақтай біліп, қамқорлық жасау кез-келген әйелдің бойынан табыла қоймас деп ойлаймын.

Халима апай кейде мені сіңлім деп атайтын. Олай дейтіні ол кісі 1932 жылғы аштықта ата-анасынан айырылып, одан кейін төрт жыл балалар үйінде өсіп, алты жыл интернатта тәрбиеленген ғой. Менің де тағдырым сондай болатын.

Халима апайдың туған бауырымдай болған бір кісілігін айтайын. Мен буын-буын сырқырайтын сырқатқа ұшырап, жүре алмаған кезім болды. Менің осы жағдайымды естіп-білген асыл да, ардақты әпкем Халима "Муза дәріні былайша да алып жатқан болар. Мен отан халық емшілігінің дәрісін іздестіріп көрейін" деп ой қорытыпты. Сонан Тибет жұртында ежелден халыққа шипасы болған "Тибетский гриб" деген қолдан жасалатын дәрінің жасау тәсілін баяндайтын жазбаны әкелді. Онымен шектелмей әлгі дәріні жасауға қолданылатын шыны ыдысты, сүтті, арнайы қасықты, сүзгіні, бәрін түгел ала келіпті.

Онымен де тынбай, құр қол бармайын деп үлкен бір қорап шоколад конфетін де ала келген.

Шіркін-ай, осы бір жанашырлық қамкорлықтан үлкен тебіреніске келіп, жылап жібердім.

— Ay, Муза, мұның не деп, Әзекең екеуі бетімнен сүйіп жатыр. Буын деген не, әлі-ақ тұрып кетесің, дәріні қолдан, — деп жік-жапар болды.

Қараңызшы, қандай ықылас! Бұл тек туған бауырың ғана атқаратын қасиет емес пе?

Сол аяулы асыл әпкем бүгінде біздің ортамыздан көрінбейді. Бірақ оны күндей сәулетті нұрлы жүзі, көз алдымда, жүректі жадырататын жылы үні құлағымда. Халима әпкемнің жарқын бейнесі оны білетіндердің бәрінің жадында сақталады.

Қазақстанның халық жазушысы, біздің ардақты ағамыз, өзінің "Махаббат, қызық сол жылдар" атты романымен ел-елге даңқы тараған, еліміздің сүйікті азаматы Әзілхан Нұршайықов аға асыл жары Халима апай жөнінде махаббат жырын жазып, "Жұлдыз" журналында жариялатты. Бұл жыр бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың отбасылық өмір тіршілігі үшін асқақ гимні әрі тәрбие мектебі болатынына кәміл сенемін. Әрі бұл жыр сол әпкем Халиманың жарқын бейнесін ешқашан жадымыздан шығармайтын қуатты күш болмақ.

Алматы, 17сәуір 2002 ж.

P.S. Музаның әңгімесін қағазға түсірген Орақ Смағұлов.

Ғабдулсәнә САДЫҚОВ,

кен инженері, техника

ғылымының кандидаты





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 569 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

2272 - | 2094 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.