Паспорттық бөлім
1. Науқастың аты-жөні: Аманкулова Зубайра
2. Туылған жылы: 03.05.1939 ж.
3. Жынысы: әйел
4. Мекен жайы: Түркістан қаласы, Абдрахманов №33
5. Жұмыс орны мен кәсібі: зейнеткер
6. Күндері: ауруханаға түскен: 10.10.2016ж. сағ. 11:15
ауруханадан шыққан күні: -----
7. Клиникалық диагнозы:
Негізгі ауру: Қант диабеті 2 тип, ауыр ағымды, субкомпенсация сатысы
Негізгі аурудың асқынуы: Диабеттік нефропатия, айқын нефропатия сатысы
Қосалқы аурулары: АГ, ІІ дәреже-орта ауырлықта
8. Қысқаша сырқат анамнезі, диагностикалық зерттеулер, ауру ағымы, жүргізілген ем:
Шағымдары:
Негізгі: Полидипсия, ауызының құрғауы, полиурия, аяқтарында басқанда із қалдыратын ісінуге шағымданады.
Қосымша: Артериялық қан қысымының жоғарылауына, ашуланғанда пайда болатын, басының төбе бөлігінің,ешқайда берілмейтін, ұзақтығы 1-2 сағатқа созылатын, дәрі қабылдағанда(науқас дәрінің атын білмейді) басылатын, қысып ауыратын, ауырлық дәрежесі орташа ауырсынуға, басының айналуына, көзінің қарауытуына, ентігуге, әлсіздікке, шаршағыштық, жұмысқа қабілетінң төмендеуіне шағымданады.
Ауру тарихы: Науқас өзін 15 жылдан бері аурумын деп санайды. Ауру біртіндеп басталған, кезекті тексерістен өту кезінде анықталған, «қант диабеті 2 тип» диагнозы қойылған. Аурудың алғашқы белгілері аса байқалмаған. Науқастың пікірі бойынша аурудың себебі- стресстік жағдайлар және алиментарлық факторлар, яғни, майлы, тұзды, тәтті тағамдарды көп қолдануы.Қазіргі уақытта дәрігер эндокринологте «Д» есепте тұрады. Жылына 2 рет жоспарлы түрде стационарда ем қабылдап тұрады. «Ақмарал» ауруханасының терапия бөліміне жоспарлы түрде ем қабылдауға жіберілген. Қант диабетімен ауырғаннан оң көзі көрмейді,сол көзіне операция жасатқан.
Өмір тарихы: Туберкулез, венерологиялық аурулармен ауырмаған. Науқас 7 жыл бұрын көлік апатына ұшырап, аяғы сынып, аяғына ота жасатқан. Ота барысында науқасқа гемотрансфузия жасалған. 1 айдан кейін қайта тексерілгенде қанында Вирусты гепатит В анықталған.Ауруханада 1 ай жатып емделіп, жағдайы жақсарған. Науқас 5 жылдан бері артериялық гипертензиямен ауырады. Қазіргі уақытта тұрақты артериялық гипертензиясы бар, ем қабылдап тұрады. Науқастың дәрілік препараттарға аллергиясы жоқ. Кене шақпаған, соңғы 6 айда гемотрансфузия жасалмаған, шетелге шықпаған. Зиянды әдеттері жоқ, диета сақтайды.
Status praesens: Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы 36,5. Санасы анық. Дене бітімі:гиперстеник. Тері жамылғылары: құрғақ, түсі бозғылт, терінің тургоры төмендеген, перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Науқастың бойы- 1,52см, салмағы- 68кг. ДМИ-33, бірінші дәрежелі семіздік.
Тыныс алу жүйесі: Кеуде сарайының сыртқы пішіні қалыпты, деформацияланбаған. Мұрын арқылы тыныс алады,еркін. Өкпе аускультациясында везикулалық тыныс,сырыл жоқ. Бір минутта ТАЖ – 19 рет.
Жүрек – қан тамыр жүйесі: Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, шулар жоқ. АҚҚ –140/80 мм.с.б. Пульс-ЖСЖ –63 рет минутына.
Ас қорыту жүйесі: Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Үлкен дәреті қалыпты.
Зәр шығару жүйесі: Қағу симптомы екі жақта теріс мәнді. Кіші дәретке отыруы жиілеген, ауырсынусыз.Аяқтарында басқанда із қалдыратын ісіктер бар.
Лабораториялық зерттеу:
Жалпы қан анализы
Көрсеткіштері | Нәтижесі |
Эритроциттер | 5,5 млн. |
Гемоглобин | 134 г/л |
Түсті көрсеткіш | 0,73 |
Лейкоциттер | 6,6х109/л |
Нейтрофильдер: таяқшаядерлы | |
Сегментоядерлы | |
Эозинофилдер | |
Лимфоциттер | |
Моноциттер | |
Тромбоциттер | 195х109/л |
ЭТЖ | 3 мм/час |
Анның биохимиялық анализы
Көрсеткештері | Нәтижесі |
жалпы белок/протеин | 70 г/л |
Альбуминдер | 42,0 г/л |
Мочевина | 4,2 ммоль/л |
Креатинин | 100 ммоль/л |
Глюкоза | 5,5 ммоль/л |
АЛТ | 0,16 мккат/л |
АСТ | 0,55 мккат/л |
Билирубин | 10 ммоль/л |
Холестерин | 4,1 ммоль/л |
Зәрдің жалпы анализы
мөлшері – 170 мл
түсі – сабан түсті сары
мөлдірлігі – мөлдір
салыстырмалы тығыздылығы - 1018
протеин – 0,033 г/л
қант - теріс
жалпақ эпителий – 0-1 көру аймағында
лейкоциттер – 0-1 көру аймағында
Клиникалық диагнозды негіздеу:
- Гипергликемиялық синдром
- Метаболизмдік синдром
- Астено-вегетативтік синдром
- Гипертензиялық синдром
- Ісіктік синдром
Жоғарыда айтылған мәліметтерге сүйене отырып, қорытынды клиникалық диагноз:
Негізгі ауру: Қант диабеті 2 тип, ауыр ағымды, субкомпенсация сатысы
Негізгі аурудың асқынуы: Диабеттік нефропатия, айқын нефропатия сатысы
Қосалқы аурулары: АГ, ІІ дәреже-орта ауырлықта
Емі:
- гипокалориялы емдәм
- Физ. жүктемені күшейту
- Медикаментоздық ем:
· Метформин 500 мг к/3рет, тамақтан соң
· Диабетон 80 мг к/3 рет
· Амлодипин 5 мг тәулігіне 1 рет
· Фуросемид 40 мг к/2рет тамаққа дейін, АҚҚ бақылаумен.