Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Империяның түрік-мұсылман халықтарының консолидациясындағы «Иттифак-эль-муслиминнің» (Мұсылмандар одағы) рөлі.




Сонымен қатар қазақ өлкесінде діни сипаттағы партиялар құрылды. 1917 жылғы мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде, кейін сол жылдың 17–20 қыркүйегінде өткен Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінен кейін Иттифок—муслимин (мұсылмандар одағы) партиясының құрылғанын жариялады. Бұл парттия тұңғыш мұсылман партиясы Түркістан федералистердің партиясы болды.

 

Имела отделения в Поволжье, Крыму, на Урале и Кавказе, в Сибири, Туркестане и Закавказье. Программа предусматривала ряд либеральных преобразовании и объединение всех мусульман России без различия сословии и национальностей. Прекратила существование в 1907 году.

«Иттифак» поставил перед собой следующие цели:

· Объединение мусульман России в едином движении

· Установление конституционной монархии на основе пропорциональной репрезентации национальностей

· Правовое равенство мусульманского и русского населения и упразднение законов и административных практик, дискриминирующих мусульман

· Развитие культуры и образования мусульман

 

Азақтардың Ресейдің І – ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы.

Қазақстан халқының саяси санасын көтеруде Мемлекеттік Дума сайлауы зор роль атқарды. Мемл. Дума сайлауы сословиелік теңсіздікке және мүлік теңсіздігіне негізделген жүйе бойынша өткізілді. Қазақстанның бүкіл аумағында Мемлекеттік Дума сайлауы төтенше жағдай талаптарымен өткізілді.

I Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 млн-дық қазақ халқынан 4 депутат: Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А.Қалменов, Б. Құлманов сайланды.

Патша халық бұқарасының назарын аудару үшін шақырған І Мемлекеттік Дума оның үміттерін ақтамады, ал оның мінберін партиялар өз мақсаттарына пайдаланады.

Осылайша, 1906 жылы 8 шілдеде І Мемлекеттік Дума таратылды.

· ІІ Мемлекеттік Дума сайлауы 1905 жылы 6 тамыздағы және 11 желтоқсанда сайлау заңдары негізінде өткізілді.

· ІІ Мемлекеттік Дума кадеттерден, социал демократтар мен октябристерден тұрды.

ІІ Мемлекеттік Думада Қазақстаннан 14 депутат, соның ішінде қазақ халқынан 6 депутат болды, олар:

Ш. Қойшұғылов Ақмола облысы

Х. Нұрекенов Семей облысынан

Б. Қаратаев Орал облысынан

А. Бірімжанов Торғай облысынан

Т. Аллабергенов Сырдария облысынан

М. Тынышбаев Жетісу облысынан

 

· 1907 ж 3 маусымда ІІ Мемл. Думаны патша қуып таратып, социал демократиялық фракция қамауға алынып, Сібірге айдалды.

· Империяның орталығында, шет аймақтарда, соның ішінде Қазақстанда да реакцияның жүгінсіздігі басталды.

· ІІ Мемлекеттік Дума таратылуына қарсы наразылық белгісі ретінде жергілікті жерлерде митингілер, демонстрациялар және т.б. өтіп жатты.Олар: Ақтөбе, Петропавл, Қостанай, және т.б. қалаларда болып өтті.

Азақ саяси элитасының (А.Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, ағайынды Досмұхамедовтер, Ш.Құдайбердіұлы, және т.б.) қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі үлесі.

Элита – ең таңдаулы адамдардың қауы­мы. Халық басқарушы билікке түгел­дей қатыса алмайды, сондықтан, бұл міндетті элита атқарады. Олар бұқара халықтың биліктегі өкілі, ел соларға сенім артады, соңынан ереді, бағыт-бағдар алады, түзе­леді, еліктейді. Элита дегенде, жоғар­ғы билік пен көрнекті тұлғалар еске түседі. Алайда, мемлекеттік басқару құры­лымдарындағы билеуші элита – фор­­мальды топ қана, олардың көп­шілігі бұған кәдімгі қызмет, кәсіп түрі, артықшылықтарға ие болудың бір жо­лы, мансап ретінде қарайды. ХХ ғасыр басында орыс отаршыл­ды­ғының озбырлығы барған сайын арта түскен шақта ұлтшыл азаматтар арғы тегіміздегі Алаш атымен бірігіп, ұлттық идеяны ту етіп бас көтерді. Осы зиялы топтың көш­басшысы Әлихан Бөкейханов: «Біз, хан тұқымы, қазақтың үмітін ақтап, елдігін, тәуелсіздігін сақтап қала алмадық, қарызымызды ақтау үшін көшін бастай алмасақ та, қосшысы боламыз» деуі де оның асқақ мұратын халық тағдырымен байланыстыруынан. Сол тұс­тағы зиялылардың алдыңғы сатында қа­зақтың жалпытүркілік тұтастық идеясын көтерген Мұстафа Шоқай, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі – Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш!» деп, ұлтын оятқан Міржақып Дулатұлы, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Асан Қайғыдан кейін қазақтың шекарасын белгілеп берген Әлімхан Ермеков, «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз!» деп ұран салған Сұлтанмахмұт Торайғыров және т.б. тұрды. Ар, намыс, әді­лет, адами қадір-қасиет, өз ұстанымына адалдық, тұрақтылық, тектілік – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының бас­ты ерекшелігі. Қуғын-сүргінде, азап лагерь­лерінде, түрме тозағында, тергеу камераларында олар өздерін нағыз ер-азамат сияқты ұстады. Олар ешқашан өздеріне интеллигент, элита атағын таққан жоқ және бұған заман да мұрша бермеді. Ұлт-азаттық қозғалысының басшылары Әлихан, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Бахытжан Қаратаев, Халел және Жанша Досмухамедовтер және басқалары – негізінен Петербург, Мәскеу, Варшава, Қазан, Омбы мен Орынбор жоғары оқу орындары, училищелерінің түлектері».
Олар өз қызметінің басты мұраты қазақ халқының ұлттық төлтумалығын сақтау, сонымен бірге тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шыңдау деп санаған..Басқа сөзбен айтқанда қазақтың тұңғыш интелегенттері сол кезеңнің ұлттық сұраныстарына жауап беруге тырысты. Халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өлмейтін терең із қалдырған қайраткерлердің бірі – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. «Алаштың Әлиханы» атанған ол бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде де және осы күрес жолындағы ұлттық зиялылардың көш бастаушысы да бола білді. Ә. Бөкейханов пен оның серіктері өмір сүрген дәуірде қазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті мәселе – ұлттық теңдік және саяси бостандық еді. Алайда қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы – ұлттық мемлекеттікті қалпына келтіру ісі Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен және кейіннен жаппай атылып-асылып кеткен ұлттық зиялыларымыз бен оның көшбасшысы Ә. Бөкейхановтармен бірге тарих қойнауында, тоталитарлық өктемдік пен империялық зомбылықтың шаңына көміліп қала берді.
Бүгінгі тәуелсіздік таңы атқан, өз билігі өз қолындағы қазақ елі үшін ең бірінші мәселе төл тарихымыз бен туғана ана тілімізді жаңғырта отырып, ұлттық идеологияны қалыптастыру болмақ. Ол үшін, әлбетте, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ ұлттық саяси элитасының, соның ішінде ХХ ғасыр басындағы зиялылалырымыздың және олардың көсемі болған Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси және ғылыми-ағартушылық қызметін танып білу, олардан үлгі-өнеге алу бүгінгі күннің басты талаптары болмақ. ХХ ғасырдың басында ұлт тілінде шыға бастаған биресми «Қазақ» газетіне [29] Ә.Бөкейхановтың сол кезеңнің басты-басты саяси мәселелерін көтерген мақалалары жарық көрген.
Сонымен қатар Ә.Бөкейхановтың ғасыр басындағы қазақ комитетері мен қазақ съездері Уақытша үкімет тұсындағы мемлекеттік-саяси қызметтері туралы көптеген диссертациялардың қорғалғанын айтуға болады.
Ә.Бөкейханов туралы пікір Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде ғана объективті түрде жазылып, ғылыми жүйеге түсе бастады оған дәлел шығармалар жинағының жарық көруі.
XX ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуіне байланысты ескі, қатып қалған қағидалардан арылып, қарастырып отырған мәселені тарихи объективтілік принципін басшылыққа алған зерттеулер көптеп жарияланғанын атап өтеміз.Бүкіләлемдік саяси жүйеге өзгеріс әкелген осынау кезеңде зиялы қауым халқының болашағы үшін қарулы күрес жолында да батыл қадамдарымен көзге түсті. Елі мен жері үшін күрескен қиын саяси жағдайда таңдаған жолынан тайынбай өзіндік тән қасиеті отаншылдық рухы бар – зиялы қауымын Қазақ елінің жауы мен досы мойындағаг. Бір сөзбен айтқанда, тарих беттерінде шыңдалып, елеулі орынға ие болғанына көзіміз жетіп отыр.

12. ХХ ғасырдың басындағы ұлттық баспасөз және Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайына әсері («Қазақ», «Айқап» және т.б.)

XX ғасырдың басы – қазақ мерзімдік басылымдарының даму кезеңі. XIX ғасырдың аяғында екі ғана басылым болса – «Түркiстан уалаятының газетi» (1870-1883) және «Дала уалаятының газетi» (1888-1902), 1905ж. кейін бір қатар жаңа-жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907ж. Петербургте бір топ қазақ интеллигенциясы «Серке» газетін шығара бастады, ол газеттің редакторы Абдурашид Ибрагимұлы болды. Сол газеттің екінші нөмірінде М.Дулатұлының «Біздің мақсатымыз» мақаласы жарық көрді. Патша карауылшылары оны қазақ жұртының үкімет органдары мен олардың өкілдеріне қарсы қоятын үндеу ретінде санап, газетті жапты. Сол жылдың көктемінде Троицкте «Казақ» газетi шықты, бұл газетке бірінші нөмірінен кейін тыйым салынды. 1911 ж. Троицк қаласында «Айқап» журналының алғашқы нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен рух берушісі көрнекті қазақ ақыны, қоғам қайраткері Мұхамеджан Сералыұлы. Журнал сол кезеңдегі қазақ әдеби тілінің ресімделуіне, әдебиеттің дамуы зор үлес қосты, тарих, этнография, ауыз әдебиеті бойынша зерттеулерді жария етті; «Айқап» Исмаил бей Гаспралы шығармашылығына көңіл бөлді, қазақ даласында жаңа мектептер мен медреселер салынсын, ескілері жаңартылсын деп пікір айтты. Журнал беттерінде түрік және парсы тілдерінен аударылған жарияланымдар, мысалы Фирдоусидың «Шахнаме» жыры, басылып шықты. Ұлттық баспасөзінің даму жолында 1913-1918жж. Орынбор мен Торғайда Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен шыққан «Қазақ» газетінің орны ерекше. Газеттің негізгі қамы қазақ халқының мәдени өркендеуі, қазақ әдеби тілі мен әдебиетінің дамуы болды. Газет А.Бөкейханұлының фольклорға және А. Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетіне арналған еңбектеріне көп көңіл аударды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 4244 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Бутерброд по-студенчески - кусок черного хлеба, а на него кусок белого. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2414 - | 2335 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.