Қанды уақытша тоқтату тәсілдеріне мыналар жатады: қысып орау, аяқ-қолды жоғары көтеріп, сол жердегі ірі қан тамырларына қысу, тамырларды саусақпен басу, бұрау салу. Бұл аталған тәсілдердің жарамды, ал кейбір жағдайда жарамсыз жақтары да бар. Сондықтан оларды жағдайға қарай-дара немесе аралас түрінде қолданады.
v Қысып байлау ұлпаның ішіндегі қан қысымын көтеруге және жарақаттанған тамырдың қан өткізу қабілетін азайтып, ол жерде қан ұю мүмкіндігін береді. Бұл тәсілдің жарамсыз жағы, ірі қан тамырлары бүлінген уақытта, қанды тоқтату мүмкін болмайды да, аяқ-қольга ұштарына қан баруы мүмкіндігінен айырылады.
v Аяқ қолды жоғары көтеріп ұстау, әсіресе вена жарылғанда қанды уақытша тоқтатуға мүмкіндік береді, бұл тәсілді кысып байлаумен аралас түрде қолданады.
v Аяқ-қолды шама келгенше буының бүгу: тізе астындағы артерия бүгілгенде, жамбас буынның-жамбас артериясы бүлінгенде қолданады. Бұл қанды уақьггша тоқтатып, зардап шегушіні хирургия бөліміне жеткізуге мүмкіндік береді.
v Бұрау салу аяқ-қолдың жұмсақ ұлпаларын, сонымен қоса тамырларын сүйекке қысады. Бұл үшін Эсмарх бұрауы деп аталатьга ұзындығы 1,5 м, бір ұшында ілгек, бір ұшында темір шығыршығы бар жуан резеңке түтік қолданылады.
Бұрау салу әдісі. Жоғары көтерілген аяқ-қолдың түбіне таман қатты бұрауды 2-3 рет айналдыра орап байлайды. Терісі жиырылып қалмас үшін, бұраудың астына жұмсақ орамал салады. Бұрауды әдетте, артерия зақымданғанда қолданады да, оны жараланған жерден жоғары, артерия толық қысьш тұратындай етіп салады.
Бұраудың дұрыс салынғандығын аяқ-қолдың ұштарында шеткері пульстің
болмауынан және қан тоқтағанынан біледі. Бұрауды 2 сағаттан артық уақытқа салуға болмайды. Бұраудың салынған уақыты көрсетілген қағаз бекітіледі.
Жарамсыз жағы:
Тек артерияны ғана қысып қоймай, нерв түтікшелерін де қысьш, аяқ-қолдың сал болуына әкеліп соғады.
2 сағаттан артық бұрау салып ұстағандыктан, аяқ-қолдың жансыздануы төмендейді.
Қан айналымының тоқтату әсерінен, ағзаның инфекциямен күресу қабілеті төмендейді.
Мұндай тәсілдің жағымсыз нәтиже бермеуі үшін бұрау салынған 2 сағаттың ішінде 1-2 рет бұрауды босатып, бірер минутқа денеге қан жүгіртіп алу керек.
Ауыр хирургиялық инфекциямен зақымдалған және қан тамырлары зақымданған аяқ-қолға бұрау салуға болмайды.
Күйік - жоғары температураның (термиялық күйік), химиялық заттың (химиялық күйік), рентген сәулесінің немесе ядролық бомба жарылған кездегі жарық сәулесінің (сәулелік күйік) әсерінен терінің зақымдануы. |
Күйіктің түрлері |
Термиялық күйік |
Химиялық күйік |
Сәулелік күю |
Термиялық күйік - денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және балқыған металлдар, напалмдардың тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарылығына, әсер етудің ұзақтылығына, зақымданудың көлемі мен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады. Аяқ - қол, көз, дененің басқа мүшелеріне қарағанда күйікке жиі ұшырайды.
Химиялық күйік денеге жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, сірке, карбол) және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірілмеген әк), фосфордың және ауыр металлдардың, кейбір түздарының (ляпис, порлы мырьпп және т.б.) әсерінен пайда болады.
Сәулелік күю - ядролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болады. Сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді, зақымдау дәрежесі біршама кейінірек анықталады.
I - дәрежедегі күйікте дене қатты қызарып домбығады. 3-5 күннен соң тері қотырланьш сауыга бастайды.
IV - дәрежелі күйікте аса қатты жогары температураның әсерінен (жальш) тері қарайып күйеді. Бұл күйіктің ең жоғаргы ауыр түрі, тері, бұлшық ет, сіңір, сүйек зақымданады.
Алғашқы көмек көрсету тэртібі.
ü Бірінші тәртіп - мүмкіндігінше күйген жерді кұрғақ таза жаймамен немесе жаялықпен тезірек жабу.
Есіңізде болсын! Терінің күйген бөлігін байлал тастауға немесе қатты түюге болмайды.
ü Екінші тәртіп - целлофан пакеттерін, пластикалық шөлмектерді қармен, мүзбен немесе суық сумен толтыру жэне оларды қүрғақ жайма немесе жаялық төселген күйген жердің үстіне қояды
ü Үшінші тәртіп зардап шегушіге екі - үш анальгин дәрісін беру (оның есі болған жағдайда).
ü Төртінші тәртіп - зардап шегушіге жылы сусынды көп ішкізу жэне толық тыныштықта калдыру.
Күйік шогы кезінде ұзақ уақытқа созылған эректильдік фаза байқалады.
Токсемия ( улы затгардың қанға шабуы) күйікке ұшырағаннан кейінгі алғашқы сағатта-ақ басталады да, бірте- бірте күшейе келіп, науқастың одан арғы жағдайына әсер етеді.
Токсемияның басталуына күйікке ұшыраған аумақтың іріндеуі салдарьшан улы заттардың қанға шығуы себеп болады.Ал оның үдеуіне гипохлоремия, гипопротеинемия және зат алмасуының бұзылуы себеп болады.
Дәрігерге дейінгі көмек күйген жерді қосалқы
жарақаттанудан, шоктан шығаруға және инфекциядан сақтауға бағьгггалады.Зардап шеккен жерлерден киімді кесіп алады да күйікті таза дәкемен орайды. Күйген жерді салқындату үшін суық су, мұз салынған таза құгы немесе қармен 10-15 минут ішінде көмек көрсетіледі.
Шокты болдырмау үшін-жылыту, тыныштық, ауруды сезіндірмейтін дәрілер егу (анальгин, аспирин), жылы сусын беру (шэй, минералды су) қолданылады.
Шок, токсемия сияқты жағдайлар сирек болады да, зардап шеккен адамньщ жалпы жағдайында елеулі өзгеріс болмайды.
Дәрігерге дейінгі көмек. Күйген жерді жедел түрде таза су ағынымен жуьш, қышқылдар қалдығьш - 2%-тік натрий гидрокарбонаты мен, ал сілтіні - 2%-тік уксус (сірке суы), лимон қышқылдары ертіндісінен, фосфорды - 5%-тік мыс сульфаты ерітіндісімен жуу керек.