Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Экологиялық басқару және тұрақты даму




СРС 1

Экологиялық құқық – адам және қоғамның табиғатпен өзара әрекеттесуін құқықтық реттеу мен білімдердің жиынтығы.

Экологиялық құқық (орыс. Экологическое право) — экологиялық-заңдылық нормалардың (тәртіп ережелері) жиынтығы. Ол қоршаған ортаны корғау,экологиялық зияндардың зардаптарын алдын ала ескерту, адамды қоршаған табиғи ортаны сауықтыру және сапасын арттыру жолында адам мен табиғаттың өзара қоғамдық қатынасын ретгейді. Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері аясындағы, адамдардың қазіргі және келешек ұрпақтарының мүдделері үшін табиғат байлығын қорғау және ұтымды пайдалану саласындағы қоғамдық (экология) қатынастарды реттейтін заңи нормаларының жиынтығы. Экологиялық Құқықтың негізгі көздері:Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (1999), Қазақстан Республикасының Жер кодексі(2003), Қазақстан Республикасының Су кодексі (2003), Қазақстан Республикасының Орман кодексі (2003), Қазақстан Республикасының “Жануарлар дүниесін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану туралы” (1993), “Әуе кеңістігін пайдалану және Қазақстан Республикасы авиациясының қызметі туралы” (1995), “Қоршаған ортаны қорғау туралы” (1997), Қазақстан Республикасы Президентінің “Мұнай туралы” заң күші бар Жарлығы (1997), Ұлттық қауіпсіздік туралы Қазақстан Республикасының Заңы (1998), “Өсімдіктер карантині туралы” (1999) заңы, министрліктердің қаулылары мен өкімдері, нормативтік актілері болып табылады. Экологиялық Құқық нормалары құқықтың көптеген көздерінде, соның ішінде заңнаманың басқа салаларында да кездеседі.

Экологиялық құқық – қоршаған табиғи ортаның сапасын жақсарту, қорғау, сауықтыру, экологиялық зиянды салдардың алдын алу мақсатында қоғам мен табиғаттың өзара әсері жүйесіндегі қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін экологиялық-құқықтық нормалар жиынтығы: Өзге де елдер сияқты қазақстанда да қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау заңнамада негізделген.Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын құрайтын экологиялық құқықтық көздері төмендегідей құқықтық құжаттар болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциямы, заңдары мен кодекстері, жарлықтар, нормативтік актілері және т.б. Қазақстан республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы қоршаған ортаны қорғаудың негіздері бекітілген. Конституцияға сәйкес еліміздің азаматтары табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға өатысуға міндетті. ҚР Конституциясы азаматтардың жерге және т.б. табиғи ресурстарға құқықтарын жариялайды, әрбір адамның қолайлы қоршаған ортата құықғын бекітеді. Азаматтардың табиғатқа, оның байлықтарын қорғауға қатысты міндеттерін белгілейді. Қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы барлық заңдар табиғи ресурстың құқықтық негізі құрайды. Олардың құрамына «Атмосфералық ауаны қорғау туралы», «Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану туралы» және т.б. енеді.

1997 жылғы 15 шілдеде қабылданған №160-1 «қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңы экологиялық заңнама жүйесін басқарады. Табиғи ортаны қорғаудың мәселелерінде басқа заңдардың нормалары Қазақстанның Конституциясына және аталған заңға қайшы келмеуі тиіс. Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғаудың заңнамалық базасын қысқаша түсіндірген оқытушы енді экологиялық мониторинг, оның түрлері мен функциялары туралы сұрақтың мәнін ашуға кіріседі. Экологиялық мониторинг (лат. монитор – еске салатын, қадағалайтын) – антропогендік және табиғи факторларжың әсерімен қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау, бағалау және болжау жүйесі. Мониторингтің негізгі принципі – үздіксіз бақылап отыру. Экологиялық мониторинг экологиялық бақылаудың тек бөлігі ғана емес, ол сонымен бірге бағалауды және болжауды жүргізеді, сондай-ақ бір қызметті қоршаған табиғи ортаның жай-кұйі туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Содан кейін мониторингтің түрлері қарастырылады. Аумақтық шегіне байланысты экологиялық мониторингтің үш сатысы бар: жергілікті, аймақтық және жаһандық. Жергілікті мониторинг деңгейінде төмендегідей көрсеткіштерді бақылау неғұрлым маңызды болып табылады:

1. Адам мен табиғи экожүйелерге қауіпті ластаушы заттардың концентрациясы:

а) атмосфералық ауада көміртегінің, азот тотықтары, күкірт қос тотығы, озон, шаң, радионуклидтер, пестицидтер, ауыр металдар және т.б.

б) судың бет жағындағылар: пестицидтер, ауыр металдар, радионуклидтер, РН, минералдану, фенолдар, мұнай өнімдері, фосфор, азот, бенз(а)пирен;

в) топырақта: ауыр металдар, пестицидтер, радионуклидтер, азот, фосфор, мұнай өнімдері және т.б.

г) биотада: ауыр металдар, пестицидтер, радионуклидтер және т.б.

2. Зиянды физикалық әсер етудің деңгейлері: радиация, шу, діріл, электромагниттік өріс және т.б.

3. Биосфераның ластануы, әсіресе тумысынан кемістіктер салдарынан болатын аурудың динамикасы.

Аймақтық мониторинг деңгейіне ірі табиғи-аумақтық кешендер экожүйелерінің (орман экожүйелерінің, өзен бассейндерінің, агроэкожүйелердің және т.б.) жай-кұйіне бақылау жасау жатады, сондай-ақ биологиялық айналымлар, олардың бұзушылықтары зерттеледі, бір аймақтардағы қоршағаан ортаға антропогенді әсер етудің сипаты мен сандық көрсткіштеріне талдау жүргізіледі. Мысалы, аймақ шегінде жануарлыардың жойылып бара жатқан түрлерінің популяциялық жай-күйіне бақылау жасалады.

Тұтастай алғанда биосфередағы мүмкін болатын өзгерістерді байқау, бақылау және болжауды қамтамасыз ету – жаһандық мониторингтің міндеті. Оны фондық немесе биосфералық деп те атайды.

Жаһандық мониторингтің негізгі мақсаттары болып табылатдар:

– адам денсаулығына төнетін қауіптің алдын алудың кеңейтілген жүйесінұйысдастыру.

– климатқа атмосфераның жаһандық ластануының әсерін бағалау;

– биологиялық жүйелерде, әсіресе қоректік тізбектерде ластанудың мөлшері мен бөлінуін бағалау.

– қоршаған ортаға әсер ететін жерүсті экожүйелерінің реакциясы;

– ауыл шаруашылығы қызметі мен жерді пайдаланудың нәтижесінде пайда болатын күрделі проблемалары;

– Әлемдік мұхитты ластауға және теңіз экожүйесін ластанудың әсері;

– халықаралық ауқымдағы стихиялық апаттар туралы алдын ала ескерту жүйесін құру.

 

СРС 2

Экологиялық басқару және тұрақты даму

Қоршаған ортаны қорғаудағы экологиялық басқару мемлекеттік қоғамдық және әлеуметтік басқарудың бір саласы болып табылады. Экологиялық басқарудың мақсаты экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және салалардағы заң ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау болып табылады. Кейбір ғалымдарың тұжырымдамасы бойынша экологиялық басқару экологиялық заңнаманы, экологиялық міндеттерді ұстанудағы басқарушы субъектер мен басқарылатын субъектілердің арасындағы қарым-қатынастардан пайда болатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Экологиялық басқару принциптері жалпы экологиялық принциптердің ажырамас бөлімі, жалпы басқару жүйесінің бір құрамы. Экологиялық басқару жүйесі арқылы экологиялық шаралардың іске асырылуы мен орындалуы, қоршаған табиғи ортаны қорғау және заң ережелерінің бұзылмауы реттелініп, сонымен қатар қоршаған ортаның табиғи қорларын тиімді пайдаланудағы міндеттер мен мақсаттар, қажетті қаражаттар мен қажеттіліктер анықталады. Экологиялық басқарудың нысандарына заң, шаруашылық, құқық қолданушылық, құқық орындаушылық және құқық қорғаушылық қызметтері жатады. Қазіргі таңда экологиялық басқарудың бірнеше түрлерін ажыратады: мемлекеттік, салалық, өндірістік және қоғамдық экологиялық басқару. Әр түрдің өзіне тән ерекшеліктері, әдістері мен мақсаттары бар. Аталған экологиялық басқару түрлерінің міндетті, әрі ең маңыздысы мемлекеттік экологиялық басқару болып табылады. Қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттік экологялық басқару әдістері әкімшілік (басқарушылық), экономикалық және идеологиялық (тәрбие, білім беру, үгіттеу, насихаттау және т.б.) болып жіктеледі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының тұрақты даму саясаты бағытында экологиялық қауіпсіздік саласындағы экологиялық басқарудың маңыздылығын қайта қарастыру қажеттілігі анық болып отыр. Тұрақты даму саясаты кезеңінде табиғат қорларын тиімді пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғау мәселелері ғана емес, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздік сұрақтары ерекше орын алуда. Өз кезегінде экологиялық қауіпсіздік, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың, жалпы мемлекеттің заңды құқықтары мен экологиялық құқықтары қорғалуының қамтамасыз етілуі тиімді, әрі ұйымдасқан экологиялық басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Экология саласындағы мемлекеттік басқару органдардың ролі мен маңызы қандай?. Экологиялық басқару функциясы қандай нысанда жүзеге асырылады?

Мемлекеттік басқару- қоршаған ортаны қорғауды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық- атқарушылық қызмет. Ерекшеліктері: мемлекет тарапынан жүзеге асырылады, биліктік сипатта болады, мемлекеттің экологиялық саясатының көрінісі, қоршаған ортаны қорғауға бағытталғандығы, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуде. Мемлекеттік басқару 3 түрлі нысанда жүзеге асырылады: құқық шығармашылық; құқық атқарушылық; құқық қорғаушылық. Мемлекеттік басқару органдары келесі жүйеге жіктеледі:

- жалпы құзыретті органдар: ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі;

- арнайы құзыретті органдар: қоршаған ортаны қорғау министрлігі;

- функционалды органдар: салық органдары, табиғат қорғау органдары, төтенше жағдайлар министрлігі, жер қойнауын қорғау комитеті, орман және аң шаруашылығы комитеті, құқық қорғау органдары.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың жекелеген функциялары- қоршаған ортаны қорғау саласында келесідей функциялар жүзеге асырады: қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу, экологиялық нормалауды жүзеге асыру, табиғи ресурстар кадастрін жүзеге асыру, қоршаған ортаның мониторингін жүргізу, экологиялық сараптаманы жүзеге асыру, экологиялық білім беру және ағарту, қоршаған ортаны қорғау саласындағы экономикалық реттеу, экологиялық бақылауды жүзеге асыру, экологиялық дауларды шешу, экология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, экологиялық рұқсатты беру, т.б.

Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігін беріңіз және олардың субъектілері мен объектілерін талдаңыз.

ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы. Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз. Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:

1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.

2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).

3. Заңды тұлғалар.

4. Жеке тұлғалар- ҚР азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар. Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұны дегеніміз қатысушылардың қоршаған ортаны пайдалану мен сақтау бойынша құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.

 

СРС 3





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1404 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

2462 - | 2329 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.