Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Модифицирленген олигомерлер




Модифицирлеудің негізгі мақсаты жабындылардың механикалық қасиеттерін модифицерленбеген резольді және новолакты олигомерлер негізіндегі жабындылармен салыстырғанда жақсарту. Сыр-бояу материалдарының өндірісінде келесі модификация әдістері қолданылады: спирттермен этерификаттау, канифоль және өсімдік майларының қышқылдарымен әрекеттестіру.

Модифицирлейтін компонентті фенолформальдегидті олигомер молекуласына енгізу күнделікті қолданылатын органикалық еріткіштерде ерігіштігін және басқа үлдіртүзгіштермен үйлесімділігін арттырады. Резоль олигомерінің метилольді топтарын этерификаттауды әдетте бутанолмен жүргізеді, себебі көміртек атом саны аз спирттерді қолданғанда жабындының эластикалығы және олигомердің ерігіштігі тиімді дәрежесіне жетпейді.

Олар көбінесе эпоксидті олигомерлермен композициясында қолданылады. Алынған жабындылардың химиялық тұрақтылығы және эластикалығы жоғары болады. Бутонолдау фенолфоромиальдегидтер олигомерлерінің өсімдік майларымен үйлесімділігін арттыруға мүмкіндік береді және оларды резоль олигомерлерінің модификаторлары ретінде қолдануға болады.

Канифольмен модифицирленген резольді олигомерлерді сырларға, алкидтерге және алуан турлі синтетикалық үлдіртүзгіш заттарға қоспа ретінде қолданады. Олар жабындылардың қаттылығын және химиялық тұрақтылығын арттырады. Бірақ канифольмен модификаттауда олигомер молекуласына көп мөлшерде карбоксил топтары енгізіледі, және ол өз кезегінде жабындының суға төзімділігін кемітеді. Сондықтан модификацияға глицеринді немесе канифольдің пентаэритритті эфирлерін қолдануға ұсынады. Фенолды олигомерлерді өсімдік майларымен модификаттауда жабындының эластикалығы және адгезиясы артады.

Резольді олигомерлер майларымен модифицирленген жабындылар адгезиясы және эластикалығы жақсы, қышқыл-, май, және бензотұрақтылығы және электроизоляциялық қасиеттері жоғары болады.

Эпоксидті олигомерлер

Жабындыларының жоғары химиялық тұрақтылығына және белгілі көптеген үлдіртүзгіштермен үйлесе алу мүмкіншілігіне байланысты эпоксидті олигомерлер әр түрлі өндірісте кең қолдану тапты.

Эпоксидті олигомерлер бастапқы өнімдеріне тәуелді топтарға бөлуге болады: дианды олигомерлер, алифатты олигомерлер, циклоалифатты олигомерлер.

Дианды олигомерлер модифицирленген және модифицирленбеген болуы мүмкін. Модифицирленгендерге басқа олигомерлермен модифицирленген (изоцианаттармен, аминоформальдегидтермен және т.б.) эпоксиэфирлерді, полиэпоксидтерді және дианды олигомерлерді жатқызуға болады.

Эпоксидті олигомерлер молекуласының құрамында кем дегенде екі эпоксидті немесе глицидті тобы болады.

Негізінен осы топтары арқылы торлы полимер түзіледі.

Эпоксидті қосылыстар жоғарғы реакциялық қабілетті болып келеді. Олар қозғалмалы сутегі атомы бар қосылыстармен оңай реакцияласады (су, спирттер, қышқылдар, аминдер, фенолдар және т.б.):





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 674 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

4355 - | 4180 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.