Оқу іс-әрекетінің мазмұны
№ | Тақырыбы | Мақсаты | Сағат саны | Өтетін мерзімі |
Жанды табиғат және жансыз табиғат | Жанды және жансыз туралы қарапайым тусінік беру. Берілген сұрақтың нақта жауабын тауып, айта білуге үйрету.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру,қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. | |||
Cу туралы не білеміз | Балаларды судың қасиетімен, құрамымен таныстыру (дәмі, түсі, иісі, судың тіршілік Иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту. | |||
Үй жануарлары Қой, ешкі | Үй жануарлары түйе, сиыр, ешкі, қой, жылқы туралы түсініктерін кеңейте отырып, олардың тіршілік әрекеті туралы ұғымды кеңейту. | |||
Үй құстары | Қораз және тауық, балапан туралы ұғымдарды қалыптастыруды жалғастыру. Олардың тіршілігі туралы түсінік айтып беруге үйрету. | |||
Гүлзардағы раушангүл | Гүлзардағы раушангүлін таныпа, басқа гүлдерден айырмашылығын айтып беруге үйрету. Олардың тұрмыста қолданылуы, пайдасы туралы түсіндіру. Гүлзарда өсетін өсімдіктер. | |||
Аквариумдағы балық, шілтерқұйрық | Шілтерқұйрықпен таныстыру. Балықтардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылығын көре білуге, тіршілігі басқа балықтарға қарағандағы айырмашылықтары жайлы айта білуге үйрету. | |||
Атжалман | Табиғат бұрышында мекендеуші Атжалманмен таныстыра отырып бақылау жасай білуге үйрету. Атжалманның немен қоректенетіні, тамақтандыру реті туралы тусінік беру. | |||
Ызғарлы Қыс келді(табиғатқа саяхат жасау) | Қысқы табиғатты бақылап, қарапайым өзгерістерді атай білуге үйрету. Қысқы табиғат құбылыстары қардың жауғаны аяз туралы түсініктерін кеңейту | |||
Табиғат бұрышындағы құс тотықұс. | Табиғат бұрышын мекендеуші құс тотықұспен таныстыруды жалғастыру, тотықұстың құсқа тән ерекшеліктерін байқап, айтып беруге үйрету. | |||
Шымшық | Сауысқан туралы ұғымын жалғастыра отырып шымшықпен таныстыру. Шымшықтың тіршілігі басқа құстардан айырмашылығы туралы айта білуге үйрету. | |||
Пияз отырғызу | Пияздың әртүрлі болатындығы өсуі тұқымы туралы түсінік беру. Өсімдікті отырғызудың және себудің, күтіп баптаудың жолдарын көрсете отырып өсімдіктерді өсуге оларды күтіп баптауға талпындыру. | |||
Көктем кереметі Бөртегүл | Көктемдегі табиғат туралы түсініктерін кеңейту, бір ай бұрын суға салынған бөртегүл бұтағымен далада өсіп тұрған бөртегүлге бақылау жасап салыстыра отырып бөртегүл бұтасымен таныстыру. | |||
Бөлме өсімдігі хош иісті қазтамақ | Өсімдіктерді адамдардың күтімі және табиғаттың өзінің күтімі нәтижесінде өсіп жетілетіндігі туралы түсініктерін кеңейту. Қазтамақ өсімдігін танып атай білуге, іскерліктерін дамыту. | |||
Қанқызы және құмырсқа | Қанқызы және құмырсқамен таныстыру, қанқызымен құмырсқаны танып айтып беруге үйрету. | |||
Балапанды бақылау | Балапанды сыртқы көрінісіне қарап тани білуге дене бөліктерін ажыратып айта білуге үйрету. Балапанның тіршілігі адам қамқорлығына зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыру. | |||
Саңырауқұлақтар | Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Улы саңырауқұлақтардың адам өміріне қауіпті екендігі туралы айта отырып, жеуге жарамды ақ саңырауқұлақ пен улы боз арамқұлақты түріне қарап танып айтып беруге үйрету. | |||
Кесіртке (бақылау жасау) | Кесірткені танып айтып беруге үйрету. Кесірткенің тіршілігі қозғалу тәсілдері туралы ұғым беру. Қамқорлыққа тәрбиелеу. | |||
Жасыл құрбақа | Жасыл құрбақаны танып айтып беруге үйрету. Құрбақаның қозғалу тәсілдері, мекендейтін ортасы қорегі туралы ұғым беру. | |||
Барлығы | 18 сағ |
Балдырған» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Бекітемін: Келісемін: Меңгеруші: Сейталина М.Қ Әдіскер: Толыбаева Ш.Р