Оқу ісі
Орынбасары: Хаттама № «» 2014жыл
Күнтізбелік тақырыптық жоспар
Сыныбы: 9
Пәні: Қазақ тілі
Пән мұғалімі:
Сағат саны: 34, аптасына: 1 сағат
Оқулық:9 сынып Авторлары:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде, ҚР. Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген,
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Түсінік хат
Бағдарлама жүйесі «Қазақ тілін оқытудың тұжырымдамасы» мен «Қазақ тілінің мемлекеттік білім стандартына» сай түзілді. «Қазақ тілі» пәні бағдарламасы «Қазақ тілінің стильдері» және «Пунктуация» курсы негізінде жасалды. Бағдарлама оқушының тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінуіне, тілдік қарым-қатынастың әр түрлі жағдаяттардағы ерекшеліктеріне сай іскерліктерді меңгеруіне, сауатты жазып, сауатты сөйлей білуіне қажетті білім мен біліктер топтастырылып, жинақталып берілген. Күні ертең қоғамдық-әлеуметтік ортаға баратын негізгі мектеп курсын бітіруші сынып оқушыларын тілдің теориялық жағынан гөрі,әр түрлі қарым-қатынас жағдайында жол таба білуге үйрену,сауаттылық маңызды болып саналады,әрі бұл жастағы жеткіншектер дайын теорияны оқудан гөрі,практикалық әрекет нәтижесінде өздерінің тұжырымын жасауға ұмтылады.
«Қазақ тілі» - базистік оқу жоспарының мемлекеттік компоненті болып табылатын оқу пәні. Күнтізбелің-тақырыптық жоспарлау кезінде ҚРБМ бұйрығы негізінде жасалынған «Қазақ тілі» бағдарламасы негізге алынды. Қазақ тілін оқытудың мақсаты – 9-сынып оқушыларын сауаттылыққа,шешендікке баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,қарым-қатынастың барлық түрлеріне сай келетін коммуникативтік дағдыларын дамыту,интеллектуалдық қабілеттерін арттыру. Оқу жылы соңында 9-сынып оқушылары төмендегідей білім-білік дағдыларымен қаралуы тиіс:
- ұлттық тіл және оның формаларын, мемлекеттік тіл және оның қолданылу орындарын «Тіл туралы Заңды» білу;
- стиль түрлерінің өзіндік ерекшеліктерін біліп,тәжірибеде қолдана білу,іс-қағаздарын сауатты толтыруға дағдылану;
- әлеуметтік-тілдік дағдыларының қалыптасуы;
- тыныс белгілердің қойылу ережелерін,заңдылықтарын білу;
- жұрт алдында сөйлеуге машықтану,өз ойын жүйелі де мәнді жеткізе білу.
Тақырыптық жоспар
| № | Бөлім тақырыбы | Жалпы сағат саны | Мемлекеттік стандарт |
| Қазақ тілінің қоғамдық мәні, стильдері | 19 сағат | -тіл тарихы,ұлттық тіл және оның формаларын, мемлекеттік тіл және оның қолданылу орындарын «Тіл туралы Заңды» білу; -тіл туралы нақты ақпараттарды ғаламтордан ізденіп, кез келген ақпаратты ала білуі; -мемлекеттік тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіну, қарым-қатынас түрлеріне лайықты сөз әдебіне үйрену; -стиль түрлерінің өзіндік ерекшеліктерін біліп,тәжірибеде қолдана білу, іс-қағаздарын сауатты толтыруға дағдылану; -әлеуметтік тіл дағдыларының қалыптасуы; -стиль түрлерінде шығармалар жаза алуы; -газет-журналға кез келген тақырыпта мақала жаза білуі; -іс-қағаздарының үлгілерін мағыналы да талапқа сай етіп толтыра білуі; -сөздерді талғаммен пайдалана біліп,естелік әңгімелер жаза білуі; -сөз таптары мен сөз құрамына сауатты талдап, сөз бірлігін ажырата білуі; -сөйлем мүшесіне, сөз тіркесіне талдау жасап, олардың қолданылу заңдылықтарын білуі; -белгілі бір стильмен жазылған мәтіннің ішінен тірек сөздерді тауып, идеясын аша білу, тәжірибеде сауатты қолданылуы. | |
| Тіл мәдениеті және пунктуация | 15 сағат | -тілдің құдіреттілігін тани отырып, әр сөзді дұрыс пайдалана білу; -морфология саласынан алған білімін жетілдіріп, ойын сөзбен дұрыс бере біліп, өзіндік талдауының болуы; -тіл білімі салаларынан алған білімдерін толықтырып,жүйелей білу; -сауатты жаза білу үшін әр сөз бен сөз тіркесінің мағынасын толық біліп, сауатты жаза білу; -тыныс белгілердің қойылу ережелерін, заңдылықтарын білу, сауатты жаза білу; -сөз басы, сөз ортасы, сөз соңында келетін тыныс белгілердің мән-мағынасын ажырата біліп, сауатты түрде қолдана білуі; -жұрт алдында сөйлеуге машықтану, өз ойын жүйелі де мәнді жеткізу білу. |






