Лекции.Орг

Поиск:

Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

Нәрестелер пневмопатияларының патогенезі

Құрсақ ішіндегі гипоксия, ацидоз, гипотермия

Өкпе ұяшықтарында сурфактант өндірілуі азаюы

Ұяшықтардың бүлінуі, солып қалуы, оларда микроциркуляцияның бұзылуы, ісіну дамуы

Гипоксемия, гиперкапния, ацидоз

ОЖЖ, жүрек т.б. ағзалардың қызметтері бұзылуы

Кішкентай балаларда тыныс жолдарының обструкциясы тегіс салалы еттердің спазмына ғана байланысты емес, сонымен қатар шырышты қабықтың ісінуіне байланысты дамиды, сондықтан бронхолитиктердің тиімділігі төмен

Балалар практикасында бронхообстуктивті синдромда альфа- адреномиметик - мезатон және М-холиноблокатор – ипротропий бромиді қолданылады

Мезатон

Тыныс жолдарының шырышты қабықтары қан тамырларын тарылтады

Ісінуді тоқтатады, тыныс жолдарының өткізгіштігін жақсартады

Әсер ету ұзақтығы – 30 минут.

Жедел вирустық инфекцияларда дамитын обструкцияларда қолданылады

3.Қабыну кезіндегі жоғары дене температурасының болу себебін түсіндіріңіз.

Билет 2

1.Дәрілік деонтология түсінігіне не кіреді.

ДӘРІГЕРЛІК ДЕОНТОЛОГИЯ

Әрбір тарихи кезенде әділет, абырой мен парыз ұғымдарында өзінше түсінік қалыптаскан.

Медицина - ең ежелгі мамандықтардың бірі. Ол ем қолданып, шипа дарытудың бай тәжірибесін менгеріп, адам іс әрекеттерінің өзге түрлерінен ерекшеленетін белгілі бір қасиеттер иеленеді. Медицинаға да әлеуметтік-саяси кұрылысқа байланысты қалыптасатын өзіндік ахлаки және адамгершілік жосындар тән болмақ. Көне замандардан бері дәрігерлікпен шұғылданатын адамдарға айрықша адамгершілік талаптар қойылып келеді. Ежелгі дәуір медицинасында дәрігерлер басшылыққа алуға тиісті адамгершілік талаптар мен ахлақи жосындардың тұтас бір жиынтығы калыптасқан.

Этика — адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қагидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады.

Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым, ілім). Деонтология термині қолданысқа енгеніне аса кѳп болтан жоқ: өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған.

ДӘРІГЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Медициналық деонтология медицина қызметкерлері қызметінің моральді-этикалық негіздерін, олардың рухани және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарын, қоғам мен халық алдындағы жауапкершіліктерін, науқастармен, олардың туыстарымен, әріптестерімен өзара қарым-қатыстарын қамтиды. Буған дәрігердің кәсіби тұрғыдан өсу, науқастардың тілек талаптарын мейлінше қанағаттандыру мақсатымен емдеу, аурудың алдын-алу мекемелерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері жатады. «Дәрігершеберлігі» ұғымын техникалық тәсілдер қауызына қамап қоюға болмайды. Бұл - дәрігердін бойына біткен «клиникалық ойлау жүйесі» деп аталатын, интеллектуальді жұмыс түрінде көрінетін творчестволық үрдіс. Яғни, дәрігердің мінез құлқына, алдына келген ауруды қабылдай біліп, мұқият, әрі толықтай тексеруіне, лайықты қортынды жасауына тікелей қатысты нәрсе. Дәрігер ауру адамға көмек көрсетіп, оны сырқатынан айықтыруға, еңбек ету қабілетін қалпына келтіріп, ажалдан арашалап калуға жаралған. Бұл үшін ол өз мамандығын сүйіп кана коймай, кәсіби шеберлігін де ұдайы арттырып отыруы тиіс. Тек жеткілікті клиникалық тәжірибесі бар дәрігер ғана тиімді көмек бере алады.

ДӘРІГЕР МЕН НАУҚАС

Емдеу жұмыстары барысындағы дәрігер мен науқастын өзара қарым-қатынасының моральді-этикалық мәселелері деонтологияның маңызды тармағы болып табылады. Емдеу мекемесі туралы алғашкы әсердің жағымды, не жағымсыз болуы медицина қызметкеріне, осы жердегі жұмыс тәртібі мен жай-ахуалға байланысты қалыптасады. Емдеу мекемесіндегі орта мен ахуал науқастардың көңіл-күйіне, сайып келгенде, емдеу ісіне зор ықпалын тигізеді.

Бөлімшедегі жалпы жай ахуалдың да маңызы зор. Егер науқас ұқыпты да, мұқият жұмыс істеп отырған медицина қызметкерін көрсе, көңілі орнығып, табалдырықтан сеніммен аттайды. Егер де, науқас тек жоғары білікті маманды ғана емес, сонымен қатар жаны жайсаң, жүрегі ізгі жанды керсе, қамкор пейілін сезінсе, онымен бүкпесіз байланыс жасайды, ал мұның өзі емнің шипалы болуына септігін тигізеді.

Аурухананың хирургиялық белімдері, ѳзге бѳлімдерге Қарағанда, өзінің қаталдау сипатымен ерекшеленеді. Мұндай қаталдык, әдетте, тазалықты, асептикалық және антисептикалық қагидаларды сақтау қамынан туындайды. Әлбетте, тазалық барлық жерде, әсіресе, хирургияда керек. Алайда, нақ сол тазалықты науқастар жүріп тұратын орындардын - бөлмелердің, холлдар мен тынығу мүйістерінің интерьерлерін көңіл жұбанып, көз қуанарлықтай әсем де, жылышырай безендіру аркылы да, сақтауға болады ғой. Операция жасайтын, жараны таңатын бѳлмеде, ем кабылдау бѳлмесінде, т.б. медициналық ем шаралары қолданылатын орындарда асептикалық және антисептикалық шарт қатаң сақталуы тиіс. Ал басқа орындарда, мейлінше оңтайлы ахуал орнатып, кәдуілгі үйшілік жағдайға жақындатып қойған жөн. Мәселен, декоративті өсімдіктер, аквариумдар науқастардың уайым-мұңын сейілтіп, сырқатын бір сәтке ұмытуына, көңілін сергітуіне әсер етеді. Ѳздігінен жүріп тұратын науқастардың тынығып, келушілер-мен жолығуы үшін, әсем безендірілген холлға жұмсақ кілем төсеп, жайлы дивандар мен креслолар, аласа үстелдер, гүлдер койса артық болмайды.

2. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі науқастың шағымдарын атаңыз

Науқасты сұрастыру тыныс алу мүшелері ауруларының негізгі шағымдарын талқылауға мүмкіндік береді (кеуде бөлігінің ауыруы, жөтелуі, ентігуі).

Өкпенің қабынуы, тыныс алу мүшелерінің және іш қуысы мүшелері мен омыртқа иррадиациясының патологиялық үрдістерінен кеуденің ауырысынуы (торакалгия) болуы мүмкін. Кеуде және қабырғааралық бұлшық еттердің зақымдануы (миозиттер) мен жүйке жүйесінің ауыру себептерін торакалгия қамтиды. Дененің бүйірге бұрылуы және тыныс алу кезінде ауырсынудың артуы миогенді және жүйкелік торакалгияға тән. Қабырғааралық невралгияда (оның негізгі себептерінің бірі белдемелі теміреткі болуы мүмкін) ауыру сезімі дененің ауыратын жағына еңкейгенде, ал миозиттерде - сау жағына кисайғанда болатын белгілердің бірі. Бұл ауыру сезімдері кабырға аралықтарында ғана орналасады және қысым түсіргенде күшейеді. Периостит және остеомиелит кезіндегі сүйектердің ауыруы белгілі бір жерде болады және ол тыныс алуға байланысты емес. Пальпация кезінде жергілікті сүйектердің өзгеруі (ісіну, сүйек тінінің ақауы, томпаю) байқалады. Қабырғалардың сынуына байланысты ауырсыну сезімі тыныс алғанда күшейеді. Сынық орнын кейде сипап сезуге болады.

Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі ауырсынулар плевральді генезде болады:ол-өкпе қабының париетальді бетіндегі ауырсыну рецепторларының тітіркенуі. Оның негізгі себебі түшкіргенде, күлгенде, жөтелгенде ауаның көп мөлшерде жұтылуы. Осы кезде жиі құрғақ жөтел қосылады. Егер процеске диафрагмалы плевра қатысса, ауырсыну сезімі иыққа, бұғана үсті шұңқырына, мойын бүйіріне, ал басқа жағдайда - эпигастрий аймағына және қабырға астына берілуі мүмкін. Диагностикалық қателікті болдырмас үшін, соңғы жағдайларды ұмытпаған жөн. Өкпенің қатерлі ісігінде (мезотелиома, метастазалар) кеуденің бір бөлігіндегі ұзақ әрі шыдатпайтын ауыру сезімі болады.

Кеуде бөлігінің ауырсыну сезімін түсіндіру қиындықтар туғызады. Қабырға аралықты невралгиядағы сияқты, вертеброгендіауыру сезімі «белбеуленген»сипатта жүреді: жөтелгенде және дене бүйіріне қисайғанда күшейеді, компрессионды парестезиямен де (жансыздану сезімі, дене тітіркенулері, т.б.) сипатталады. Холелитиаз, көкбауыр инфарктісі және соқырішек жиі кеуде бөлігінің ауырсыну сезімімен сипатталады.

Билет 3

1.Отандық кардиологияның дамуына Г.Ф.Ланганның ғалым ретінде қосқан үлесін атаңыз.

Кардиология (көне грекше: kardіa – жүрек және көне грекше: logos – ілім) – жүрек пен қан тамырларының құрылысы, қызметі және олардың ауруларының пайда болу себептері мен дамуы, белгілері және оларды анықтау, емдеу әдістері мен олардан алдын ала сақтану жолдары туралы ғылым, медицинаның бір саласы.

Зерттеу[өңдеу]

Сондай-ақ кардиология жүрегі мен қантамырлары зақымданған адамды аурудан айықтыру әдістерін жетілдірумен де шұғылданады. Республикада кардиология дербес ғылым ретінде Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) емдеу кафедрасы ашылысымен қалыптаса бастады (1935). Жалпы және жеке органдардағы, әсіресе, жүректегі қан айналысының жүйке, қан арқылы реттелуі жөніндегі мәселелерді зерттеп, интер- және экстроцепторлардың жүрек тамырларына, артериялық және веналық қысым мөлшеріне, лимфа айналысына тигізетін әсері, оның механизмі айқындалды (А.П.Полосухин, Н.О.Базанова, Р.Ә.Сәтбаева, А.М.Бекетаев, І.А.Бірімжанова, А.Е.Бөлекбаева, т.б.). Шокқа (есеңгіреу) қарсы арнайы сұйық дәрі дайындалды (Полосухин, т.б.). Жүрек пен қан тамырлары зақымданған кездегі холестерин алмасуы зерттелді (Т.Я.Полосухина, В.И.Якубовская), жүйке жүйесі қызметінің бұзылуының артериядағы қан қысымының өзгеруіне әсері анықталды (Б.А.Атшабаров). Маймен реакцияға түсетін, жүрек етін сергітетін өсімдік препараттары (Бунге киікотының сұйық сығындысы, хош иісті алабұта, т.б.) дәрігерлік практикаға енгізілді (Ф.Ж.Жұмағалиева, Р.Ә.Сәтбаева, т.б.). Республиканың әр өңірінде жүректің ишемиялық аурулары мен артериялық гипертонияның таралу жиілігі (Сәтбаева, М.Ш.Тастамбекова), жүрек және қантамыр ауруларының эпидемиологиясы мен одан алдын-ала сақтану жолдары анықталды (А.Ж.Рысмендиев), республикада артериялық гипертонияны емдеу мектебінің негізі қаланды (Ә.Жүсіпов). Қазақстанның өнеркәсіп орындарында істейтін жұмысшылар арасында артериялық гипертонияның таралуы (эпидемиологиясы), одан сақтану жолдары зерттелді (Ғ.А.Құлқыбаев, О.А.Әбдібаев, т.б.). Жүректің ишемиялық ауруларына антиоксидант және кальций әсерін бейтараптайтын дәрілермен әсер ете отырып, жүрек етінің зақымдануын тежеуге болатыны дәлелденді (Құлқыбаев, т.б.).

Аурудың алдын алу[өңдеу]

Жүрегі ауыратын жүкті әйелдерге кардиолология көмек көрсету тәсілдері зерттеліп, жүрек-қантамыр ауруларын анықтау әдістері ұсынылды (М.Төленов, т.б.). Шок (есеңгіреу), улану салдарынан өлім халіне келген адамды артериясына тез қан құю арқылы аман алып қалуға болатыны дәлелденді (Төленов). Туа пайда болатын жүрек ақауларын анықтау, оларды операция жасау арқылы емдеу әдістері, сондай-ақ қан тамыр хирургиясының әдістері табылды (В.С.Сергиевский, А.К.Ізмұқанов, Е.К.Нұғыманов, Ж.Х.Хамзабаев, т.б.). Жүрек ауруымен ауыратын адамдарды емдеуде тиімді табиғи факторларды (минералды сулар, шипалы балшықтар, қымыз және шұбат) ұтымды пайдалану, жаңа дәрілік препараттарды клиник. тәжірибеден өткізу және диагноз қоюда осы заманғы компьютерлік томографияны пайдалану іске асырылуда. Қазақстанда К. саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты, Хирургия ғылым орталығы, Педиатрия және бала хирургиясы ғылым орталығы, медициналық университтер, Алматыдағы Дәрігерлер білімін жетілдіру институты, Адам және жануарлар физиологиясы институты шұғылданады.[1]

Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру Шағымдары — жүрек аймағындағы ауру сезімі, жүрек қағуы, ісінулер, ентігу, жөтел, қан қақыру, тұншығу, әлсіздік, шаршағыштық, бас ауру, ұйқының бұзылысы, жұмысқа қабылетінің төмендеуі, оң қабырға доғасы астындағы ауру сезім. Аурудың даму тарихынан мәліметтер жинастыру: аурудың басталуы (кенеттен, бірте-бірте, себебі мен пайда болу жағдайы; жасалған тексерістердің қорытындылары, жүргізілген емнің тиімділігі). қайталау және нашарлау жиілігі, себептері. Өмір тарихынан мына мәліметтерді анықтау: бұрын болған дерттері (баспа, скарлатина, сап (ревматизм); тұрмысы мен жұмысындағы жағдайы (қара күш жүктемесі, психикалық жүктеме, күйзелістер); үйреншікті уланулар (темекі шегу, арақ ішу және т.б.); тұқым қуалаушылық (ата-анасында, туысқандарында жүрек — қан тамырлар аурулары); эндокриндік бұзылыстар (климакс, тиреотоксикоз т.б.). Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексерудегі іс-әрекеттерінің реттілігі Науқаспен танысу: сәлемдесу, өзін таныстыру және науқастың аты-жөнін, тегін анықтау 2.Науқастың шағымдарын сұрақ қойып анықтау: “Қандай шағымдарыңыз бар” немесе “Сізді не мазалайды”? деген сұрақтар беріп, науқастың шағымдарын анықтау Олар: жүрек аймағындағы ауру сезімі, жүректің қағуы, ісіктер, ентігу, жөтел, қан қақыру, тұншығу, әлсіздік, шаршағыштық, бас ауру, ұйқының бұзылысы, жұмысқа қабылетінің төмендеуі, оң қабырға доғасы астындағы ауру сезім. Негізгі шағымдарын айырып алу: Олар: кеудедегі ауру сезім, ентігу Негізгі шағымдарды қосымша сұрақ арқылы талдау, сараптау. Жүрек аймағындағы ауру сезім (dolor): орналасу орны – қай жерде? ауру сезім сипаты — қалай білінеді? күші, қарқыны –қандай? таралуы — қайда? ұзақтылығы –қанша уақытқа? пайда болу себебі және жиілігі — қандай жағдайда пайда болады? ауру сезім тұрақтылығы? қандай жағдайдан кейін басылады? Жүрек қағуы: жиілігі және ұзақтығы? пайда болу себебі?; сипаты – қалай соғады (жиіленген, ретсіз соғуы, тоқтап қалғандай; басылу себебі? Ісіктер, ісінулер (oedema) пайда болу мезгілі және тәулік бойындағы өзгеулері? басталғандағы орналасу орны; таралуы? Ентігу (dyspnoe) пайда болу жағдайы? ұзақтығы және сипаты? Қан тастау (haemoptoe) қан мөлшері? қанша рет — жиілігі; Жөтел (tussis) жөтел сипаты; жиілігі; күшею себебі? Оң қабырға доғасы астындағы ауру сезімі сипаты? пайда болу жағдайы? Құрсағының үлкеюі (аscytis) қалай және қанша уақытта дамыды? Қосымша шағымдарды анықтау: Қосымша шағымдар: әлсіздік, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, ұйқының нашарлауы, бас ауруы жұмысқа қабылетінің төмендеуі, шаршағыштық (қашаннан бері мазалайды, қандай жағдайда – тұрақты немесе жүктемелерде) Дерттің даму тарихы, дерттің анамнезы. Дерттің басталуын анықтау Дерттің басталуын анықтау келесі сұрақтарды сұрау: «Бірінші рет аурып тұрсыз ба әлде осы дерт біраздан бері мазалайды ма?», «қалай басталды?» — дерттің басталуын анықтау. Осы шағымдар бірінші рет мазалап тұр немесе осы дерт бірнеше жылдардан бері бар. Мысалдар: -кенеттен немесе бірте-бірте әртүрлі жүрек қантамыр жүйесі ауруларына тән шағымдарымен басталуы (кеудедегі шаншу тәрізді ауру сезімімен; жүрек қағуымен, тұншығу ұстамасымен, құрғақ жөтелмен; ентігумен немесе ісінулердің пайда болуымен әлде жүрек аймағындағы сыздаған ауыру сезімі, жүрек аймағында ыңғайсыз қолайсыздықты сезінумен, бас ауруымен, бас айналуымен, ентігуге байланысты жұмысқа қабілетінің төмендеуімен; дене қызуының көтерілуі, т.б.); бұрыннан бар созылмалы дертінің өршуі (қандай шағымдармен басталды, жылына өршуі қанша рет болады, қандай жағдайлар әсер етеді, бәсеңсу кезеңінің ұзақтығы). Дерттің ағымын анықтау. Дерттің дамуын анықтау: Қандай шағымдармен басталды, әрі қарай қандай шағымдар қосылды немесе қандай шағым қалай өзгерді? мысалы: «кенеттен жүрек аймағында ауыру сезімі болды, оған ентігу қосылды; немесе ентігу жиіленді, кейінірек кешке жақын аяғының ісінуі пайда болды және т.б». Дерттің басталуына әсер ететін жағдайларды анықтау (дерттің болжама немесе нақты себебі). Дерттің басталуына әсер ететін жағдайларды анықтау келесі сұрақтарды беріп: Қалай ойлайсыз осы дертіңіздің басталуына қандай жағдайлар себеп болуы мүмкін? Өзіңізше осы ауруыңыз қандай жағдайдан кейін пайда болды деп ойлайсыз? психо-эмоциональнық тежеулер; ауыр қара жұмыс; салқынданулар; жақын арада болған жіті қабыну дерттері (жоғарғы тыныс жолдарының жіті қабынулары); уланулар, алергиялық әсерленулер (уытты әсері) шамадан тыс ішімдік қабылдау, кеуде жарақаты Жасалған шараларды анықтау. Келесі сұрақтарды беріп науқастан осы дерттіне байланысты жүргізілген шараларын анықтау: дәрігерге қаралдыма? қандай тексерістер жүргізілді (олардың қорытындысы); емі (өздігінше -үйде, медициналық көмекке жүгінді — емханада); қандай дәрілер немесе басқа түрі; емнің тиімділігі қандай болды? Болмады? емделмеген; ауруханаға түсу себебі? жедел-жәрдем көмегімен келіп тұр; -қаралды: тексерістер жүргізілген жоқ; тексерістер жүргізілді: жалпы қан анализі, қақырық анализі; рентген және т.б. олардың қорытындысы бар, қолында; -ем жүргізілді: а/б, қақырық шығаратын және т.б. емнің тиімділігі: бар, жоқ; емделмеген. ауруханаға түсу себебі: емделу, ауруы өршіді; тексерілу және т.б. Өмір тарихы — осы дерттің дамуына алып келетін қолайсыз жағдайлар. Өмірінің әр кезеңінде: туылғанынан бүгінгі күнге дейін: болған қолайсыз жағдайларды немесе дерттерді сұрау-балалық шағы (нешінші бала, туылған жері) жасөспірім (мектепке бару, үлгерімі, қалыс қалуы, мамандық алу (кәсібіне байланысты қатерлі жайттар) үйлену (жанұясындағы рухани, адами қасиеттік жағдайы) болған қолайсыз жағдайларды немесе дерттерді сұрақ қойып анықтау: әлеуметтік жағдайы; тұрмысы, жарақаттары; тұқымқуалаушылық дерттері; аллергиялық әсерленулер; мүгедектік анықтау. әсер етуі мүмкін қолайсыз жайттар: Балалық және жасөспірім шағындағы дерттер (туа біткен жүрек ақауы, ревматизм, тонзиллит, тіс жегі). Жоғарғы тыныс жолдарының жіті қабынуы, аллергиялық және басқада дерттері; Әлеуметтік және тұрмыстық жағдайы (тұрақтанған жері: дымқыл, ылғалды; майлы, тұзды тағамдарды жиі пайдалануға бейімділік; қимылсыздығы басым тіршілік салты; от басындағы көңіл-күй, моральдық жағдайы). Кәсіпшілік қолайсыз әсерлер: ойдың, орталық нерв жүйесінің жиі, шамадан тыс тежелуі; ауыр күштемелер (басқарушылық қызмет, жұмыс түрі; моральдық, психикалық хал-ахуал). Ер азаматтарда: әскерде болуы, атқарған міндетінің түрі; қолайсыз әсерлер; болған дерттері; несеп жолынан дертті бөлінділер немесе аталық мүшесінде ойылулар; атабезінде ауру сезімі немесе ісіктер; бұрын болған жұқпалы жыныс дерттері; жыныстық қатынасқа ықыласы; қанағаттанарлығы; жыныстық бұзылыстар. Әйел адамдарда – етек кірінің басталуы, оның сипаты (неше жасында, бірден тұрақталдыма, канша күннен, мөлшері; ауырсынулы немесе онсыз, айналымының ұзақтығы); жыныстық қатынастың басталуы; етек кірі айналымы арасында немесе жыныстық қатынастан кейін қан кетулер; соңғы етек кірінің уақыты тұрмыс құруы, жүктілік (қанша көтерді, қалай өтті — ісінулер, қан қысымының жоғарлауы; босанулары — өздігінше, операциялар арқылы, асқынулар; түсікте- жасанды немесе медициналық аборттар); етек кірінің тоқтауы: неше жасында, қандай көріністер — қан қысымының жоғарылауы, жүрек қағуы, т.б. Менопауза кезіндегі қан кетулер. Тұқым қуалаушылыққа бейімділік: жақын туысқандарында жүрек ауруларының, гипертонияның, туа біткен ақаулардың, семіздіктің болуы. Басқа ағзалардың дерттері (тыныс алу; орталық нерв жүйесі) немесе жарақаттар, сынықтар. Жұқпалы аурулар – туберкулез, мерез, сары ауру. 10.Үйреншікті уланулар: темекі шегу; ішімдікке салыну; нашақорлық, уланулар.

2.Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауратын науқастың шағымдарын атаңыз.

3.Зәр шығару жүйесінің инструментальды зерттеу әдістерін түсіндіріңіз (ренгендік,ультрадыбыстық,сканерлеу,радиоизотоптық, биопсия)

Зәр шығару жүйесі — адамның ағзасында, дәлірек, қанда, болатын зат алмасу процесікезінде бөліп шыққан сұйық күйдегі соңғы қалдық заттарды сыртқа бөліп шығарып, ағзадағы су мен тұздың балансын (қалыпты жағдайда болуын) қадағалайтын жүйе.

Зәр шығару жүйесіне кіретін бүйректе жаңадан қан түзетін гемопоэтин гормоны мен қан қысымын реттейтін ренин гормоны түзіледі. Егер зәр шығару жүйесінде ақау пайда болса, салдары ауыр болуы ғажап емес. Асқынған түрі кейде адам өліміне әкеп соғады.

Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер мыналар: қос бүйрек пен қос несеп ағар (зәр ағар); қуық, несеп жолы (несеп шығатын жол).

Қан тамырлары арқылы тасымалданатын қалдық заттардан бүйректе үнемі зәр түзіледі. Ол зәр несеп ағар арқылы қуыққа жетіп отырады. Қуықта жиналып қалған зәр несеп жолы арқылы сыртқа шығарылады. Тірлік етушілердің зәр шығару түтікшесі (несеп жолы) жыныс мүшесінен бөлінетін заттарды да шығаратын болғандықтан ол мүшені несеп-жыныс түтігі деп те атайды. Ұрғашыларда несеп түтікшесі (несеп жолы) қынаптың аузында (алдыңғы бөлігі — уретра) ашылады.

Зәр — сабанның түсіндей ашық сары болып келетін мөлдір сұйықтық. Егер зәрдің түсі қою сары немесе қоңыр түсте болса, денсаулық тұрғысында қиындық туындағанын, яғни, ақау пайда болғандығын білдіреді.

4 – билет

1.Қан тамырлар жүйесін және ас қорыту мүшелерін зерттеу әдістерінің дамуына В.П. Образцов пен М.Д. Стражеско ғалымдарының қосқан үлесі.

Қан тамырлары (лат. vasa sanguinea) — адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер.

Қан тамырлары:

қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырларға — артерияларға,

қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырларға — веналарға және

оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін микроайналым арнасының қан тамырларына (қызыл тамырша — артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша — венула) бөлінеді.

Артериялар мен вена тамырлары қанды тасымалдаушы тамырларға жатады. Олардың қабырғасы қалың. Түтікше мүше ретінде артериялар мен веналардың қабырғалары үш қабықтан құралған: ішкі - интима, ортаңғы — медиа, сыртқы - адвентиция. Микроайналым арнасы қан тамырларының қабырғалары арқылы қан мен оны қоршаған ұлпалар арасында зат алмасу процесі жүреді. Қан тамырла- рының ішкі беті эндотелиймен астарланған. Вена тамырлары интимасында жүрекке қарай ғана ашылатын қақпақшалар (клапандар) болады.

Асқорыту мүшелері Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалықлық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады.

Асқорыту мүшелері[өңдеу]

Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ас ішек және тоқ ішек жатады. Асқорыту мүшелерінің іші қуыс, түтікке ұксас.

Асқорыту мүшелерінің қабырғасы негізінен үш қабаттан тұрады: сыртқы, қабаты - дәнекер ұлпадан тұратын сірқабат. Ортаңғысы бұлшықет қабаты, ішкі қабаты - эпителий ұлпасынан түзілген.

Василий Parmenovich үлгілері (1 (13) Қаңтар 1849 () басқа да көздерден, 1851 сәйкес, Грязовец (басқа көздерден сәйкес, Вологда) - 14 желтоқсан, 1920, Киев) - Ресей терапевт Киев университетінің профессоры, жүрек-қан тамырлары ауруларының диагностикалық әдістерін саласындағы пионері және ас қорыту жүйелері.

Өмірбаян [өңдеу | өңдеу уики мәтіні]

1870 жылы, әрине, семинариясында аяқталғаннан кейін, ол 1875 жылы дәрігер пайда және ел дәрігерге қосылды, оның, Әскери-медицина академиясына түсіп.

1877 жылы, орыс-түрік соғысы басында, ол Румыния әскери дәрігер болып тағайындалды. зейнеткерлікке шығу туралы ол профессор Вирхов және басқалармен Берлинде бірінші кезекте жұмыс істеді жақсарту, шетелде барды.

1879 жылы, ол докторлық куәландырудан өткен және 1880 ол «сүтқоректілердің сүйек кемігін қан қалыптастыру морфологиясы туралы» кандидаттық диссертациясын қорғады, және Киев аурухананың дәрігері тұрғыны болып тағайындалды.

1884 жылдан бастап 1886 жылдары жеке практикамен жұмыс істеді. 1886 жылы ол стажер болып тағайындалды, және 1888 жылы - Киев Александр ауруханасы бөлімінің бастығы

арнайы патологиясы мен терапия бөлімінде Киев университетінің профессоры - 1891 жылы доцент және 1893 жылы сайланды. Сонымен қатар, 1903-1918 жылдары факультет терапевтикалық клиниканың (бульвары Шевченко үй саны 17) директоры болды, онда кейінірек, қалалық аурухана саны 22, оның есімі берілді.

Ол FG Яновский Киев емдік мектеп құрылған Киев физика-медициналық қоғамы, Киев Медициналық қауымдастығының, төрағасы болып қызмет атқарды.

Диссертацияның қатар, негізінен диагнозына, бірқатар жұмыстарды жариялады. іш ағзаларының (1887) терең сырғымалы пальпация дамыған әдістері, тікелей бір саусақпен (1910) бар кеуде перкуссия. 1909 жылы ол миокард инфарктісін клиникалық көрінісін сипатталған 1910 жылы (оның студенттің стражеско бар автормен бірге) егжей-тегжейлі тромбоз клиникалық көрінісін сипатталған кім, әлемде бірінші болды.

Ол Киевте 1921 жылы қайтыс болды.

Николай стражеско мемлекеттік кеңесшісі отбасында Одесса жылы 30 желтоқсанда, 1876 дүниеге келген. Оның әкесі, заңгер, Дмитрий Ye стражеско ауылынан Джордж Apostolovic стражеско Verezheny ұлы болды, Оргеев аудандық (қазіргі Теленешты Молдова ауданында), оның отбасы Румынияның бояр тиесілі. DE стражеско Одесса Richelieu лицейінің факультетінде оқыған, содан кейін Кишиневте орта мектепті 1858 жылы бітірген. Онда магистрант болды, және Херсон 1900 кейін директоры Земский Банк әкімшілігі. Ана стражеско, қайырымдылық қызметпен айналысатын ресейлік адмирал Винчи, қызы. әйелдер желісі үлкен әжесі гетману Конашевича-Деп саналады бірдей (гетман Конашевича түрі келді.

Одесса Николай стражеско жоғары мектепті бітірген соң (1894), ол 1899 жылы үздік дипломмен бітірді Киев университетінің медицина факультетін, кірді. Бұл патология бөлімінің және арнайы терапия кезінде жұмыс істеуге қалды. Сонымен қатар, ол профессор В.П. Образцова басқаратын Киев қалалық ауруханада, терапиялық бөлімінде стажер болып жұмыс істеді.

1901 жылы ол Кардиограммы өндіру техникасын, сондай-ақ Берлинде, Лейден профессорлар мен сенаторлар емхана оқыған профессор Patenu, Франция жіберілді. 1902 жылы Әскери-медицина академиясының (ВМА) және ол бактериологиялық жылы ас қорыту физиологиясы саласында 2 жылға және биохимия, фармакология, патологиялық анатомия бөлімдерінде жұмыс істеді профессор Павлов, эксперименттік медицина Санкт-Петербург институтына жіберілді зертханалық. Күзде 1904 жылы Әскери-медициналық академиясының ішек физиология саласында медицинада докторлық. Киевте оралған соң, ол профессор В.П. Образцова бастаған клиника емдік факультетінің, аға қызметкерлері дәрігер болып жұмыс істеуге барды.

2.Қанның биохимиялық анализінің қорытындысына баға беріңіз: ревматологиялық комплекс (жалпы ақуыз, ақуыз фракциясы, Вельтман сынағы, сиалово қышқылы, С-реактивті ақуызы, формалы сынағы).

Компоненттер Нәтиже Қалыпты Бірлік

Альбумин 35-50 г/л

Белок 66-83 г/л

АЛТ 55,0 0,0 – 41,0 U/L

АСТ 59,0 0,0 – 41,0 U/L

Билирубин/тікелей 24,0/18,0 0,0 – 21,0 U/L

ГГТП 55,0 6,0 – 42,0 U/L

СФ 150,0 35,0 – 105,0 U/L

Холестерин 5,54 3,4-5,3 ммоль/л

Тимол сынамасы 5,3 0-5 ед

СРБ + теріс

Мочевина 2,5—6,4 ммоль/л

Креатинин 44-88 ммоль/л

Электролиттер: Калий - 4,2 ммоль/л Ионизирленген кальций- 1,1 ммоль/л. Натрий – 144 ммоль/л.

Хлор - 102 ммоль/л

Коагулограмма:

МНО - 1,38 (қалыпты- 0,85 – 1,25)

АЧТВ – 37 сек

Тромбин уақыты 15 сек (N),

фибриноген 3,5 г/л,

РФМК теріс. (N),

антитромбин 90% (N).

Зәр анализі:

Жалпы зәр анализі – қалыпты көрсеткіштер

Зәр түсі сары

Зәр мөлдірлігі мөлдір

Зәр реакциясы немесе рН рН 6

Зәр тығыздығы 1,012 г/л

Зәрдегі белок 0,033 г/л

Зәрдегі глюкоза жоқ

Зәрдегі эритроциттер Бірен-сараң көру алаңында

Зәрдегі лейкоциттер көру алаңында 3

Зәрдегі эпителиальды жасушалар көру алаңында 10

Гемоглобин. Ер адамдарда 130-160 г/л, әйелдерде 120-140 г/л Гемоглобин (Hb) –бұл оттегі тасымалдауға қабілеті бар, темір атомы бар белок (ақуыз). Гемоглобин эритроциттерде болады. Гемоглобин өлшем бірлігі грамм/литр. Гемоглобин деңгейі қалыпты болу ағза үшін маңызды, себебі гемоглобин жетіспеу кезінде ағзада оттегі жетіспеушілігі байқалады. Гемоглобин жоғарылау себебі: Сусыздану (су ішудің азаюы, шөлдеу, бүйрек жұмысының бұзылуы, қант диабеті, көп мөлшеде құсу және іш өту, зәр айдағыш заттарды пайдалану); Жүректің немесе өкпенің туа пайда болған ақауы; Жүрек немесе өкпе жетіспеушілігі; Бүйрек аурулары (бүйрек артериясының стенозы, қатерсіз ісіктер) Қан түзу ағзаларының аулары (эритемия); Гемоглобин төмен болу себептері: Анемия, Лейкоз; Қан жүйесінің туа пайда болған аурулары (талассемия, орақ тәрізді анемия); Темір жетіспеу; Дәрумендер жетіспеу; Ағаза шектен тыс ару (истощение); Қан жолғалту; Эритроциттер Эритроциттер –қанның қызыл түйіршіктері. Бұл қанның ең көп жасушалары. Негізгі қызметі оттегіні тасымалдау, оны ағза тіндеріне жеткізу. Эритроциттер түрі екі жағынан ішке қарай дөңес диск. Эритроцит ішіде көп мөлшерде гемоглобин болады. Қызыл дискінің көп бөлігін дәл сол алып жатады. Эритроциттер төмендеу себебі: Эритроциттер санының төмендеуі анемия деп аталады. Бұл патологиялық жағдайдың себептері көп, және ол әрдайым қан түзу жүйесімен байланысты емес. Дұрыс тамақтанбау (белок және дәрумендерге кедей тағам); Қан жоғалту; Лейкоздар; Гемолиз (токсикалық заттардың немесе аутоиммунды процесс арқасында қан жасушаларының өлуі) Эритроциттер санының жоғарылау себебі: Ағзаның сусыздануы (көп құсу, диарея, сұйықтық ішуді азайту); Эритемия Жүрек және өкпенің аурулары. Өз кезегінде тыныс алу және жүрек қызметінің жетіспеушілігіне алып келетін; Бүйрек артериясының стенозы; Лейкоциттер Лейкоциттер қан ағымындағы ақ түсті жасушалар. Бұл жасушалар иммунды жүйенің негізі десе болады. Ағзаға инфекция, токсикалық заттар, бөгде заттар түскенде осы лейкоциттер сонымен күресіп, ағзаны қорғайды. Лейкоциттердің түзілуі қызыл сүйек кемігінде және лимфа түйіндерінде жүреді. Лейкоциттер бірнеше түрге бөлінеді, олар: нейтрофильдер, базофильдер, моноциттер, лимфоциттер. Олардың әрқайсысы сыртқы түріне және атқаратын қызметіне байланысты ажыратылады. Лейкоциттердің жоғарылау себептері: Физиологиялық лейкоциттердің жоғарылау: Тағам қабылдаудан кейін,; Белсенді физикалық жүктемеден кейін; Жүктіліктің екінші жартысында; Егу жасалғаннан кейін; Етеккір кезінде; Қабыну реакциясы кезінде (патологиялық): Іріңді қабыну аурулары (абсцесс, флегмона, бронхит, гайморит, аппендицит және т.б); Күйіктер және травмалар; Операциядан кейін; Ревматизмнің асқыну кезінде; Онкологиялық аурулар кезінде; Лейкоз кезінде (иммунды жүйе стимуляциясы жүргенде); Лейкоциттердің төмендеу себебі: Вирусты инфекциялық аурулар (тұмау, вирусты гепатит, сепсис, қызамық, малярия, қызылша, эпидемиялық паротит, ЖИТС және т.б); Ревматикалық аурулар (ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі); Лейкоздардың кейбір түрлері; Гиповитаминоз; Ісіктерге қарсы препараттар (цитостатиктер, стероидты препараттар); Сәулелі ауру; Гематокрит – зертеудегі қаның жалпы көлемінің ондағы бар эритроциттерге пайыздық қатынасын айтады. Пайызбен өлшенеді. Гематокрит жоғарылау себептері: Эритемия; Жүрек немесе тыныс жетіспеушілігі; Сусыздану (көп мөлшердегі құсу, диарея, қүйіктер, диабет) Гематокрит төмендеу себебі: Анемия, Бүйрек жетіспеушілігі; Жүктіліктің екінші жартысы; Лейкоцитарлы формула Лейкоцитарлы формула бұл лейкоциттердің әр түрлерінің жалпы қандағы пайыздық қатынасы. Әртүрлі патологиялық жағдайларда осы пайыздық көрсеткіштер өзгеріске ұшырайды. Нейтрофилдер Сегментоядролы форма 47-72% Таяқшаядролы форма 1- 6% Эозинофил 0,5-5% Базофил 0-1% Моноциттер 3-11% Лимфоциттер 19-37% Нейтрофильдер екі түрлі болуы мүмкін. Жетілген (зрелые), басқаша оларды сегментоядролы деп, ал жетілмегендерді таяқшаядролы деп атайды. Нормада таяқшаядролылар минималды 1-3 % болады. Иммунды жүйенің мобилизациясы кезінде жетілмеген нейтрофильдер саны көбейеді.

3.Тыныс алу мүшелерінің ауруымен ауыратын науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.

Тыныс алу ағзалары ауруларына шалдыққан науқастарды тексеру әдістері Тыныс алу жүйесіндегі ауруы бар науқастар төмендегідей шағымдарды айтады: Жөтел. құрғақ немесе ылғалды (қақырықпен), қақырық болса, оның сипатын, мөлшерін анықтау. мерзімділігі- тұрақты және оқтын-оқтын Ентігу: физиологиялық және патологиялық, пайда болу себептері; ентігуідің түрлері (инспираторлы, экспираторлы және аралас), олардың пайда болу себептерін анықтау. Кеуде қуысындағы ауру сезімі: ауру сезімінің пайда болу себептерін анықтау (кеуде қуысының өзіндегі патологиялық үрдістеріне, сонымен қатар өкпе және плевра ауруларының дамуымен байланысты пайда болған ауру сезімі, рефлекторлы ауру сезімі) ауру сезімінің орналасуын, оның тыныс алу кезеңімен, жөтелмен, науқастың қалпын өзгертуімен байланыстылығын анықтау. Қан қақыру: себептерін таба білу өкпеден аққан қанды анықтай білу. Арудың анамнезін жинаған кезде мынадай түпкі жағдайларды анықтау қажет: ауру қашан басталды; оның пайда болу себептері мен жағдайлары; аурудың алғашқы сипаты. Өмір тарихында анықталатын маңызды жағдайлар: еңбек және тұрмыс жағдайлары; бұрын тыныс алу ағзаларының қандай ауруларымен ауырған тұқым қуалаушылық бейімділік; зиянды әдеттер (темекі шегу, арақ ішу, т.б.) аллергиялық анамнезді анықтау. Науқасты жалпы қарап тексеру: науқастың жалпы жағдайы; науқастың төсектегі қалпы; тері жамылғысы түсінің өзгеруі (бозарған, көгістенген, бетінің қызаруы, ұшық бөртпелері); өкпесінің созылмалы дерті бар науқастың саусақтарының «барабан таяқшалары», тырнақтарының «сағат әйнегі» тәріздес болуы; ішінің үлкеюі және ісінудің пайда болуы. Жергілікті қарап тексеру: беті: терісінің түсі, оның өзгерістері. мұрыны — пішінінің өзгеруі, тыныс алу сипаты — ауызымен немесе мұрнымен, еркін немесе қиналып тыныс алу, мұрын қалқанының қисаюы. көмекей (сұрау әдісімен тексеру), дауысының сипаты: қарлығып қалу, дауысы шықпай сыбырлап қалу. Кеуде қуысының қарап тексеру: пішіні, тыныс қозғалысының симметриялығы, тыныс түрі: Кеуде қуысы пішінін бағалау кезінде келесі белгілерге мән беру керек: көлденең және алдынғы – артқы өлшемінің ара-қатынасын; эпигастральды (құрсақ үсті) бұрышының мөлшеріне; қабырға бағытына және қабырға аралық кеңістіктің еніне, сонымен қатар бұғаналар мен жауырындардың орналасуына. Кеуде қуысының тыныс қозғалысын әуелі тыныштық жағдайда, содан кейін терең тыныс алған кезде (науқас тік тұрған жағдайда) анықтайды. Кеуде қуысының екі бөлігінің де симметриялы қозғалысына көңіл аудару қажет (тыныс актісінде ауру жағы қалып отырады). Тыныс жиілігін анықтау (тыныс жиілігі минутына 16-20 рет). Тыныс қозғалысының жиілігін минутына санау арқылы жүргізеді. Кеуде қуысына пальпация жасау серпімділігін анықтау дауыс дірілін анықтау — қалыпты жағдайда дауыс пен ауа тербелістері тыныс алу жолдары бойынша тарап, кеуде беткейінің екі жағына діріл ретінде беріліп қолға сезіледі Алынған мәліметтерді жазу. Жазу үлгісі. Науқас тыныс шығаруының нашарлауына, кілегейлі қақырықты жөтелге, әлсіздікке шағым жасайды. Қарап тексергенде: терісі және еріндерінің кілегей қабаты сәл көгістенген. Науқас мәжбүр қалыпта — ортопноэ. Тыныс жиілігі минутына-24 рет. Тыныс беткейлі, ырғақты. Кеуде қуысының пішіні эмфизиматозды, екі бөлігі де тыныс алуға бірдей қатысады. Пальпация жасағанда кеуде қуысы иілгіштігінің төмендеуі және симметриялық бөліктерінде дауыс дірілінің әлсіздігі анықталады. Тыныс алу жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексеру Жалпы қарау. Науқасты жалпы қарап тексеруде: науқастың жалпы жағдайы (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім хәлінде); есі (сақталған, өзгерген); төсектегі кейпі (белсенді, сұлық түсіп жату, мәжбүрлі). Терісі мен оның қосалқылары, кілегей қабаттары (түсі, құрғақтығы, ылғалдылығы, тырнақтары мен саусақтар өзгерісі, лимфа түйіндерін қарау). Мұрыны — пішінінің (қанқасының қисаюы) өзгеруі, мұрын желбіршектерінің тынысқа қатысуы; тыныс алу сипаты- ауызымен немесе мұрнымен, еркін немесе қиналып тыныс алу. Кеуде қуысын қарау Кеуде қуысын қарау – пішіні, тынысқа екі бөлігінің бірдей қатысуы; көмекші бұлшықеттердің тынысқа қатысуы; Тыныс жиілігін санау. Кеуде қуысына пальпация жасау – кеуденің иілімділігі, дауыс дірілін анықтау. Өкпе перкуссиясы – салыстырмалы, топографиялық. Өкпе аускультациясы – негізгі және қосымша тыныс шуларын анықтау. Тексеру нәтижесінде жиналған мәліметтерді қалыпты көрсеткіштермен салыстыру, өзгерген көрсеткіштерді дұрыс түсініп бағалау Кеуденің екі бөлігінің тынысқа қатысуын жүргізу. Науқасқа терең тыныс алдырып, жауырындар қозғалысы арқылы және күшейген тыныс көмекші бұлшық еттерінің (қабырғаралық бұлшық еттерінің) тынысқа қатысуымен бағаланады. Кеуденің екі бөлігі тынысқа бірдей қатысады; бір жағы қалыс қалады. көмекші бұлшық еттерінің (қабырғаралық бұлшық еттерінің) тынысқа қатысуы Кеуде пішінін анықтауды келесі көрсеткіштер арқылы жүргізді: кеуде ұзындығы, көлденең және алдыңғы – артқы өлшемдерінің қатынастары салыстырылады; бұғана асты және үсті шұңқырларының айқындығы бағаланды; жауырындардың кеудегі жанасу деңгейі бағаланды; қабырғалар орналасуы түрі (көлденең, қиғаш, жатыңқы) мен қабырға аралықтар алшақтығы (қалыпты, кеңейген, кішірейген) бағаланды; эпигастральды бұрыш көлемін анықталды – алақандар қабырға доғасы үстіне симметриялық аймақтарға жалпағынан қойылды, үлкен саусақтар қабырға доғаларының түйіскен жері – қырларына орналасып бұрыш анықталады – тік = 90˚, доғалы — ›90˚; үшкір ‹90˚; төс тұтқасы мен денесінің жанасқан жері – айқындылығы бағаланды; Кеуде қалыпты түрлері — (нормостениялық, астениялық, гиперстениялы

Поделиться с друзьями:

Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 582 | Нарушение авторских прав

Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

2196 - | 2139 -

© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.