Бұл өте тиімді және экономикалық жағынанда арзандау тәсіл болып табылады, әсіресе жол қашықтығы 300 шақырым болатын шамаларда. Малды тасу үшін көбіне жүкті автокөліктерді қолданады. Оған салмағы 60-105 кг шошқаның 23-32 бас, салмағы 106-200 кг-14-22 бас ірі қара мал және жылқыдан 4-5 бас сыйады. Бұдан басқа, әдейі шығарылған мал таситын автокөлік бар, олар ірі қара малдың 10-15 басын жайғастыруға есептелген. Шанағында әдейі жасалған табиғаттық сорғыш желдеткіші, екі есік, сатыланған мал жүргізгішпен, жарық шамы және қи жинағыш, биіктігі 1 м көлденең бөлгіш бар.
Малды тасуға химиялық заттарды, улы және өте жаман иісті заттарды тасыған машиналарды қолдануға болмайды. Шанаққа малдың бір түрін, бір жынысты және бірдей жастағыларын артады. Мұндай жағдай болмайтын болса, онда малдарды бірімен-бірін көлденең тақтаймен бөледі. Бір шанақта сиыр мен өгізді, ересек мал мен жас малды артуға да болады. Жылқыны да ірі қара мал сияқты тасиды, дегенмен жылқының тағасын алып тастау керек.

3 сурет – Малды автокөлікпен тасымалдау
Шошқаларды машинаға артқанда, олар жата алатындай жағдайды еске алады. Мегежін мен кестірілген қабанды және ересек шошқа мен жақсы дамыған жас шошқаны бірге қосып тасуға болады. Бекондық бағыттағы шошқа тұқымын тасығанда өте сақтық жөн, өйткені терісіне жара салмау керек. Осы себептен Данияда арту-түсіру тиегіші бар әдейі автокөлік жасалған және олар үшін жүген істелген, ондағы мақсат бірін-біріне тістетпеу, жараландырмау.
Қой мен ешкіні жүк автокөлікпен жеке, ия болмаса тіркеме тіркеп тасиды. Шанаққа артқанда, қой-ешкі жата алатындай жағдай жасау керек. Егерде малды автоколона түрде тасыса, онда 2-3 жүк машинаға бір жолсерік тағайындалады. Асфальт жолмен жүргенде машинаның жылдамдығы 60 км. Ұсақ тас төселген жолмен –45 және топырақ жолмен 25-30 км/сағ, болу керек. Малдарды жақын жерден тасығанда, яғни жолсапары 6 сағаттан кем болса, оларды азықтандырмайды және суармайды. Ал жол сапары 6 сағаттан асатын болса, оларды дем алдырып, азықтандырады, суарады.
Сты тасымалдау
Құсты тасу үшін контейнер мен торларды қолданады. Көп тараған торлардың көлемі тауық пен үйрек үшін 90-60-30 см, қаз және күрке тауық үшін 90-60-40 см. Бір м2 еденнің аумағына 30-ға дейін балапан, салмағы 1250 г тауық пен үйректің 15-18 басын және 10-12 бас қаз, ия болмаса күрке тауық (тірі салмағы 3-5 кг) сыйғызуға болды. Бұдан артық сыйғызса, құстардың салмағы төмендейді және өлім де болады. Құсты машинамен тасығанда ең тиімді алыстық, 50-100 шақырым. Ал торда 4-5 сағатқа дейін ғана болуы керек, одан уақыт асатын болса, құсқа 2-3 сағат дем алдырады, азықтандырып су береді.

4 сурет – Кұсты автокөлікпен тасымалдау
Й қоянын тасымалдау
Үй қояндарын тасығанда әдейі арналған тор, жәшік, ия болмаса контейнер қолданады. Торларды 4-5 қабат қылып қойып, жел соғатын жағынан жұқа берзент жабады. Жолда тасу уақыты 6 сағаттан асса, оларды аздап азықтандырады, бір басқа 50-60 г дәнді азық есебімен. Көлемі 220х40х30 см торды 8 бөлімшеге бөліп, бір үлкен қояннан орналастырады. Жүк транспортымен малды тасығанда, ағзаға мынадай әсер тигізуі мүмкін: стресс пайда болуы, үсікке шалдығу, ия болмаса үсу, t0-20 және төмен болғанда, ыстыққа шалдығу, ыстық ұру, тірі салмағын жоғалту - ірі қара малды 200 км дейін тасығанда 4,2 %, шошқа –3,8%.
9 кесте – Автокөлікпен малды тасығанда жіберілетін тірілей салмақ шығыны, %
| қашықтық, км | әдейі арналған | Жасалынған | ||
| шошқа | ірі қара малы | шошқа | ірі қара малы | |
| 25-50 | 1,4 | 2,4 | 1,3 | 2,4 |
| 60-100 | 2,3-3,0 | 2,5-2,6 | 2,4-3,1 | 2,5-3,0 |
| 110-170 | 3,1-4,1 | 2,6-2,9 | 3,2-3,6 | 3,1-3,9 |
| 180-250 | 4,2-4,3 | 4,2 | 3,7-3,8 | 4,0-4,2 |
Ескерту: ұсақ малды тасымалдағанда тірілей салмағын жоғалту, ірі қара малдардікіндей.
Малды жайып айдау
Көбіне ірі қара және ұсақ малды жақын араға апарады: жақын ет комбинатына, теміржол стансасына, су пристанына. Айдайтын малды да жоғарыда айтылғандай, жасына және қоңына қарай топтайды. Табындық құжат толтырылып, малдәрігерлік куәлік беріледі.
Айдайтын жолды облыстық қызметкерлер анықтайды, мұнда шаруашылықтардың жұқпалы аурудан сау екені еске алынады. Жол бойы бірінен-біріне дейін, 6-7 км қашықтықта жайылым және суат болуы керек. Егерде жайылым болмаса, малды қысқы азықпен қамтамасыз етеді. Табынның шамасы-ірі қара мал 250 бас, қой және ешкі 100 басқа дейін. Жолдық қоңын жақсы ұстау және тірі салмағын төмендетпеу үшін –сиыр тобына бұқа, ал қой тобына –қошқар қосып айдайды. Бірінші күні ірі қараны айдау жылдамдығы тәулігіне 10 км, қой және ешкі 6-8 км дейін. Сосын мал үйренгеннен соң 5-6 км, қосып отырады. Егерде жайылым және суат болмаса ірі қараның айдау жылдамдығы 25-30, қой және ешкі 20 шақырымға дейін. Күн тәртібі: айдауды таңертеңгі жарықтан бастайды, 3-4 шақырым жүріп, 2-3 сағат демалыс, тағы 5-6 км. Сағат 12-15 арасында дем алу, тағы айдау. Жолда мал сою деген болмайды, әсіресе жұқпалы ауру болғанда. Дегенмен, мал өлейін деп тұрса және оны жеткізуге шама келмейтін болса, сояды. Еске алатын жағдай, сою жолдан 100 м қашықтықта жүргізіледі. Ұшаны және ішек-қарындарын жауып, малдәрігерлік пунктіге қарауға жеткізеді.






