Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дән себу және өнім жинау Заңдылықтары




ІҮ-шарт. Дән дегеніміз – тұқым, шәуәт, ұрық, сөз (Ізгі хабар), сүйіспеншілік, арпа, бидай, ақша, мал, киім-кешек, әртүрлі заттар т.б. Бізді қоршап тұрған Құдай жаратқан табиғаттағы өніп-өсіп көбейетін заттардың көбеюі, дәннің (тұқымның) себілуіне негізделген.

Сондай-ақ, ақшамыздың көбеюі де осы дән себу заңына негізделген.

Дәнді себу және егінді ору идеясы тек қана Құдайға тән. Ақшамызды да Құдай жолына сеуіп, оны қайтадан молынан жинап алу – Құдайдың біздің ақшамызды көбейтуінің бекітілген әдісі.

 

«Сонда Иса Өзіне сенген яхудилерге былай деді:

- Егер сендер айтқандарымды естеріңе сақтап, жүзеге асырсаңдар, шынымен Менің шәкірттерім боласыңдар. Сонда ақиқатты біле түсесіңдер, ал ақиқат сендерді азаттыққа жеткізеді». Жх 8:31,32.

 

Бұл аяттағы «ақиқат сендерді азаттыққа жеткізеді» - делінбеген. Бізді азаттыққа жеткізетін ақиқаттың өзі емес, ақиқатты білу: «Сонда ақиқатты біле түсесіңдер...». Демек, ақиқатты неғұрлым көп біле түссек, соғұрлым әртүрлі қысымдардан көбірек азат боламыз.

Сондықтан, әрбір мәсіхші молшылық принциптерін жақсы білуі тиіс. Молшылық принциптерінің ең негізі себу мен өнім жинау.

 

Дәнді себу жайында: «Сараң сепкен сараң жинар, Жомарт сепкен жомарт жинар». Әрқайсысың жүректеріңнің шешіміне сай, еш ренішсіз...». 2 қор 9:6, 7.

 

Бұл аяттарда мәсіхшілердің іс-әрекетін ауылшаруашылық істеріне сәйкестендіріп айтқанымен, «әрқайсысың жүректеріңнің шешіміне сай, еш ренішсіз...» - деп тұр. Демек, біз жүрегіміздің шешіміне сай, еш ренішсіз, тіпті қуанып Құдай Патшалығының қамы үшін құрбандық жасауымыз керек.

Және біз мынау ақиқатты күмәнсіз білуге тиіспіз: біз берген құрбандығымызды себілген дән деп қабылдағандықтан, одан алатын өніміміздің бірнеше есе көп болатынына және алатын өніміміздің мөлшері себілген дәннің мөлшеріне тәуелді екеніне, сараң сепсек, сараң жинайтынымызға рухымызда күмәнсіз сенуге тиіспіз. Айталық, бір килограмм дән сепсем, отыз килограмм дән аламын. Егер жүз килограмм дән сепсем, онда үш мың килограмм (3 тонна) дән аламын деген сенімде болуымыз керек.

Біздің ақшамыз жайында да осы заңдылық күмәнсіз орындалады.

 

«Бұдан былай, жер жер болып тұрған уақытта, тұқым себу мен егін ору, аяз бен ыстық, жаз бен қыс, күн мен түн үздіксіз бола бермек».

Жар 8:22.

 

Яғни, тұқым себу мен егін ору дүниенің ақырына дейін үздіксіз бола бермек.

 

 

«Әрқайсысың жүректеріңнің шешіміне сай, еш ренішсіз, зорлықсыз барларыңмен бөлісіңдер! Құдай қуанышпен беретіндерді ұнатады».

2 Кор 9:7.

 

Осылай сенім дәнін ерікті түрде, ешқандай ренішсіз, ешқандай зорлықсыз, қуанышпен сепкен жағдайда ғана себілген дән мол өнім әкеледі. Себебі, осылай сеніммен, қуанышпен сепкен кезде ғана Құдайға деген сеніміміз толық көріне бастайды.

 

«Иса былай дед

- Сенімдеріңнің жеткіліксіздігінен. Сендерге маңызды шындықты айтайын: тарының түйіріндей ғана сенімдерің болса, мына тауға: «Бұл жерден ана жаққа көш!» десеңдер, ол көшеді. Қолдарыңнан келмейтін ештеңе болмайды». Мт 17:20.

 

Егер бізде тарының түйіріндей ғана сеніміміз болса, біздің өмірімізден тауды қозғайтын керемет орын алады.

 

 

Иса оған:

«- Сенушіге бәрі мүмкін! – деп жауап берді».

Мр 9:23.

 

Бұл Исаның бізге берген уәдесі. Исаның берген уәдесінің бәрі орындалады, тек біздің сеніміміз болуға тиіс. Исаны Құтқарушым, Құдайым деп қабылдаған сәтте осы сенім бізге сый ретінде берілген. Енді бізге еңбектеніп, дән себу керек. Ақшамызды, уақытымызды, күш-құдіретімізді, т.б. дән есебінде сеуіп, дәннің көктеп өсіп шығып, сабағының биіктеп, дән салуын күте білуіміз керек.

Дән себуші өзінің білімімен, дәннің ішкі табиғи қасиеттерімен немесе ВАВЫФбасқа бір әдістерді пайдаланып, дәнді көбейте алмайды. Тек Құдай ғана әрбір дәнді керемет көбейту арқылы мол өнім әпере алады.

 

 

«Ысқақ осы жерге егін салып, сол

жылы одан жүз есе өнім алды. Себебі Тәңір

оны жарылқаған болатын. Ол байи берді,

оның дүние-мүлкі көбейген үстіне

көбейіп, Ысқақ нағыз бай адамға

айналды». Жар 26:12, 13.

 

Ысқақ Құдайды тыңдады, естіді, естігеніне күмәнсіз сеніп, Оның айтқанын орындап, соншама құрғақшылық болып тұрса да, дәнді септі. Құдай Ысқақтың сепкен дәнін ауа-райының қолайсыздығына қарамай, керемет көбейту арқылы мол өнім әперді.

Осы заң біздің қаражатымызды да осы әдіспен көбейтеді. Егер біз қаржымызды Құдай Патшалығының қамы үшін және ізгі хабардың жердің шетіне дейін жариялануы үшін сеппесек, онда Құдай біздің қаржымызды көбейте алмайды!

Қорытынды: өзімізде бар дәнді көбейтудің бір ғана әдісі бар. Ол – дәнді себу. Құдайдың бұл заңын өзгерту мүмкін емес!

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 675 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

2213 - | 2048 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.