Лекции.Орг


Поиск:




Тақырып. Жоба құрылымы.




 

Жоспары:

1. Кодты өңдеу терезесі.

2. Жоба менеджері.

3. Нысандар бұтағы терезесі.

 

1. Кодты өңдеу терезесі. Бұл терезенің тақырыбы терезе жүктелгенде Unit1 болады. Кодты өңдеу терезесінде бірден бірнеше файл ашық бола алады. Әрбір ашылған файл жеке бетте орналасады да, оның аты жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Егер Сіздің бағдарламаңызда үш терезе болса, онда олар жұмыс барысында үш модульмен (Unit) әрекеттеседі. Осы үш модульдің үшеуі де кодты өңдеу терезесінде пайда болады. Код терезесінде тұтынушы бағдарламаның мәтінін тікелей жазады. Мәтін бөлігі бірнеше бөліктерге бөлінеді. Олар процедуралар мен бағдарламалар деп аталады және бір-бірінен бөлек жұмыс жасайды. Тұтынушы жұмыстың негізгі бөлігін осы бөлімде атқарады. Мұнда //, { }, * *- кейін жазылған сөздер комментарий деп аталады. Комментарий орындалмайды, ол түсініктеме жазу үшін қолданылады. Паскаль тілінен ерекшелігі мұнда класс типін пайдалану керек.

unit Unit1; {модульдің басы мен аты}

 

interface {интерфейс бөлімі басталады}

 

uses {қосымша қолданған модульдер аты}

Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,

Dialogs, StdCtrls;

 

Type {форма класын жариялау}

TForm1 = class (TForm)

Button1: TButton;

procedure Button1Click(Sender: TObject);

private {кластың ішкі бөлігі}

{ Private declarations }Мұнда осы форма класына кіретін тұрақты, айнымалыларды, функция, процедураларды жариялауға болады, олар басқа модульдерден көрінбейді.

Public // кластың ашық бөлігі

{ Public declarations } Мұнда басқа модульдерден көрінетін осы форма класына кіретін тұрақты, айнымалыларды, функция, процедураларды жариялауға болады.

end;

var {айнымалыларды жариялап, сипаттау бөлігі}

Form1: TForm1; {осы форма класына кірмейтін тұрақты, айнымалыларды, функция, процедураларды жариялауға болады}

Implementation

{модульдің орындалатын бөлігі}

{$R *.dfm}

 

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

Begin

орындалатын іс-әрекеттің – бағдарлама денесі

end;

End.

Түстер палитрасынан оған элементтерді орналастырғанда ол терезе алдын ала көркемделеді. Жобада тек бір ғана басты терезе болуы керек. Ал, басқа терезелер оған қосымша болады.

Бағдарламаны орындау.Енді қосымшаны орындауға кірісейік. Бұл әрекетті саймандар тақтасынан батырмасын, мәзір қатарындағы Выполнитьәмірін немесе F9 басу арқылы жүзеге асыруға болады. Алдымен компиляция жүреді, яғни процессор бастапқы бағдарламаны машина тіліне аударады. Сонан соң бағдарлама орындалуға кіріседі. / Егер бағдарламаның жазылуында синтаксистік қате болса, онда қате туралы хабар шығады/. Нәтижесінде ЕХЕ файл жасалады. Ары қарай, қатесіз болған жағдайда бұл файл орындалуға жіберіледі. Бағдарлама орындалуы кезінде Delphi-дегі барлық терезелердің орнында тек бір терезе – кодты өңдеу терезесі қалады.

 

2. Жоба менеджері. Бұл терезеде жобаның жалпы құрылымы көрсетіледі. Маус көрсеткішімен «+» таңбасына басып, тізімді ашуға болады. Мұнда жоба туралы жалпы ақпарат, жобаның барлық файлдары мен сыртқы модульдері жайлы ақпарат болады. Project.exe1бөлімін ерекшелеп, жанама мәзірді шақырады. Онда жобаны сақтауға, атын өзгертуге, бастапқы файлды қарауға, жоба элементін жоюға немесе қосуға болады.

3. Нысандар бұтағы терезесі. Мұнда пішін бетіне түсірілген әрбір әлементтің шар белгісі орналасады. Суреттегі нысандар бұтағы терезесінде Форма1-дің ішіндегі нысандар: 1 батырма, 2 батырма, белгі 1, радиобатырма 1 көрсетілген. Егер бағдарлама орындау барысында осы нысандардың қасиеттерін өзгерту керек болса, осы белгілерді шерту арқылы орындауға болады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Бағдарлама қалай орындалады?

2. Негізгі терезесі қандай компоненттерден тұрады?

3. Стандартты компоненттерге қайсысы жатады?

4. Нысандар бұтағындағы терезеде не көрсетіледі?


Тақырып. Модульдер.

Жоспары:

1. Модуль құрылымы.

2. Модульдерді Delphi ортасында өңдеу.

1. Модуль құрылымы. Модульдер – бұл программа фрагменттерін орналастыруға арналған программалық бірліктер. Ондағы программалық кодтың көмегімен программаның барлық жүретін жағы жүзеге асады.

Кез келген модульдің құрылымы төмендегідей:

· Тақырып;

· Интерфейсті хабарлау секциясы;

· Орындау (жүзеге асыру) секциясы;

· Терминатор.

Тақырып Unit қызметші сөзінен басталады, одан кейін модульдің аты жазылып, нүктелі үтір қойылады. Интерфейсті хабарлау бөлімі interface сөзінен басталады; орындау секциясы implementation сөзінен басталады. Модульдің терминаторы соңына end сөзінен кейін нүкте қойылған. Төмендегі программа фрагменті дұрыс жазылған модульдің варианты болып табылады:

Unit Unit1;

Interface // интерфейсті хабарлау секциясы

Implementation // орындау секциясы

End.

Интерфейсті хабарлау секциясында программалық элементтер (типтер, кластар, процедуралар мен функциялар) сипатталады, олар басқа программалық модульдерге де көрінеді, ал орындау секциясында бұл элементтердің жұмыс істеу механизмдері ашылды. Модульді екі секцияға бөлу бір программаның ішіндегі жеке бөліктерінің арасында алгоритммен алмасудың ыңғайлы механизмін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл программистердің арасында программа алмасу қызметін жүзеге асырады.

Компилияцияланған, басқа бір программист құрған модульді алып, екінші програмист оның тек интерфейстік бөлігіне кіруге мүмкіндік алады. Хабарланған процедураларды, функцияларды, кластарды орындау детальдары орындау секциясында жасырылған және ол басқа модульдер үшін мүмкін емес.

Код терезесіндегі Unit1 қойымтасын тышқанмен белгілеңіз, төмендегідей мәтінді көресіз:

Unit Unit1;

Interface

Uses Windows, Messages, SysUtils, Classes, Graphics, Controls, Forms, Dialogs, StdCtrls, Buttons, ExtCtrls;

Type

TfmExemple= class (Tform)

Panel1: Tpanel;

BbRun: TbitBtn;

BbClose: TbitBtn;

Edinput: Tedit;

LbOutput: Tlabel;

MmOutput: Tmemo;

Private {Private declarations}

Public

{Private declarations}

End;

Var fmExample:TfmExample;

Implementation

{SR*.DFM}

End.

Осы мәтіннің бәрі Delphi-де құрылған, бірақ файл жобадан айырмашылығы программист программаға қажетті басқару мүмкіндігін бере отырып, оны өзгерте алады. Интерфейс секциясында бір тип (TfmExample класы) және бір объект (fmExample айнымалысы) сипатталған.

Кластың сипаттамасы:

TFmExample=class(Tform)

Panel1:Tpanel;

BBRun:TbitBtn;

BBclose:TbitBtn;

Edinput:Tedit;

LbOuutput:Tlabel;

mmOutput:Tmemo;

Private {Private Declarations}

Public {Public Declaration}

End;

Көріп отырғанымыздай, Delphi-дің аса қуатты мүмкіндіктерін жүзеге асыратын негізгі құралдың ролін класстар атқарады. Класс объектілер құрылатын үлгі болып табылады және керісінше, объект – бұл класты (жүзеге асыратын немесе орындайтын) экземпляр.

2. Модульдерді Delphi ортасында өңдеу.

Object Pascal тілінде үлгілерді құруға арналған элементтер типтер деп аталады, сөйтіп, Texample1 класы – бұл тип. Хабарланатын бөлікте оның алдында type қызметші сөзі тұр, ол компиляторға типтерді сипаттау бөлімінің басталатынын көрсетеді.

Стандартты Tform класы Windows терезесін құруға және басқаруға қажеттінің бәрін орындайды.

TFmExample= class (Tform)

Жолы TFmExample класының осы кластан туындағанын көрсетеді, class қызметші сөзінен кейін жақшаның ішінде аталық кластың аты көрсетілген.

Аталық кластың барлық қасиеттерінің класс- ұрпаққа мұрагерлік қасиетпен өтуі және жаңа мүмкіндіктермен кеңейтілуі, объектілі бағдарланған программалаудың негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Мұрагерден жаңа мұрагер пайда болады, ол қосымша программалық дайындықтар түрінде қамтылады. Нәтижесінде тармақталған иерархиялық кластар құрылады, оның ең басында Tobject қарапайым класы орналасады (Delphi-дегі қалған барлық кластан осы кластан туындайды), ал иерархияның ең төменгі баспалдағында – негізгі проблеманы шешетін класс- ұрпақтар орналасады.

FmExample объектісі программа элементіне формальды түрде қатысты болып есептеледі, ол айнымалылар деп аталады. Сондықтан бұл объектіні хабарлаудың алдында var қызметші сөзі орналасады.

Unit <атауы>;

interface

<интерфейстік бөлігі>

implementation

< интерфейстік бөлігі >

initialization < инициалданатын бөлігі>

finalization

<аяқтау бөлігі>

end.

Unit – бос емес сөз (бірлік); модуль тақырыбы басталады; <атауы> - модуль атауы (дұрысидентификатор); interface – бос емес сөз (интерфейс); модульдің интерфестік бөлігін бастайды; implementation – бос емес сөз (орындау); орындалатын бөлікті басатйды; initialization –бос емес сөз (инициация); finalization – бос емес сөз (соңы); соңғы модульдің аяқтау; end – бос емес сөз – модуль соңының белгісі.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Модуль деген не?

2. Модульдің тақырыбы қалай басталады?

3. Жеке модульдерді ата.

4. Модульдегі типтерді ата.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1357 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

827 - | 667 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.