Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Стандарт, метрологиялық нормалар мен ережелер талаптарын сақтауды мемлекеттік бақылау




 

 

Стандарт, метрологиялық нормалар мен ережелер талаптарын сақтауды мемлекеттік бақылау мемлекеттік бақылау ҚР СТ 1.16 «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын, сертификаттау ережелерін сане сертификатталған өнімге (жұмысқа, қызметке) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі. Негізгі ережелер» стандартына сәйкес жүргізіледі. ҚР СТ 1.16 стандарты өз құзырының шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын техникалық реттеу комитетінің лауазымдық тұлғалары мен олардың аумақтық бөлімшелері, және де Қазақстан Республикасы аумағында олар тексеретін заңды және жеке тұлғалар үшін, шетел фирмаларын қоса, міндетті болып табылады.

Мемлекеттік бақылаудың мақсаты жұмыс (қызмет), өнім сапасын (мұнан былай - өнім), азаматтардың денсаулығы мен өмірі, қоршаған орта үшін қауіпсіздік қамтамасыз ету мәселелерінде мемлекет мүддесі мен тұтынушылар құқығын қорғау болып табылады [5].

Мемлекеттік бақылаудың негізгі мәселелері болып табылады:

- өнімге міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттардың бүлінуін заңды және жеке тұлғалар жағынан болдырмау және бұлтартпау;

- сертификаттау ережелерін, сертификатталған өнім сапасын сақтауға бақылау;

- нормативтік құжаттардың белгіленген міндетті талаптарын және міндетті сертификаттау, Қазақстан Республикасында шығарылатын және (немесе) таратылатын өнім сапасының күйін заңды және жеке тұлғалар сақтау туралы сенімді ақпаратты басқа мүдделі мекемелерге, мемлекеттік органдарға ұсыну.

Мемлекеттік бақылау объектісі болып төмендегілер табылады:

- өнім, соның ішінде шетелдік;

- халыққа қызмет, жұмыстар;

- нормативтік, техникалық (конструкторлық, технологиялық, жобалық) және өнімге, (жұмыс, қызметке) басқа құжаттама;

- дайындаушылар (сатушылар, орындаушылар) өнімдерін, сынау зертханалары (орталықтары), сертификаттау органдарын міндетті тіркеу жөніндегі жұмыстар.

Мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасы аумағында заңды және жеке тұлғаларда, өмірдің өміршеңдік кезеңінің кез келген сатысында, шетелдік фирмаларды қоса жүзеге асырылады: өнімді өндіріске жеткізу және әзірлеу, оны дайындау, тарату (жеткізу, сату), пайдалану (қанау), сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату, сонымен қатар процестерді (жұмыстарды) орындау мен қызмет көрсету.

Мемлекеттік бақылау техникалық реттеу комитетінің лауазымдық тұлғалармен және мемқадағалау жөніндегі оның ведомствоға қарасты аумақтық органдармен - техникалық реттеу комитет белгілеген тәртіпте аттестатталған және белгіленген үлгілі куәлігі бар мемлекеттік инспекторлармен жүзеге асырылады.

Тексеруге бақылау қызметтерін орындайтын басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық мекемелердің өкілдері, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар тартылады.

Барлық жағдайларда техникалық реттеу комитетінің лауазымдық тұлғалары немесе мембақылау жөніндегі оның аумақтық органдары басқарады.

Техникалық реттеу комитеті құзырына жататын, мембақылау жөніндегі Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік инспекторы техникалық реттеу комитет төрағасы болып табылады.

Бас мемлекеттік инспектордың орынбасары техникалық реттеу комитет төрағасының орынбасары болып табылады.

Облыс (қалалар), бекітілген аумақтардың бас мемлекеттік инспекторы мемқадағалау жөніндегі техникалық реттеу комитетінің аумақтық органдарының басшысы және негізгі бөлімшенің орналасқан жерінен тыс тұрған оның құрылымдық элементтері.

Мембақылау жүргізген кезде сыртқы қарау, өнімді сәйкестендіру, өлшеу және сынау, бақылау нәтижелерінің сенімділігі мен әділдігін қамтамасыз ететін басқа әдістер қолданылады.

Заңды тұлғалардың басшылары мен жеке тұлғалар оларға тексеру жүргізген кезде мемлекеттік инспекторларға оларды орындау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті:

- мемлекеттік инспектор куәлігін және мемқадағалаудың аумақтық органында және қажет болса, заңдарда белгіленген талаптарға сәйкес прокуратура органдарында тіркелген тексеру тапсырмасын ұсынған кезде қызметтік және өндірістік бөлімдерінде еркін рүқсат;

- мемлекеттік бақылау үшін қажетті құжаттар мен деректерді, сынаулар емн өлшеу құралдарын, тексеру актілерін рәсімдеуге арналған бөлмелер мен ұйымдастыру техникасын, сынауға үлгілерді жеткізуге арналған көлік құралдарын ұсыну, актілерге, хаттарға қол қоюға құқығы бар жауапты тұлғаларды бөлу тиіс;

- сынау (талдау, өлшеу) жүргізуге, тексерілетін объект шығындарына жаратылған үлгілер мен шығындардың құнын жатқызып нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына олардың сәйкестігін бақылау үшін өнім үлгілері мен сынамаларды іріктеу.

Мемлекеттік бақылау төмендегілерді ескеріп, таңдаулы тексерулер арқылы жүзеге асырылады:

- жыл сайын техникалық реттеу комитетімен белгіленген мемлекеттік бақылаудың басымдылық бағыттарын;

- үкімет, техникалық реттеу комитеті және жергілікті атқарушы органдардың мақсаттық тапсырмаларын;

- нақты заңды (жеке) тұлғаларды текссруді талап ететін тұтынушылар шағымдары мен басқа жағдайларды;

- сертификаттау жөніндегі органдар мен тіркелген сынау зертханалары (орталықтары) туралы Қазақстан Республикасы мемтізілімінің деректерін.

Өнімді дайындаушылармен нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын сақтаудың жоспарлық тексерулерінің дүркінділігі жылына бір рет.

Мембақылау жөніндегі аумақтық бөлімшелер ұсыныстары бойынша қалыптастырылатын сертификаттау жөніндегі органдар қызметтерін ексеретін комиссиясынан басқалар, сертификаттау жөніндегі органдардан басқа мемқадағалаудың кез келген объектісін тексеру жөніндегі комиссия (меминспектор) облыстың (қаланың, қызмет көрсетілетін аумақтың) Бас мемлекеттік инспекторымен анықталады (қалыптастырылады) және бекітіледі және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы немесе оның орынбасары бұйрығымен бекітіледі.

Тексеруді ұйымдастыру үшін тексерілетін объекттің басшысы атына мембақылау жөніндегі аумақтық органдарда және егер олар нормативтік-құқтық актілерде белгіленсе, прокуратура органдарында тексерулерді есепке алу журналында, міндетті тіркелінетін нысаны бойынша тексеруге тапсырма (тексеру жүргізу туралы хабарлама) дайындалады.

Тексеруге дайындаған кезде:

- алғашқы тексерулер нәтижелері таталданады, соның ішінде бақылау және қадағалау жөніндегі баска мемлекеттік органдарымен жүргізілген;

- тексеру затына жататын нормативтік және техникалық құжаттама;

- тексерілетін объекттің қызмет нәтижесі зерттеледі (есеп-қисап деректері, шағымдарға және т.б.);

- қажет болса, тексеру бағдарламасы әзірленеді;

- сыртқы мекемелердің бақыланатын өнімдері сапасының саласында мамандар мен эксперттерді тарту қажеттілігі мәселесі әзірленуде;

- қала, облыстың сынау зертханаларында (орталықтарында) бақыланатын өнімге сынау жүргізу мүмкіндігі анықталады.

Тексерілетін объектіге келгеннен кейін басшысына немесе оның орнындағы тұлғаға тексеру туралы хабарламаны береді және тексеру көшбасшымен таныстырады.

Сол жерде комиссия мүшелері - мемлекеттік инспектолармен тартылған мамандар арасында таратылады және де тексеру объектілерімен орнатылған қажетті құжаттар мен материалдар тізбесі анықталады.

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарын сақтауға мемлекеттік қадағалау жүргізуді ұйымдастыру.

Нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын сақтауға мемлекеттік қадағалау жүргізген кезде белгіленген талаптарды сақтауға бағалау жүргізілу тиіс.

Осы мақсатпен өнімнің сыртқы түрін қарау, оның сәйкестендірілуі жүргізіледі және оларға сынау жүргізу үшін өнім үлгісі (сынама) таңдалады.

Іріктеу әдісі мен іріктелген үлгілердің саны (іріктеу көлемі) нақты өнімнің стандарттар талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Егер өнім стандарты тұтас бақылауды қарастырса немесе үлгілерді таңдау үшін мөлшерлерді белгілемесе, онда іріктеу көлемін тексерілетін объекттің басшысы келісім бойынша мемлекеттік инспектормен анықтайды, бірақ тексерілетін топтамадан 10% өнімнен кем емес немесе тұтас бақылауда үш бұйымнан кем емес.

Нормативтік құжаттар талаптарына өнімнің сәйкестігін бағалау стандарттармен ескерілген бақылау және сынау (талдау, өлшеу) негізінде жүргізіледі.

Сынау жүргізу мүмкін болмаса тіркелген немесе аттестатталған зертханаларда (орталықтарда) өнімді сынау тексерілетін объект базасында олардың мамандары күшімен мемлекеттік инспектор бар кезде жүргізіледі.

Өлшеу бақылауы, сыртқы қарау және өнімді сәйкестендіру сынаулары нәтижесі еркіндік нысаны бойынша хаттама құрастырылады. Сынаудың құрастырылатын хаттамасы немесе сынау жүргізген, тіркелген (аттестатталған) зертханамен берілген хаттама тексеру актісіне қосымша болып табылады.

Сыртқы қарау мен өнім сынау нәтижесі бойынша бұзылулар белгіленбесе, онда тексеру бітеді және акт рәсімделеді.

Нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына өнім сәйкессіздігі фактілері табылған кезде табылған бұзылулардың себебі белгіленеді және толық бағдарлама бойынша тексеру жүргізіледі.

Міндетті сертификаттауға жататын өнімді бақылау процесінде, сонымен қатар тексеріледі:

- уәкілетті органмен берілген сертификаттың барлығы оның түпнұсқалылығы, рәсімдеу дұрыстығы, тіркеу және күшінің мерзімі;

- сәйкестік белгісін қолдану құқықтылығы;

- инспекциялық бақылауды ескеретін, сертификаттау сызбасы бойынша сертификат берген сертификаттау жөніндегі органдармен инспекциялық бақылау жүргізуді растайтын құжаттар барлығы.

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарын сақтауға тексеру жүргізген кезде тексерілетін объектіде бір мезгілде техникалық реттеу комитеті бекіткен әдістемелер бойынша сынау және өлшеу құралдарының күйі мен қамтамасыз етілуі тексеріледі.

Кәсіпорынының сапа жүйесі немесе өнім, сериялық өндірісі белгіленген тәртіпте сертификатталса, оны өндірушіде мемқадағалау органдарымен келесі жағдайларда тексеріледі:

- оларға тұтынушылар шағымдары немесе жоғарыдағы мекемелерден тапсырма болған кезде;

- егер сертификаттау жөніндегі органдар қызметтерін тексеру нәтижесінде осы өнімге сәйкестік сертификатын беру негіздігі немесе сертификаттау жөніндегі органдар жағынан сертификатталған өнімдерге инспекциялық бақылауды жүзеге асырған кездегі бұзылулар белгеленген кезде.

Тексеру нәтижелерін рәсімдеу

Заңды және жеке тұлғаларды тексеру нәтижесінде міндетті нысаны бойынша акт рәсімделеді.

Тексеру акті - күші бар заңдарға сәйкес әрекет шараларын қолдану туралы ұйғарымдар мен қаулылар беру үшін негіздеме болып табылатын құжат.

Тексеру актісіне қойылатын негізгі талаптар:

- стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың, міндетті сертификаттау ережелері мен себептердің талаптардың бұзудың белгіленген фактілерінің сенімділігі мен негізділігі;

- қажетті ақпарат ең көп кезде баяндау қысқалығы;

- тексеру нәтижеснің толықтығы;

- тексеру нәтижесінің әділдігі.

Бұзылулар белгіленген тексеру актілері келесі бөлімдерден тұрады:

- бастапқы деректерден;

- нормативтік кұжаттар талаптарын сақтауды тексеру нәтижесінен;

- өлшеу құралдары күйін және сынауларды тексеру нәтижесінен;

- бұзылу себептерінен;

- тұжырымдардан.

Бұзылулар белгіленген тексеру актілері келесі бөлімдерден тұрады:

- бастапқы деректерден;

- нормативтік құжаттар талаптарын сақтауға тексеру нәтижелерінен.

Өнімнің нақты түрлері және тексеру объектілері бойынша өнімнің тіршілік кезеңінің әртүрлі сатыларында тексерулерді жүргізу және рәсімдеу өніндегі қосымша талаптар техникалық реттеу комитетімен белгіленген тексеру жүргізудің техникалық тапсырмасы мен тексеру әдістемесінде белгіленеді.

Мемлекеттік бақылау материалдарын жүзеге асыру

Күші бар заңдарға сәйкес мемқадағалау нәтижесі бойынша берілген қосымшалар мен ұйғарымдар бар тексеру актісінің бір данасы тексерілген тұлғаға жіберіледі.

Акттің бір данасы тексеру жүргізген мембқылау жөніндегі техникалық реттеу комитетінің аумақтық органдары істерінде сақталады, республиканың бас мемлекеттік бақылау инспекторы жағынан шаралар қолдану қажет болса - акт көшірмесі техникалық реттеу комитетіне жіберіледі.

Сертификаттау және сынау зертханалары жөніндегі тіркелген органдардың қызметін тексеру актілерінің данасы тексеру нәтижесіне байланыссыз техникалық реттеу комитетіне жіберіледі.

Актті және ұйғарымды алғаннан кейін тексерілетін тұлға оларды болдырған, табылған бүзылулар мен себептерді жою шараларын дер кезінде колданады. Қажет болса, мемқадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелерге дейін жеткізілетін бұзылуларды жою жөніндегі шаралар жоспары әзірленеді.

Мемлекеттік метрологиялық бақылау уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің өлшем құралдарының шығуын, жағдайын және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерінің қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлар І санын, сондай-ақ кез келген түрдегі бума тауарлардың санын ашу, сату және импортқа шығару кезінде қадағалау бойынша қызметі.

Метрологиялық бақылау метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында мемлекеттік басқарма органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүзеге асыратын кызмет.

Бақылау өнімді әзірлеу (жобалау), өндірісті дайындау, өндіру, тасымалдау, сақтау, жөндеу және эксплуатациялау (тұтыну) - өнімді жасау және тұтьшудың барлық кезеңін қамтиды.

Бақылау өндірілетін өнімнің барлық түріне таралады және өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесін ендіру және метрология, стандарттау бойынша кәсіпорын мен ұйым әрекетін бақылауға тағайындалған.

Метрологиялық бақылау жүргізу кезінде келесі нормативті құжаттарды басшылыққа алу қажет:

ҚР СТ 2.2 «Өлшеуді орындау әдістерін шығару, жағдайы және қолдануын Мемлкеттік бақылауды іске асыру реті»; ҚР СТ 1.18 «Мемлкеттік бақылау нәтижесі бойынша берілетін және оларды беру ретінің жарлықтарының формасы»; ӨН 2273 «Тексеруге жататын өлшеу құралдарын қолдану саласы».

ҚР СТ 2.15 сәйкес мемлкеттік метрологиялық бақылаудың объектілері мыналар болып табылады:

- шама бірліктері;

- шама бірліктерінің эталондары;

- өлшеу құралдары;

- өлшеулерді орындау әдістемелері;

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметі;

- бумаланған тауарларды ашу, сату және импортқа шығару кезіндегі саны.

Мемлекеттік метрологиялық бақылау ҚР-ның «Өлшем бірлікті қамтамасыз ету» заңын, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша басқа да ҚР-ның құқықтық нормативтік актілерін, халықаралық келісімдер мен нормативті құжаттардың сақталуын тексеру мақсатында, сонымен қатар келесі мақсаттарда: елдегі өлшеу бірлігін және анықтығын қамтамасыз ету; жаңа өлшеу техникасын ендіру жолымен өлшеу құралдарының паркін жүйелі жетілдіру; өлшеуді орындауға өлшеу құралдарының ұдайы дайындығын ұстау жүргізіледі.

Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың объектілерін байланысты мемлекеттік метрологиялық бақылау нәтижелері:

- азаматтардың өмірін және денсалығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар;

- өнім және қызмет көрсетулердің сапасының нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігін сьшау және бақылау;

- қоршаған орта жағдайын бақылау;

- еңбек шарттарының қауіпсіздігін бақылау;

- сауда-коммерциялық операциялар және сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (жеткізуші, өндіруші, орындаушы) арасындағы есептесулер, соның ішінде, тұрмыстық және коммуналдық қызмет көрсетулер және байланыс қызметтері.

Техникалық реттеу комитетінің мемлкеттік бақылау органы кең өкілеттікке ие және олардың міндеттері олар қызмет көрсететін территорияда стандарттау және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша басшы органдар ережелері анықтайды. Оларға бақылау функциясынан басқа стандарт және техникалық шарттар, метрологиялық ережелерді ендіру және сақтау, физикалық шамалар бірлігін Қазақстанда орнатылғандардың қолдану дұрыстығын тексеру, өлшеу құралдары, оларды дайындау, сақтау, жөндеу, тексеру және қолдану шарттары, басқарушылық, ұйымдастырушылық және әдістемелік сипаттат функциялар қатары жүктелген.

Осы функциялар қатарында:

- стандарттау және метрологияның ведомствалық жүмыстарын бақылау;

- әдістемелік басшылық және стандарт және өлшеу құралдарын бақылау бөлігіндегі өнім сапасы бойынша инспекцияның әрекетін координациялау;

- мемлекеттік қадағалау нәтижелерін біріктіру;

- мемлекеттік сынауларды жүргізу;

- стандарт және техникалық шарттарды сараптау және тіркеу жүргізу;

- өнім аттестациясына қатысу;

- өнімнің маңызды түрлерін мемлекеттік сынау бойынша басты ұйымдар аттестациясын жүргізу.

Техникалық реттеу комитеті және оның территориалды органдарының лауазымды тұлғалары - мемлекеттік инспекторларға келесі құқықтар берілген:

- стандарттар және метрологияылык ережелер талаптарына сәйкес емес конструкторлық, технологиялық және жобалық құжаттамаларды қолдану және тапсырыс берушіге беруге тыйым салу;

- стандарттар және метрологиялық ережелерді бұзумен өнім өндіру, өткізу, тасымалдау, сақтау және қолдану сонымен қатар, тұрмыстық қызмет етулер саласында қызмет көрсетулерге тыйым салу;

- оны шығару кезінде стандарттардың жүйелі бұзылу жағдайында кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге экономикалық санкциялар қолдану туралы бұйрық беру.

Өлшеу құралдарының жағдайы мен дұрыстығына, жүргізілетін өлшеулер туралығына, ведомствалық метрологиялық қадағалауды ұйымдастыру мен сапасына кәсіпорын, ұйым және мекеме басшылары жауапкершілікте болады.

Тексеру құралдары біріншілік, периодты, кезектентыс және инспекциялық тексерулерден өтуі тиіс.

Метрологиялық тексеру қазіргі талаптарға және өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету деңгейіне өлшеу құралдары мен қолданылатын өлшеу әдістерінің сәйкестігін анықтау үшін жүргізіледі.

Метрологиялық тексеруге өлшеу құралдарын дайындау, жөндеу, эксплуатациялау, сақтау және сатуды іске асыратын кәсіпорынның өлшеу құралдары жатады.

Метрологиялық сараптау өлшеу құралдарының жағдайын және оларды тексеру мен қолдану дұрыстығын сараптамалық бағалау үшін жүргізіледі. Ол метрологиялық қасиеттер, әдістер және тексеру құралдары, өлшеу құралдарының дұрыстығы мен оларды қолдануға жарамдылығы бойынша даулы сұрақтар туындаған кезде жүргізіледі.

Өлшеу құралдарын мемлкеттік тексеру бойынша жұмыстар сәйкес метрологиялық дайындығы бар жоғары мемлекеттік тексерушілермен орындалады.

Мемлекеттік тексерушілердің міндетіне мыналар кіреді:

- өндірістен және жөндеуден шығарылатын, эксплуатациялаудағы және шет елден келетін өлшеу құралдары мен шамалары бекітілген тізбе бойынша тексеру және таңбалау;

- үлгілі өлшеу құралдары мен шамаларын тексеру;

- халық шаруашылығының барлық саласында қолданылатын өлшеу құралдары мен шамаларын тексеру.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1409 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

4314 - | 4228 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.