Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Поршеньді компрессорлардың нығыздағыштары




Пластиналар болаттан, синтетикалық шайыр және углерафиннің қосылысынан жасалынады. Сұйықтық сақинасы компрессордың құрылымы бойынша поршеньді компрессорға ұқсас, бірақ аралық кеңістік сұйықтықпен толтырылған сақинадан тұрады: құрылымының қарапайымдылығы, бөлшектердің үйкелісі аз, тетіктердің сұйықтықпен нығыздалуы, газдың берілісі бірқалыпты, пульсациясыз. Жылжымалы роторлы компрессорды вакуумдық желілерге және мұздатқыштарда қолданылады. Коловратты компрессорлар - қысым аз жағдайларда пайдаланады, ең үлкен артықшылығы құралымының қарапайымдылығы. Бұрандалы компрессорлар − бұрғылау және мұнай кәсіпшілік өндірісінде көп қолданылады. Бір топ құрғақ сығылу бұрандалы компрессорға он компрессор кіреді. Бұл бір сатылы 0,4 МПа және екі сатылы 1,15 МПа-ға дейін, ауаның көлемдік шығыны =0,38-ден 96000 м3/сағ дейін болады. Келесі топқа маймен толтырылған соңғы қысымы 0,8 МПа, көлемдік шығыны 0,24-тен 24000 м3/сағ дейін. Айдайтын компрессордан бөлек мұнайлы газды жинауға және тасымалдауға арналған машиналар бар.

Компрессорлық машиналардың атқаратын негізгі функциялары:

− газды (ауаны), газдың қоспаларын аппараттарға, пештерге, машиналарға технологиялық өңдеуге беру;

− газды тасымалдау: табиғи газды ұңғылардан жинап, оларды бас компрессорлық станцияға жіберу, магистралды құбырөткізгіштері арқылы тасымалдау;

− газды аккумуляторлау: пласттарда жерасты сақтау сақтау үшін, пластты, қысымды қайтадан келтіріп, оны ұстап тұру үшін; ыдыстарда сақтап, оларды сұйық немесе газ түрінде тасу үшін. Іштен жану қозғалтқыштарын іске қосу үшін құбырөткізгіштіктерді және ыдыстарды беріктікке сынау үшін;

− газды жою үшін ыдыстарда вакуум жасау үшін, бөлмелерді желдету үшін;

− газдың ағынын жасау үшін бұрғылау ұңғыларында бұрғыланған жыныстарды шығару үшін;

20- Сурет. Поршенді компрессорлардың сальниктары

а – жазық металл сақиналары бар сальниктар: 1) нығыздаушы сақина; 2) тұйықтаушы сақина; 3) серіппе; 4) дросселді сақина; 5) сальник алды;

б – нығыздаушы элементтегі қысымның таралуы

в – конустық металл нығыздаушы элементтер: 1) сыртқы нығыздаушы сақина; 2) ішкі нығыздаушы сақина; 3) штифт; 4), 5) қыспалы сақиналары;

г – конусты пластмассалы нығыздаушы элементтер: 1) нығыздаушы сақиналар; 2) дросселді сақина; 3) қыспалы сақина; 4) тартпалы муфта; 5) серіппе.

Компрессорды таңдау

− компрессорға кірер кездегі газдың көлемдік шығыны;

− соңғы қысымды;

− сору шарттары (температура, қысым және газдың ылғалдылығы);

− айдалынатын газдың қасиеттері (мольдік құрамы кірленгені және улану қасиеті);

− жетектің түрі және оған қойылатын талаптар;

− негізгі шарттар: бұл майлау жүйесі, машинаның көлемі мен салмағы, вибрация және дыбысы;

Компрессордың түрі мен маркасын, оның негізгі көрсеткіштері арқылы таңдаймыз. Соңғы қысым және кірер кездегі газдың көлемдік шығыны да байланысты. Компрессордың ең негізгі бір қасиеті бар, ол − дыбысы. Ол үшін металдан немесе пластмассадан жасалған кожухтарды пайдаланады. Бұл кожухтар шыны – волокнолы, шуды басатын антивибрациялық жабдықтармен жабдықталады. Кейбір компрессорларда глушительдер қолданылады.Компрессорлардың құрылымды құрылыстары арқылы және корпусы арқылы вибрацияберіледі. Шуға қарағанда жиілігі аз, бірақ таралуы мен сақталуы ұзақ.

Негізгі әдебиеттер: 1 нег. [212-229]

Қосымша әдебиетер: 8 қос. [347-384]

Бақылау сұрақтары:

1. Цилиндрлерді майламай жұмыс істейтін кезде қандай компрессорларды пайдаланамыз?

2. Мембрандық компрессорлар.

3. Поршендік компрессордың сальниктары.

4. Компрессорлардың негізгі атқаратын функциялары.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1003 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

4415 - | 4195 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.