Бастапқы берілгендер
1. Күн жүйесі (гелиожүйе) 38,0° солтүстік ендікте орналасқан, ауаның сыртқы есептік температурасы , жылыту кезеңнiң ұзақтығы 119 күн.
2. Тұрғындар саны .
3. Ғимарат өлшемі: ұзындығы , ені , биіктігі .
4. Коллектор типі – қос шынылаумен.
5. Жылу қабылдағыш беттің бағыты
6. Көкжиекке коллектордың көлбеу бұрышы – ең үлкен жүктемеде ұтымдысын таңдаймыз.
7. Жылуалмастырғының аралық тиімділігі .
8. Анықтау әдісі - ЭЕМ ге Microsoft Excel көмегімен.
9. Бак-аккумуляторының салыстырмалы көлемі .
10. Коллектор арқылы салыстырмалы сұйықтың (ауаның) шығыны .
11. Ғимараттың жылыту түрі – сумен.
Орта айлық күндік жинақтың түсімі және диффузиялық күн радиациясы, , жазық бетке, атмосфераның айқындық коэффициенті , сыртқы ауа температурасы ,.
I | II | III | IV | V | VI | VII | VIII | IX | X | XI | XII | |
Н | 7,42 | 10,58 | 13,63 | 18,34 | 24,16 | 26,83 | 26,59 | 24,97 | 20,57 | 14,71 | 9,03 | 6,48 |
НД | 3,64 | 5,07 | 6,34 | 7,78 | 8,1 | 7,92 | 7,83 | 6,48 | 5,98 | 4,72 | 3,89 | 3,24 |
КЯ | 0,45 | 0,50 | 0,49 | 0,53 | 0,61 | 0,65 | 0,66 | 0,68 | 0,68 | 0,64 | 0,51 | 0,44 |
ТВ | 1,0 | 4,3 | 9,8 | 16,4 | 22,8 | 27,3 | 29,3 | 27,7 | 22,6 | 15,3 | 8,4 | 3,7 |
Бақылау сұрақтары:
- Күн радиациясының горизонталь беттікке күндізгі уақытта келіп түсуінің орташа айлық мәні қалай анықталады?
- Күндізгі уақытта жер беті атмосферасының шектігінен тыс горизонталды беттікке келіп түсетін күн радиациясының орташа айлық шамасы қандай?
- Күн қондырғысының негізгі көрсеткіштері және п.ә.к. қалай анықталады?
- Күн коллекторының жылу теңдеуін анықта.
- Күн коллекторында жұтылған күн энергиясы шамасын анықта.
- Күн коллекторынан жоғалатын толық жылу энергиясының теңдеуі.
- Конвективті Qконв және сәулелік Qсәу жылу жоғалысы қалай анықталады?
ДӘРІС
Тақырып: Күн электрстансасы(КЭС) және күн пештері (КП)
Жоспар: Мұнаралы және модульді күн электр стансасы.
Күн фотоэлектр стансасы
Күн электр стансасының әдістемелік есебі
Мұнаралы және модульді күн электр стансасы
Үлкен гелиоэнергетикасының тәжірибелі түрде дамуы, модулдік түрдегі жинақталған жылуқабылдағышты және мұнаралық түрдегі орталықтанған қабылдағышты термодинамикалық айналым түрлендірулері негізінде жұмыс істейтін түрлері бар күн электр стансаларына негізделген [1, 5, 11, 23].
Күн электрстансасы (КЭС) және күн пештерінің (КП) негізгі қондырғылары:
– оптикалық жүйе (гелиосаттар);
– бу қазаны; жылу аккумляторы;
– электр энергиясын өндіргіш (электр генератор);
– автоматты және ЭЕМ-мен басқару жүйе.
Оптикалық жүйе (гелиостатар)
Жазық және дөңес айналармен күн сәулесін шоғырландыруға болатын әртүрлі жүйелер бар. Бұл КЭС-тің негігі бөлігі болып табылады. Күн электрстансаларында және күн пештерінде арнайы дайындалған – шыны айналар немесе алюминийден жасалған айналар жүйесі қолданылады.
Күн сәулесі шоғырлағыштарының пішіндері:
а) парабола цилиндрлік шоғырландырғыш иіндеме;
б) параболойд шоғырландырғыш иіндемесі;
в) жазық-сызықты Френель линзасы;
г) жазық айналардың жүйесі.
11.1-сурет. Күн шоғырлағыштарының сыртқы пішіндері -
А) парабола цилиндірлі, Б) параболоид, В) Френель линзасы.