Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Циклдық толқуларды мемлекеттің реттеу мәселесі.




Негізгі терминдер мен түсініктер Дағдарысқа қарсы саясат, Жандану, Тоқырау, Экономикалық цикл, Жұмыссыздық; Филлипстің қисық сызығы; Циклдық жұмыссыздық.

Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары, «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады. Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.. Жандану фазасының сипаттамасы: 1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. 2. Инвестициялар өседі. 3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі. 4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.

Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді. Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады. Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б. Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.

Мемлекеттік бюджет дегеніміз не? Бюджет тапшылығы, пайда болу себептері. Мемлекеттік қарыз дегеніміз не?

Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің кірістері мен шығындары тепе-тең болғаны жөн, дегенмен көп жағдайда шығындар көлемі бюджетке түсетін кірістерден асып кетеді. Осы жағдайда бюджеттік тапшылық пайда болады. Бюджеттік тапшылықтың себептері көп:

- қоғамдық өндірістің құлдырауы;

- ақша эмиссиясы;

- мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтерінің өсуі;

- тиімсіз әлеуметтік бағдарламаларды қабылдау;

- әскери шығындарының өсуі;

- шаруашылық конъюнктурасын өзгеруі;

- көленкелі экономиканың дамуы.

Бюджеттік тапшылықты жабу үшін табыс бөлігін толтыру немесе шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджет тапшылығын қысқарту үшін мемлекет мынадай шаралар қолданады:

- мемлекеттік несие;

- салық салу жүйесін қатайтады;

- мемлекетті басқару шығындарын қысқартады.

Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз тығыз байланысты. Мемлекеттік қарыз – белгілі уақыт мерзімінде өткен жылдардағы жиналған бюджет тапшылығының сомасы. Мемлекеттік қарыздар қысқамерзімдік, ортамерзімдік, ұзақмерзімдік болып бөлінеді. Мемлекеттік сыртқы қарыз – бұл шетел мемлекеттеріне, мекемелеріне, азаматтарына төленетін қарыз. Қарыздың бұл түрі ел үшін ең ауыр, себебі оны төлуе үшін мемлекет құнды қағаздарды беруге немесе белгілі қызмет көрсетуге мәжбүр болады. Мемлекеттік ішкі қарыз – бұл осы мемлекеттің халқына төленетін қарыз, табыстардың алдымен елдің ішінде қайта бөлінуін талап етеді.

БИЛЕТ

1.Ұлттық валюта: тарихы, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері.

2.Макроэкономикалық тұрақсыздық және тұрақтандыру саясаты.

3.Халықаралық сауда дегеніміз не? Сауда теориялары, олардың мәні. Халықаралық сауданың негізі.

1. Ұлттық валюта: тарихы, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері.

1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. 1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады.Қазақстанның валюта саясаты — ұлттық валютаның әлемдік қаржы нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Оның валюта бағамының салыстырмалы тұрақтылығына инфляциямен сауда және төлем балансы сальдосының деңгейлері арасындағы нақты арақатынастарын реттеу жолымен қол жеткізіледі. Мемлекеттің сыртқы резервтік активтерінің түпкілікті есебіне төлем балансы тапшылығын қаржыландыру соңғы саты болып саналады. Алтын-валюта резервтерін қалыптастыру және пайдалану мемлекеттің валюта саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.

2. Макроэкономикалық тұрақсыздық және тұрақтандыру саясаты

Д.Кейнс айтқандай және тәжірибе көрсеткендей, баяу инфляция экономика үшін пайдалы, өйткені ақша массасының өсуі іскерлік белсенділікті ынталандырады, экономикалық өсуге жағдай жасайды және инвестиция процесін тездетеді. Ақшаны шектен тыс шығару қолайсыз жағдайларға алып келеді. Олар:

1. Байлық пен табысты қайта бөлу;

2. Мемлекеттік кәсіпорындардың бағасы нарықтық бағадан төмен болады;

3. Салық арқылы ақша құралдарын жасырын түрде мемлекеттің тәркілеуі;

4. Экономикалық ақпараттың тұрақсыздануы;

1. Инфляция жағдайында несие беру тиімсіз болады. Сондықтан адамдар қарыз бермейді, берсе, өте жоғары процентпен береді.

2. Нарықтық экономиканың мемлекеттік секторында жеке секторға қарағанда өндіріс шығындары мен тауарлардың бағасы өте сирек қарастырылады.

3. Салық жүйесі арқылы мемлекет тұтынушылардың табыстарын жинақтайды. Инфляцияның өсу жағдайында прогрессивтік салық жүйесі арқылы әртүрлі әлеуметтік топтар мен бизнесті қосып, номиналды және нақты табыстың өсуін мемлекет тәркілейді.

4. Фирмалар ақша ресурстарын белсендендіру жоспарын өңдейді. Ақша құралдарын тездетіп затқа айналдырады. Бұл жағдай тауардың тапшылығын тудырады.

Ақша құралдары инфляция салдарынан қымбаттайды. Бөлек кәсіпорындар, фирмалар инфляциямен күресе алмайды. Сондықтан бұл проблема мемлекеттің макроэкономикалық проблемаларының бірі.

Инфляцияны жою ол экономикалық құлдыраумен, жұмыссыздықтың өсуімен және инфляциямен күресу. Бұл жолдың экономикалық және әлеуметтік шығындары жоғары, бірақ нәтижесі тиімді. Тәжірибеде көп елдер бейімделу жолын таңдайды.

3. Халықаралық сауда дегеніміз не? Сауда теориялары, олардың мәні. Халықаралық сауданың негізі.

Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды.

Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге болады.

1. Әлеуметтік жағрапиялық факторлар – жағрапиялық орналасу, халықтың құрылымы саны, және де олардың шаруашылық тәжірибесі, білімі, әдет-ғұрпы бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық.

2. Табиғи экономикалық факторлар – табиғи климаттық жағдайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтары, су және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы айырмашылық.

3. Техникалық экономикалық факторлар – жеке елдердің экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі әр түрлі болуымен анықталады.

4. Ғылыми техникалық процесс. Халықаралық еңбек бөлінісі өнімдердің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің және олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне әкеледі..

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесісауда балансынанкөрінеді.Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса – онда оны сауда балансы деп атайды.

Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.

1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:

- Кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту.

- Тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу қою: квота, лицензия және т.б. шаралар арқылы).

- Экспортты қолдау. Артықшылықтары: Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады.

2. Фритредерстік немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.

БИЛЕТ

1.Ақша жүйесінің мәні, тетіктері, оның Қазақстанда қалыптасуының негізгі мәселелері.

2.Нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттік сектордың алатын орны.

3.Протекционизм дегеніміз не? Сыртқы сауда саясатының типтері

1. Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:

1. Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда – теңге.

2. Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.

3. Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.

4. Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.

5. Ақша жүйесінің институттары – ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

6. Валюталық паритет – екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.

Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Ақша массасының көлемі көптеген факторларға тәуелді, алдымен ақша нарығының көлемі мен конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан. Ақшаның ұсынысы – бұл осы мезгілде экономикада айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Ақшаға сұраныс – оның айналыс құралы және жинау құралы қызметінен туындайды. Ақша массасының динамикасына көп факторлар әсер етеді. Ақшаның сандық теориясының өкілі американдық экономисі Фишер келесі формуланы ұсынады:

M · V = P · Q

мұнда: M – айналыстағы ақшаның саны;

V – ақшаның айналыс жылдамжығы;

Р – бағаның орташа деңгейі;

Q – барлық тауарлар мен қызметтердің саны.

Ақша жалпы сұраныс процент мөлшерлемесінің берілген шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге келу үшін және бағалы қағаздар сатып алу үшін, өздерінің қарамағында болғанын ұнататын ақшаның жалпы көлемі.

Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады.

2. Нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттік сектордың алатын орны.

Нарықтың сипаттамасы оның құрылымының, әрекет етуші тұлғаларының және олардың қызығушылық объектілерінің зерттеуінсіз толық болмайтын еді. Нарықтың әрекет етуші тұлғалары немесе субъектілері үй шаруашылығы, фирмалар және мемлекет болып табылады.

Үй шаруашылығы - бұл бір немесе бірнеше тұлғаның құрамындағы экономикалық бірлік. Ол:

* өз бетінше шешім қабылдайды;

* қандайда бір өндіріс факторының иеленушісі болып табылады және өзінің мүлкін, капиталын, жұмыс күшін сата алады немесе жалға бере алады;

Фирма - бұл экономикалық бірлік. Ол:

* сату мақсатымен өнім дайындау үшін өндіріс факторларын пайдаланады;

* пайданы максимизациялауға ұмтылады;

* өз бетінше шешім қабылдайды.

Мемлекет қоғамдық мақсаттарға жету үшін нарыққа және шаруашылық субъектілеріне бақылауды қамтамасыз ету үшін саяси және занды билікті жүзеге асыратын үкіметтік мекемелермен ұсынылған.

Үй шаруашылықтары, фирмалар және мемлекет нарық объектілерін сату және сатып алу, пайдалану, иелену туралы экономикалық қатынастарға кіреді. Нарықтық шаруашылықтың объектілері: тауарлар мен қызметтер, өндіріс факторлары (еңбек, жер, өндіріс факторлары), ақша, кұнды қағаздар субсидиялар, әлеуметтік төлемдер т.б. болып табылады. Нарықтың нақты құрылымы бар.

3. Протекционизм дегеніміз не? Сыртқы сауда саясатының типтері

Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:

- Кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту.

- Тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу қою: квота, лицензия және т.б. шаралар арқылы).

- Экспортты қолдау. Артықшылықтары: Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады.

2. Фритредерстік немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.

БИЛЕТ

1.Сұраныс пен ұсыныстың теориясы және әдіснамалық және тәжірибелік рөлі.

2.Жалақының түрлері мен формалары. Лоренц қисығы

3.Халықаралық сауда және оның мәні. Халықаралық еңбек бөлінісі





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 634 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2152 - | 2108 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.