Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Патша үкіметінің 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалары: мәні және мақсаттары.




Реформаның отаршылық мәні. ХІХ ғасырдың 60 – жылдарындағы Ресей империясы Қазақстанды жаулап алуды толығымен аяқтап, қазақ жеріне отаршылдық жүйені қалыптастырды. Шын мәнінде Қазақстанда хандық билікті жоюға бағытталған (Бөкей Ордасынан басқа) 1822-1824 жж. Сібір, Орынбор казактары туралы Жарғы патша үкіметінің және жеке казактардың да тарапынан қазақ жерін ашық отарлауына жол ашып берді.

Қазақ жерін басқарудың әкімшілік жүйесін енгізу империяның өз саясатын емін-еркін жүргізуі үшін қолайлы болды. Ресей үкіметі крепостнойлық (басыбайлық) правоны жойғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық жағдайды түбірімен өзгерту үшін қалалар мен сот әкімшілік жүйесіне байланысты бірқатар реформалвр жасады. Капитализмнің жан-жақты дамыған жағдайында Ресей мен Қазақстанды басқарудың жүйесін түбірімен өзгертуге кірісті. 60-жылдардың ортасында Орынбор және Батыс Сібір казактарын басқарудың әкімшілік жүйесіне өзгерістер енгізіп, Бөкей хандығын басқарудың жүйесі қайта жасалды, Алатау округтік приказы және 1865 жылы Түркістан облысы құрылды.

Патша үкіметі қазақ жерін басқару туралы Ереженің жобасын дайындау мақсатында 1865 Ішкі істер министрлігінің, әскери министрліктің, Орынбор және Батыс Сібір өлкесі «депутаттарының» өкілдерінен құрылған «дала комиссиясын» ұйымдастырды. 1865 және 1866 жылдары комиссия Сібір даласын басқару туралы ереже жобасын әзірледі. Бұл жобаны ерекше комитетте мақұлдады. Реформаның негізгі мақсаты Орта Азияға одан әрі терең ену мақсатында Қазақстанды царизмнің барлық лагеріне айналдыру, алым-салықты күшейту, Қазақ жерін мемлекеттік меншік деп жариялау, әкімшілік басқаруды жеңілдету мақсатында әкімшілік-аумақты анықтау, бүкіл империялық азаматтық және қылмыстық заңдарды қолдану, соттың жаңа жүйесін құру болатын.

ІІ Александр 1867 жылы 11 – шілдеде «Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге», 1868 жылы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығын басқарудың уақытша Ережесіне» қол қойды.

Реформаға сәйкес Қазақстанның барлық аумағы Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір үш генерал-губернаторлығына бөлінді. Былайша қарағанда, Қазақстан аумағы бұрынғы жүзге бөлінген қалпында қалды. Әскери және азаматтық билік түгелімен генерал-губернатор қолына жинақталды, ал Түркістан генерал губернаторы оған қоса Қытаймен және Иранмен елшілік келіссөздер жүргізу құқығына ие болды. Әрбір генерал-губернаторлық құрылым облыстардан құралды. Орынбор генерал-губернаторлығына Орал және Торғай облыстары кірді, БатысСібірге - Ақмола және Семей, Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу мен Сырдария облыстары қарады. Бұрынғы Бөкей хандығының аумағы 1872 жылы Астрахань облысының құрамына енді. «1868 жылғы уақытша ереже» бойынша Маңғышылақ приставы Орал облысының қарамағына қалып, Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды. 1870 жылы 2-сәуірде тұрғындардың көтеріліс қаупінен сескеніп, Маңғышылақ приставы Орал облысынан шығарылып, Дағыстан командованиесінің қарауына берілді және ол әскери басқару жүйесіне бағынды.

Облысты әскери және әкімшілік құдіреті бар губернатор басқарды.Ол облыс аумағында орналасқан қазақ әскерінің арнайы тағайындалған атаманы қызметін қатар атқарды. Ереже бойынша далалық облыстар губернаторлығының қызметі әскери дивизияның командирі мен теңестірілді. Жетісу мен Сырдария әскери губернаторлары шекара істерімен де айналысты. Оларды әскери министрліктің нұсқауымен патшаның өзі тағайындап, өзі жұмыстан босатты, ал қалған облыстардың әскери губернаторлары ішкі істер министрлігінің ұсынысымен және әскери министрліктің рұқсатымен тағайындалды. Облыстар уездерге бөлінді, олардың жалпы саны 34 болды. Уезд бастықтары офицерлерден тағайындалды, оларды облыстық әскери губернаторлардың ұсынысы бойынша генерал-губернатор тағайындады. Уезд бастығының жоғары және кіші лауазымдағы көмекшілері болды. Әр уезд болыстарға, ал болыстар әкімшілік ауылдарға бөлінді, әр ауылды 100-200 шаңырақ, ал болыстағы шаңырақ саны 1000-нан 2000-ға дейін жетті. Болыс басқарушылары мен ауыл старшиналары жабық дауыспен үш жыл мерзімге сайланды, Оны жоғары тұрған басшылық бекітті. Сұлтандар өмірбойы зейнетақымен қамтамасыз етіліп, барлық салық түрінен босатылды.

1867-1868 жж. реформа негізінде әскери-сот комиссиясы және уездік соттар құрылды. Билер мен қазылар соты сақталды. Дау мәселесін шешкенде билер соты дәстүрлі құқық пен шариатқа, ал қазылар тек шариат заңдарына заңдарына сүйенеді. Билер соты үш сатыдан құрылды: бірінші саты – билердің жеке дара өз соты, екіншісі билердің болыстық съезі, үшіншісі билердің төтенше съезі. Облыстық басқармалар әскери және уездік сотқа қарамайтын барлық азаматтық және қылмыстық істерді үкіметке қарсылық көрсетіп, почтаға, қазыналық көлікке шабуыл жасап, телеграфты бүлдіріп, лауазымды және христиан дінін қабылдауға тілек білдірген адамдарды өлтіргені үшін әскери сот алдында жауап беретін болды. Ал жергілікті тұрғындардың кісі өлтіруі, қарақшылық жасауы, барымта мен керуенге шабуыл жасауы, бөтеннің иелігіне қол сұғуы, жалған ақша шығарып, қоғам мүлкін ұрлағаны, қазыналық басқарудың жарғысын бұзғаны және басқа да лауазымдық қылмыстары империяның жалпы қылмыстық заңы бойынша заңға тартылады.

 

1867-1868 жж. Ереже тәжрибе жүргізу үшін екі жылға ғана арналған болатын. Бірақ бұл «тәжрибені» жергілікті тұрғындардың қолдамауына байланысты 20 жылға созылды. Қазақстан жерінің Ресей империясының мемлекеттік меншігіне айналдыру жасалған реформаның ең ауыр салдары еді. 1893 жылы 26 наурызда патшаның жарлығына байланысты Каспий теңізі де Ресейдің жеке меншігіне айналды.

Орыс шаруаларын Қазақстанға жаппай қоныс аударту. Реформа алым-салық жүйесін де қамтыды. Біртұтас «түтін» салығы енгізілді. Бұл салық үй басынан жыл сайын ақшалай алынып тұрды. Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторындағы қазақтар 3 сомнан, ал Түркістан генерал-губернаторындағы қазақтар 2 сом 75 тиыннан төлеп келді. 3 жылда бір мал санағы өткізіліп тұрды, малдарын жасырып қалатын болса салықты екі есеге көбейткен. Жерді пайдалануда да жарытымды нәтижелер болған жоқ. Қазақтарға еуропалық бөлімнен қоныс аударып келген орыс шаруаларына белгілі жалға беруіне рұқсат берілді. 1880 жылы 22 қазанда Тобыл және Томск губерниялары қазақтарын Құлынды даласына көшіру қолға алынды. Онда казақтарға 1 миллион десятина құнарсыз жер берілді. Салық мөлшері де қазақтар үшін жоғары төленді, ол отырықшы орыс шаруалары төлейтін салықпен тепе-тең еді.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2152 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Бутерброд по-студенчески - кусок черного хлеба, а на него кусок белого. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2414 - | 2334 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.