Р ШҒА ОҚБ ұйымдастыру комитетіне
Мәлімет
Жұмыс секциясы: Тарих
Жұмыс тақырыбы: «Елім-ай жырының шығу тарихы»
Автор: Қожамжарова Аружан №41 жалпы білім беретін орта мектебінің 8 «A» сынып оқушысы
Ғылыми жетекші: ТүсіпбековаГүлнұрРымбекқызы №41 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Мектеп директоры Ж.С.Баймолдина
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
№41 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларының
ғылыми-зерттеу жұмысы
Елім-ай жырының шығу тарихы
Жұмыс секциясы: Тарих
Автор: Қожамжарова Аружан№41 жалпы білім беретін орта мектебінің 8 «A» сынып оқушысы
Ғылыми жетекші: Түсіпбекова Гүлнұр Рымбекқызы №41 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
ҚАРАҒАНДЫ-2016
Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................3-4
І ТАРАУ
Елім-ай жыры туралы мәлімет
ІІ ТАРАУ
Жырдың шығутарихы туралы көзқарастар
2.1. Бөрібай Кәртен. «Елім-ай» дастаны................................7-8
2.2. Абай Тасболатов. «Есімдері ел есінде»..................9-10
Қорытынды.................................................................................................11
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................12
Ылыми жұмыстың аннотациясы
1. Атауы: «Елім-ай жырының шығу тарихы»
2. Жұмыс секциясы: Тарих
Жобаның сипаттамасы:
1. Ғылыми жұмыстың мақсаты: Қазақ халқының әдебиет және музыка өнерінің туындысы жайлы, бізге дейін белгісіз болып келген тұстары жайлы айта отырып, бұл дастанның қаншалықты құнды екенін түсіндіру;келер ұрпақтың бойында патриоттық, өз ұлтына жанашырлық қасиетін дарыту.
2. Жасалған зерттеулердің әдістері: Тақырыпты жаңа көзқарас тұрғысынан саралауда қазіргі кезеңде қалыптасқан объективтік және сыни талдау мен сыни зерделеу тәсілдер қолданылды. Сондай-ақ жұмыста тарихи зерттеудің жалпы ғылыми әдістері мен талдау тәсілдері, қазіргі тарих ғылымында қалыптасып келе жатқан жаңа бағыттағы тың ой-тұжырымдар мен ұлттық тұрғыдағы көзқарастар басшылыққа алынды.
3. Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері:
Ғылыми: аталмыш тақырыптың мақсатын іске асыру тұрғысынан пайдаланылған деректер мазмұнындағы мәліметтерді талдап, нәтижесінде белгілі бір қорытындыларға келу.
Тәжірибелік: зерттеу жұмысын ауқымды зерттеуден өткізіп, қорытындыларын қазақ мәдениетінің көне заман кезеңіне енгізу, ұластырып, ауқымды зерттеуден өткізіп, қорытындыларын қазақ қоғамында орнын анықтау кезінде туындаған өзекті мәселелерін зерттеуде қолдану, кейін оқулықтарға енгізіп, болашақ жастарды оқытуда пайдалану.
І тарау. Елім-ай жыры туралы мәлімет.
Елім-Ай - жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі (1723-1725) қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, боскан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды өлең. Ол соңғы кездерге дейін "халық өлеңі" деп танылып келді. Кейінгі зерттеулерде оның нақты авторы - Қожаберген жырау Толыбайұлы делінеді. "Қаратаудың басынан көш келеді" өлеңін ең алғаш рет баспасөзде жариялаған - М.Тынышбаев. Бұл жырды кейінірек А.Байтүрсынұлы, Ж.Доскараев, Ә.Кекілбаев пен М.Мағауиндер де жариялаған. Фольклор- танушы М.Оразаев тапсырған нұсканы Ы.Дуйсенбаев зерттеген. Осы тарихи өлең туралы С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Н.С.Смирнова, Б.Уакатов, Г.Турсыновалар мақалалар жазды. Кейбір зерттеулерде (М.Оразаев нұскасында) жырдың авторы ретінде арғын Топыш акынның аты аталады, алайда мұндай кісі туралы дерек жок. Жыр өзінің жүрек тербейтін мазмұнымен катар, әдемі де әуезді әуенге құрылған.
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртынан айрылған жаман екен
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді –
деп ба-сталатын «Елім-ай» әнінің шыққанына 290 жылдан асты. Бұл әнді және осы аттас күй мен тарихи дастанды халлқымыздың басынан өткен қиын-қыстау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезінде шығарған атақты Толыбай сыншы ұлы Қожаберген жырау (1663-1763) бабаныкі деген деректер бар.
«Елім-ай» дастанының орны ерекше. Оны тек «дастан» деу аз сияқты. Оның арнасы кең – ұлттың болу, болмауы, Отан тағдыры. Бір ғасырлық тарихты саралап, ұлттың сан ғасырлық салт-санасын, мемлекет билеу жүйесін бағалап, жүздеген мемлекет, әскери, саяси қайраткерлерін жеке-жеке даралап, дүбірлеген оқиғалар болған жерді аралап жазылған ұлы эпопеялық туынды. «Елім-ай» шын мәнінде ұлттық сананың биік шыңы, ұлттық сергелдеңге душар болғандағы мұңы, болашаққа құлаш сілтеп, қайсар, намысшыл қазақтың ұлт болмысын жаңғыртуға ұмтылысының шаншыла атқан қайнар жыры да сыры. «Елім-ай» - ұлтымыздың Илиада мен Одиссеясындай эпикалық өміршең трагедиясы» - деген баға берді.
Орытынды
«Елім-ай» дастанында ғана бүкіл дәуір суреттеледі. Жоңғар империясының дәуірлеп, күшею себептерін ашады. Екіншіден, жоңғарлардың орыстар мен қытайларға арқа сүйегенін көрсетеді. Орыс империясы өзіне көрші қазақ елін тұқыртып, жоңғарларға кіші зеңбірек жасауды үйретіп, құтыртып, екі түркітілді халықтарды өзара қырып салуына мүмкіндік жасағанын ғажайып суреттейді. Үшіншіден, түрікпен, Қоқан, Хиуа, Бұхардың қазақ еліне деген қастандық саясатын, өзбек пен тәжіктің жаттығын әшкерелейді. Төртіншіден, Әз-Тәукеден кейінгі қазақ хандығында болған текетірес, бақталас берекесіздіктің бетпердесін ашады. Бесіншіден, ақтабан шұбырынды қалай болды, халық қалай, неге тозды деген сауалдарға жауап береді.
Дастанның шығу тарихына байланысты бірнеше дау-дамайлар туып отыр. Бірі дастанды-халықтікі десе, екіншісі- Қожаберген жыраудікі деген пікірді ұстанады.
Дастанды оқып отырғанда тағы бір аңғаратынымыз, Тәуке хан тұсында қазақ елшілерінің қару-жарақ сатып алу мақсатында Ресейге барғандығы туралы деректер. Бірақ жоңғарды әдейі айдап салып отырған орыстар келісім бермейді. Қытай мемлекеті де қару беруден бас тартқан. Қарулы қалың әскерге найза, қылыш, садақпен қарсы барған қазақ қолы аяусыз талқандалып, амалсыз шегінуге мәжбүр болады. Ал ойындағысы орындалған орыс саясаткерлері босап қалған жерлерге мұжықтар мен әскерилерді еркін қоныстандырып, бекіністер салып жатты. Өзгенің қолымен от көсеп, жазықсыз халықтарды қынадай қырып, жер бетінен із-түзсіз жойып жіберуді ашық мақсат еткен Ресейдің қанқұйлы қарақшылық саясаты бүгінге дейін айтылмай келді.
Қорытындылай келе, қазақтың ұлан-ғасырлар бойы сақталып келе жатқан мәдени төл туындысы – «Елім-ай» дастаны еш уақытта ұмытылмайтын ел басынан өткен қаралы кезеңнің символы, ескерткіші болып қала береді.