Тақырып №16: Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендеген кездегі тістердің аса қажалуы, клиникасы, емдеуі
Курс - 5
Цикл -37 сабақ
1.
2.
3.
4.
5.
Алматы, 2016
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау ортопедиялық стоматология кафедрасының отырысында талқыланды
«19» 05 2016 жыл №19 Хаттама
Ортопедиялық стоматология кафедрасының
меңгерушусуі, м.ғ.д., профессор К.Д.Алтынбеков
Тақырып №16: Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендеген кездегі тістердің аса қажалуы, клиникасы, емдеуі
2. Мақсаты:
1) Білімді төмендегі сұрақтар бойынша қалыптастыру:
-тістің жоғарғы дәрежедегі қажалуының жіктемесі Ортопедиялық стоматологияда науқасты бүйірінен тексеру алгоритмі;
-тістің жоғарғы дәрежедегі қажалуы, беттің төменгі бөлігімен болған науқасты тексерудің клиникалы ерекшелігі;
-науқасты ортопедиялық емдеудің негізгі әдісі;
-- науқасты ортопедиялық емдеудің қосымша әдісі;
-медициналық есеп - тіркеу құжатын енгізу ережесі
2) Операциялық дағдыларды қалыптастыру:
- науқастың шағымын анықтау және нақтамалау;
- анамнез жинау;
- тексерудің нәтижесін жүргізу, интерпретациялау.
- есеп - тіркеу құжаттамасын толтыру;
3) Коммуникативті дағдыларды дамыту:
- жаңа терминдер мен түсініктемелерді жүргізу жолдары: «вербальді және вербальсіз комуникация» «шағымын нақтап анықтау», «ауру анамнезі» «өмір анамнезі», «электроодонтодиагностика» «рентгенологиялық зерттеу нәтижесін интерпретациялау»;
- вербальді және вербальді емес комуникация стоматологиялық ортопедиялық бейім бойынша науқасты тексеру.
4) Төмендегі сұрақтар бойынша құқықтық компетенцияны қалыптасыру:
- ортопедиялық бейім бойынша стоматологиялық науқасты тексеру хаттамасы;
- дәрігер - ортопед - стоматолог тіркеу- есеп беру құжаттамасы және оны енгізу, сақтау ережелері.
5) Студенттердің тақырыпты меңгеру уәждемесін (мотивациясын) дамыту:
- Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендеген кездегі тістердің аса қажалуы, клиникасы, емдеуі
3. Оқыту міндеттері: Аса қажалудың емдеу әдістері мен клиникалық білімді қалыптастыру.
4. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:
1. Аса қажалуының салыстырмалы диагностикасы.
2. Альвеола аралық биіктікті анықтау.
3. Шайнау бұлшық еттері мен СТЖБ тексеру әдістері.
4. Тістердің аса қажалуының классификациялары.
5. Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендеген кездегі тістердің аса қажалуының бастапқы дәрежесіндегі клиникасы.
6. Тістердің аса қажалуының даму сатысындағы патологиялық процестің тіс қатары мен самай төменгі жақ буынында орналасуы.
7. Тістердің аса қажалу патологиялық процесі тіс қатары мен самай төменгі жақ буынында орналасуымен жүретін тістем биіктігің төмендеуі кезінде науқастарды емдеу әдісі.
5. Оқыту және үйретудің әдістері: ауызша сұрау, оқытушының жұмысын бақылау, демонст-рация, клиникалық жағдайларды талдау, ситуациялық есептерді шешу, кіші топта жұмыс жасау.
Сабақтың хронометражы (академиялық 6,5 сағат есебінде)
№ | Сабақ сатылары | Сабақ сатыларының құрамы | Оқыту әдістері | Бақылау әдістері (оқытушының таңдауы бойынша) | Сабақ сатысына берілген уақыт |
Кіріспе сатысы | Танысу, белгілеу тақырыппен, мотивациялық мінездемесімен, мақсаттары және міндеттерімен таныстыру. | - | - | 5минут | |
Дайындық бақылауының деңгейі | Білім деңгейін анықтау | - | 1.Ауызша сұрау 2Жазбаша сұрау 3. Қалыңдаған сұрау 4.Блиц-сұрау 5.Тестілеу | минут | |
Негізгі саты | 1. Дәрігер стоматолог ортопедтің жұмыс орнын дайындауын көрсетеді 2. Ортопедиялық стоматологиялық науқасты тексеруді көрсетеді. 3. Студенттер кіші топта (2-3 адам) науқасқа клиникалық тексеру жүргізеді (волонтерда). | Түсіндіру, демонстрация, талдау, оқытушының жұмысын бақылау Кіші топта жұмыс жасау | 1.Коммуникативті дағдыларды тіке бақылау | 100 минут | |
Үзіліс | 30 минут | ||||
Негізгі саты - жалғасы | 1. Дәрігер стоматолог ортопедтің жұмыс орнын дайындауын көрсетеді 2. Ортопедиялық стоматологиялық науқасты тексеруді көрсетеді. 3. Студенттер кіші топта (2-3 адам) науқасқа клиникалық тексеру жүргізеді (волонтерда). | Түсіндіру, демонстрация, талдау, оқытушының жұмысын бақылау Кіші топта жұмыс жасау | 1.Коммуникативті дағдыларды тіке бақылау | 120 минут | |
Сапаны бағалау сатысы | 1.Білімді қорытынды бақылау | 1.Жазбаша сұрау 2.Қалыңдаған сұрау 3.Блиц-сұрақ 4.Тестілеу | 10 минут | ||
2.Кері байланыс құру | 10 минут | ||||
3.Бағалаушы рубрикаларды, чек-парақтарды толтырып, балды есептеу | 5 минут | ||||
4. Бағалармен таныстырып, журналды толтыру. | 5 минут | ||||
5. Келесі тақырып бойынша түсінік беру | 5 минут | ||||
Барлығы | 335 минут |
6. Әдебиеттер:
1. Бушан М.Г. Патологическая стираемость зубов и ее осложнения. Кишинев, 1979.
2. Копейкин В.Н. Руководство по ортопедической стоматологии. М., 1993.
3. Щербаков.А.С.Гаврилов.Е.Н.Трезубов.В.Н.Жулев.Е.Н. Ортопедическая стоматология.М.Мед. 1998.
4. Хватова В.А., Курляндский В.Ю. К вопросу этиологии и патогенеза неврологических симптомов при снижении "высоты прикуса".
5. Каламкаров Х.А. "Ортопедическое лечение патологической стираемости твердых тканей зуба". М. 1984.
6. И.К. Луцкая Руководство по стоматологии. Ростов на Дону 2002.
7. Каламкаров Х.А., Матвеева А.И. Клинические аспекты методики избирательного пришлифовывания зубов при заболевании парадонта. Стоматология 1983 N6.
8. Кульманбетов И.А. Парадонт аурулары. Методические разработка на казахском языке.
9. Рузуддинов С.Р., Телебаева Г. Т. Логико-дидактические структуры в изучении ортопедической стоматологии Алматы, 1995.
7. Бақылау:
1. 63 жастағы Н., атты науқас ортопедиялық стоматология клиникасына тістерінің жоқтығына, сезімталдығына, эстетикалық жағдайының бұзылуына, шайнау қызметінің бұзылуына, буынының ауыратынына шағымданып келген. Ортопедиялық ем жүргізілмеген.
87654321! 12345678
0000 0 0 0 0
Беттің үштен бір бөлігінің биіктігі бұзылған, кішірейген, мұрын ерін, иек асты қатпарлары айқындалған. Сақталған сауыттары тек қана мойын бөлігі қалған, сезімталдығы жоғары.
Рентген суретте: өзгерістер байқалмайды.
Сұрақтар: 1.Диагноз қойыңыз.
2. Ем түрін таңдаңыз.