Тематика тестов по хирургическим
Болезням на 4 курсе ОМФ 2015-2016 учебный год
(казахское отделение)
№№ | Тематика по хирургическим болезням | Всего тестов |
1. | Заболевания пищевода | |
2. | Осложнения язвенной болезни желудка (перфорация,стеноз,кро-вотечение, пенетрация) | |
3. | Рак пищевода и желудка | |
4. | Острый холецистит и его осложнения | |
5. | Острый панкреатит, осложнения | |
6. | Заболевания ободочной кишки | |
7. | Заболевания прямой кишки. | |
8. | Аппендицит. | |
9. | Острая кишечная непроходимость | |
10. | Перитониты | |
11. | Грыжи живота | |
12. | Заболевания вен (ВРВ). | |
13. | Заболевания артерий (тромбозы и эмболии). | |
14. | Гнойные заболвания легких и плевры. | |
15. | Эхинокооккоз печени | |
Всего тестов |
Хирургические болезни
(Дисциплина -Хирургические болезни)
Общее кол-во часов -150 часов;
база тестов – 450;
Кол-во тестов в варианте -100 тестов;
Время - 120 минут.
Еш аурулары.
1. Аталған белгілердің қайсысы кардиоспазмға тән?
2. Аталған кардиоспазмды емдеу әдістерінің қайсысын аурудың тұрақты және ұзақ ағымы кезінде қолдану керек?
3. 58 жастағы науқаста төс артында тұрақты қарқынды ауырсыну аясында азапты қыжылдау, қабылданған аспен кекіру пайда болды. Ауырсыну жиі жауырынаралық кеңістікке және сол иыққа иррадияция береді. ЭКГ-да миокардтың аздаған өзгерістері. Сіз қандай зерттеуді таңдайсыз?
4. 47 жастағы науқас әйел эмоциональды лабильді, тамақтануы қанағаттанарлық, дисфагияға, қыжылдау және төс артындағы ауырсынуға шағымданады, әсіресе эмоциональды стресс кезінде айқын. Төс артындағы ауырсыну бірнеше минуттан сағаттарға дейін созылады, жақсүйекке, арқаға иррадиацияланады, ауырсыну түнде, суық желге қарсы жүргенде пайда болады. Hитроглицерин ауырсынуды азайтады, кекіру және ас содасын қабылдағаннан соң ауырсыну азаяды. ЭКГ-да патология жоқ. Өңеш рентгеноскопиясында да патология жоқ. Сіздің диагнозыңыз:
5. Науқас 3 жылға жуық ауырады, ас өтуінің қиындауына, тәулігіне 1-2 рет регургитацияға, төс артындағы кезеңді ауырсынуға шағым айтты. Науқас тамақтануы төмендеген, қан талдауы қалыпты шекте. Диагноз:
7. Науқас бірнеше жылдар бойы ЖИА байланысты емделген. Медикаментозды ем әсер бермеген. ЭКГ-да ЖИА-на сенімді деректер болмады. Ауырсыну ұстамалары мойын аймағында, кейін төс артында ас қабылдағаннан кейін пайда болады. Құсудан және көп реттік кекіруден кейін жеңілдік туындаған. Диагноз:
8. Дисфагияға (астан кейін төс артындағы тұйық ауырсыну, кейде регургитация) шағымданған 30 жастағы науқаста рентгенологиялық зерттеу кезінде 2-дәрежелі кардия ахалазиясы белгілері анықталды. Емдеу тактикасы қандай?
9. 3 ай бұрын 20 жастағы науқас әйел қателесіп каустикалық сода ерітіндісін қабылдаған. Қазіргі кезде тез үдемелі дисфагия дамыды. Рентгенологиялық өңештің ортаңғы 1/3 бөлігінің тыртықтық стриктурасы анықталады. Оның диаметрі 2-3 мм-ден аспайды. Қандай ем көрсетілген?
10. 48 жастағы науқас емханаға массивті құсу кезінде пайда болған төс артында және жауырын аралығындағы қатты ауырсынуға шағымданып түсті. Науқас шок күйінде, температура - 39,5°С, лейкоцитоз - 20х109/л. Рентгенологиялық – сол жақ өкпеқап қуысында және көкірекаралықта ауа мен сұйықтық жиналуы. Сіздің болжам диагнозыңыз?
11. Науқас жоғарылаған саливацияға, тамағында тырнау сезіміне, жұтынғанда ыңғайсыздық, жөтелге шағымданды. Ас қабылдауды бастағанда кезеңді түрде дисфагия және мойында аздап ісік байқалады. Кейде тағамды жұту үшін мәжбүрлі жағдайға ауысады, бұл кезде бүлкілдеген дыбыс естіелді, ал ісік қайтады. Сіздің диагнозыңыз?
12. Егер фибринозды-жаралық рефлюкс-эзофагиттің консервативті емі сәтті нәтиже бермесе қандай операция жасаған жөн?
16. Өңешті буждаудың қай әдісі аса қауіпсіз болып табылады?
17. Көп мөлшерде тамақ қабылдайтын 53 жастағы науқас қатты қыжылдау және алдыға еңкейгенде күшейетін төс артындағы ауырсынуға шағымданды. Қандай болжам диагноз қоюға болады?
18. 58 жастағы науқас 6 айдан бері өзін ауру санайды, қатты тағам жұтқанда қиындыққа шағымданды. 3 айдан кейін жауырынаралық аймақтың ауырсынуы, әлсіздік пайда болды, тек жартылай сұйық ас қана өтетін болды, 6 кг-ға арықтаған. Өңешті рентгенологиялық зерттеу кезінде 6 см-ге созылатын толу ақауы есебінен ортаңғы 1/3 бөлігінде қуысының тарылуы анықталды. Диагнозды нақтылау үшін ең алдымен қандай зерттеу жүргізу қажет?
19. Эррозиялық-жаралық эзофагит аталған аурулардың қайсысының асқынуы болып табылады?
20. Емхана хирургының қабылдауына 34 жастағы науқас келді. Анамнезінде 5 тәулік бұрын тұрмыстық жанжал кезінде мойын аймағына пышақпен соққы алған. Өзін салыстырмалы түрде қанағаттанарлық сезінген, кейін мойынның тығызқозғалғыштығы және дене температурасының 38,4 град көтерілуі анықталды. Шолу рентгенологиялық тексеру кезінде мойынның жұмсақ тіндерінде газ қабаттары, омыртқаалды кеңістігінің ұлғаюы және кеңірдектің алдыға ығысуы анықталды. Хирург қай мүшенің зақымдануын анықтады?
21. Артық салмағы бар, өт-тас ауруымен ауыратын 45 жастағы науқас әйел 3 жыл бойына жалғасқан үдемелі қыжылдау, кекіру, кезеңді түрде төс артындағы ауырсынуды айтады. Соңғы жылы екі рет оң жақтық төменгі бөліктік пневмонияны басынан өткерген. Аса мүмкін диагноз?
22. 60 жастағы науқас әйел 5 жыл бойы кезеңді түрде қайталанатын суық сұйық ішкен кезде күшейетін, кейбір кезде мүлдем жоғалатын дисфагияға шағымданады. Кейде тағам қабылдау өткір төс артындағы ауырсынумен бірге жүреді. Алайда көрсетілген мерзімде науқас аздап арықтаған. Сіздің диагнозыңыз?
23. 12 елі ішектің жара ауруымен ауыратын науқас жоспарлы эндоскопиялық зерттеуге жолданды. Манипуляция кезінде мойын аймағында ауырсыну пайда болды, біраздан кейін моынның жұмсақ тіндерінің ісінуі және крепитациясы қосылды. Қандай асқыну туралы ойлану керек?
24. 50 жастағы науқас С. Тамақта қарлығу, тырнау сезіміне, сирек құрғақ жөтел, эпизодты астың өңешпен өтуінің қиындауы, ауыздан жағымсыз шірулік иіс шығуына шағымданды. Өзін 2 жыл бойы ауру санайды. Қарау кезінде – басты артқа әкету кезінде мойынның сол жақ жартысында бұлтию пайда болатыны байқалды. Сіздің болжам диагнозыңыз?
25. Қабылдау бөліміне 52 жастағы науқас жұтынғанда және басты артқа әкеткенде күшейетін төс артындағы ауырсыну, дисфагия, шөлдеу, ауыз кебуі шағымдарымен келді. Анамнезінен науқас сүйек жұтып қойғаны, ол техникалық қиындықтармен эзофагоскопия кезінде амбулаторлы жағдайда алынғаны анықталды. Науқас үйіне жіберілді, үйінде жағдайы нашарлап, ол жедел жәрдем шақырды. Қарау кезінде науқас жағдайы ауыр, тері жабындыларының бозаруы цианоздық реңкпен, минутына 30 ретке дейін ентігу, суық тер, минутына 120 соққыға дейін тахикардия, дене температурасының 38°С-қа жоғарылауы, мойын аймағы және кеуденің жоғарғы жартысында крепитация анықталады. Сіздің диагнозыңыз?
26. Шамадан тыс тамақтанатын 58 жастағы науқас Л. Үнемі қарқынды төс артындағы ауырсыну аясында азаптайтын қыжылдау, қабылданған аспен кекіру пайда болғанын айтты. Ауырсыну алдыға еңкейген кезде күшейеді, кейде жауырынаралық кеңістікке және сол иыққа иррадиация береді. ЭКГ-да миокардтың аздаған өзгерістері. Қандай болжам диагноз қоюға боладыЮ
27. 33 жастағы науқасты О. 2 жыл бойы қыжылдау мазалайды. Түнгі уақытта қышқыл құрамның ауызға немесе жастыққа ағып кетуінен оянып кетеді. Берілген аурудың аса жиі себебін атаңыз:
28. Бұрынырақ Ценкер дивертикулы диагностикаланған 48 жастағы науқас Р. емханаға ауқымды құсу кезінде пайда болған төс артындағы және жауырынаралықтағы ауырсынуға шағымданып түсті. Науқас шок күйінде, температура 39,5°С, лейкоцитоз – 20 x109/л. Рентгенологиялық – сол жақ өкпеқап қуысында және көкірекаралықта ауа мен сұйықтық жиналуы.
Берілген науқаста қандай болжам диагноз?
29. Өңештің рефлюксті ауруын диагностикалауда қолданылмайтын әдісті атаңыз?
30. Жедел күйіктен кейін өңешті бұждауды қай мерзімде бастаған жөн?
Асқазан жара ауруы, асқынуы
1. 27 жастағы науқаста дені сау болған кезде асқазан жарасының перфорациясы болды, ауру басталған сәттен 12 сағат ішінде ауруханаға жеткізілді. Операцияда – асқазанның кіші иінінде 0,4х0,5 см-лік тесік табылды, жара айналасында қабыну инфильтрациясының белгілері жоқ. Берілген жағдайда операцияның қандай көлемін жасау керек?
2. Алқызыл қанмен құсу және коллапспен көрінген асқазан ішек жолдарынан массивті қан кету басталғаннан 6 сағаттан кейін стационарға түскен 44 жастағы науқасқа ЭГДС жүргізілді. Қан кету көзі анықталды – дуоденальды жара – жара түбіндегі қантамырларға эндоскопиялық коагуляция жасалғаннан кейін қан кету тоқтады. Реанимация бөлімшесіндегі қарқынды терапия барысында ЭГДС-тен 8 сағаттан кейін қан кету рецидив берді. Берілген науқасқа төменде аталғандардың қайсысы көрсетілген?
3. Орта жастағы ер адам 9 сағат бұрын науқастанды, кенеттен төс етегі аймағында бүкіл ішке таралған өткір ауырсыну пайда болды. Іші ішке тартылған, «тақтай тәрізді» қатайған, күрт ауырсынады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң, оң жақ төменгі бөліктерде айқынырақ, перистальтикасы естілмейді. Лейкоцитоз-125ОО. Рентгеноскопия кезінде – бауыр үстінде ауа орағы, ішек гиперпневматизациясы. Динамикада лейкоцитоз жоғарылаған. Диагноз қандай?
4. Жас жігіт іштегі қатты ауырсыну шағымдарымен қабылдау бөлімшесіне түсті. Көп жылдар бойы ойық жара ауруымен ауырады. АҚ - 90/60 мм с.б., тамыр соғысы - 100 рет/мин, анурия. Пальпаторлы алдыңғы құрсақ қабырғасы күрт қатайған. Диагноз неге негізделіп қойылады?
5. 45 жастағы науқас ЖМКА-на асқазан жарасы перфорациясынан кейін үш сағаттан кейін жеткізілді, шұғыл операция жасалды. Жара 1,Ох1,2 см-лік перфорациялық тесікпен, жиектері каллезді. Операцияны қалай аяқтайсыз?
6. Аталған ережелердің қайсысы перфоративті дуоденальды жарасы бар науқасты емдеуге қатысты дұрыс емес болып табылады?
7. 31 жастағы ер адам кенеттен іштің жоғарғы бөлігінде қатты ауырсыну ұстамасымен түсті. Бұрын ауырмаған. Іштің пальпациясы кезінде – алдыңғы құрсақ қабырғасының айқын қатаюы. Тамыр соғысы – 78 рет/мин. Тұрған күйде құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы кезінде «бос газ» анықталды. Сіздің тактикаңыз қандай?
8. 55 жастағы ер адам стационарға 1 апта бойы тамақ аралас құсу шағымымен түсті. Тері жабындары мен шырышты қабаттары құрғақ. Гематокрит - 55%. Анамнезінде тұрақты ауырсыну синдромы белгіленген, соңғы кездері эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімімен ауысты. Бұрын тексерілмеген. Асқазан рентгеноскопиясы кезінде асқазанның айқын ұлғаюы анықталған. Берілген жағдайда шұғыл диагностикалық бағдарлама және емдеу шараларына енбейтінін көрсетіңіз:
9. 55 жастағы ер адам стационарға 1 апта бойы тамақ аралас құсу шағымымен түсті. Тері жабындары мен шырышты қабаттары құрғақ. Гематокрит - 55%. Анамнезінде тұрақты ауырсыну синдромы белгіленген, соңғы кездері эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімімен ауысты. Бұрын тексерілмеген. Асқазан рентгеноскопиясы кезінде асқазанның айқын ұлғаюы анықталған. Көрсетілген симптомдар болған кезде басқаларынан гөрі жиірек кездесетін патологиялық күйді көрсетіңіз:
10. 55 жастағы ер адам стационарға 1 апта бойы тамақ аралас құсу шағымымен түсті. Тері жабындары мен шырышты қабаттары құрғақ. Гематокрит - 55%. Анамнезінде тұрақты ауырсыну синдромы белгіленген, соңғы кездері эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімімен ауысты. Бұрын тексерілмеген. Асқазан рентгеноскопиясы кезінде асқазанның айқын ұлғаюы анықталған. Төменде аталған емдік шаралардың қайсысы науқасқа көрсетілу керек?
11. Науқаста 10-жылдық ойық жаралық анамнез аясында пилоро-бульбарлы аймақтың декомпенсацияланған стенозы. Орташа ауыр жағдайда көп реттік құсу және сасық кекіру шағымдарымен түсті. Айқын әлсіздікті, жүдегенін айтады. Берілген науқаста қабылдау бөлімінің дәрігері нені клиникалық анықтайды?
12. Науқаста 10-жылдық ойық жаралық анамнез аясында пилоро-бульбарлы аймақтың декомпенсацияланған стенозы. Орташа ауыр жағдайда көп реттік құсу және сасық кекіру шағымдарымен түсті. Айқын әлсіздікті, жүдегенін айтады. Түскен кездегі науқастың ауыр жағдайына қай метаболикалық бұзылыс жауап береді?
13. Науқаста 10-жылдық ойық жаралық анамнез аясында пилоро-бульбарлы аймақтың декомпенсацияланған стенозы. Орташа ауыр жағдайда көп реттік құсу және сасық кекіру шағымдарымен түсті. Айқын әлсіздікті, жүдегенін айтады. Метаболикалық көрсеткіштер мен жалпы жағдайын тұрақтандырғаннан кейін науқас оперативті емге келісімін берді. Аяғына дейін зерттеу кезінде асқазанның барлық бөлігінде айқын гастриттің эндоскопиялық белгілері анықталды. Операция әдісін таңдаңыз:
14. Он екі елі ішек буылтығында орналасқан ойық жара ауруымен ұзақ ауыратын науқаста соңғы кезде клиникалық көрінісі өзгерген. Ас қабылдаудан кейін пайда болатын эпигастрий аймағында ауырлық сезімі, жүрек айну, тәуліктің екінші жартысында көп мөлшерде ас аралас құсу, ауыздан жағымсыз иіс, салмақ жоғалту шағымдары пайда болған. Нені болжауға болады?
15. Емханаға ессіз жағдайда клоникалық тырысу ұстамаларымен науқас түсті. Анамнезінде асқазан ауруы, жиі құсу мазалайды, науқас жүдеген, сусызданған, эпигастрий аймағында тері пигментациясы. Диагнозы қандай?
16. Жас науқаста асқазан ойық жарасының перфорациясы орын алған, ауру басталғаннан 22 сағаттан кейін ауруханаға жеткізілген. Операция кезінде 0,6х0,8 см тесік анықталды, асқазанның препилорикалық бөлімінде жара айналасында қабыну инфильтрация құбылысы анықталды. Сіздің тактикаңыз?
17. Орта жастағы науқас емханаға 12 елі ішектің перворативті жарасымен ауру басталғаннан 4 сағаттан кейін түсті. Ойық жара ауруымен бұрыннан ауырады, стационарда емделіп, қысқа мерзімді жақсаруға жеткен. Ревизия кезінде пилородуоденальды аймақта О,4хО,3 см тесігі бар жабылған перфорация анықталды, без айналасында шамалы тін инфильтрациясы. Асқазан сөлінің жоғары қышқылдығы-100. Қандай операция жасайсыз?
18. 29 жастағы науқаста дені сау болған кезде асқазан жарасының перфорациясы болды, ауру басталған сәттен 10 сағат ішінде ауруханаға жеткізілді. Операцияда – асқазанның кіші иінінде 0,4х0,5 см-лік тесік табылды, жара айналасында қабыну инфильтрациясының белгілері жоқ. Берілген жағдайда операцияның қандай көлемін жасау керек?
19. Қосымша аурулары жоқ 56 жастағы науқасқа ауру басталғаннан 4 сағаттан кейін операция жасалған, операция кезінде асқазанның антральды бөлімінің перфорациялық жарасы анықталды. Сіздің тактикаңыз?
20. 4 жыл бойы ойық жара ауруымен ауыратын 65 жастағы науқаста 12 елі ішектің тесілген жарасы диагностикаланды. Ауру басынан 15 сағат өткен. Бұл жағдайда қандай операция артықшылығы бар?
21. Емханаға қалтқының декомпенсацияланған жаралық стенозымен, айқын су-электролиттік бұзылыстар және тырысулық синдроммен түскен науқасқа көрсетіледі:
22. Емханаға асқазан ішек жолдарынан қан кету белгілерімен түскен 28 жастағы науқаста шұғыл гастродуоденоскопия кезінде 12 елі ішектің диаметрі 1,5 см жарасы анықталды. Жара орталығында ірі тромбталған қантамыр бар. Гемоглобин – 90 г/л. Сіздің тактикаңыз?
23. Перкуссия кезінде асқазан ойық жарасы бар науқаста анықталатын бауыр үстінде тұйықтығының жоғалуы немен байланысты?
24. Аталған белгілердің қайсысы асқазанның шығу бөлігінің декомпенсацияланған стенозын айғақтайды?
25. Деструктивті аппендицитпен немесе 12 елі ішек жарасының перфорациясымен негізделген перитониттің клиникалық көрінісі бар науқас емханаға жеткізілді. Ары қарай жүргізілетін тактика?
26. 35 жастағы науқас тесілген асқазан ойық жарасы күдігімен түсті. Жағдайы орташа ауырлықта. Құрсақ қуысының шолу R-графиясы кезінде бос газ анықталған жоқ. Хирург тактикасы қандай?
27. Тейлор бойынша асқазан немесе 12 елі ішектің перфорациялық жарасын консервативті емдеу негізделеді:
28. Асқазан перфорациялық жарасы кезінде хирургиялық әдісті таңдағанда әдетте сүйенеді:
29. Перитонитпен асқынған 12 елі ішектің тесілген жарасы кезінде оперативтік араласу әдісін таңдау:
30. Асқазанның қанталаған ойық жарасымен ауыратын науқас ем жүргізгеннен кейін шоктан шығарылған. Алайда, жүргізілген консервативтік шаралар сенімді гемостазды қамтамасыз ете алмайды. Бұл жағдайда жасау қажет: