Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!
Кіріспе
Біздің заманымыз Ислам тарихына мұсылмандардың саны өте көп болғанына қарамастан, олардың өз діндеріне қатысты ең надан заман болып кіреді. Надандық тіпті дін негіздерінің өзіне де тиіп кетті: адамдардың көбі мұсылманды не мұсылман қылатынын білмей, этникалық тегі адамның сенімін анықтайды деген ойда. Және сондай бір қынжылтатын, тіпті қайғылы болған надандықтың бір түрі – бұл діннен шығу (ридда) мәселесіндегі білімсіздік.
Көпшілік мұсылмандар, тіпті арасында ғалым деп есептелетіндер де, егер мұсылман адам өзіне басқа бір дінді таңдаса ғана кәпір болады дейді, мысалы, ол католик немесе буддист болуды таңдаса, ал егер ол өз-өзін мұсылманмын деп санаса, ол не айтса да, не істесе де, қандай нәрсеге сенсе де, ол мұсылман болып қала береді деп ойлайды.
Бұған мысал. Ресейлік ислами сайттардың бірінде былай деп сұрақ қойылды:
Бір сайтқа тіркелген кезде «Дініңіз қандай?» деген сұраққа менің күйеуім «Құдайға сенбеймін» деген жауап таңдады, алайда менің күйеуім – мұсылман. Ол бұны әртүрлі түсіндіреді. «Бәрібір маңызды емес сайт, есімімді де өзгерттім» дейді. Менің сұрағым: бұл күпірлік пе?».
Шамил Аляутдиновтың жауабы: «Ол дінсіз (кәпір) болмады, егер де өзі сондай болғысы келмесе».
ИнналиЛләх уә иннә илейхи ражиун.
Дінімізде бұдан қауіпті болған адасушылықтың түрін табу қиын. Өйткені адам муртадд (дінінен қайтқан) болуы мүмкін және муртадд болып өліп кетуі мүмкін, ал өзі ол жайында ешқашан білмеуі де мүмкін.
Төрт мәзхаб ғұламаларының арасында діннен шығудың (яғни, «ридданың») үш түрі болады деген ижм`а бар:
1) Сенімдегі күпірлік. Мысалы, адам Алла Тағаланың бастауы бар, немесе Алла Тағала қателесу мүмкін, немесе Алланың ұлы бар деп және т.с.с. сенеді. Егер адам мұндайға сенсе, онда ол мұсылман болып есептелмейді, тіпті ол бұны ауызша айтпаса да және ол өзін мұсылманмын деп есептесе де.
2) Амалдағы күпірлік. Бұл – анық Ислам дінінен болған нәрселердің барлығына қатысты кемсіту және мазақ қылу, қорлау бар амалдар, мысалы, Құранды не Ислам бойынша кітаптарды қоқысқа немесе лас жерге тастау. Бұл адамды Исламнан шығарады, тіпті ол бұл амалдарды Құранды немесе толығымен Исламды кемсіту ниетімен жасамаса да. Оның күпірлігіне не лақтырып жатқандығын білуі және оны өз еркімен жасауы керек деген шарттар қойылады. Бұл күпірлік болып саналуының себебі – ол амалдың өзі Исламды кемсіту болып табылады, тіпті адам бұл мағынада жасамаса да.
3) Сөздегі күпірлік. Бұл – сыртқы мағынасы анық күпірліктен тұратын және тек қана сол мағынада түсінілетін сөздер, мысалы, егер адам: «Мен Құдайға сенбеймін» деп айтса. Бұл сөздерді айтқан адам төрт мәзхаб пікірі бойынша кәпір болып табылады, тіпті егер ол бұны қалжыңдап айтқан болса да немесе олай деп санамаған болса да. Бұған ерекшелік жасалатын жағдай – егер оны күшпен мәжбүрлеп айтқызса. Бұндай сөздер күпірлік болуының себебі – сөз иесінің Аллаға және дінге (Исламға) менсінбеушілік танытуы, бұндай көзқарас күпірлік болып табылады.
Біз әрі қарай дәлелдейтініміздей, бұл түсінік – төрт мәзхаб ғұламалары арасында кеңінен танылған түсінік. Алайда «Ихуанул Муслимин» модернистік ағымның таралуымен бұл мәселелер күмәнға қойылды. Мысалы, белгілі Сайид Сабик, «Фиқһ әс-сунна» кітабының авторы: «Егер адам күпір амалды істегенде немесе күпір сөзді айтқанда оларды сенбей, жүрек қабылдамай істесе, онда бұл Исламнан шығармайды», – деп жазған. Бұл пікірді қазіргі «Ихуан» ағымы таратуда, мысалы Юсуф әл-Қардауи және әлем бойынша оның соңынан ерушілері.
Исламның осы бұрмалауының қауіптілігі – көптеген адамдар осы үш түрлі күпірдің бірінде болуы мүмкін және болуда да. Егер олар тәубесіз өліп кетсе, онда Тозақта мәңгі қалады және күнәні, көбінде, қазіргі заманауи адамдарға «Исламды жеңілдету» іспетті ниеттерімен, өздерінің «пәтуаларымен» оларға тура Тозаққа жол салып берген сол «заманауи ғалымдар» арқалайды!
Мұндай әрекеттер мұсылмандардың тағдыры жайлы шынайы қамқорлық жасау болып табылады ма? Әрине жоқ, бұл тек қана нәпсіге жағымды пәтуалармен толтыратын өз қалтасының қамын ойлау.
Шамиль Аляутдинов былай жазады:
«Ширк пе әлде ширк емес пе, күпір ме, әлді жоқ па... Бұл тақырыптарға мүлдем араласпауға және аудармалы кітапшаларды оқымауға кеңес беремін. Бұл біртіндеп сіздің жеке иманыңызға, психикаңызға әсер етіп, ой қабілетіңізді және дүниетанымыңызды шектеп қоюы мүмкін».
Немесе:
«Мен сізге ридда және күпірлік мәселелері жайлы ізденбеуге табанды түрде кеңес беремін, әсіресе аудармалы кітаптар арқылы.
Егер бұл мәселелерді тастамасаңыз, онда біраз уақыттан соң сізде қоршаған адамдармен және иманыңызбен біршама мәселелер пайда болу мүмкін. Иман жүрегіңізде гүлдеген бақшадан тіліңіздегі түрлі мағыналы сөз тіркестерге ауысуы мүмкін».
Енді бұл сөздерді шынайы Ислам ғұламасы имам Усама Мұхаммед әд-Дим`яти әл-Бакридің (һ. 1300 жылы дүниеден өткен) атақты «Хашият и`анат әт-талибин» (т. 4, 233-234 б.) атты кітабындағы сөздерімен салыстырыңыз:
«Қарапайым адамдар өз сөздерінде, ол туралы өздері білместен-ақ, көптеген күпірлік сөздер қолданатынын біл. Ғалымдардың мойнында оларға осы сұрақтарды түсіндіріп, жеткізу міндеті жатыр, мүмкін сонда адамдар амалдарының жойылып, мәңгілік Тозақта қалмас үшін бұндай сөздер айтудан аулақ болатын шығар. Бұл мәселелерді үйрену өте маңызды (яғни ридда мәселелерін), өйткені жамандықты және оның зиянын білмеген адам, өзі білместен, оған душар болады. Барлық жаман істің негізі — білімсіздік, ал барлық жақсылықтың бастауы — білім».
Екі шектен шығушылықтың арасындағы орта жол.
Бүгінгі күнде такфир мәселесінде екі шектен шығушылық бар. Бірінші топ – бұл шектен шыққан такфиристтер, олар мұсылмандарды жаппай күпірлікте айыптайды: түгел топтарды, елдерді, мемлекеттерді, мәзхабтарды және т.с.с. Бұл шектен шыққан такфиристтер мына секталық ережеге негізделеді: «Маған қарсы шықса, ол – кәпір».
Олар өздерінің надандылықтары мен негізін қалаушылар енгізген жаңашылдықтарының (яғни бидғаттардың) негізінде мұсылмандарды күпірлікте айыптайды. Бұған мысалы, сахих хадистер мен ғалымдардың сөздерімен бекітілген Тауассул мен Истиғаса амалдарын орындайтын сопыларды пұтқа табынушылықта айыптау жатады. Бұл такфиристер жайлы бәріне мәлім.
Екінші топ – тіпті бұл Исламда мүлдем жоқ сияқты, такфир мен діннен шығу мәселелеріне көз жұмды, алайда кез-келген беделді фиқһ кітабында бұл мәселеге мән берілген. Соның салдарынан мұсылманға бұны – мұсылманға қандай сөз айтуға болмайтынын, қандай амал жасауға болмайтынын, қандай сенімді ұстануға болмайтынын ешкім үйретіп жатқан жоқ.
Осы екі тәсіл де қисынсыз және кемшіліктері бар, себебі фиқһ кітаптарында баяндалған ережелер мен қағидаларға сай келмейді, демек бұл тәсілдерді негізге алған ғалымдар адамдарды адастырып, өз–өздеріне зиян келтіруде.