Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Елесіңмен сан ауырып емделдім




Мұратхан Шоқан

Бағалау

 

Тіршілікте ақ тер-көк тер алқынба,

Көңлі қалып ұрынбаған салқынға.

Ақ қайыңдай жаңа ғана бүрлеген,

Ұнатамын аңқау, адал қалпыңда!..

 

Өкінішің болмаған соң өткенде,

Секілденіп секем алғыш көп пенде...

Дүниеге қарамайсың күмәнмен,

Сен сенесің аузыңды ашып көктемге.

 

Армандарың құлатпаған құзынан,

Күндеріңнен күтетінің қызық ән.

Әсем, әрлі мың бояудан тұратын,

Балаң, балғын үмітіңе қызығам...

 

Сезімдерің мөлдір шықтай таматын,

Мөлтілдейді бағың сонда жанатын...

Шыр-пыр болып маңайыңда ұшып жүр,

Періштелер қағып әппақ қанатын.

 

Тіршілікте ақ тер-көк тер алқынба,

Көңлі қалып ұрынбаған салқынға.

Ақ қайыңдай жаңа ғана бүрлеген,

Ұнатамын аңқау, адал қалпыңда!..

 

2. Қашан келесің

Жоғалтқандай жер беті әсемдігін,

Жолға қарап көңілім бәсең бүгін...

Сені әкелмей көліктер құр келеді,

Сенсің менің жанымның бір бөлегі.

Сеніменен ағысым күшті менің,

Сейілтесің серпілтіп іш түнегін.

Кезім аз ба көңілім қараймаған,

Сені көрсем қуанам, арайланам.

Нәр сыйлайды жаныма нәзіктігің,

Сені таппай отырмын қажып бүгін.

Бұл ғасырда тұрмысы ауырлаған,

Барлық адам баласы бауыр маған.

Қаңғыбастар панасыз көшедегі,

Менің қанша мұңымды еселеді.

Соның бәрін көтерер күш бересің,

Менімен бір сұмдыққа тістенесің...

Жоғалтқандай жер беті әсемдігін,

Жолға қарап көңілім бәсең бүгін...

Сен келмедің көңілсіз ымырт маған,

Ай туады аздан соң мұң ұрттаған...

 

 

Сағыну

 

Мен сенің күтіп жүрмін хабарыңды...

Білсем де іздер болсам табарымды.

Білемін, жанымменен сезінемін,

Мені іздеп қанатыңды қағарыңды.

 

Тыңдаса күллі ғалам тыныстамақ,

Әндей боп ораларсың күміс қанат.

Әдемі, жаны таза нәзігім-ау,

Қолыма күтіп жүрмін күн ұстап ап.

 

Шаттығым сен іздесең еселенер,

Деп едім хабарыңды кеше келер.

Көрмесем қуаң тартқан жапырақтай,

Жаныма сағыныштан кесел енер.

 

Жолыққан тірліктегі сапарымда,

Көрмеймін көп пенденің қатарында.

Айдың да реңінде сағыныш бар,

Қарайды маған үнсіз батарында.

 

Мен сенің күтіп жүрмін хабарыңды...

 

4. Ерте ұшып жетерсің

 

О, менің жаны таза көркем құсым,

Ерте ұшып жетерсің ертеңгісін.

Түнімен өзіңді ойлап ұйықтамадым,

Түнімен күзгі атыздай өртенді ішім...

 

Сөндірмей сені күттім тілдескімді,

Түн тұрды иығымда зіл кескінді.

Жұлдыздардан тамады сап-сары ніл,

Өзіңдей сағынбаппын мүлде ешкімді!..

 

Сағат та тұрып алды таңдай қағып,

Өтпейтұғын түн еді қандай, нағып.

Өзінің бағындырып құдіретіне,

Жүретін бір нәрсе бар қанда айналып.

 

Ұйқымды деген едім тонатпайын,

Болды оным пайдасы жоқ шолақ пайым.

Маса да ызың қағып мазамды алды,

Мас келген шақырылмаған қонақтайын...

 

О, менің жаны таза көркем құсым,

Ерте ұшып жетерсің ертеңгісін.

Түнімен өзіңді ойлап ұйықтамадым,

Түнімен күзгі атыздай өртенді ішім...

5. Тереңінен тіл қатасың ғарыштың

 

Бүгін сені көп ойладым көргенді,

Бұл ойыма аспан куә зерлі өңді...

Қайдан білем қалайтындай тұрасың,

Әитеу менің мазамды ала бергенді.

 

Қараңғылық ағытты да түймесін,

Самал сүиіп жапырақтар жыиды есін.

Балапандай балконымнан үңілем,

Дүниеменен таба алмай үилесім..

 

Талай пенде қарай- қарай қартайған,

Тілек-тілеп үміт күтем жарты Айдан.

Мүңлы ақынның балмен уын бөлісер,

Саған тәңір берген шығар мәрт ойлам...

 

Келе берер жарығыңа кенелгім,

Көріндің де баурап ала жөнелдің.

Тереңінен тіл қатасың ғарыштың,

Жұлдызына ұқсамайсың сен елдің...

 

О, жұлдызым, мөлдіреген жұмбағым,

Сен көктесің, мен жердемін мұндамын.

Қанат сұрап жетсем бе екен құдайдан,

Қараңғының жарып өтіп құндаған...

 

 

Зіңді ойлап отырмын мен

Бақыт емес, тура келіп сорыма,

Өрмекші күн түсіргенде торына...

Шырмалудан мені тартып шығарар,

Қуанамын қуатыңның зорына.

 

Өзің жаққа ауа берер жиі есім,

Маған аспан көрсеткенде күйесін...

Өміріме сәуле шашып тұрасың,

Өйткені сен мені шексіз сүйесің.

 

Күз қуарып, көктем келсін жер гүлдеп,

Тіс жармайсың маған не сый бердің деп?..

Аласалық іздемейсің сен менен,

Талпынбайсың биік болып көргің кеп.

 

Маған қабақ танытса да салқын маң,

Өзгермейсің сол баяғы қалпыңнан.

Еш бодаусыз бар құнарын сыйлайтын,

Атыздайсың өсетұғын алтын дән...

 

Қарамастан аптап ыстық, жауын ба,

Болдым қанша миуалы бақ, бауыңда.

Өзіңді ойлап отырмын мен,

Тұр көкте,

Жарты ай ұқсап жалғыз тілім қауынға...

 

 

Елесіңмен сан ауырып емделдім

 

Саған сірә қандай сыйлық беремін,

Дүниенің бәрін арзан көремін...

Махаббатқа сенер едің мендегі,

Көңілімнің көзің шалса тереңін.

 

Жұпар демі бұрқыраған арудың,

Мөлдіреген тұнық кешке зәрумін.

Құлантаза арылтады ол мені,

Азабынан жанымдағы бар удың...

 

Жабырқасам сені есіме аламын,

Іштей ғана шырқайтұғын бал әнім.

Ұнатамын сенің нәзік жаныңды,

Сезімінен жаратылған даланың...

 

Саған жақын барар едім бір табан,

Өте алмаймын өзендер мен қырқадан.

Жүрегімді үнге малам түндерде,

Санамдағы сарғалдақ құс шырқаған.

 

Елесіңмен сан ауырып емделдім,

Дегеніне көнсем бе екен мен желдің?

Ен далаға шақырады ол мені,

Қоңырауын ысқырық қып шеңгелдің...

 

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 373 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

2299 - | 2031 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.