Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сөз құрамы. Біріккен сөздер, түрлері, емлесі




Сөз құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара сөз; 2) күрделі сөз.

Дара сөз негізгі және туынды тұлғадағы бір ғана сөздентұрады. Мысалы: киім, киімшең, еңбек, еңбекқор, қызмет, қызметкер, адам, адамшылық, т.б.

Күрделі сөздер екі немесеодан да көп түбірден құралады. Мысалы, ата-ана, ал қара көк, жиырма жеті, Ақшатау, түрегел, күздігүні, т.б.

Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады: бірікен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер.

Біріккен сөздер екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы: көкжиек, ешқашан, қонақжай, Жетіқарақшы, сексен, Екібастұз, қыстыгүні, т.б.

Біріккен сөз екі түрлі болады: 1) кіріккен сөздер; 2) біріккен сөздер.

Кіріккен сөз -сыңарлары дыбыстық өзгеріске түсіп, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздер. Мысалы: қол + қап = қолғап, ендігіден+әрі = ендігәрі, сегіз+он = сексен, бұл+жыл = биыл, алып +бар = апар, тұрып+кел = түрегел, ащы тас = ашудас, жаздың күні = жаздыгүні, Орнын басар = Орынбасар, Өмірі ұзақ = Өмірзақ, солай етіп = сөйтіп, т.б.

Түбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөздер дәстүр бойынша бірге жазылады: күздігүні, қолғанат, бүгін, қонақасы, т.б.

 

Біріккен сөз –сыңарлары дыбыстық құрамын сақтай отырып, бір мағынаға ие болатын сөздер. Мысалы:аққұтан, Темірқазық, киікоты, ханталапай, т.б.Біріккен сөздер әрқашанбірге жазылады: кәсіпорын, ақкөгершін, бұзаубас, т.б.

Ос сөздер, түрлері, емлесі

Ос сөздерекі сөздің қосарлануынан не бір сөздің қайталануынан жасалады. Қос сөздің екі түрі бар: 1) қайталама қос сөздер; 2) қосарлама қос сөздер.

Айталама қос сөздер бір сөздің қайталануынан жасалады: жиі-жиі, әрең-әрең, ойдым-ойдым, мая-мая, көзбе-көз, үйір-үйір, т. б.

1)Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары: қосымшасыз-қосымшалы сөздердің қайталануы: тау-тау, қатар-қатар, биік-биік; таудай-таудай, айта-айта, жүгіре-жүгіре, т. б.

2)бір сыңарықосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірдің

Айталануы: жан-жақтан, үй-үйді, бетпе-бет, апа-жезделі, т. б.

20

Бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайталануы: жөнді-жөнсіз, айтар-айтпасы, тұрар-тұрмастан, қолы-қолына, т. б.

4)екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу арқылы жасалған қос сөздер: ет-мет, ат-мат, шай-пай, түйе-мүйе, т. б.

5)екінші сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалған қос сөздер:

Жарқ-жұрқ, сарт-сұрт, жалт-жұлт, т. б.

Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер: тап-таза, мөп-мөлдір, сұп-суық, аппақ, көкпеңбек, жып-жылтыр, теп-терең, т. б.

Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалғанқос сөздер қосарлама қос сөздер деп аталады.

Осарлама қос сөздің екі сыңары екі түрлі сөзден болады: сый-құрмет, ата-ана, ағайын-туыс, төсек-орын, қазан-ошақ ыдыс-аяқ, т. б

Қосарлама қос сөздің құрамы әр алуан болады:

1) Мағынасы бір-біріне жақын синонимдес қос сөздер: аяқ-табақ, жан-жануар, дос-жаран, ағайын-туыс, бақ-береке, ырыс-құт, т. б.

Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы антонимдес қос сөздер: үлкен-кіші, кәрі-жас, алыс-жақын, ащы-тұщы, алыс-беріс, жоғары-төмен, т. б.

2) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз қос сөздер: бала-шаға, киім-кешек, көйлек-көншек, жүн-жұрқа, қыз-қырқын, шал-шауқан, келін-кепшік, жігіт-желең, т. б.

3) Екі сыңары да мағынасыз қос сөздер: апыр-топыр, ығы-жығы, апыл-ғұпыл, оқта-текте, абыр-сабыр, әлек-шәлек, т. б.

4) Кейінгі жылдары қалыптасқан қосарланған қос сөздер: үгіт-насихат, оқу-ағарту, саяси-экономикалық, қазақша-орысша сөздік, т. б.

Қайталама қос сөздер де, қосарлама қос сөздер деәрқашан дефис арқылы жазылады. Мысалы, ар-намыс, ыза-кек, әдет-ғұрып, мая-мая, салдыр-гүлдір, тәп-тәтті, елу-алпыс, ербең-ербең, ас-мас, орын-орнына, тек күшейткіш буын арқылы жасалған аппақ және көкпеңбек қос сөздері ғана бірге жазылады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 4398 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2790 - | 2633 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.