Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бұлшықет жүйесі. Жалпы түсініктер




Бұлшықет дененің қозғалуын және оның тік қалпын сақтауын қамтамасыз етеді де, қаңқамен бірге денеге пішін береді.

Қаңқа бұлшықеті толып жатқан ұзындығы 10-12 см және көлденең қимасы 0,1-0,01мм-ге жететін ет талшықтарынан тұрады. Талшықтар шоғырланып, сырттан дәнекер ұлпасымен қапталып, сіңір арқылы сүйекке бекиді. Дәнекер ұлпасы еттің қатты созылуына кедергі жасап, оны қорғайды. Ет шоғырларының аралығында қан тамырлары мен жүйкелер орналасқан.

Бұлшықеттер құрамына қарай бірыңғай салалы және көлденең жолақты бұлшықеттер болып екіге бөлінеді. Ішкі мүшелердің қабырғалары (қан тамырлары, таныс алу жолдары, қарын, ішек және т.б.) бірыңғай салалы бұлшықеттерден құрылады. Олардың жұмысы жүйке арқылы гуморальды жолмен реттеліп отырады. Көлденең жолақты бұлшықеттерге негізінен қаңқа бұлшықеттері жатады. Олардың жұмысы адам еркімен реттеліп отырады. Сондықтан, оған адамның әр түрлі әсері болады.

Бұлшықет сыртқы пішініне байланысты 3 топқа бөлінеді: 1 – қысқа және жуан бұлшықеттер – омыртқа жотасының астыңғы терең қабатында орналасады; 2 ұзын және жіңішке бұлшықеттер – аяқ пен қолда болады; 3 – жалпақ бұлшықеттер-тұлғада кездеседі.

Атқаратын қызметіне қарай бұлшықеттер мына топтарға бөлінеді: буын және буын жазғыш бұлшықеттер, мүшені жақындатқыш және алшақтатқыш үйлесімді бұлшықеттер.

Бұлшықеттер орналасуына байланысты үлкен 3 топқа бөлінеді: бас, тұлға және аяқ пен қол бұлшықеттері.

Жүрек бұлшықеттері көлденең жолақты ерекше бұлшықет талшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар кейде айқасып жатады. Жүрек бұлшықеттерінің осындай ерекшелігіне байланысты олар тез жиырылады.

Бас бұлшықеттеріне шайнау және бет – қимыл бұлшықеттері жатады. Шайнауға қатысатын бұлшықеттер жақ сүйектерді қозғалтып, асты ұнтақтауға мүмкіндік береді. Бет – қимыл бұлшықеттері адамның қарым-қатынас жасауына әсерін тигізеді. Бет – қимыл бұлшықетінің қатысуымен адамның қуану және ренжу қалпын, қайырымдылық пен азаматтықты, көңілдік пен ризалықты байқаймыз. Қабақ бұлшықеттері жақ сүйекті қозғалту арқылы сөз сөйлеуге қатысады.

Тұлға бұлшықеттеріне кеуде, арқа және құрсақ бұлшықеттері жатады. Кеуде бұлшықеттері тыныс алуға қатысады, қабырға арасындағы бұлшықеттер қабырғаны көтеріп - түсіріп, тыныс алып, тыныс шығаруға қатысады. Кеуде қуысын, иық пен қол сүйектерін қозғалтатын бұлшықеттер күшті бұлшықеттер тобына жатады.

Арқа бұлшықеттері омыртқалардың қозғалуына әсер етіп, денені тік ұстауды қамтамасыз етеді. Ол иықты, қолды, мойынды және басты қозғалтады.

Құрсақ бұлшықеттері құрсақ бөлігін құрайды, тұлғаның еңкеюі мен бұрылуын қамтамасыз етеді. Аяқ пен қол бұлшықеттері түрлі қимыл - қозғалыстар жасауға мүмкіндік береді. Аяқ бұлшықеттері тік тұру, жүру, жүгіру және тағы басқа қимылдарды қамтиды. Қол бұлшықеттері өте күрделі және дәл қимылдар жасап, еңбек етуге мүмкіндік береді.

Бұлшықеттерді атау үшін бірнеше белгілерді қолданады. Сыртқы пішіні бойынша бұлшықеттерді тарамды бұлшыкет (16.а сурет), ромб тәрізді (16.б сурет) бұлшықет, шаршы бұлшықет (16.в сурет), камбала тәрізді (16.г сурет), жұмыр бұлшықет (16.д сурет), құрт тәрізді бұлшықет (16.ж сурет) деп ажыратады.

 

 

Сурет 16. Бұлшықет түрлері

Қызметіне қарай бүккіш бұлшықет, жиырылғыш бұлшықет, шеттетпе бұлшықет, келтірме бұлшықет, пронатор (төмен қарай айналдырғыш бұлшықет) және супинатор (жоғарғы қарай айналдырғыш бұлшықет) деп бөлінеді.

Құрылысы мен бастарының санына қарай жартылай жарғақты сіңірлі, екі-, үш-, төрт басты немесе қырлы бұлшықеттерге бөлінеді.

Беку орны мен басталуына байланысты ақша сүйек – иық сүйегі бұлшықетті деп атайды. Бұлшықет талшықтарының бағытына қарай тіке, қиғаш, көлденең салалыларға қарай егіз бұлшықет және басқаға ажыратылады.

Аяқ пен қол бұлшықеттері ұзын: ұршық тәрізді, бір буынды (17.а сурет), екі буынды (17.б сурет), көп буынды (17.в сурет) болып бөлінеді.

 

 

Сурет 17. Аяқ-қол бұлшықеттері

 

Бұлшықеттердің пішіндері олар атқаратын қызметімен байланысты. Ұзын, жіңішке бұлшықеттер (мысалы, табан башпайларының ұзын бүккіш бұлшықеті) үлкен амплитудалы қимыл-қозғалыстарға қатысады. Ал, жуан қысқа бұлшықеттер (мысалы, белдің төрт қырлы бұлшықеті) кіші амплитудалы қимыл-қозғалыстарға қатысады да, үлкен кедергілерге шыдайды.

Бұлшықет құрылысы. Қанқа бұлшықеті көлденең жолақты бұлшықет талшықтары шоғырынан тұрады. Бұл шоғырлар сыртынан балбыр дәнекер ұлпасымен қапталады. Бұлшықеттер топтары немесе жеке бұлшықеттер тығыздау дәнекер ұлпаларымен қапталады.

Оларды фасция немесе шандыр деп атайды. Бұлшықет талшықтары оның денесін түзейді де, сіңірлер арқылы сүйекке бекиді. Сіңірлер (тарымыстар) ұзын бұлшықеттерде айқын байқалады. Олар коллаген талшықтарынан түзіліп, созуға үлкен кедергі жасай алады. Енді сіңірлерді апоневроз немесе шандыр деп атайды. Мысалы, табан апоневрозы – табан шандыры.

Қимыл-қозғалысқа қатысып отырып, бұлшықеттер оны қамтитын жүйелермен тіке байланыста болады. Мысалы, қан тамырлары, асқорыту, тыныс алу және реттілеу (жүйке, қан алмасу) жүйелерімен.

Адам денесінде қарама-қарсы әрекет ететін жазғыш және бүкіл бүккіш буын бұлшықеттер тобы түрлі қимылдар жасауға жағдай тудырады. Олардың кызметі жүйкелік реттеуге байланысты болады. Жұлын орталығында пайда болған қозу мен тежелудің әсерінен болатын бұлшықет тобының кезектесіп кызмет етуін бұлшықеттердің үйлесімділігі деп атайды.

Бұлшықет негізінен екі түрлі қызмет атқарады: денені қимыл-қозғалысқа келтіреді және оны тік ұстауға мүмкіндік береді. Бұлшықет жиырылғанда, сүйек иіні қимылдап, жұмыс атқарады (бұл динамикалық күш). Бұлшықеттің негізгі қасиеті-жүйке жүйесінен келген немесе гуморальды әсерден қозуға түсіп, оған жиырылу арқылы жауап қайтару. Тірі ағзада, оның демалыс кезінде де бұлшықеттер толық созылмайды, олар үнемі шамалы ширығуда болады. Бұлшықеттің тонусы орталық жүйесінен толқындардың сирек келуіне, ал бұлшықеттің ширығуы денені тік ұстап, оны тепе-теңдікте сақтауына байланысты. Бұлшықеттің қызметі зат алмасу жұмысын күшейтіп, энергияның бөлініп шығуына әсер етеді және энергияны өзінің жұмысына пайдаланады. Бұлшықеттің қызметі рефлекстік сипат көрсетеді.

Бұлшықет қызметін зерттегенде, екі түрлі рычагтарды ажыратады. Бұлшықеттер күші рычагқа

перпендикулярлы келмей, басқа бұрышпен түсуі мүмкін. Егер, күш сүйір немесе доғал бұрышпен түссе, оның әсерін қозғалыштарға ыдыратып табуға болады. Онда бір күштің қосылғышы рычаг бойымен, ал екіншісі оған перпендикулярлы болады. Бірінші күш

қимыл-қозғалысқа көп әсер тигізбегендіктен, оны көбінесе есепке алмайды. Екіншісі қимыл-қозғалысты арттырады.

Оның екі түрлі рычагтарын ажыратады. Біріншісін "күш рычагы" деп атайды. Мысалы ретінде, табанның өкшесін көтеріп башпайларға таянғандағы рычагты келтіруге болады (18 сурет). Бұл рычаг түрінің қимыл-қозғалысы шамалы, бірақ жұмыс істеуге жағдай жасалып оның нәтижелілігі артады.

Рычагтың екінші түрін (19 сурет) "шапшаңдық рычагы" деп атайды. Бұл рычагты көтеру күші аз, бірақ, амплитуда мен қимыл шапшаңдығы ұтымды болады.

 

 

Сурет 18. Табан күш рычағы ретінде Сурет 19. Қол шапшандық рычағы ретінде

Мысалы, білекті бүккенде, бұлшықеттер жиырылып бірнеше күштердің қызметін атқарушы күш бағыты білек буынының көлденең өсінің бойымен өтеді. Бұл күштің иығы 2 см-дей болады, ал ауырлық күшінің иығы 20 см-ге жақын болады.

Демек, кедергі күштің иығы бұлшықет күшінің иығынан он есе артық болғаны. Иық белдеуінің иілу бұлшықеттерінің күші шамасымен 1600 Н тең. Моменттердің теңдігіне сай 1600:2=х∙20 адам х=160 Н жүкті ұстай алады. Екінші рычаг принципі бойынша дененің көп бұлшықеттері қызмет атқарады.

Қимыл шегі бұлшықеттің денесінің ұзындығымен және рычаг иығымен байланысты. Ең үлкен қозғалысты болып қол-аяқ сүйектері табылады. Себебі, қол-аяқ сүйектерінің айналу доғасының радиусы олардың ұзындықтарына тең. Қимыл көлеміне буын беттерінің сәйкестіктері, буыр аралық шеміршектері және буын қалталарының тартылуы әсер

Етеді. Адамдардың бұлшықеттерінің даму дәрежесі әр түрлі болады. Ол адам жасымен, жынысымен, қызметімен т.б. себептермен байланысты.

Бұлшықеттер әртүрлі жас кезеңінде бір шапшандықпен дамымайды. Нәрестенің бұлшықеттерінің салмағы жалпы салмақтың 20%-іне тең. Бұл кезде сіңірлері мен тарамыстарының аудандарынан артық болады. Мектеп жасына дейін бұлшықеттер салмағы шамалы өзгереді де 7 жаста 28% -ға жетеді. Бірақ, 7-12 жасқа дейін бұлшықеттер жылдам дамиды да, олардың талшықтары тең қалыңдай бастайды. Содан кейін 18 жасқа дейін бұлшық ет өсуінің шапшаңдығы төмендейді де, олардың салмағы 35-40% дейін жетеді. Әйелдердің бұлшықеттерінің салмағы ерлердікінен шамалы аз болады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 4251 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

2192 - | 2113 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.