МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Казахский Национальный Исследовательский Технический
Университе имени К.И. Сатпаева
Институт Геологии и Нефтегазового Дела имени К.Турысова
Кафедра Разработки и Эксплуатации Нефтяных и Газовых
Месторождений
<<УТВЕРЖДАЮ>>
Директор ГиНГД им. К. Турысова
___________ Енсенбаев Т.А
<<___>>__________2016 г
ПРОГРАММА ПРОИЗОДСТВЕННОЙ ПРАКТИКИ
Для специальности 5В070800 <<Нефтегазовое Дело>>
Курс: 2
Семестр: 4
Программа обсуждена на заседания кафедры << >>______2016 года протокол №
Заведующий кафедрой РЭНГМ Сыздыков М.К.
Председатель научно-методического совета: Енсепбаев Т.А
Мазмуны
1. Компания туралы
2. Кəсіпорынның негізгі міндеттері
3. Компанияның құрылған күні
4. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жетістіктері
5. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ «Алтын сапа» Президенттік сыйлығының иегері.
6. Практика өткен аймақтың жалпылама сипаттамасы
7. «ҚазТрансГаз Аймақ» филиалдары
8. Еліміздің газ тарату жүйелерің жаңарту
9. Мағлұмат
10. Қорытынды
Компания туралы
Мен Казтрансгаз Аймак АО жасаған сапарымда компания туралы ақпарат алдым.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ — еліміздің газдандырылған барлық 10 облысында магистралды және таратушы газ құбырларын пайдаланатын Қазақстан Республикасындағы газбен жабықтаушы ірі компания.
Казтрансгаз Аймак компанияның құрылған күні 2002 жылдың 15 сәуірі, бұл күні КазТрансГаз» АҚ шешімімен «КазТрансГаз Дистрибьюшн» ЖАҚ құрылды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 30 мың км. таратушы және магистралды газ құбырлары және өзге қажетті инфрақұрылымды біріктірген Қазақстанның ірі газ таратушы кешеніне айналды..
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қала, ауыл, елді мекендерді газдандыру, сонымен қатар алдағы уақытта оларды урбанизациялау және өнеркәсіптік әлеуетін дамыту үшін газ инфроқұрылымын құру жөніндегі Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасын табысты орындап келеді.
Бүгінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалдары, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарына тауарлы газ жеткізеді.
Қазақстандағы тауарлы газды өткізу нарығындағы компанияның үлесі 95% өсті. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның абоненттер саны 1 миллионнан астам (5 млн тұрғынға жуық), сондай-ақ 20 мыңнан астам кəсіпорын.
Кəсіпорынның негізгі міндеттері
Тауарлы газды жеткізуді, таратушы желілер бойынша көгілдір отынды тасымалдауды, аймақтарда газ тасымалдау активтерін басқаруды ұйымдастыру. Қызметтің басты бағыты – елді мекендерге, коммуналдық–тұрмыстық жəне өнеркəсіптік кəсіпорындарды газбен авариясыз жəне үздіксіз қамтамасыз ету.
Мықты басқарушы команда, газды жеткізу нарығындағы жетекшілік, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жоғары инвестициялық белсенділігі жəне өндіріс персоналының кəсібилігі елді мекендерді газдандыру бойынша Мемлекет
басшысының жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын сапалы орындауға мүмкіндік береді.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жылдан жылға отандық өндірушілер үшін тапсырыс көлемі ұлғаюда. Ол қазақстандық кəсіпорындарға өзінің бизнесін ел игілігі үшін дамытуға жағдай жасайды.
Тұтынушылар мен жеткізушілер, серіктестердің компания қызметіне деген сенімі«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ іскерлік беделінің өсуін қамтамасыз етеді.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ табысты қызметінің дəлелі ретінде жүлделерді атауға болады. Олардың ішінде – қызмет көрсетуші ең үздік кəсіпорынға берілген «Алтын сапа» Президенттік сыйлығы да бар.
АзТрансГаз Аймақ АҚ - БІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ
адамдарға жылу мен қуаныш сыйлау, еліміздің өркендеуіне үлес қосу!
Компанияның құрылған күн
2002 ЖЫЛДЫҢ 15 СƏУІРІ
бұл күні «КазТрансГаз» АҚ шешімімен КазТрансГаз Дистрибьюшн» ЖАҚ құрылды
«.2005 жылы «Аймақтық газ тасымалдау жүйесі» АҚ қосылғаннан кейін қайта құрылды
2007 жылдың 25 қаңтарында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ деген жаңа атауға ие болды. 2007 жылдың 11 маусымынан бастап компания таратушы газ құбырларымен газ тасымалдауды өзінің өндірістік филиалдары
арқылы жүзеге асыра бастады. «ҚазТрансГаз
Аймақ» АҚ жалғыз акционері «ҚазТрансГаз» АҚ болып саналады, ол 100 % «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ еншілес құрылымы.