Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Гистограмма мен полигон үлестірілуін тұрғызу




 

Гистограммаларды тәжірибелік жиіліктің үлестірілуінің және тәжірибелік ықтималдылықтың үлестірілуінің сенімділік көрсеткішімен графиктік байланысы түрінде тұрғызады. Мысалы, тәжірибелік жиіліктің үлестірілуі мен сенімділік көрсеткішінің гистограммасын тұрғызу үшін Декарт координаталары қолданылады.

Ол үшін координатаның абсцисса өсімен сенімділік көрсеткіші ретінде алынған қозғалтқыштардың мото-сағат ресурсы t, белгілі бір масштабпен тұрғызылады. Ординаталар өсі бойымен масштабты сақтай отырып тәжірибелік жиілік mі мәнін келтіреді. Осы мәндердің қиылысу нүктелері арқылы тұрғызылған төртбұрышты графиктер тәжірибелік жиіліктің үлестірілу гистограммасы деп аталады.

Келтірілген әдіспен тәжірибелік ықтималдылықтың үлестірілу гистограммасын рі тұрғызады. Тәжірибелік ықтималдылықтың үлестірілу гистограммасы келтірілген.

Тәжірибелік жиілік mi үлестірілуінің гистограммасы мен полигоны

Мысалы, 30.1 34.3 мың мото-сағ интервал аралығын алайық. Ол үшін гистограмма немесе полигон графигінің АБВГ(сурет 1-3) ауданын анықтау қажет. Анықталған ауданның жалпы ауданға қатынасы, бізге қажетті тәжірибелік жиілік пен ықтималдығының мәнін береді. Не болмаса кез келген интервал моментіндегі тәжірибелік жиілік пен ықтималдығының мәнін сынақтағы қозғалтқыштар санына көбейтіп, қанша қозғалтқыш өзінің шекті жағдайына жететіндігін және қанша қозғалтқышқа жөндеу жұмыстарының қажеттілігін анықтаймыз.

 
 
Pi


Сенімділік көрсеткіші үлестірілуінің полигонын тұрғызу үшін абсцисса өсімен сенімділік көрсеткіші ретінде алынған қозғалтқыштардың мото-сағат ресурсы t, белгілі бір масштабпен тұрғызылса, ордината өсімен масштабты сақтай отырып әрбір интервалдың тәжірибелік жиілігінің mі мәнін және тәжірибелік ықтималдылықтың рі мәнін тұрғызады.

Ординатаның тәжірибелік жиілігінің mі мәнінің және тәжірибелік ықтималдылықтың рі мәнінің горизонталь сызықтарымен және абсцисса бойымен келтірілген интервалдардың ортасымен(tci) жүргізілген вертикальді сызықтардың қиылыстарынан пайда болған нүктелерді бір бірімен түзу сызықтармен қосқан кезде пайда болатын графиктер полигон графиктері деп аталады.

Полигонның бірінші нүктесін абсциссадағы статистикалық қатар интервалының бірінші нүктесімен, полигонның соңғы нүктесін абсциссадағы статистикалық қатар интервалының соңғы нүктесімен тұрғызады.

Тәжірибелік ықтималдықтың pi үлестірілуінің полигоны немесе сенімділік көрсеткіші ретінде алынған қозғалтқыш ресурсының үлестірілуінің полигоны келтірілген.

Тәжірибелік ықтималдығы pi үлестірілуінің полигоны

(қозғалтқыш ресурсының үлестірілуінің полигоны)

тәжірибелік жиіліктің mi үлестірілуінің гистограммасы мен полигоны белгілі бір масштабта бір графикте келтірілген. Гистограмма мен полигон графиктерінің көмегімен қозғалтқыш ресурсының кез келген интервал аралығында қанша қозғалтқыш өзінің шекті жағдайына жететіндігін және қанша қозғалтқышқа жөндеу жұмыстарының қажеттілігін анықтауға болады.

 

 

Pi

Сурет 3-Тәжірибелік ықтималдығы pi үлестірілуінің полигоны

(қозғалтқыш ресурсының үлестірілуінің полигоны)

 

4 – суретте тәжірибелік жиіліктің mi үлестірілуінің гистограммасы мен полигоны белгілі бір масштабта бір графикте келтірілген.

Гистограмма мен полигон графиктерінің көмегімен қозғалтқыш ресурсының кез келген интервал аралығында қанша қозғалтқыш өзінің шекті жағдайына жететіндігін және қанша қозғалтқышқа жөндеу жұмыстарының қажеттілігін анықтауға болады.

 

mi

 

Сурет 4-Тәжірибелік жиілік mi үлестірілуінің гистограммасы мен полигоны

 

Мысалы, 3,0– 3,5 мың мото-сағ интервал аралығын алайық. Ол үшін гистограмма немесе полигон графигінің АБВГ(сурет 1-3) ауданын анықтау қажет. Анықталған ауданның жалпы ауданға қатынасы, бізге қажетті тәжірибелік жиілік пен ықтималдығының мәнін береді. Не болмаса кез келген интервал моментіндегі тәжірибелік жиілік пен ықтималдығының мәнін сынақтағы қозғалтқыштар санына көбейтіп, қанша қозғалтқыш өзінің шекті жағдайына жететіндігін және қанша қозғалтқышқа жөндеу жұмыстарының қажеттілігін анықтаймыз.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1032 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

2217 - | 2173 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.