Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


VI. Алдын-ала қойылған клиникалық диагноз




Науқасты сұрастыру және объективті қарау барысында анықталған астеновегетативті (жалпы әлсіздік, шаршағыштық, ұйқышылдық), интоксикациялық (дене температурасының 38,1⁰C көтерілуі, қалтырау, тершеңдік), плевра тітіркену синдромы (оң жақ өкпенің интенсивті, жүргенде күшее түсетін шаншып ауырсынуы), тыныс алу жеткіліксіздігі (дем алудың қиындауымен сипатталатын үздіксіз демікпе, тері түсі бозаруы), өкпе тіні тығыздалу (оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде везикулярлы тыныс дыбысының әлсіреуі, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар, үздіксіз қақырықпен жөтел) синдромына сүйене отырып алдын-ала қойылатын диагноз: оң жақтық жоғарғы бөліктік орташа ауырлықты пневмония, ТЖ I.

VII. Дифференциалды диагноз

Негізгі синдром – өкпе тіні тығыздалу синдромы өкпе туберкулезі, өкпе қатерлі ісігі кезінде кездесуі мүмкін.

Науқастың өзінде және жанұясында туберкулез анықталмаған. Туберкулезге тән анықталмаған генезді ұзаққа созылған субфебрилитет, әлсіздік, дене салмағын жоғалту, тершеңдік, қан қақырумен жүретін жөтел науқаста анықталмаған.

Науқастың туған туыстарында қатерлі ісік аурулары анықталмаған. Өкпе обырына тән 50 асқан жас кезеңі, ұзақ уақыт темекі шегу, кәсіптік зиянды факторлар, тұрақты жөтел, дауыс тембрі өзгеруі, қан қақыру, тәбетінің болмауы, салмақ жоғалту сияқты белгілер науқаста табылмады.

Экссудативті плеврит кезінде зақымдалған кеуде бөлімі сау жағымен салыстырғанда тыныс алу актісінен өте айқын кешігеді. Перкуссия барысында тұйық перкуторлы дыбыс өкпенің төменгі шекарасына қарай айқын тұйықталады. Аускультация кезінде тыныс дыбыстары естілмейді.

VIII. Зерттеу жоспары

1. ЖҚА

2. Қанның биохимиялық анализі

3. Коагулограмма

4. Қақырық жалпы анализі, микроскопиясы

5. ЭКГ

6. Кеуде сарайы ағзаларының рентгенографиясы

7. Спирография

ЖҚА

Эритроциттер – 5,08x1012

Гемоглобин – 150 г/л

Гематокрит – 41,9%

Лейкоциттер – 10,6x109

Лимфоциттер – 20%

Моноциттер – 10%

т/я – 8%

с/я – 52%

тромбоциттер – 189x109

ЭТЖ – 16 мм/сағ

Қорытынды: лейкоцитоз, лейкоформуланың солға ығысуы

Биохимиялық анализ

АЛТ – 35

АСТ – 29

Жалпы билирубин – 23,9 ммоль/л

Глюкоза – 5,5 ммоль/л

Креатинин – 71 ммоль/л

Мочевина – 4,0 ммоль/л

Нәруыз – 75 г/л

Қорытынды: гипербилирубинемия

Коагулограмма

Протромбинді уақыт – 22 сек

МНО – 1,68

АЧТВ – 33 сек

Фибриноген – 3,1 г/л

Қорытынды: протромбинді уақыт ұзарған, МНО жоғарылаған

Қақырық микроскопиясы теріс

ЭКГ

Ырғақ синусты, дұрыс, ЖЖЖ – 76 мин-1

Кеуде сарайы ағзаларының рентгенографиясы

Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде периваскулярлы инфильтрация анықталды.

 

Спирография

Өлшем Мөлшері Қалыпты мөлшері Қалыпты мөлшерден %
ЖЕЛвд, л 3,75 - -
ФЖЕЛ, л 4,87 4,64  
ПОС, л/с 6,32 8,89 71,1
ОФВ0.5, л 2,77 - -
ОФВ1, л 4,31 4,03  
ОФВ3, л 4,87 - -
ОФВ1/ЖЕЛ, % 81,9 84,5 96,9
ОФВ1/ФЖЕЛ, % 88,4 - -
ОФВ3/ЖЕЛ, % 92,7 - -
ОФВ3/ФЖЕЛ, %   - -
СОС200-1200, л/с 5,68 - -
СОС75-85, л/с 2,44 - -
МОС75, л/с 3,03 2,64  
МОС50, л/с 5,7 5,57  
МОС25, л/с 5,61 7,94 70,6
СОС25-75, л/с 5,04 4,8  
Аеж, л*л/с 21,7 - -
Опос, л/с 1,31 - -
Тпос, с 0,246 - -
Твыд, с 1,64 - -
FIV05, Л 1,74 - -
FEV05/FIV05, %   - -
ПОСвд, л/с 6,14 - -
MIF50, л/с 5,21 - -
MEF50/MIF50, %   - -

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы қалыпты

IX. Анықталған клиникалық диагнозды дәлелдеу

Науқасты сұрастыру және объективті қарау барысында анықталған астеновегетативті (жалпы әлсіздік, шаршағыштық, ұйқышылдық), интоксикациялық (дене температурасының 38,1⁰C көтерілуі, қалтырау, тершеңдік), плевра тітіркену синдромы (оң жақ өкпенің интенсивті, жүргенде күшее түсетін шаншып ауырсынуы), тыныс алу жеткіліксіздігі (дем алудың қиындауымен сипатталатын үздіксіз демікпе, тері түсі бозаруы), өкпе тіні тығыздалу (оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде везикулярлы тыныс дыбысының әлсіреуі, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар, үздіксіз қақырықпен жөтел) синдромына, қосымша зертханалық және аспаптық зерттеу нәтижелеріне: лейкоцитоз, лейкоформуланың солға ығысуы, ЭТЖ жылдамдауы, рентгенографияда оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде периваскулярлы инфильтрация сүйене отырып қойылатын клиникалық диагноз: оң жақтық жоғарғы бөліктік орташа ауырлықты пневмония, ТЖ I.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 622 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

2298 - | 2049 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.