Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Нұсқа Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы




 

1. Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымы – бұл:

A) Азаматтық іс жүргізу мен азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдердің жиынтығы

B)Азаматтықсот ісін жүргізу түрлері

C) ҚР және шетелдердегі азаматтық іс жүргізу құқығының даму заңдылығы, маңызы, сипаты табиғаты туралы теориялар, концепциялар, көзқарастар жүйесі, оның тәжірибеде қолданылуы

D) Азаматтық іс жүргізу құқығының біртұтас және оның жеке институттарының тарихи дамуының зерттелуі

E) Отбасы, тұрғын үй және басқа да құқықтық қатынастардан пайда болатын дауларды шешу бойынша серіктестік соттардың қызметі

F)Азаматтық істерді қараудың тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын құқық саласы

G) Азаматтық құқықтық дауларды шешу бойынша соттардың қызметін реттейтін нормалар жүйесі

H) Экономикалық дауларды шешу бойынша экономикалық соттардың қызметі

 

2. Азаматтық іс жүргізудің принциптері:

A) Қадағалау өндірісі бойынша шағымдану

B) Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары

C) Азаматтық іс жүргізу нысаны

D) Атқарушылық іс жүргізу тәртібі

E) Сот ісін жүргізу тілі

F) Заңдылық

G) Сотта істі қараудың жариялылығы

H) Азаматтық іс жүргізу қайнар көзі

 

3. Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу құқық қатынастары:

A) іс бойынша куәлардың қатысуымен өткенде туындайды

B) іс бойынша сарапшының қатысуымен өткенде туындайды

C)іс бойынша сот пен тараптар арасында болады

D) іс бойынша үшінші тұлғалардың қатысуымен өткенде туындайды

E) іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың қатысуымен өткенде туындайды

F) іс бойынша талап қоюшы мен сот арасында болады

G) іс бойынша сот пен арыз беруші арасында болады

H) іс бойынша өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашының қатысуымен өткенде туындайды

 

4. Тиісті емес жауапкерді ауыстырудың тәртібі:

A) сот ісін жүргізудің әр сатысында мүмкін

B) жауапкер тиісті емес екені істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта анықталады

C) жауапкердің келісімінсіз ауыстырылмайды

D) тиісті емес талап қоюшыны ауыстырудың тәртібіне ұқсас

E) сот тек қана өз бастамасымен ауыстыра алады

F) тек қана істі қайта қарағанда мүмкін болады

G) ондай тәртіп заңнамада қарастырылмаған

H) тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы талап қоюшының өтініші болу керек

 

 

6. Сот отырысына прокурор келмей қалғанда сот не істейді:

A) сот отырысына келмегені үшін прокурорға айыппұл салады

B) сот ісін қарауды тоқтата тұрады

C) прокурордың себепсіз келмеуі туралы жоғары тұрған прокуратураға хабарланады

D) істі прокурордың қатысуынсыз қарайды

E) келесі сот отырысының уақыты мен орны белгіленеді

F) азаматтық іс тоқтатылады

G) тараптар келісімімен прокурордың қатысуынсыз істі қарайды

H) азаматтық істі қарау кейінге қалдырылады

 

7. Заңды өкілдер болып табылатын тұлғалар:

A) дербес талап мәлімдейтін үшінші жақтар

B) адвокаттар

C) қамқоршылар мен қорғаншылар

D) заңи кеңесшілер (юрисконсульттар)

E) асырап алушылар

F) ата-аналары

G) кез келген отбасы мүшелері

H) кез келген мемлекеттік органдар

 

8. Заңды өкіл бола алады:

A) Судья

B) Қамқоршы мен қорғаншы

C) Мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлері

D) Адвокат

E) Ортақ іске қатысушылардың біреуі адвокат, юрисконсульт

F) Юрисконсульт

G) Ата-ана, асыраушы

H) Ата-ана, асыраушы, қамқоршы мен қорғаншы

 

10. Мұра қалдырушыға кредит берушілердің мұраны мұрагерлердің қабылдап алуына дейін қойылған талаптарының соттылығы:

A) жалпы соттылық деп есептеледі

B) мұраға қалдырылған мүліктің негізгі бөлігі орналасқан жердегі соттың соттауына жатады

C) шарттық соттылық болып табылады

D) мұраға қалдырылған мүлік орналасқан жердегі соттың соттауына жатады

E) талап қоюшының таңдаған соттың соттауына жатады

F) шарттық соттылыққа жатады

G) өзара байланысты бірнеше істің соттылығы деп аталады

H) ерекше соттылық болып табылады, тек заңда белгіленген соттың соттауына жатады

 

11. Дәлелдеуге жатпайтын деректер:

A) преюдициалды деректер

B) куәлардың айғақтары

C) жалпыға белгісіз деректер

D) іске қатысты мән-жайлар

E) даусыз деректер

F) талап қоюшының көрсеткен деректері

G) жалпыға белгілі деректер

H) прокурордың түсініктемелері

 

13. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызылатын азаматтық істер:

A) тасымалдаушыға жүктер, жолаушылар немесе теңдеме жүкті тасымалдау шарттарынан туындайтын талаптар

B) тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы талаптар

C) жылжымайтын мүлікке құқықтар туралы талаптар

D) жалақыны өндіріп алу туралы талаптар

E) некені бұзу туралы талаптар, талап қоюшының денсаулық жағдайы бойынша талап қоюшының жауапкер тұратын жерге баруы ол үшін қиындық келтіретін жағдайда

F) Қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартудан, процестік мәжбүрлеу шараларын не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолданудан бұзылған мүліктік және мүліктік емес құқықтарды қалпына келтіру туралы талап қоюлар

G) бір арызға біріктірілген, әртүрлі соттардың соттауына жататын талаптар

H) дербес талабын мәлімдеуші үшінші тұлғаның талабы

 

14. Жазбаша дәлелдеме:

A) Іс үшін бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер

B) Дәлелдеменің растығы

C) Куәнің айғақтары

D) Соттың тапсырмасы

E) Ғылыми-техникалық құралдары

F) Дәлелдеменің бағалануы

G) АПК 100-бапта көзделген іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар

H) Құжаттар

 

15. Азаматтық істі бірінші сатыдағы сотта қараудың бөлімдері:

A) дәлелдемелерді бағалау

B) дайындау бөлімі, сот талқылауы

C) дәлелдемелерді анықтау және ұсыну

D) дәлелдемелерді жинау

E) шешім шығару және оны жариялау

F) азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу

G) азаматтық істі қозғау

H) сот жарыссөздарі, прокурордың қорытындысы

 

 

20. Бірінші сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, наразылықты алғаннан кейінгі әрекеттері:

A) шағым немесе наразылық келіп түскен күннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей іске қатысатын адамдарға шағымның, наразылықтың көшірмелерін және оларға қоса берілген жазбаша дәлелдемелерді не соттың интернет-ресурсы арқылы бұлардың электрондық көшірмелерімен танысу мүмкіндігі туралы хабарлау жібереді

B) Тараптарға, ұсынылу мерзімі көрсетіле отырып, олардың шағымға, наразылыққа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында қарсылық білдіру құқығы түсіндіріледі

C) істі қарауға әзірлеу іс-әрекеттерін жүзеге асыру

D) істі апелляциялық сатыға жіберу

E) шағым жасау, наразылық білдіру үшін белгіленген мерзім өткен соң істі апелляциялық сатыдағы сотқа жібереді

F) сараптама тағайындау

G) азаматтық істі қозғау

H) апелляциялық шағым апелляциялық сатыдағы сотқа тікелей жіберіледі

 

21. Азаматтық сот ісін жүргізу түрі:

A) Талап қою бойынша іс жүргізу

B) Шарттық өндіріс

C) Ерекше талап қоюмен іс жүргізу

D) Атқарушылық өндіріс

E) Конституциялық өндіріс

F) Қадағалау өндірісі

G) Ерекше өндірісі

H) Төрелік өндіріс

 

23. Сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайтару негіздері:

A) іске қатысушы тұлғалар сот отырысына келмесе

B) іс үшін маңызы бар мән-жайларды толық анықталмаса

C) арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтамаса

D) егер шешім қабылдаған сот жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға алмаса

E) материалдық құқық нормалары бұзылса

F) тараптардың айтысуы мен теңқұқықтылығы қағидасы бұзылса

G) арыздың белгіленген мерзім өткеннен кейін берілгенін және оны қалпына келтіруден бас тартылғанын анықтаса

H) егер тараптарда жаңа дәлелдемелер бар болса

 

25. Шетелдік соттардың өз сипаты бойынша орындауды талап етпейтін шешімдері:

A) соты шешім шығарған мемлекет азаматтарының ғана мәртебесін қозғайтын

B) әділет министрлігінің рұқсатымен

C) жылжымайтын мүлік жөніндегі шешімдер

D) егер некенің бұзылуы кезінде ерлі-зайыптылардың екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған болса, қазақстандық азаматтар арасындағы некені бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы шешімдері ҚР да танылады

E) шетел консулдығының рұқсатымен ғана

F) егер некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған болса, қазақстандық және шетелдік азаматтар арасындағы некені бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы

G) халықаралық шартта көрсетілген шешімдер

H) ондай шешімдер заңда көзделмеген

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 515 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

2465 - | 2219 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.