Поршень цилиндрлік төлкенің тесігін тығыз жабады және оның өсі бағытымен орын ауыстыра отырып сорылып жатқан сұйықтыққа қысым береді. Бұрғылау сораптарының поршендері резинаметаллды конструкциямен (10-сурет) болады және болат өзекшеден 1, резиналы өздігінен тығыздалатын манжеталардан 2 тұрады. Екі манжета қарама-қарсы жаққа бағытталған жағаларымен бірге поршеннің цилиндрлік төлкеде екіжақтық тығыздалуын қамтамасыз етеді. Өзекшелер поршенді штокпен қосуға арналған конустық (а,в,г,д) немесе цилиндрлік (б,е) тесіктермен жабдықталған. Өзекшенің сыртқы бөлігінде сақиналық канавкалар мен шығыңқылықтар бар, олар резиналы манжеталармен берік қосылуын қамтамасыз етеді.
Сурет. Екіжақты әрекетті бұрғылау сораптарының поршені
Манжеталары механикалық қосылған поршендерде өзекшелердің пішіндері оңайырақ. Манжеталар өзекшенің күпшегіне (ступица) кигізіледі және металл тығырықтармен (шайба), серіппелік сақиналармен бекітіледі. Манжеталарды жинауды жеңілдету үшін ступицаларда кіретін фаскалар бар. Кейбір конструкцияларда резиналық манжетаның желкелік бөлігі тозуға төзімді және қатты пластмасс төсемеге 3 тіреледі. Айдалатын сұйықтықтың қысымы әсерінен пластмасс төсеме радиал бағытта деформацияланады.
Өзекшенің бөлгіш белдеушесіндегі сақиналық консольдар және манжеталардағы коникалық сыртқы фаска әсерлесу қысымдарының манжета бойында біркелкі таралуын қамтамасыз етеді, бұл поршень мен цилиндрлік төлкелердің ұзақмерзімділігіне жақсы әсер етеді.
Кесте – Бұрғылау сораптарының техникалық сипаттамаларын салыстыру
№ | Көрсеткіштер | БрН – 1 | НБТ - 600 | У8-6МА2 | У8-7МА2 | УНБТ-800 | УНБТ-950 | УНБТ-1180 |
Сорап қуаты, кВт | Г950 |
5-кестенің жалғасы
Сораптың пайдалы қуаты,кВт | ||||||||
Поршень саны | ||||||||
Цилиндрдің жұмыстық камераларының саны | ||||||||
1минуттағы поршеннің екіеселенген қадамдарының максималды саны | ||||||||
Поршен қадамы,мм | ||||||||
Цилиндрлі төлкенің ішкі диаметрі: Ең көп Ең аз | ||||||||
Беріліс, дмз/с Ең көп Ең аз | 34,8 16,4 | 42,9 19,1 | 50,9 18,9 | 50,9 22,7 | 41,4 22,4 | 46,0 28,8 | 46,0 28,8 | |
Қысым, МПа: Ең аз Ең көп | 9,8 | 11,3 | 9,6 | 14,2 | ||||
Трансмиссиялы біліктің максималды айналу жиілігі, айн/мин | ||||||||
Поршень штогының диаметрі,мм | ||||||||
Тісті жұптың беріліс саны | 4,15 | 3,15 | 4,92 | 5,11 | 3,05 | 4,53 | 4,53 | |
Клапан ершігінің өту тесігінің диамтері, мм | ||||||||
Сораптың шкивпен | 13,2 | 27,7 | 37,3 | 22,4 | 22,7 | 23,5 |
5-кестенің жалғасы
қосқандағы салмағы, т | ||||||||
Коллектордың өту тесігінің диаметрі,мм: -Сору -Айдау | ||||||||
Сорап өлшемдері,мм: Ұзындығы Ені Биіктігі |
Кәсіптік зерттеулер нәтижесі үш поршеньді бұрғылау сораптарының ұзақмерзімділігі және жөндеуге жарамдылығы екі поршенділермен салыстырғанда жоғары екенін дәлелдеді.