Аллостерикалық активтендіру және ингибирлеу
Ферменттердің активтілігін реттелу бұндай түрі тек аллостерикалық орталығы және төртіншілік құрылымы бар ферменттерге тән. Эффекторлар (активаторлар немесе ингибиторлар) әсер еткенде активті орталықтың конформациясы өзгереді. Аллостерикалық активаторлар мен ингибиторларактивті орталықтардын құрылысын өзгертеді, соның нәтижесінде не ферменттің субстратқа деген ынталығы жоғарылайды (автиваторлардың әсері), немесе төмендейді (ингибиторлардың әсері).
Кейбір ферменттерде бірнеше аллостерикалық орталық болады. Олардың бірі ингибиторларға айрықша, ал басқасы активаторларға. Бұндай ферменттерді аллостерикалық деп атайды және зат алмасуда негізгі орынды алады.
Сіздердің назарларыңызға бір, екі, ұш немесе одан да көп жауабы бар тапсырмалар ұсынылады. Барлық дұрыс жауабы бар клавиштерге басыңыз:
1. ФЕРМЕНТТІҢ БӘСЕКЕЛЕС ИНГИБИТОРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
1) металдар
2) амин қышқылдары
3) құрылысы бойынша субстратқа ұқсас заттар
4) құрылысы бойынша ферменттің активті орталығына ұқсас заттар
5) аллостерикалық орталықта байланысатын заттар
2. ФЕРМЕНТАТИВТІК РЕАКЦИЯНЫҢ ТЕЖЕЛУІН БӘСЕКЕЛЕС ЕМЕС ИНГИБИРЛЕНУ ДЕП АТАЙДЫ, ЕГЕР ИНГИБИТОР
1) субстратпен
2) фермент-субстраттық комплексімен
3) ферментпен
4) коферментпен
БАЙЛАНЫСАДЫ
3. СУЛЬФАНИЛАМИДТІК ПРЕПАРАТТАРМЕН ЕМДЕУДІҢ БАКТЕРИОСТАТИКАЛЫҚ ӘСЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ЖАТЫР
1) қайтымсыз ингибирлену
2) бәсекелес ингибирлену
3) аллостерикалық ингибирлену
4) субстраттық ингибирлену.
5) бәсекелес емес ингибирлену
4. ИНГИБИРЛЕНУ БОЛАДЫ
1) спецификалық
2) қайтымды
3) классикалық
4) бәсекелес
5) қайтымсыз
Толықтырыңыз:
5. Ингибиторлар құрылысы жағынан субстратпен ұқсас болады да ферменттің активті орталығымен байланысаДЫ. БҰЛ_____________________ИНГИБИРЛЕНУ
6. ЭФФЕКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІНЕН АКТИВТІ ОРТАЛЫҚТЫҢ _______________ ӨЗГЕРЕДІ.
7. АКТИВТІ ОРТАЛЫҚТА БӘСЕКЕЛЕС ИНГИБИРЛЕНУДЕ ____________________________ КОМПЛЕКС ТҮЗІЛЕДІ
8.БӘСЕКЕЛЕС ИНГИБИРЛЕНУДЕ ____________________________________________ АРТТЫРУ АРҚЫЛЫ ИНГИБИТОРДЫҢ ӘСЕРІН ТӨМЕНДЕТУГЕ БОЛАДЫ.
9.МАЛОН ЖӘНЕ ҚЫМЫЗДЫҚСІРКЕ ҚЫШҚЫЛЫ _________________________________________________________________ БОЛҒАНДЫҚТАН СДГ ИНГИБИТОРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
10.ЦИТОХРОМДАРДЫҢ ИНГИБИТОРЛАРЫ______________________________
№7 квантталған мәтін тест тапсырмасымен
Ферменттердің жіктелуі
Реакция арнайлықтарына қарай барлық белгілі ферменттер 6 класқа жіктелінеді:
1. Оксидоредуктазалар – тотығу-тотықсыздану реакцияларын тездетеді.
2. Трансферазалар – атомдынемесе атомдар тобын бір заттан екінші затқа тасымалдайтын.
3. Гидролазалар – судың қатысуымен күрделі заттардың жай заттарға дейін ыдырауын катализдейді.
4. Лиазалар – күрделі заттарды судың қатысуынсыз ыдыратады.
5. Изомеразалар – изомерлену реакцияларын катализдейді.
6. Лигазалар немесе синтетазалар – АТФ-ті пайдалану арқылы синтездеу процестерін жүргізеді.
Ферменттердің әрбір класы топтарға, топтар топшаларға бөлінеді.
Ферменттердің номенклатурасы
Алғашында фермент ашылғаннан кейін, оларды жай пепсин, трипсин және т. б. деп атаған. Сосын оларды жүйелеуге қажеттілік туды. 1896 жылы Эмиль Дюкло ферменттерді олардың әсер ететін субстратына және реакцияға қарап «аза» жалғауын қосуды ұсынды. Мысалы: мальтаза – мальтозаға әсер ететін фермент, сахараза – сахарозаға, гидролаза- гидролизді тездететін фермент, дегидрогеназа- дегидрлейді. Бір реакцияны катализдейтін, бірақ әртүрлі субстраттарға әсер ететін кейбір ферменттерге субстрат аты кірді, реакция аты және жалғау –аза. Мысалы: лактатдегидрогеназа, малатдегидрогеназа. 1961 жылдан бастап әрбір ферментке 4 цифрдан тұратын шифр берілді. Бірінші цифр қандай класқа жататынын,екінші цифра –топты, үшінші цифра- топшаны, ал соңғысы - ферменттің топшадағы орналасқан орнын көрсетеді.
Сіздердің назарларыңызға бір, екі, ұш немесе одан да көп жауабы бар тапсырмалар ұсынылады. Барлық дұрыс жауабы бар клавиштерге басыңыз:
1. РЕАКЦИЯ ТИПІ бойынша ферменттер бөлінеді:
1) оксидазалар, трансферазалар, гидролазалар, каталазалар, изомеразалар, эстеразалар;
2) оксидоредуктазалар, изомеразалар, гидролазалар, эстеразалар, пероксидазалар, лиазалар;
3) оксидазалар, оксидоредуктазалар, каталазалар, гидролазалар, эстеразалар, лиазалар;
4) оксидоредуктазалар, гидролазалар, лиазалар, карбоксилазалар, изомеразалар, лигазалар;
5) оксидоредуктазалар, гидролазалар, трансферазалар, изомеразалар, лиазалар, лигазалар.
2. Гидролазалар:
1) субстраттардың гидрлену реакцияларын жылдамдатады;
2) альдегидтердің спирттерге айналуын катализдейді;
3) субстрат молекуласы ішінде гидроксотоптарды тасымалдау реакциясын катализдейді;
4) субстраттардың гидролитикалық ыдырауын катализдейді;
5) субстраттардан суды бөліп шығару реакциясын катализдейді;
3. Молекула iшiндегi тасымалдауларды катализдейтiн ферменттер қай класка жатады:
1) оксидоредуктазаларға
2) лиазаларға
3) изомеразаларға
4) трансферазаларға
5) гидролазаларға
4. Фермент класы көрсетеді:
1) ферменттің конформациясын;
2) коферменттің типін;
3) берілген ферментпен катализденетін химиялық реакция типін;
4) ферменттің активті орталығының құрылуын.
5.АТФ энергиясын қолдану арқылы заттарды синтездейтін ферменттер қай класқа жатады:
1) лигазаларға;
2) лиазаларға;
3) оксидоредуктазаларға;
4) гидролазаларға;
5) трансферазаларға
6. фермент класы мен класс номерінің сәйкестігін көрсетіңіз
Кластың аты: кластың номері:
1) трансферазалар; 1) 1;
2) гидролазалар; 2) 2;
3) оксидоредуктазалар; 3) 3.
Толықтырыңыз:
7.Малатдегидрогеназа келесі реакцияны катализдейді_____________________________
8.Лактазаның убстраты________________________________________________
9.Лактатдегидрогеназа _______________________дегидрлейді.
10.Фермент шифріндегі бірінші цифра көрсетеді_________________
№8 квантталған мәтін тест тапсырмасымен
Гидролазалар
Гидролазалар туралы түсінік
Гидролазалар- судың қатысымен күрделі заттарды жай заттарға дейін ыдырататын ферменттер. Олар жасушаларда кездеседі, бірақ негізінен адамның асқазан ішек жолдарындағы ас қорыту сөлінде. Жасушаларда гидролазалар лизосамада орналасқан, сол себепті оларды лизосомалды ферменттер деп атайды.
Гидролазалардың жіктелуі
Гидролазалардың ең маңызды тобы көмірсуларды, белоктарды, майларды ыдырататын ферменттер болып табылады. Бұл -1) эстеразалар- липидтердегі күрделі эфирлік байланысты гидролиздейтін,2) гликозидазалар- көмірсуларлардағы гликозидтік байланысты гидролиздейтін,3)пептидгидролазалар-полипептидтерде және белоктардағы пептидтік байланыстарды гидролиздейтін.
Эстеразалар
Эстеразалар тобы күрделі эфирлік байланыстың құрылуы бойынша 6 түрлі топшаға бөлінеді. Солардың ішіндегі ең маңыздысы карбоэстеразалар мен фосфоэстеразалар.
.
Карбоэстеразалар
Карбоэстеразалар - карбон қышқылынан түзілген күрделі эфирлік байланысқа әсер ететін эстеразалар. Өкілдері – 1) липидтердің (ТАГ) гидролизін жылдамдататын, ас қорыту сөлінде (асқазандық, ұйқы безінің, ішек сөлінің), кездесетін липазалар;
2) фосфолипазалар- фосфолипидтердің (ФЛ) гидролизін жылдамдатады. Фосфолипаза А1,А2 ФЛ-дегі сәйкес карбон қышқылдарын бөліп алады. Ал, фосфолипаза С және D (фосфоэстеразалар топшасының өкілдері), ФЛ-дегі фосфор қышқылының қалдықтарын үзеді.
Липазалар
Асқазан сөлі липазасы – активтілігі төмен, тек үшглицеридтерді (асқазанға эмульгирленген түрде келіп түсетін сүттің майларын) ыдыратады.Төмен активтілігі асқазан сөлінің рН-ы (1,5—2), липаза рН (8—9) оптимумына сәйкес келмейтіндігімен түсіндіріледі. Асқазан липазасы сәбилерде активті, себебі асқазан сөлінің рН-ы жоғары (4,5-5,0).
Ұйқы безі сөлінің липазасы (панкреатидтік липаза) — белсенді емес түрде түзіліп, өт қышқылдарының тұздары әсерінен белсендендіріледі.
Ішек сөлі липазасы активті түрде бөлінеді, бірақ өте аз мөлшерде.
Асқазан сөлі және ұйқы безі сөлі липазасы ТАГ құрамындағы карбон қышқылының қалдығын біртіндеп бөліп алып, алдымен диацилглицерин (ДАГ), содан соң β-моноацилглицерин (β-МАГ) түзеді. Ішек сөлі липазасы β-МАГ-қа әсер етіп, оны глицерин мен май қышқылына дейін ыдыратады:
Фосфоэстеразалар
Фосфоэстеразалар фосфор қышқылынан түзілген күрделі эфирлік байланысты гидролиздейді. Өкілдері: фосфолипаза С және D, глюкозо-6-фосфатаза, АТФ-аза және т.б.
цАМФ-тің аденил қышқылына айналуына әсер ететін фосфодиэстеразала, ДНК-аза, РНК-аза осы топшаға жатады.
Сіздердің назарларыңызға бір, екі, ұш немесе одан да көп жауабы бар тапсырмалар ұсынылады. Барлық дұрыс жауабы бар клавиштерге басыңыз:
1.ГИДРОЛАЗАЛАР -
1) судың қатысында күрделі заттарды ыдырату
2) күрделі заттардаң суды ажырату арқылы
3) карбоксилдену
4) гидрлену
5) дегидрлену
РЕАКЦИЯНЫ ЖЫЛМАДАТАТЫН ФЕРМЕНТТЕР
2. ГИДРОЛАЗАЛАР
1)эстеразалар
2) гликозидазалар
3) пептидгидролазалар
4)фосфоэстеразалар
5)липазалар
ТОПШАЛАРҒА БӨЛІНЕДІ
3. ЛИПАЗА ФЕРМЕНТЫ
1) пептидтік
2) күрделіэфирлік
3) дисульфидтік
4) гликозидтік
5)амидты
БАЙЛАНЫСТАРДЫ ҮЗЕДІ
4. ЭСТЕРАЗАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТОПШАСЫ
1)фосфоэстераза
2)карбоэстераза
3)холестеринэстераза
4)липаза
5)фосфолипаза
5. КАРБОЭСТЕРАЗАЛАРҒА ЖАТАДЫ:
1) асқазан липазасы
2) фосфолипаза А1 және А2
3)фосфолипаза С және Д
4) липопротеидлипаза
5) ішек липазасы
6) ұйқы безі сөлінің липазасы
6. ФОСФОЭСТЕРАЗАЛАРҒА ЖАТАДЫ:
1)фосфолипаза А1 және А2
2)фосфолипаза С және Д
3)липопротеидлипаза
4)глюкозо-6-фосфатаза
5)АТФ-аза
7. ЭСТЕРАЗАЛАР
1) сілекей
2) асқазан сөлі
3) ұйқы безі сөлі
4) ішек сөлі
5) жасушалар
ҚҰРАМЫНДА БОЛАДЫ
Толықтырыңыз:
8. ҰЙҚЫ БЕЗІ ЛИПАЗАСЫ АКТИВТЕНЕДІ------------------------------------
9. ФОСФОЛИПАЗА С ЖӘНЕ Д ---------------------------------------- ЖАТАДЫ
10. ЛИПАЗА СУБСТРАТЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ-----------------------------------------
11. ß-МАГ ТЫҢ ГЛИЦЕРИН МЕН МАЙ ҚЫШҚЫЛЫНА ДЕЙІН ЫДЫРАУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФЕРМЕНТ--------------------------------
12.Асқорыту жолдарындағы Ферменттер______________________класына жатады.
№9 квантталған мәтін тест тапсырмасымен
Гликозидазалар
Гликозидазалар
Гликозидазалар көмірсулардағы гликозидтік байланысты үзеді, жасушаларда, ас қорыту сөлдерінде (асқазан сөлінде жоқ) кездеседі. Өкілдері:α- амилаза, γ - амилаза, мальтаза, лактаза,сахараза.
Амилаза
α-амилаза крахмал мен гликогенге әсер етіп, мальтозаға дейін ыдыратады; γ -амилаза бауыр жасушаларында гликогенді глюкозаға дейі ыдыратады.Олар жасушаларда, сілекейде, ұйқы безі және ішек сөлінде кездеседі.
Мальтаза
Оның әсерінен мальтоза глюкозаның 2 молекуласына дейін ыдырайды; ол сілекейде, ұйқы безі және ішек сөлінде кездеседі.
Сахараза
Сахараза тек ішек сөлінде ғана кездеседі, ол сахарозаны фруктоза мен глюкозаға ыдыратады
Лактаза
Лактаза сүт безінің жасушаларында, ұйқы безі және ішек сөлінде кездеседі. Ол лактозаны галактоза мен глюкозаға дейін ыдыратады.
Сіздердің назарларыңызға бір, екі, ұш немесе одан да көп жауабы бар тапсырмалар ұсынылады. Барлық дұрыс жауабы бар клавиштерге басыңыз:
1. ГЛИКОЗИДАЗАЛАР
1)сілекей
2)асқазан сөлі
3)ұйқы безі сөлі
4)ішек сөлі
5) жасушалар
ҚҰРАМЫНДА БОЛАДЫ
2. АЛЬФА-АМИЛАЗА КРАХМАЛ МЕН ГЛИКОГЕНДІ
1) глюкозаға
2) сахарозаға
3) лактозаға
4) пентозаға
5)мальтозаға
ДЕЙІН ГИДРОЛИЗДЕЙДІ
3. ГАММА-АМИЛАЗА ГЛИКОГЕНДІ
1) миокардтың
2) бауырдың
3) ішектің
4) май тінінің
5) кеуделік без
ЖАСУШАЛАРЫНДА ГИДРОЛИЗДЕЙДІ
4. ΑЛЬФА-АМИЛАЗАНЫҢ СУБСТРАТЫ
1) сахароза
2) крахмал
3) лактоза
4) целлюлоза
5. АМИЛАЗАЛАР
1) оксидоредуктаза
2) трансфераза
3) лиаза
4) гидролаза
5) лигаза
6) изомераза
КЛАСЫНА ЖАТАДЫ
6. КҮРДЕЛІЭФИРЛІК БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ЫДЫРАУН КАТАЛИЗДЕЙТІН ЭСТЕРАЗАЛАР
1) трансфераза
2) оксидоредуктаза
3) изомераза
4) гидролаза
5) лигаза
6) лиаза
КЛАСЫНА ЖАТАДЫ
Толықтырыңыз:
7. САХАРАЗА- ------------------------------ СӨЛІНІҢ ФЕРМЕНТІ.
8.ГЛИКОЗИДАЗАЛАР БОЛМАЙДЫ------------------------------------
9. МАЛЬТАЗАҒА МАЛЬТОЗА ӘСЕР ЕТКЕНДЕ ТҮЗІЛЕДІ----------------
10.ГАММА-АМИЛАЗА
1)сілекейде
2)асқазан сөлінде
3)ұйқы безі сөлінде
4)ішек сөлінде
5) жасушаларда
КЕЗДЕСПЕЙДІ,
ГЛИКОГЕНДІ
1) глюкозаға
2) сахарозаға
3) лактозаға
4) пентозаға
5)мальтозаға
ДЕЙІН ГИДРОЛИЗДЕЙДІ
№10 квантталған мәтін тест тапсырмасымен
Пептидазалар
Пептидазалар (пептидгидролазалар)
Пептидгидрозалар 2 топшаға бөлінеді:
- эндопептидазалар - белок молекуласының ішкі жағындағы пептидтік байланыстарды үзеді, соның нәтижесінде полипептидтер түзіледі;
- экзопептидазалар –полипептидтердің шетіндегі пептидтік байланыстарды гидролиздейді, оларды жеке амин қышқылдарына дейін ыдыратады.
Эндопептидазалар
Өкілдері: пепсин, трипсин, химотрипсин, катепсиндер.
Пепсин
Пепсин – асқазанның ең негізгі жасушаларымен активсіз пепсиноген түрінде бөлінеді. Тұз қышқылының әсерінен пепсиногеннен полипептид бөлініп, пепсиноген пепсинге айналады. Бұл түрде полипептид ерекше ингибитордың рөлін атқарады.
Трипсин
Трипсин ұйқы безі сөлінде активсіз түрде бөлінеді. Энтеропептидазаның әсерінен активтенеді. Диаминомонокарбон қышқылдары- арг және лиз түзетін пептидтік байланыстарды ыдыратады.
Химотрипсин
Химотрипсин ұйқы безі сөлінде химотрипсиноген түрінде түзіледі. Трипсиннің көмегімен активтенеді. Химотрипсиндер әртүрлі молекулярлы массаға және ферментативті активтілікке ие. Химотрипсин циклді амин қышқылдарынын карбоксилді топтарыныан түзілген пептидтік байланыстарды ыдыратады.
Катепсиндер
Катепсиндер – жасушалық ферменттер,ас қорыту сөлдерінде кездеспейді. Қышқылдық ортада қабыну кезінде, жасуша жойылғанда активтенеді.
Экзопептидазалар
Өкілдері: аминопептидазалар, карбоксипептидазалар, дипептидазалар.
Аминопептидазалар
Аминопептидазалар жасушада және ішек сөлінде кездеседі, полипептидтің «N» шетінен аминқышқылдарын бөліп алады. Химиялық құрамы бойынша жай белоктар, олардың активаторлары түрлі металдар болып табылады.
Карбоксипептидазалар
Карбоксипептидазалар екікомпонентті ферменттер, коферментінің құрамында мырыш бар.Жасушаларда және ұйқы безі сөлінде кездеседі. Ұйқы безінде прокарбоксипептидаза түрінде түзіліп, трипсинмен белсендендіріледі, полипептидтердің «С» шетінен амитнқышқылдарын бөліп алады.
Дипептидазалар
Дипептидазалар жай белоктар,жасушада және ішек сөлінде кездеседі, дипептидті аминқышқылдарына дейін ыдыратады
Сіздердің назарларыңызға бір, екі, ұш немесе одан да көп жауабы бар тапсырмалар ұсынылады. Барлық дұрыс жауабы бар клавиштерге басыңыз:
1. ЭКЗОПЕПТИДАЗАЛАРҒА ЖАТАДЫ
1) пепсин
2)карбоксипептидазалар
3)катепсиндер
4)дипептидазалар
5)аминопептидазалар
ОЛАР
1) белоктарды полипептидтерге дейін
2) полипептидтерді амин қышқылдарына дейін
ГИДРОЛИЗДЕЙДІ
2.ЭНДОПЕПТИДАЗАЛАРҒА ЖАТАДЫ
1) пепсин
2)карбоксипептидаза
3)катепсиндер
4)дипептидазалар
5)трипсин
ОЛАР
1) белоктарды полипептидтерге дейін
2) полипептидтерді амин қышқылдарына дейін
ГИДРОЛИЗДЕЙДІ
3. АҚЖ ФЕРМЕНТТЕРІ ПЕПСИН, ХИМОТРИПСИН, ТРИПСИН ЖАТАДЫ
1) трансфераза класына, киназа топшасына;
2) оксидоредуктаза класына, оксидаза топшасына;
3) гидролаза класына, пептидаза топшасына;
4) изомераза класына, мутаза топшасына;
5) лиаза класына, гидролиаза топшасына
ЖАТАДЫ
Толықтырыңыз:
4.ПЕПСИНОГЕННІҢ ПЕПСИНГЕ АЙНАЛУ АКТИВАТОРЫ__________________________________.
5. ТРИПСИНОГЕНІҢ ТРИПСИНГЕ АЙНАЛУ АКТИВАТОРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ ________________________.
6.ТРИПСИН АКТИВСІЗ КҮЙІНДЕ ТҮЗІЛЕДІ _______________________________
7.АМИНПЕПТИДАЗАЛАРДЫҢ АКТИВАТОРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ_________________
8. ПРОКАРБОКСИПЕПТИДАЗА АКТИВТЕНЕДІ____________________________
9.КАТЕПСИНДЕР КЕЗДЕСПЕЙДІ_______________________________
10.ПЕПТИДАЗАЛАР БӨЛІНЕДІ____________________________________
11.БЕЛОК→ПОЛИПЕПТИД РЕАКЦИЯНЫ КАТАЛИЗДЕЙТІН ФЕРМЕНТ____________________________________________________________
12. ПОЛИПЕПТИД→ АМИН ҚЫШҚЫЛЫ РЕАКЦИЯНЫ КАТАЛИЗДЕЙТІН ФЕРМЕНТ____________________________________________________________
№ 11 Текст
ФЕРМЕНТТЕРДІҢ 1- КЛАСЫ- ОКСИДОРЕДУКТАЗАЛАР
Анықтамасы
Оксидоредуктазалар - тірі ағзада жүретін тотығу- тотықсыздану реакцияларын катализдейтін ферменттер.
Құрамы
Оксидоредуктазалардың барлық ферменттері екі компонентті, жасушаларда болады.
Әсер ету механизмі
Жасушаларда тотығу тотықсыздану процестері үш жолмен жүреді: сутек атомдарын тасымалдау (гидрид- иондары), оттекті қосып алу және бір субстраттан (тотығатын) екінші субстратқа(тотықсызданатын) электрондарды тасымалдау арқылы.
Оксидоредуктазалардың жіктелуі
Оксидоредуктазалардың топшалары сутектің (электрондардың) доноры болатын функционалды топтарының табиғатына қарай құрылады. Барлығы 90 топшаға бөлінеді, бірақ тотығу әдісіне қарай ыңғайлы болу үшін 5 топшаға бөледі: 1) дегидрогеназалар (ДГ); 2)оксигеназалар; 3) каталазалар; 4) пероксидазалар; 5) цитохромдар.
Дегидрогеназалар (ДГ)
Дегидрогеназалар – органикалық заттардан сутекті бөлу арқылы катализдейтін ферменттер. Дегидрогеназалар барлық тірі жасушаларда кездеседі, көмірсулары мен майлардың реакцияларындағы зат алмасуына, сонымен қатар биологиялық тотығуға қатысады.
Дегидрогеназалардың өкілдері
Дегидрогеназалардың өкілдері: 1)пиридиндік ферменттер,2) флавиндік ферменттер және 3)убихинон.
Дегидрогеназалардың топшалары
Барлық дегидрогеназалар екі топшаға бөлінеді: анаэробты және аэробты.
Егер реакция анаэробты жағдайда жүрсе (оттектің қатысынсыз), мұндай оксидоредуктазалардың топшасы анаэробты дегидрогеназалар деп аталады. Анаэробты ДГ протондарды(электрондарды) оттекке емес, аралық субстаттарға тасымалдауды тездететін реакцияларды катализдейді (пиридиндік ферменттер, убихинон).
Егер реакция аэробты жағдайда жүрсе (оттектің қатысымен), мұндай оксидоредуктазалардың топшасы оксидазалар немесе аэробты дегидрогеназалар деп аталады, олар протондарды(электрондарды) тікелей оттекке тасымалдауды катализдейді (флавиндік ферменттер).
Оксигеназалар
Оксигеназалар органикалық субстраттардың молекулаларына оттектің қосылуын екі жолмен катализдейді:
а) монооксигеназалар немесе гидроксилазалар –субстратқа бір атом оттекті енгізеді;
в) диоксигеназалар – субстратқа 2 атом оттекті енгізеді. Бұл жиі заттың сақиналы құрылысын үзеді. Үзілген жерге оттектің отомдары байланысады.
Цитохромдар
Цитохромдар – тек электрондарды тасымалдауды катализдейтін ферментер.
Каталаза
Каталаза – тіндік тыныс алу кезінде түзілетін улы сутек пероксидін су мен молекулалық оттекке дейін ыдыратуды катализдейтін фермент.
Пероксидазалар
Пероксидазалар– тірі жасушалардағы әртүрлі заттардың тотығуын сутек пероксиді арқылы катализдейтін ферменттер.
«Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар»
1. ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫН (ТТР) КАТАЛИЗДЕЙТІН ФЕРМЕНТТЕР
1) лиазалар
2) лигазалар
3) изомеразалар
4) гидролазалар
5) трансферазалар
6) оксидоредуктазалар
2. ЖАСУШАДАҒЫ ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ ЖҮРЕДІ
1) судың қосылуымен
2) оттектің қосылуымен
3) электрондардың тасымалдануымен
4) гидрид-иондардың тасымалдануымен
5) сутек атомының тасымалдануымен
3. ЕКІКОМПОНЕНТТІ ФЕРМЕНТТЕР
1) липазалар
2) амилазалар
3) каталаза
4) цитохромдар
5) монооксигеназалар
4. ДЕГИДРОГЕНАЗАЛАР ТЕЗДЕТЕДІ
1) субстраттардың гидролизін
2) анаэробты ортадағы ТТР
3) оттектің қатысындағы ТТР
4) тек электрондарды тасымалдайтын реакцияларды
5) субстраттан сутектің және электрондардың аралық тотықтырғышқа ауысуын
5. МОЛЕКУЛААРАЛЫҚ СУТЕКТІ ТАСЫМАЛДАУДЫ (ЭЛЕКТРОНДАР МЕН ПРОТОНДАРДЫ) КАТАЛИЗДЕЙТІН ФЕРМЕНТТЕРДІҢ ЖАТАТЫН ТАПШАСЫ
1) оксигеназдар
2) пероксидаздар
3) дегидрогеназалар
4) аэробты дегидрогеназалар
5) анаэробты дегидрогеназалар
6. АНАЭРОБТЫ ДЕГИДРОГЕНАЗАЛАРДЫҢ ЖАТАТЫН КЛАСЫ
1) лиазалар
2) гидролазалар
3) изомеразалар
4) трансферазалар
5) оксидоредуктазалар
7. АНАЭРОБТЫ ДЕГИДРОГЕНАЗАЛАР ТАСЫМАЛДАУ РЕАКЦИЯЛАРЫН
КАТАЛИЗДЕЙДІ
1) субстратқа екі атом оттегін