Астана 2013
Жоспар
Кіріспе
А) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет Қызметі
Негізгі бөлім
А)Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi жұмысының принциптерi мен баптары
б) Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң құқықтары мен міндеттері
Орытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет Қызметі
Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 ж. 3 қазандағы Жарлығымен мемлекеттік орган ретінде ҚР Президентіне тікелей бағынатын арнайы әскери құрама болып құрылды. Қазақстан Республикасы 2002 ж. 4 шілдедегі Заңымен мемлекеттік органның құқықтық мәртебесі белгіленді.Қазақстан Республикасының Президентінің Күзет қызметі —Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және осы Заңмен белгіленген құзірет шегінде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсізідігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган. Осы Занда Қазақстан Республикасының Президентінің Күзет қызметі күзетуге жататын адамдар белгіленді: Қазақстан Республикасының Президенті; Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы; Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасы; Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;Республика Президентінің зайыбы (жұбайы) және Президентпен бірге тұратын басқа да отбасы мүшелері; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті;Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің онымен бірге тұратын отбасы мүшелері немесе оған еріп жүрушілер; Қазақстан Республикасының экс-президенті; тізбегін;Қазақстан Республикасың Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары;қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде шет мемлекеттердің, шет елдер парламенттері мен үкіметтерінің басшылары; қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде халықаралық ұйымдардың басшылары мен шет мемлекеттердің өзге де адамдары бекітеді.Қазақстан Республикасының Президентінің Күзет қызметі күзететін объектілердің тізбесін. Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.Қазақстан Республикасының Президентінің Күзет қызметінің негізгі міндеті толықтырылды: өз құзіретінің шегінде терроризммен күресті жүзеге асыру
бап. Күзет iс-шаралары
Күзет iс-шаралары - күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастыру, жедел-iздестiру және техникалық шаралардың жиынтығы.
Күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шаралары терроризмге қарсы операцияларға жатады.
Күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операция жүргiзген кезде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң бастығы оралымды штабты басқаруды жүзеге асырады.
1-2-бап. Күзетiлетiн адамдар
1. Күзетiлетiн адамдар - Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына және осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi күзетуге жататын адамдар.
2. Мыналар күзетiлетiн адамдар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының Президентi;
2) Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының төрағасы;
3) Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң төрағасы;
4) Қазақстан Республикасының Премьер-министрi; 5) Республика Президентiнiң зайыбы (жұбайы) және Президентпен бiрге тұратын басқа да отбасы мүшелерi; 6) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы; 7) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерi немесе оған ерiп жүрушiлер; 8) Қазақстан Республикасының экс-президентi;
9) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары; 10) қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қамтамасыз етiлетiн шет мемлекеттердiң, шет елдер парламенттерi мен үкiметтерiнiң басшылары; 11) қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе оның тапсыруымен Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының өкiмдерi негiзiнде қамтамасыз етiлетiн халықаралық ұйымдардың басшылары мен шет мемлекеттердiң өзге де адамдары.
3. Осы баптың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында аталған лауазымды адамдар тең жағдайда күзетiледi.
4. Осы баптың 2-тармағының 1)-9) тармақшаларында аталған адамдар Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң бастығына күзетушi адамдар қызмет мiндеттерiн тиiсiнше орындамаған жағдайда оларды ауыстыруды ұсынуға құқылы.
. 1-3-бап. Күзетiлетiн объектiлер
Күзетiлетiн объектiлер - күзетiлетiн адамдардың болуына арналған үйлер, құрылыстар мен ғимараттар, сондай-ақ оларға iргелес жатқан аумақ пен су айдыны.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi күзететiн объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
2-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет
қызметiнiң мiндеттерi
Президент Күзет қызметiнiң мiндеттерi:
- күзетiлетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
- күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қарсы бағытталған қылмыс пен әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау, олардан сақтандыру және тыйып тастау;
- күзетiлетiн адамдардың меншiгiн күзету, күзетiлетiн объектiлерде және олар болатын басқа жерлерде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
- өз өкiлеттiгi шегiнде терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыру;
- күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге төнген қатердi болжау және анықтау, одан сақтандыру мен залалсыздандыру жөнiндегi жедел шаралар жиынтығын жүзеге асыру болып табылады.
. 3-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет
қызметi жұмысының принциптерi
Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң жұмысы заңдылық, гуманизм, адам құқықтары мен кәсiптiк этиканы құрметтеу принциптерiне сәйкес құрылады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi өзiнiң алдында тұрған мiндеттердi басқа мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және жекелеген азаматтармен өзара бiрлесе отырып шешедi.