Соңғы кездері құқық қорғау органдарының қызметкерлері күш қолданып қарақшылық, тонау, қорқытып алушылық және адам өлтіру қылмыстарын жасап жүрген ұйымдасқан топтарды және қауымдастықтарды жиі кездестіруде.
Бандитизм және өзге де осы тектес қылмыстарының құрылымы және құрылымының соңғы 14 жылдағы өзгерісі /58/
Жылдар | Бандитизм | Қарақшылық | Тонау | Қорқытып алушылық | Барлық бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстар | ||||
саны | үлесі, проц. | саны | үлесі, проц. | саны | үлесі, проц. | саны | Үлесі,проц | ||
0 | 13,2 | 83,7 | 2,9 | ||||||
0 | 12,2 | 84,6 | 3,1 | ||||||
0 | 14,8 | 85,4 | 2,1 | ||||||
0 | 13,6 | 80,9 | 5,3 | ||||||
0 | 13,9 | 77,6 | 8,3 | ||||||
0,1 | 16,2 | 73,7 | 9,9 | ||||||
0,1 | 19,7 | 70,2 | 9,8 | ||||||
0,4 | 22,8 | 69,8 | 6,9 | ||||||
0,2 | 22,2 | 71,2 | 6,3 | ||||||
0,4 | 20,1 | 69,3 | 10 | ||||||
0,4 | 19,4 | 69,4 | 10,6 | ||||||
0,2 | 20,7 | 70 | 8,9 | ||||||
0,1 | 20,8 | 69,7 | 9,2 | ||||||
0,1 | 21,05 | 68,83 | 9,95 | ||||||
Барлы-ғы | 0,16 | 17,7 | 74,77 | 7,33 |
Жалпы қылмыстылықтағы бандитизм және өзге де осы тектес қылмыстарының үлес салмағының өзгеруі
Жылдар | ҚР барлық қылмыстар саны | Бандитизм және өзге де осы тектес қылмыстарының саны | Бандитизм және өзге де осы тектес қылмыстарының үлес салмағы (%) |
6,5 | |||
6,6 | |||
7,7 | |||
8,3 | |||
7,6 | |||
6,9 | |||
7,7 | |||
9,3 | |||
9,5 | |||
8,4 | |||
8,5 | |||
8,8 | |||
9,1 |
Қазақстанда А.Ш. Ещановтың зерттеуі бойынша бесжылдықтар бойынша есептегенде топ болып жасалған бандитизм және өзге де осы тектес қылмыстарының (тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық) деңгейі мен құрылымының өзгерісі төмендегідей /59/:
Топ болып жасалған бандитизм және өзге де осы тектес қылмыстарының (тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық) деңгейі мен құрылымының өзгерісі
Жылдар | Топ болып жасалған барлық қылмыстардың саны | Топ болып жасалған тонау, қарақшылық және қорқытып алушылық қылмыстарының саны | Үлес салмағы (%) |
18,9 | |||
18,0 | |||
17,3 | |||
19,0 | |||
16,9 | |||
16,5 | |||
14,8 | |||
12,4 |
Ұйымдасқан қылмыс дегеніміз - үш деңгейдегі қылмыстық құрама (қылмыстық топ, ұйым және қауымдастық) және олардың қылмыстық тірлігі.
Бірлесіп жұмыс жасаудағы әлеуметтік-психологиялық көрсеткіштерді, топқа қатысушылар құрамының сандық-сапалық параметрлерін, қызметінің бағыттылығы мен саласын, құрылымдық қалыптасуының күрделілігін және коммуникативтік байланыстарының құрылымын есепке ала отырып қылмыстық топтарды мынадай түрлерге топтастыруға болады: 1) жалпы қылмыстық; 2) пайдақорлық-шаруашылық; 3) аралас. Қатысушыларының санына қарай: 1) шағын (10 адамға дейін); 2) орташа (11-ден 20 адамға дейін); 3) үлкен (20 адамнан көп) топ болып бөлінеді. Қызмет саласына қарай: 1) аймақ аралық; 2) локальдық болып келеді.
Құрылымының күрделілігіне қарай (иерархия): 1) қарапайым; 2) күрделі; 3) көпдеңгейлі болады. Коммуникативтік байланыстарының құрылымына қарай: 1) толық; 2) құрамалы; 3) күрделі болып бөлінеді. Өздерінің қылмыстық әрекеттеріне бой алдырған сайын мұндай топтардың мүшелері әлеуметтік әдептік қатынастарды ұмыта бастайды, өзіндік жүріс-тұрыс әдеттерді бойға сіңіреді. Бұрын бас бостандығынан айыру орнында болған адамдардың мұндай топтарда болуы, сол өздері болып қайтқан жердің «тәртібін» орнатуға әкеп соғады.
Ұйымдасқан қылмыстылықтың құрылымын талдау арқылы оның ұшы сүйір шың екенін, және неғұрлым жоғарылаған сайын тәртіптің қатаң екенін көреміз.
Бұл пирамиданың үш «кезеңі» анық байқалады, олар ұйымшылдықтың үш деңгейі, сонымен қатар оларды қылмыстылықтың дамуының үш сатысы деуге болады.
Мұндай модельдің бірқатар артықшылығы бар.
Біріншіден, ол қылмыстылықты танып білу үшін ұйымдар теориясын қолдануға мүмкіндік береді. Ұйымдар социологиясының білгірі А.И. Пригожин былай дейді: «Бүгіндері иерархия кез келген ұйымдық жүйені - биологиялық, әлеуметтік, техникалық жүйені құрудың жан-жақты принциптерімен ерекшеленеді. Бұл принцип барлық деңгейде шағын топтардан қоғамға дейінгі аралықта байқалады. Адамзат бірлесудің пирамидадан басқа тәсілін білмейтін сияқты» /60/.
Ерекше тоғыз белгіні бөліп алуға болады:
1) ерекше ұйымдық және орындаушы құрылымның болуы, нақты қалыптасқан ішкі иерархия, топ мүшелері ниетінің тұрақты сипаттағы қылмыстық әрекетке бағыттылығы, қатаң тәртіптің болуы, мадақтау және тыйым салу жүйесі, бұлардың жүзеге асырылуы;
2) жасырындылық, рольдердің, міндеттердің айқын бөлінуі, мүшелерді мамандандыруға бағдар алу, неғұрлым көп табыс табуға ұмтылу;
3) қылмыстық ортада елеулі беделі бар не қылмыстық “беделдердің”, “заңды ұрылардың” қолдауына ие болған тәжірибелі басшының, ұйымдастырушының болуы;
4) жетілген техникалық құралдарды, көлікті пайдалану, шамдағайлығын арттыруға ұмтылу;
5) атылатын және суық қарумен қаруланғандығы;
6) топ мүшелерінің қоғамдық бақылаудан арылу шараларын жүзеге асыруы, құқық қорғау органдарына қарсы тұру шараларын қарастыру, сыбайлас жемқорлықпен айналысу;
7) қызмет саласын кеңейтіп, сол аймақта және одан тыс жерлерде ықпалын күшейтуге ұмтылу;
8) қылмыстылықты дамыту үшін ірі ақша қаражатының, құндылықтардың болуы, топтардың, қылмыстық қауымдастықтардың, ұйымдардың мүшелерін материалдық ынталандыру;
9) аймақаралық байланыс орнатуға ұмтылу;
Ресейде қылмыстық қауымдастықтар құқықтық функцияларды өздеріне алды, аралық соттарды (мәселені анықтағанда), сот орындаушыларын (борышты күшпен алу), күзетті, қауіпсіздік қызметін, т.б. алмастырды.
Ұйымдасқан қылмыстылықты жоғары-төмен және көлбеу байланыс өздерінің ішінде де, сондай-ақ метажүйемен қоғаммен және мемлекетпен де нығыз және тиянақты орналған. Ұйымдасқан қылмыстылық, бәрінен бұрын, өзінше дамитын әлеуметтік ұйымдасқан құрылым, онда бүтін жүйелі құрылымдарға тән сипат бар.
Ұйымдасқан қылмыстылық дегеніміз - пайдақорлық мақсатта бірлесіп қылмыстық әрекеттер жасау үшін белгілі бір салада және белгілі бір аумақта бақылау жүргізуге ұмтылған адамдардың тиянақты ұйымдасқан тобы.
Тағы да мынадай бір ерекшелікке назар аудару керек:
Ұйымдасқан қауымдастық өзінің қылмыстық жолмен тапқан табысын ең алдымен өз басының қажетін өтеуге үй, пәтер, автомобиль, жиһаз, т.б. жұмсайды, қалғанын заңды бизнеске салады, кафе, мейрамхана, автотұрақ сияқты табысты жерлерді иемденеді.
Бұл жерде заңдастырылған қылмыстық табыс мемлекет бақылауынан тыс қалады.
Тергеуде және сотта бұл әрекетін айыпты мойындамайды, жасырып қалуға тырысады. Қанша қылмыстық топтың есепте тұратынын және қанша қылмыстық істің соттан өткенін алсақ, біз бұл қылмыстық істердің ұйымдасқан қылмыстылық жайында емес, әртүрлі құрылымның қылмыстық әрекетінің эпизодтары жайында ғана екенін көреміз,- дейді А.Долгова.
Ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес дегеніміз, бәрінен бұрын, оны ашу деген сөз.
Біздің мәліметіміз бойынша қарақшы топтардың 9%-і қоғамға аса қауіпті тұрақты топ болған, олар бандаға тән сипат алған. Кейбір топтардың әрекеті тергеу барысында немесе сотта қайта сараланған.
Бірақ, бірнеше нақты істер бойынша қылмыскерлер бандитизм үшін емес, топтасқан қарақшылық үшін сотталған, бұлай саралаудың негіздемесі үкімде көрсетілмеген.
Кәсіби қылмыстылықта А.Гуров төрт негізгі нышанды бөліп алады:
1) қылмыстық кәсіптің тұрақты түрі (мамандану);
2) машықтанып дағдылану (біліктілік);
3) қылмыстылықтың күнкөріс көзіне айналуы;
4) әлеуметтік ортамен байланыс /61/.
Біздің пікірімізше, кәсіби қылмыстылық құбылысын А.А. Тайваков толығырақ сипаттаған /62/:
1. Қылмыс жасау күн көріс үшін қаражат табудағы негізгі тәсілдердің бірі немесе негізгісі болып табылады (сұралған респонденттердің 78%- солай деп мәлімдеген).
2. Кәсіби-қылмыскерлердің қылмыс жасауы алдын ала дайындықты, оқып үйренуді, кәсіби құпияларды игеруді қажет еткен (сұралғандардың 80%-і бұл факторды растаған).
3. Кәсіби қылмыскерлерде арнаулы, күні бұрын дайындалып сыналған, қылмыстық әрекет жасауды жеңілдететін аспаптар болған (сұралғандардың 75%-інде ондай құралдар болған.
4. Кәсіби қылмыскерлер қылмыс жасаудың арнайы амалдары мен тәсілдерін игерген (сұралғандардың 91,0%-і сондайлар болған).
5. Кәсіби қылмыскер қылмыстық мансапты алдына мақсат етіп қояды.
6. Кәсіби қылмыстылық өкілдерінің арасында айқын белгіленген, иерархиялық ішкі дәреже баспалдағы болады (87% оны растады).
7. Кәсіби қылмыскерлерде тек олардың өздеріне ғана тән жаргон болады (оны сұралғандардың 95,0%-і білген).
8. Кәсіпкерлік қылмыстың өкілдері өздерінің кәсіби және ортақ нышандары бойынша бірлеседі (сұралғандардың 82,0%-і солай деген).
9. Кәсіби қылмыстың өзіне тән салт-дәстүрі, “ауыз әдебиеті”, басқа да рухани “азығы” болады (сұралғандардың 71,0%-і оны естіген, көрген).
10. Кәсіби қылмыскерлер өзінің қылмыс жасау тәжірибесін, игерген амал-тәсілін, қылмыстық жолын жаңа бастағандарға үйретуге, өздеріне ізбасарлар дайындауға қарсы емес (сұралғандардың 50,0%-і сондай “мектептен” өткен).
11. Посткриминалдық іс-әрекеттің белгілі бір қатаң үлгісінің болуы (сұралғандардың 92,0%-інде ұрланған мүлікті сатудың сенімді арналары, ұрлық жасалған жерден сәтті кетудің сыналған жолдары, т.б. болған).
12. Кәсіби қылмыскерлердің психологиясында өз кәсібін мақтан тұту, оның беделін түсірмеу және де сол сияқты “жоғары” сезімнің болуы (сұралғандардың 45,0%-інде ондай мақтаншылық сезім болған).
Кәсіби қылмыстылық, сонымен, өзінше тұйықталған, қоғамға қауіпті кішігірім жүйе, онда криминалдық қызметті жандандырып отыратын бірқатар белгілер мен сипаттар бар.
Соңғы кездері ұйымдасқан топтың кәсіби қылмыскерлерінің ірі ұрылармен сыбайластығы елеулі криминогендік факторға айналды. Себебі, ол ұрылар өздерінің ұрлық жолымен тапқан өте ірі мөлшердегі мүлкін тасымалдау, сату және күзету үшін, және “бәсекелестерінен” қорғау үшін қылмыс кәсіпкерлерінің қорғауын қажет етеді. Соншалықты мол байлықты иемденген адам, әлбетте, қылмыскерлердің ұйымдасқан тобының, ең алдымен олардың басшыларының назарына ілінеді, қорқытып алушылыққа душар болады. Сондықтан ол ұрылар не қылмыстық топтың жәрдеміне жүгінеді не одан қорғану үшін басқа бір топпен байланысады.
Енді әйелдер арасындағы қылмыстылықты қарастырайық. Соңғы 15 жылда бұрыңғы Кеңес Одағында жыл сайын 180-200 мың әйел заң табалдырығын аттайтын.
Әйелдер арасындағы қылмыстылықтың құрылымы өзгерді. Өздеріне тән бұрыңғы алаяқтық, ұсақ ұрлық сияқты заң бұзушылықтан ірі, ерлер айналысатын қылмыстарға ауысты.
1997 жылы ТМД-да болған қылмыстарға жасалған талдау әйелдердің үштен екісі, яғни, 75 пайызы колонияларға қылмыстардың екі тобы бойынша: меншікке қарсы және адам өміріне қарсы қастандық үшін түскен.
Қазақстанда қылмыс жасаған адамдар арасында, әйелдер 10,3% құрайды (бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстары бойынша 4,3%).
Әйелдер арасындағы қылмыстылыққа кримонологиялық сипаттама бергенде қылмысты қайталап жасаушы әйелдердің басым көпшілігі салауатты өмірді ұмытып, әдет-ғұрыптан аулақ екенін, қылмыстық ортаға біржола бейімделіп алғанын атап өткен жөн, олардың қылмыстылық шеберлігі ерлерден кем емес.