Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Пәнді оқытудың мақсат-міндеттері




Мазмұны

Түсіндірме жазба

Пәнді оқытудың мақсат-міндеттері

Пәннің тақырыптық жоспары және мазмұны

Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

Пән бойынша пәндік және кәсіби құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар жүйесі

Пән бойынша пайдалануға ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

І. ТҮСІНІК ХАТ

Осы жұмыс бағдарламасы 1517000 –«Төтенше жағдайларда қорғау» мамандығы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасы мемлекеттік міндетті жалпы білім стандартына сәйкес

ҚР МЖСБС 10.07.2013 жылғы №268 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру бойынша оқу бағдарламасы негізінде жасалды.

Оқу бағдарламасы «Электртехника және электроника» пәні талаптарды іске асыруға арналған техникалық және кәсіби оқу орындардың оқу бағдарламасын әзірлеуде негіз болады.

Бағдарлама электртехника және электроника негіздерін оқытуды қарастырады. Жалпы оқу көлемі: 26 сағат.

Берілген мамандық бойынша бағдарламасын жүзеге асыруда 1 бақылау жұмысы жоспарланған.

Тақырыптардың атауы өтіп жатқан тақырыптардың мазмұнына қарай өзгертілуі мүмкін.

Тақырыптың тізімі міндетті оқу құралы болып табылады және сағат санының азайтылуын қарастырмайды.

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшелігіне байланысты комиссияға оқу уақытына орынды жалпы стандартқа сай сағатта өзгерістерді енгізуге рұқсат етіледі.

«Электртехника және электроника» пәні бейэлектртехникалық мамандықтар үшін әр түрлі технологиялық үдерістерде жиі қолданылатын, кең тараған негізгі электрлік қондырғылардың жұмысын түсіну үшін жалпы мағлұмат беретін пән болып есептеледі. Сондықтан электртехникада электр және магнит тізбектерінің, трансформаторлардың, электрлік өлшеу мен өлшеуіш аспаптардың,электр машиналарының құрылысы, әрекеттік парқы және кейбір техникалық параметрлері мен сипаттамалары қарастырылған. Осы элементтерден тұратын қарапайым күшейткіштер мен түзеткіштердің құрылысы және жұмыс істеу жағдайлары қамтылған.

Электртехника пәнін оқып-үйрену бейэлектртехникалық мамандық студенттерінің алдына мынадай талаптар мен мақсаттар қояды:

- кең тараған электртехникалық құрылғылар мен қондырғылардың құрылысын, әрекеттік парқын және негізгі қасиеттерін білу;

- электртехникалық құрылғылар мен қондырғыларды қандай технологиялық үдерістерде қолдануға болатындығын, олардың техникалық мүмкіндіктерін және экономикалық тиімді жұмыс әлпілерін (режимдерін) білу;

- тізбек элементтерінің шартты белгілерін біліп, электрлік сұлбаларды оқи алатындай болу;

- электрмагниттік шамалардың өлшем бірліктерін және элеткртехникалық терминдерді білу;

- зерттеру, жобалау жұмыстарында және технологиялық қондырғыларды пайдалану кезінде әр түрлі есептерді шешу үшін негізгі элеткртехникалық құрылғылар мен аспаптарды таңдап ала алатындай болу;

- элеткртехникалық қондырғылардың құжаттық деректерін олардың жұмыс әлпін анықтау үшін пайдалана білу;

- электртехникалық қондырғыларды экономикалық тиімді пайдаланып және олармен қауіпсіз жұмыс істеу тәртібін қамтамасыз ете алатындай болу.

 

Оқу барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңес берілген оқу және оқу әдістемелік көрнекті құралдарын, техникалық құралдарды пайдалану қажет.

Осы оқу бағдарламасы «Электртехника және электроника» пәні студенттердің игеретін жалпы білімі мен біліктілікті анықтайды.

 

 

Пәнді оқытудың мақсат-міндеттері

Мақсаты:

- пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті электрлік және магнитті тізбектерін;

- ауыспалы токтың электрлік тізбектерін; магнитті тізбектерін;

- электрлік құрылғыларын;

- электр қуатын өндіру, тарату және пайдалануын;

- электржетекті және электравтоматиканы білу керек;

Міндеті:

- электр жабдығына қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін электрсхемаларды оқу;

- электр жабдығының жұмысын бақылау мақсатында электрөлшеу аспаптарын қолдану қолынан келу керек.

 

Жұмыс бағдарламасын әзірлеу барысында, білім беру ұйымы үлгілік оқу бағдарламасындағы пәнді оқыту уақытының көлемін сақтай келе айналымға бөлінген сағат көлемін қазіргі заманғы оқу технологиясын сақтай отырып,

10-20% өзгертуге құқылы. (Қ.Р. МЖБС 4.05.2008 «Орта білім. Техникалық және кәсіптік білім. Негізгі ережелелері)

Cтандарт бойынша білім нәтижесі

Оқу тәртібі нәтижесінде білім алушы мынандай негізгі нәрселерді

Білуі қажет:

Электрлік және магниттік тізбектер айырмашылығын, айнымалы токтың электр тізбектерін, магниттік тізбектерін, электр құрылғыларды,электр құрылғылары жөнінде негізгі мәліметтерді, электр аспаптар мен құрылғыларды, электр өлшеуіш аспаптар және оларды қолдану, электр машиналарын, электр аспаптарын, электр энергиясын өндіруді, таратуды және пайдалануды, жүйе құрылымы және елді мекендеген пунктерді электрмен жабдықтауды

Біліктілігі:

Электр тізбектерін дайындауды, электр қорегіне жалғастыруды, сақтандырғыштар алмастыруды, сымдар жалғау мен оқшаулауды білуі қажет

Білімі:

Электр өлшеуіш аспаптар және оларды қолдану, электр машиналарын, электр аспаптарын, электр энергиясын өндіруді, таратуды және пайдалануды, трансформаторлардың құрылысы және жұмыс істеу принциптері жайлы мағлұмат алу

Білігі:

- Сабақ барысында туындайтын сұрақтарға жауап бере білу;

- Тақырыптың негізгі идеясын аша біліп, талдап, олар бойынша тәжірибе жүргізе білу;

- Электр тогы, тізбектері, электрлік аспаптар мен машиналар жайында толық мағлұмат білу

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 513 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2645 - | 2219 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.