Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың атқаратын қызметтерi




Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым өзi өкiлi болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң атынан әрi олардан алынған өкiлеттiк негiзiнде мынадай қызметтердi атқаруға:

1) мұндай ұйым басқарып отырған құқықтарды пайдалануға пайдаланушылармен лицензиялық шарттар жасасуға;

2) сыйақы мөлшерiн және лицензиялық шарттар жасалған басқа да жағдайларды пайдаланушылармен келiсуге;

3) бұл ұйым лицензиялық шартын жасаспай, осындай сыйақы жинаумен шұғылданатын жағдайларда сыйақы мөлшерiн пайдаланушылармен келiсуге (осы Заңның 26-бабы және 39-бабының 2, 3-тармақтары);

4) лицензиялық шартта көзделген сыйақыны және (немесе) осы баптың 3) тармақшасында көзделген сыйақыны жинауға;

5) осы баптың 4) тармақшасына сәйкес жиналған сыйақыны өзi өкiлi болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiне бөлуге және төлеуге;

6) осындай ұйым басқаратын құқықтарды қорғауға қажеттi кез-келген заңды әрекеттердi жасауға тиiс.
46-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың міндеттері

1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның қызметі мұндай ұйым өкілі болатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің мүддесіне сай жүзеге асырылады. Бұл мақсатта ұйым:
1) авторлық және сабақтас құқықтардың иелеріне сыйақы төлеумен бірге олардың құқықтарын пайдаланғаны туралы, оның ішінде жиналған сыйақы мөлшері туралы және одан ұсталған сомалар туралы мәліметі бар есептер беріп тұруға;
2) осы Заңның 45-бабы 4) тармақшасының ережелеріне сәйкес жиналған сыйақыны авторлық және сабақтас құқықтардың иелеріне бөлу және төлеу үшін пайдалануға міндетті. Бұл ретте ұйым жиналған сыйақыдан өзінің мұндай сыйақыны жинауға, бөлуге және төлеуге кеткен нақты шығынын өтеуге қажетті соманы, сондай-ақ өзі өкілі болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің келісімімен және солардың мүддесіне сай сол ұйым құрған арнайы қорларға жіберілетін соманы ұстап қалуға құқылы. Сыйақыны жинау, бөлу және төлеу бойынша өзінің нақты шығыстарын жабуға арналған сомалар жиналған сыйақының жалпы сомасының отыз пайызынан аспауға тиіс;
3) жиналған сыйақы сомасын осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген сомаларды шегере отырып, туындылардың және сабақтас құқықтар объектілерінің нақты пайдаланылуына қарай барабар бөлуге және қазақстандық авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілерге – тоқсанына кемінде бір рет және осындай құқықтарды басқаратын шетелдік ұйымдарға жылына кемінде бір рет төлеп отыруға міндетті. Бұл ретте ұйым осы ұйым жасасқан лицензиялық шарттарға және сыйақы төлеу туралы шарттарына сәйкес сыйақы алуға құқығы бар құқық иеленушілерді белгілеу бойынша шаралар қолдануға, оның ішінде мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын басқа да ұйымдардан, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпаратты осы мақсат үшін пайдалануға міндетті;
4) құқық иеленушілер туралы, оған басқаруға берілген құқықтар туралы, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтар объектілері туралы мәліметтер қамтылған тізілімдерді қалыптастыруға міндетті. Заңға сәйкес құқық иеленушінің келісімінсіз жария етуге болмайтын мәліметтерді қоспағанда, мұндай тізілімдерде қамтылған мәліметтер барлық мүдделі тұлғаларға ұсынылады;
5) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметі туралы пайдаланушыларды хабардар ету мақсатында интернет-ресурс құруға;
6) авторлық немесе сабақтас құқықтар объектісінің атауын, автордың немесе өзге құқық иеленушінің есімін қоса алғанда, өзіне басқаруға берілген құқықтар туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыруға;
7) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін сыйақы жинау, бөлу және төлеу функцияларын жүзеге асыратын жер-жерлердегі өкілдерінің бар екендігі туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыруға;
8) уәкілетті органға жіберілетін есептерді Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында жария етуге;
9) пайдаланушылармен жасалған лицензиялық шарттар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
2. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымға осы Заңның 45-бабының 4) тармақшасында көзделген сыйақы жинауға қатысты өкілеттіктерді бермеген авторлық және сабақтас құқықтар иелері одан жүргізілген бөлуге сәйкес өздеріне тиесілі сыйақыны төлеуді, сондай-ақ осы ұйым пайдаланушыларға беретін рұқсаттардан өзінің туындылары мен сабақтас құқықтар объектілерін шығарып тастауды талап етуге құқылы.
Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленушіден тиісті хабарламаны алған күннен бастап үш ай өткеннен кейін мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым олар көрсеткен құқықтарды және (немесе) объектілерді барлық пайдаланушылармен жасалған лицензиялық шарттардан алып тастауға және бұл жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленушіге бұрын жасалған лицензиялық шарттарға сәйкес пайдаланушылардан алынған, оған тиесілі сыйақыны төлеуге және оған есеп беруге міндетті.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 491 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

2351 - | 2153 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.