Ауыл шаруашылығы – материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі: А.ш.халықты азық-түлікпен ж-е өнеркәсіпті шикізаттарының кейбір түрлерін қамтамасыз етумен айналысады. Дүниежүзінде эк-қ белсенді халықтың 46% лһосы салада еңбек етеді. А.ш өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай 3 топқа бөлінеді.
1-ДӘСТҮРЛІ (Тұтынушы) ауыл.ш-да қауымдық,тайпалық қатынастар әлі де сақталған. Бұл шар.қа тән қасиеттер-аңшылық терімшілік балық аулау өсімдіктерді жинау мен қатар жер өңдеуді ұштастыру Африка.Оңт.Америка Азияның кейбір елдері.
2-КӨШПЕЛІ Ж-Е ЖАРТЫЛАЙ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ әсіресе айналысатындар Африка Азияның тропиктік қоңыржай белдеуінде орналасқ.мемл.ң Солт.Еуропада бұғы ие.
3-ТАУАРЛЫ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ ТАУАРЛЫ ДӘСТҮРЛІ ш.А.ш бұл саласы 3 бағытта жүргізіледі: гіншілік,егіншілік және мал, көпсалалы тауарлы егіншілік және мал ш.
Жоғары мамандандырылған тауарлы ауылш.-ауыспалы егістігі бар өсімдік ш.және мал азығын дайындайтын интенсивті мал.ш. ЖОҒАРЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛШ.6 түрге б-ді.
1-дақылдар.2-интенсивті егіншілік-дәнді дақылдар және техникалық мақта күнбағыс. 3-плантациялық – жеміс ж-е техникалық. 4- экстенсивті – жайылымды мал.ш.5-интенсивті мал.ш. ірі қара сүтті етті. 6- интенсивті егіншілік және мал ш.
3.Ауылды кіші индустриализациялауды ынталандыру мен оның тиімділігін арттыру б-ша мемлекеттік шара-р жүйесі. Ауыл.ш. саласын қолдау және оның ішінде азық-түлік нарығын қолдау мемл-ң маңызды міндет-ң бірі болып табылады. Барлық дамыған елдерде а.ш.мемлекет қолдауында б-ды. Өйткені халық шар.бұл саласы нарыққа және бәсекелестікке төмен деңгейде бейімделген.А.ш.нан халық шар.ң көптеген салаларының өндірістік ерекшеліктері бар: ауыл шар.да жер өнд.-ң негізгі қоры, жұмыс маусымдық сипатта б-ды.Еңбек үдерісі – тірі организммен байланысты б-ды. Жұмыс кезеңі өндіріс кезеңімен сәйкес келмейді. Инв.қ тиімділік төмен б-ды. А.ш.өнімдеріне бағасына байл.сұраныс үйлесімді емес. Жоғары капитал ж-е энергияны талап етеді. Табиғи климаттық жағдайға қатаң тәуелді б-ды. Азық-түлік индустриясының қалыптасуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына ж-е ауылда тұратын адам-ң материалдық жағдайының көтеруіне жағдай туғызады. Қазақстан-ң аграрлық саласы мен мемл-ң азық-түлік қауіпсіздігін сақтау көрсеткіші дүниежүзілік сауда ұйымының талабына сәйкестенеді.
№18
1Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясатын қалыптастыру мен оны жүзеге асыру механизмдері. Макроэк-қ тұрғыдан алғанда құрылымдық саясатты қалыптастыру негізінің өзара тиімді қат-ды қ-з ету жөніндегі бірқатар мәселелер ж-ды. Олар – қоғ.дық өнім өндіру өндіріс құрал-ң тиімділігі ұлттық табыстағы тұтыну қорлары қор жинау өндірістік өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау құрылыс-монтаж жұмыстары, өндіріс жабдықтарына шығын жұмсау ар-ғы қатынастар. Бұл құрыл-қ қатынастар үшін. ЭКОНОМИКА ҚҰРЫЛЫМЫ д-з еңбек бөлінісін жалпы сипаттайтын өндірістік ресурс-р мен ұдайы өндіріс процестері арасындағы қатынастар. Экономика ЖІӨ-гі кейбір сала-ң эк-ны дамытудағы үлесін көрсетеді. Эк-ка құрылымының түрлері: 1-Атқарымдылық құрылым әртүрлі қажеттіліктердегі ЖІӨ факторларын сипаттайды. 2-Әл-к құрылым – әл-к сектор-ды, кәсіпорын-р, мемл-к ұйымдар, кооперативтер т.б.шар-қ жүргізу секторларын көрс-ді.3-салалық құрылым – макроэк-қ,салааралық,өндірістік. Нарықтық қатынастарға көшу бәсекенің дамуы эк-ғы мемл-ң ролін төмендетеді.Бірақ дамыған елдер тәж.не сүйенетін болсақ тек қана нарықтық принциптер арқ. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын қалыптастыру мүмк.емес. Сонымен қатар елдегі инновациялық даму оң нәтиже бермейді. С-н инновация мен инвестиция ЭМР ОБЪЕКТІСІ б.т 2000-2002ж. Қазақстанда эк-қ өсу байқалды. Бірақ бұл өсім шикізат сатудан түскен пайда есебінген болды. ҚР үкіметі эк-қ өсуді нақты жолға қою үшін индустриалды- инновациялық саясатты қолға алды. 2002ж. ҚР Президентінің жарлығымен инновациялық қызмет туралы заң күшіне енді. Әр ел-ң дүниежүзілік нарықта орын алу үшін иннов-қ қызметті дамыту керектігіне көз жетті. Иннов-қ қызм.мемл-к қолдау үшін мемл-ң құқықтық нормативтік негіздер жасап мемл-к бюджеттен қаржы бөліп басқа да қаржы көздерин тартуға белсенді жұмыс атқарды. Тек қана мемл-к қаржыландыру инновациялық қызметті дамыту үшін жеткіліксіз б-ды. Иннов-қ құр.құру үшін көп мөлшерде қаржы қажет. Осы мәселе еліміздің күрделі мәселелерінің біріне айналып отыр. С-н ол қаржыландыру мырттан инв-я тартуға негізделген.
2Қоғамдық өндіріс көрсеткіштер өсу қарқыны және құрылымдары. ҒТП қоғамның басты өндіргіш күші. Адамның жан-жақты өсіп жетілуіне оның рухани эк-қ,әл-к жағдайының жақсаруына өз септігін тигізді. Осылайша ҒТП қоғамның барлық саласында өндіріс-ң дамуы-ң негізгі элементіне айналды. Қазіргі кезде технология-ң дамуы өндіріс-ң табиғи фактор-дан тәуелсіздігін бәсеңдетсе 2-ші жағынан оның рөлі барған сайын күшейіп отыр. Бұрынғы кезеңде ескерілмеген ресурстарға көңіл бөлініп отыр. Космос,әуе,мұхиттар. ҒТП барысында өркендеудің жаңа сатысы ақпараттық кезең туындайды. Интернет,жедел байланыс, сияқты коммуникациялық жаңа құралдары әлемдегі дереккөздерді жаппай пайдалануға мүмк.берип отыр. Біртұтас ақпараттық кеңістік деректер банктердің әртүрлі техника технологияларды пайдаланудың азамат-ң ақпараттық сұранысын қамтамасыз ететін біртұтас ережелер негізінде жұмыс істейтін ақпараттық телекоммуникациялық жүйе-р мен желілердің жиынтығы б.т. ҚР дүниеж.ақпараттық қоғамға кіруге,ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымға қосылуға ұмтылып отыр. БІРТҰТАС АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІК КОМПОНЕНТТЕРІ: 1-тиісті ақпаратты тасушыға бекітілген деректер мәліметтер, жинақталған ақпараттық ресурстар. 2 –біртұтас ақпараттық кеңістіктің жұмыс істеуімен дамуын атап айтқанда ақпаратты жинау,өңдеу,сақтауды таратуды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымдар. 3- азамат-р мен ұйым-ң ақпараттық өзара байланыс құралдары,яғни тиісті технология негізінде ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін бағдарламалық техникалық құралдар.
3Ұзақ мерзімдік индустриялық саясатты қалыптастырудың принциптері,мақсаты,негізгі міндеттері. Қазақстан Республикасының экономикасын ұзақ мерзімді кезеңде әртараптандыруды қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қаулысы
1. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасын және өндірістік қуаттарды ұтымды орналастырудың 2015 жылға дейінгі схемасын әзірлесін және бекітсін;
2) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімде және тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаға мониторинг пен оны бағалаудың нәтижелерін ұсынсын.
№19
1.Жұмыссыздар мен мүгедектерді әл-к қорғау аясындағы ҚР мемл-к саясаты. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға – жұмысқа тұруға көмектесу, кәсіби дайындық, қайта дайындау, біліктілігін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, табысы аз азаматтардан жұмыссыздарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету кіреді. Осыған байланысты жұмыс іздеуші тұлғалар жұмысқа орналасуға көмек пен тиісті әлеуметтік көмек алу үшін тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту орталықтарына өтініш бере алады.Қазақстанда құрылған жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі өзіне либералды және әлеуметтік модельдер негізін біріктіре отырып, әлемдегі ең алдыңғы жүйелер жиынтығынан іріктеліп алынды. Қазақстанда жұмыссыз халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен және мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен әлеуметтік қолдау жүзеге асырылуда.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру қатынастарын реттейді.Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттары Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шет елдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға еңбек түрі мен кәсіп таңдауда еркіндік, әділетті және қолайлы еңбек жағдайын жасау, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.Әлеуметтік қорғау2001 жылғы 27 маусымдағы- бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе. Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарды кепілдікті төлемдермен белгілі бір деңгейде қамтамасыз етуге арналған.Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі мен жалпы реттеушісі мемлекет болып табылады. Заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жұмыс берушілер мен еңбеккерлер аударымдарының есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі төленген жарна деңгейіне сай ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді қосымша қорғауға арналған. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әр азаматтың зейнетақы жинақтарын жасау процесін реттеуге арналған. Әлеуметтік көмек азаматтардың жекелеген санаттарын бюджеттің қаражаты есебінен қосымша қорғауға арналған. Бұдан басқа, азаматтың әлеуметтік қатерлерден өзін өзі ерікті сақтандыруға құқығы бар. Осындай аралас жүйе ынтымақтастыққа негізделген және дербестендірілген жүйелердің артықшылықтарын үйлестіруге мүмкіндік береді.
2.Мемлекеттік бюджет –экономиканы бюджеттік реттеудің негізі.Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады.Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында айтылғандай, біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Бұл аталған мәселелерді жетілдіре дамыту үшін мемлекеттік бюджет аса маңызды құралы болады деп айтуға болады. Нарықтық экономикалық дамуы көп жағдайда елдің ұлттық табысымен және ұлттың байлығымен, сонымен қатар бюджет құрылымдары жағдайымен анықталады. Қаржылық, несиелік, бюджеттің қатынастардың рөлі, алатын орны және мәні айдан анық. Себебі, бұл қатынастардың жағдайына жалпы ішкі өнім өсімінің, жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің, төлем балансы мен валюта бағамының жағдайы және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштерінің ұтымды деңгейге жетуі тәуелді. Нарықтық экономикада бюджеттік жүйе мемлекеттің тұтас бүкіл экономикалық жүйесінің бөлігі, қаржы жүйесінің маңызды элементі ретінде көрініс табады. Бюджеттік жүйе бюджеттік рәсімдер мен қатынастарда, бюджет үдерісінде, бюджет құрылғысында орын алатын кенет өзгертулерсіз, тұрақты түрде қызмет жасайды. Бюджет жүйесінің маңыздылығы – бюджет жүйесі бюджетті екіжақты қажеттіліктерді (құқық қорғау мен қорғану сипатындағы қызметтер, инфрақұрылым, ғылым-білім, мәдениет, денсаулық сақтау игіліктері, мемлекеттік басқару бойынша қызметтер) қанағаттандыруға бағытталған қоғамдық игіліктерді мемлекет қамтамасыз ететін нарықтық институт ретінде қарастыру тәсіліне негізделеді. Осы кезде нарықтық экономикадағы шаруашылық субъектілердің біреуінің қаржысы ретіндегі мемлекеттік қаржылардың жаңа түрі пайда болады. Бюджет бүкіл халықтық шаруашылық бюджеті болуын тоқтатып, қоғамдық тауарлар мен қызметтегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін топтастырылған қаржы ресурстарын қолданатын қаржы қоры болып табылады. Мемлекеттік құралдардың экономикаға ықпалының бүкіл жүйесінде бюджеттің басқарушылық рөлі арта түседі. ҚР экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде бюджеттің атқаратын қызметі бюджеттің кірісі мен шығысы сияқты ерекше экономикалық нысандар арқылы жүзеге асатын мемлекеттің орталықтандырылған қаржы қорын құруы мен пайдалану мәселелері жүзеге асырылып жатыр. Сонымен бірге, мемлекет белгілі бір жағдайларда табысты құрау және шығысты жүзеге асырудың қолайлы әдістері мен түрлерін дамытып пайдалануда.