Лекции.Орг
 

Категории:


Теория отведений Эйнтховена: Сердце человека – это мощная мышца. При синхронном возбуждении волокон сердечной мышцы...


Электрогитара Fender: Эти статьи описывают создание цельнокорпусной, частично-полой и полой электрогитар...


Назначение, устройство и порядок оборудования открытого сооружения для наблюдения на КНП командира МСВ

Ретикулофиброзды сүйек тіні.



Загрузка...

Ретикулофиброзды сүйек тіні негізінде ұрықтарда кездеседі. Ересектерде оны бассүйектерінің тігістерінде, сіңірлердің сүйектерге бекитін жерлерінде кездестіруге болады. Ондағы коллаген талшықтарының ретсіз орналасып, салыстырмалы аз үлкейту кезінде байқалатын жуан шумақтар түзеді. Ретикулофиброзды сүйек тіннің негізгі затында сопақша пішінді лакуналар орналасқан. Лакуналар остеоциттер орналасқан анастомоз құратын каналдардардан құралады. Өрескел талшықты тіннің сырты сүйек қабымен қапталған.

Ретикулофиброзды тін:


  1. Коллаген талшықтары;

  2. Остеоциттер.

 


Пластинкалы сүйек тіні.

Пластинкалы сүйек тіні – ересек адам организімінде кең таралған сүйек тінінің түрі. Ол сүйек пластинкаларынан тұрады. Сүйек пластинкаларының ұзындығы мен қалыңдығы бірнеше микрометрден жүздеген микрометрге дейін болады. Пластинкалар фибриллалардан тұразы. Орталық бөлігінде фирриллалар бойлай, ал периферия бойында көлденең орналасады. Бір плпстиканың сүйектері басқа пластинкаларға да өтіп, сүйектің бірыңғай негізін түзеді. Сонымен қатар әр пластинканың өзінде ғана перпендикулярлы орналасатын арнайы фибриллалар мен талшықтар болады, сондықтан қабыршақты сүйек тіні өте берік болады. Қабыршақты сүйек тінінен ағзадағы сүйектің тығыз кеуекті заты түзіледі.

Пластинкалы сүйек тіні:


  1. Сүйек пластинкалары;

  2. Остеоциттер;

  3. Остеоцит аралшаларының жанасулары;

  4. Коллаген талшықтары;

 


Сүйектің физиологиялық және жарақаттанудан кейінгі регенерациясы.

Сүйек тінінің физиологиялық регенерациясы – периосттың, эндосттың және остеон каналындағы остеогенді жасушалардың есебіне жүретін өте баяу процесс. Сүйек тінінің жарақаттанудан кейінгі регенерациясы сынған сүйектің ұштары бір-біріне қатысты ығыспаған жағдайда жақсы жүреді. Сүйектің түзілуі тура емес остеогенез бойынша жүреді. Остеобласттар сүйекті құрастырғанға дейін, остеокласттар сүйек ұштары арасында кішкентай саңылау түзеді. Осы биологиялық заңдылыққа байланысты травматологтар сүйек регенерациясы барысында біртіндеп сүйек ұзартатын аппараттар қолданады.
Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар.

Сүйек тінінде өмір бойы сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі факторларына байланысты бір-бірімен тығыз байланысты бұзылу мен жаңару процестері жүріп отырады. Остеондардың қайта құрылуы біріншілік остеондардың бұзылуы салдарынан жүреді. Остеокласттар әсерінен остеонның пластинкалары бұзылып, оның орнында қуыс пайда болады. Бұл процесс резорбция деп аталады. Қуыстағы қантамыр айналасында остеобласттар пайда болып, жаңа плпстинкалардың қалыптасуы жүреді.

Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлардың ішінде ерекше орынды пьезоэлектрлік эффект алады. Сүйек пластинкасының иілген жерлерінде дөңес және ойыс жақтары арасында белгілі бір потенциалдар айырымы пайда болады. Дөңес жағы – оң, ойыс жағы – тері зарядталады. Теріс зарядталған бетінде үнемі остеобласттардың активтеліп, аппозициональды сүйек түзілу процесі өтеді. Оң зарядталған бетінде остеокласттар қатысатын резорбция құбылысы байқалады. Нөлдік потенциалғ сүйек тініне физикалық күш түсірмеу остеокласттардың қызметін жоғарылатып, сүйектің тұздардың шығарылуына әсер етеді.

Сүйек тінінің құрылысына витаминдер (С, А, Д), қалқанша, қалқанша маңы және тағы да басқа эндокринді бездердің гормондары әсер етеді.

Балаларда А витамині жетіспеушілігі кезінде сүйектердің өсуі тоқтайды. Д витаминінің авитаминозы балаларда рахит ауруына шалдықтырады. Ең алдымен остеогенез бұзылады: аяқ-қол сүйектерінің, бассүйектің және кеуде сүйегінің деформациясы, тіс жарудың кешеуілдеуі байқалады. Ересектерде авитаминоз кариес пен остеомаляцияға (сүйектің жұмсаруы нәтижесінде қисаюы), ал қарт кісілерде остеопороз (остеосинтездің бұзылуына байланысты сүйек тінінің тығыздығының төмендеуі) байқалады. Сүйектің бейорганикалық матриксінің бұзылуы Д витаминінің тапшылығы сүйек тінінен кальцийдің шайылуының күшеюімен және бүйрек каналдарында кальций реабсорбциясының бұзылуымен түсіндіріледі. Д витаминін шамадан тыс қолдану сүйектің деминералдануына, олардың сынғыштығына әкеледі. Қандағы кальций мөлшері артады.

Қалқанша безінің гормоны – кальцитонин – сүйекте оның тіндерінен кальцийдің шығуын әлсіретіп, сүйек тінін бұзатын остеокласттар қызметін тежеп, сүйек тінін түзетін остеобласттар қызметін белсендіреді. Сүйек құрамындағы фосфор қышқылы тұздарының деңгейін төмендетеді. Қалқанша маңы безі гормоны – паратгормон – сүйекте саұталған кальцийді қанңа шығарады. Соған сәйкес сүйектен кері сіңудің басқа өнімдері босатылады. Паратгормонның аталған әсері негізінен остеобласттарды бұзатын ферменттері бар, оның байланыстарынан кальцийді жұмылдыратын жасушаларды белсендіру қабілетіне байланысты. Паратгормон остеобласттардың құрылыс үрдістерін тежейді. Паратгормонның бұл әсерлері бірігіп, кальций мен фосфордың сүйектен шығуына, тіпті ондағы белокты құрамыстың қалыпты жағдайдан бұзылуына алып келеді. Гормон мөлшерден артық болса, сүйекте бос кеңістік пайда болады, яғни остеопороз дамиды.





Дата добавления: 2017-02-24; просмотров: 1377 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.002 с.