Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Артаюдың сыртқы белгілірі




Жоспар: І. Кіріспе II. Негізгі бөлім

1.Геронтологиядағы жас ұғымы

2. Қартаюдың жалпы механизмдері

3.Қартаюдың сыртқы белгілері.

4.Тері жабынының геронтологиялық өзгерістері

ІІІ. Қорытынды ІV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қартаю - жастық өзгерістердің заңды құбылысы болып табылады. Қартаю құбылыстары ертеден басталады және ағзаның қызмет ету мүмкіншілігін бірте-бірте қысқартады. Ағза денесінде қартаю белгілері әртүрлі құрылым деңгейлерде байқалады: молекулалық, жасушалық, ұлпалық, жүйелік және ағзалық. Ағзалық деңгейде қартаю өзгерістері алдымен сыртқы белгілерден байқалады: дене пішіні, отыруы өзгереді, дене көлемі азаяды, шаштары ағарады, түседі; терінің созылғыштық қасиеті жойылып, әжімдер пайда болады. Ағзаның көру және есту қабілеті нашарлайды, есте сақтауы төмендейді. Қартаю кезеңінде адам ағзасының барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінде айтарлықтай өзгерістер байқалады. 50 жастан кейін адам терісінде тұрақты өзгерістер — тыртықтар, меңдер, сүйелдер, өжімдер пайда болады. Бұның негізгі себебі осы кезде тері асты май қабаты бірте-бірте жұқарып жойылады. Бұл терінің құрғақтануына, оның иілімділігінің төмендеуіне алып келеді. Ас қорыту жүйесіңде мынадай өзгерістер байқалады — тістер босап, қаусап түсе бастайды, асқорыту сөлдерінің бөлінуі азаяды. 40 жастан өткеннен кейін артерия қан қысымы жоғарылайды, қан тамырлар қабырғасына холестерин сіңіп, жинақталып, оның иілімділігі төмендейді. Кәрілік кезеңде бүйректің фильтрациялау қарқыны азаяды. 40 жастан өткеннен кейін өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды. Бұлшықеттер босап, оның тіршілік күші төмендейді, осының нәтижесіңде адам тез шаршайтын болады. Ішкі секреция бездерінің қызметінде де айтарлықтай өзгерістер байқалады — кейбір бездердің қызметі төмендеп, гормондарды аз мөлшерде бөліп шығарады, мысалы жыныс бездері, қалқанша безі, бүйрек үсті безі т.с.с, ал кейбіреулерінің қызметі керісінше жоғарылайды, мысалы гипофиз. Жас ұлғайған сайын ағзаның иммундық реакциясы өзгереді, гуморальдық және жасушалық иммунитет төмендейді. Жүйке жасушаларының көбейе алмайтындығын ескерсек, жас ұлғайған сайын олардың саны бірте-бірте азаятындығы өздігінен-ақ түсінікті. Мысалы, 100 жылда мысықтың нейрондар саны 25 пайызға кеміген. Кәрілік сатыда адамдардың барлық сезім мүшелерінің қызметтері төмендейді. Ағзаның қартаю кезінде тұқым қуалаушылық аппараттың құрылысыңда да, қызметінде де өзгерістер болатыны анықталды. Мысалы, РНҚ, ДНҚ мөлшері азаяды, хроматин ақуызының физикалық-химиялық қасиеттері өзгереді, гистонды ақуыздардың ДНҚ молекуласымен байланысы қатая түседі, ал бүл көптеген гендерді активсіз күйге көшіреді, себебі олар транскрипциялана алмайды. Жасушалардың негізгі молекулалық генетикалық тетіктері — транскрипция, трансляция, ДНҚ репликациясы және репарациясы бұзылады. Қартаю кезінде жасушалық деңгейдегі өзгерістер ішінен цитоплазмада судың азаюын,оның иондарды тасымалдау белсенділігінің өзгеруін атауға болады. Эндоплазмалық тор құрылысы өзгереді. Ағзаның ескі жасушаларында бірқатар ферменттердің белсеңділігі азаяды, цитоплазмада бос радикалдар жинақталады, осының салдарынаи ассимиляция диссимиляция шығындарын толық өтей алмайды. Ұзақ уакыт бойына герантологияда мынадай пікір айтылып келген: қартаю кезінде ағза қызметінің кері дамуы, яғни инволюциясы байқалады. Жоғарыда келтірілген қартаю сипаттамалары шынында да осы пікірді растайды. Дегенмен көптеген гомеостаздық құбылыстар қартаю кезеңінде шұғыл түрде өзгермейді. Сол сияқты барлық мүшелер бірдей өзгермейді, айталық бір мүшенің қызметі кәрілік сатысында төмендесе, екінші біреулерінің қызметі керісінше жоғарылайды, үшіншілерінің қызмет белсенділігі айтарлықтай өзгермейді. Мысалы, бірінші типке жүректің жиырылуын, гормондардың белсенділігін, ішкі секреция бездерінің (қалқанша без, жыныс бездері) қызметін, көру, естут.б.; екінші типке гипофиз қызметін, қандағы холестерин деңгейін, жасушалардың гуморальдық және химиялық факторларға сезімталдығын т.б.; үшінші типке қандағы қант деңгейін, эритроциттер мен лейкоциттер санын, гемоглобин мөлшерін т.б. жатқызуға болады. Ағзаның әртүрлі мүшелері мен мүшелер жүйесінде жастық өзгерістер онтогенездің әртүрлі кезеңдерінде бір мезгілде байқалмайды — оны гетерохрониялық қабілеті деп атайды. Мысалы, тимустың семуі 13-15 жаста басталса, аналық бездің қызметінің тоқталуы 48 - 52 жаста байқалады Жастық өзгерістер бір мүшенің әртүрлі құрамдық бөлімдерінде бірдей бола бермейді. Мысалы мидың әртүрлі бөлімдерінде қартаю құбылыстары бірдей болмайды - оны гетеротопия құбылысы деп атайды. Жастық өзгерістер бір жүйеде ерте пайда болып, жәй дамыса (мысалы, сүйек ұлпасы), екінші біреулерінде кештеу байқалып, тез дамып кейінірек алға шығады (мысалы орталық жүйке жүйесі). Жастық өзгерістердің пайда болуы тек күнтізбелік жасқа ғана байланысты емес, ол бірқатар факторларға, оның ішінде әлеуметтік факторларға да байланысты. Биологиялық жасты анықтау үшін әртүрлі тесттік жүйелер пайдаланылады: артерия қысымы, қан холестеринінің мөлшері, өкпенің тіршілік сыйымдылығы, бұлшықет күші т.б. Ерте кездердегі герантологтардың пікірінше (Пархон) қартаю — емдеуге болатын ауру. Бірақ қартаю — ауру емес, ол онтогенездің заңды нәтижесі екенін естен шығармауымыз қажет. Ғылымның негізгі мақсаты биологиялық құбылыстарды кері қайтару емес, ол мүмкін де емес. Қартаю құбылыстарын зерттеудің негізгі мақсаты — ерте қартаюдың алдын алу, болдырмау, адамдарға физиологиялық қартаюға дейін толыққанды, белсенді өмір сүруге мүмкіндіктер жасау болып табылады.

Қартаю механизмі- бұл генетикалық, реттеу және трофикалық өзгерістердің күрделі өзара әсерлесу нәтижесі. Адамның белсенді өмірін ұзарту үшін салауатты өмір сүру, еңбек ету, дене шнықтырумен, спорт айналысу, ұтымды және үйлесімді тамақтану қажет болады. Кейінгі уақытта генетикалық біраз жаңалықтардың ашылуына байланысты адамның өмірін ұзариуға болады деген оңтайлы пікірлер төңірегіндегі ғалымдар ойларын сөзге тиек етсек, ол төмендегідейАдамның өмірін ұзартуға болады деп айтуға әлі ерте. Қазірдің өзінде сирек болса да 150 жыл өмір сүретін адамдар кездесіп қалады. Дегенмен, адамның өмірі тек биологиялық процестерге ғана байланысты емес. Мәселен, экономикасы нашар дамыған Африка, кейбір Азия жәек Латын Америкасы елдерінде адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 45-50 жас төңірегінде болса, экономикасы мықты дамыған елдерде 70 жас болып есептелінеді.Тағы бір ерекше әсер ететін жағдай – ол адамдар өмір сүретін табиғи қоршаған ортаның тазалығы болып табылады. Егер ол орта алуан түрлі өнеркәсіп қалдықтарымен ластанған болса, әрине адам сөз жоқ ауруға шалдығып, мезгілінен бұрын өледі. Міне, осындай факторлерді ескеретін болсақ, адамның өмірін шексіз ұзартуға болады деп айтуға қиын. Бәлкім ол қажет емес те шығар. Өйткені салыстырмалы түрде қысқа өмір сүрсе де әрбір адамның өмірі өзіндік ерекшелігімен қызық.

Қартаю сипаттамасы:

1) Қартаю — көптеген әр түрлі факторлар туындататын көп себепті үрдіс (полиэтиологиялық).

2) Қартаю — көп ошақты үрдіс. Ол жасушаның әр түрлі құрылымдарында — ядросында, мембраналарында, митохондрия­ларында және т.б. әр түрлі жасушаларда: жүйкелік, секреторлық, иммундық, бүйректік және т.б. туындайды. Әр түрлі типті жасушалар қартаюында айырмашылық болады. Олар жасушалардағың өзіне тән қызметімен анықталады. Ал бұл жасаушалардағы биохимиялық үрдістердің ерекшеліктеріне байланысты.

3) Қартаю — жасқа байланысты сыртқы және ішкі әсерлерден организмдегі зақымданудың жоғарлауына байланысты дамитын бұзушы үрдіс.

Қартаю себептері:

· зат алмасудың генетикалық алдын-ала айқындалған ерекшеліктері,

· күйзелістер,

· аурулар,

· бос радикалдар,

· ксенобиотиктер, (бөгде заттар),

· сутек иондарының концентрациясының өзгеруі,

· температуралық бұзылулар,

· оттектік ашығу,

· кейбір жоғары белсенді ферменттер әсерінен лизосомдардың бұзылуы,

· белок ыдырауының немесе басқа да организмнің тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген өнімдердің жиналуы., т.б.

Қартаю мынаған әкеледі:

· ­­- физиологиялық қызметтің жетіспеушілігіне;

· -жасаушалар өліміне;

· — организмнің бейімделу мүмкіндіктерінің шектелуіне;

· — организм сенімділігінің төмендеуіне

· — жасқа байланысты ауытқудың өрбуіне (артериялық гипертония, жүрек немесе мидың ишемия ауруы, қатерлі ісік, қант диабеті және т.б.).

· — қайтыс болу мүмкіндігінің артуына.

артаюдың сыртқы белгілірі

Қартаю — жастық өзгерістердің заңды құбылысы болып табылады. Қартаю құбылыстары ертеден басталады және ағзаның кызмет ету мүмкіншілігін біртебірте қысқартады.

Ағза денесінде қартаю белгілері әр түрлі құрылым деңгейлерде байқалады: молекулалық, жасушалық, ұлпалық, жүйелік және ағзалық. Ағзалық деңгейде қартаю өзгерістері алдымен сыртқы белгілерден байқалады: дене пішіні, отыруы өзгереді, дене келемі азаяды, шаштары ағарады, түседі; терінің созылғыштық қасиеті жойылып, әжімдер пайда болады. Ағзаның көру және есту қабілеті нашарлайды, есте сақтауы төмендейді.

Қартаю кезеңінде адам ағзасының барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінде айтарлықтай өзгерістер байқалады.

50 жастан кейін адам терісінде тұрақты өзгерістер — тыртықтар, меңдер, сүйеддер, әжімдер пайда болады. Бұның негізгі себебі осы кезде тері асты май қабаты біртебірте жүқарып жойылады. Бұл терінің құрғақтануына, оның иілімділігінің төмендеуіне алып келеді.

Ас қорыту жүйесінде мынадай өзгерістер байқалады — тістер босап, қаусап түсе бастайды, ас қорыту сөлдерінің бөлінуі азаяды. 40 жастан өткеннен кейін артерия қан қысымы жоғарылайды, қан тамырлар қабырғасына холестерин сіңіп жинақталып,

оның иілімділігі төмендейді. Кәрілік кезенде бүйректің фильтрациялау қарқыны азаяды. 40 жастан өткеннен кейін өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды. Бұлшықеттер босап, оның тіршілік күші төмендейді, осының нәтижесінде адам тез шаршайтын болады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 800 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

2183 - | 2133 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.