2.Негізгі шарттары мен ақы төлеу және есепке алу нысандары
1.Банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар. Банктік аударымдар мен олардың шотыКәсіпорындар сонымен қатар нақты ақшасыз да есеп айырысулар жүргізе алады. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаржаттарын банк мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.
Егер де заңды тұлғаларды арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте есеп айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғаларды арасындағы әрбір мәміле бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де мәміле сомасы лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да әрбір төлемнің сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.
Ақшалай қаражаттарды сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырыысу үшін Қазақстан Республикасының мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арсындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшауланған бөлімдері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъекті үшін ашылады. Аккредитивтер, чек кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақшалай қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъекті шоттарындағы қаражат олардың иелерінің бұйрығы бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъетінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу ен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индосаменттері арқлы беруді; төлем картчкасын пайдалануды; тікелей банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерінде белгіленген басқа да әдістерді пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзра есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізнде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді есепке жатқыза алады.
Нақты ақшасыз есеп айырысу нысандары жүзеге асырылғанда төмендегі негізгі түсініктер қолданылады:
- Ақшаны жөнелтуші банк және сол ақшаны қабылдаушы банк арасында құрылған келісім шарт негізінде ақша каражаттарын қабылдап алатын банк -бенефициар банкі деп аталады.
Бенефициар банкі аударылған ақшаны қабылдауга берілген тапсырманы және екі жақты (жөнелтуші банк жөне бенифициар банкі) келісім шартта анықғалган басқадай шарттарды орындауы қажет;
- Кәсіпорындардан ақшаны аудару немесе ақшаны төлеу жөнінде тапсырма алатын банк – тапсырма алушы банк деп аталады;
- Ақша аудару процессіне қатынасатын, бірақ не ақшаны жөнелтуші банк, не бенефициар банкі болып табылмайтын кез-келген банк – делдал деп аталады.
- Ақша аударымы немесе нақты ақшасыз есеп айырысу жүзеге асырылғанда төлем тапсырмасында немесе талап-төлем тапсырмасында ақшаны алушы ретінде көрсетілген тұлға бенефициар болып табылады.
- Ақшаны төлеуге тиісті тұлғаның келісімінсіз, оның ақша қаражаттарын, құрылған келісім-шарттың негізінде немесе заң бойынша, төлеуге тиісті түлганың қызмет көрсетуші банкке ақшаны өзіне (бенефициарға) аударуға тапсырма берген тұлға — өндіріп алушы болып табылады, ал төлем жасаушы банк өз тарапынан ол тапсырманы орындауы тиіс.
- Ақша аудару жөнінде банкке бірінші болып тапсырма беретін тұлға - ақша аударымын жасаудың инициаторы болып табылады. Инициатор болып төлем жасаушы тұлға да және бенифициар өзі де болуы мүмкін.
- Инкассалық өкім - төлем жасаушы тұлғаның банктегі шотынан оның келісімінсіз ақшаны төлетудің әдісі.
- Чек - төлем жасау нысандарының бірі, бұл нысан чек берушінің өзіне қызмет көрсетуші банкке чек үстаушыға онда көрсетілген соманы төлеуіне берген қағаз жүзіндегі бұйрығы.
- Чек беруші - чекті жазьш беретін түлға.
- Чек беруші тұлға өзінің шешімі бойынша чек құжатында көрсеткен ақшаны алатын тұлға - чек үстаушы болып табылады. Сондай-ақ, чек беруші өзіне чек жазған жағдайда, чек ұстаушысы бола алады.