Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Газлифт көтергішінің конструкциясы

Газлифт көтергіштерінің конструкциясы

Газлифт әдісін қолдану үшін ұңғыда екі канал болу қажет:бір канал - газ айдау үшін, екінші канал - ГСҚ ұңғы сағасына көтеру үшін.
Газлифтті көтергіштің кез-келген конструкциясы газ айдау бағытына байланысты екі жүйе бойынша жұмыс жасай алатыны белгілі. Бірінші жағдайда сығылған газ құбыраралық кеңістікке айдалып, ал ГСҚ орталық құбыр (СКҚ) бағанасы бойымен көтеріледі. Бұл жүйе сақиналы деп аталады, себебі газ сақиналы кеңістікке бағытталады.

Екінші жағдайда сығылған газды құбырдың (СКҚ) орталық бағанасына беруге болады, ал ГСҚ бұл жағдайда сақиналы кеңістік бойынша көтеріледі. Мұндай жүйе орталық деп аталады, себебі газ орталық құбырларға айдалады.
Газлифт ұңғылардың барлығы дерлік сақиналы жүйе бойынша жұмыс жасайды.Себебі орталық жүйені қолдануда:
- сақиналы кеңістіктің көлденең қимасы орталық құбыр қимасынан үлкен болады және тиімді жұмыс жағдайы тек үлкен шығым кезінде ғана іске асады;
- парафиннің қалыптасуы кезінде, оны шегендеу бағанасының ішкі бетінен жою мүмкін емес.
- мұнай құрамындағы құм түйіршіктері орталық жүйеде муфталарды қажап, қалыңдығын жұқартып, құбырлар үзілуі мүмкін.

Өндірілетін ұңғы өнімінің құрамына, ұңғыға айдалатын газ сапасына байланысты газлифт ұңғыларын тиімді пайдалану мақсатында әртүрлі газлифт көтергіштерінің конструкциялары қарастырылған.

 

Газлифт көтергішінің конструкциясы

 

 

 

а – екіқатарлы көтергіш; б – біржарым қатарлы көтергіш; в – бірқатарлы көтергіш; г - бірқатарлы көтергіш орталық газ айдау жүйесімен.

 

Екі қатарлы көтергіш.
Газлифт ұңғысының жұмысы үшін қажетті екі канал, нақты жағдайларда концентрлі орналасқан құбырлардың екі қатарымен жасалады, яғни ұңғыға бірінші (сыртқы) және екінші (ішкі) құбырлар қатары түсіріледі. Құбырдың сыртқы қатары диаметрі үлкен (әдетте 73-102мм) бірінші болып түсіріледі. Ішкі, диаметрі кіші (әдетте 48,60-73мм) бірінші қатардың ішіне екінші болып түсіріледі.

Екі қатарлы деп аталатын көтергіш пайда болады, мұнда сығылған газ құбыраралық кеңістікке бірінші және екінші құбырлар қатары арасына айдалады, ал ГСҚ құбырдың ішкі қатары бойынша көтеріледі.
(сур.- а).

Құбырдың бірінші қатары әдетте, перфорация интервалына дейін түсіріледі, ал екінші қатары газдың жұмыс қысымына сәйкес тереңдікте динамикалық деңгейден төмен түсіріледі, себебі қысым бірлігімен жазылатын СКҚ башмагын динамикалық деңгейден төмен батыру, әрқашан газдың жұмыс қысымына тең болады.

Құм шығарумен қиындатылған ұңғыны пайдалану кезінде екі қатарлы көтергіштер бұрын кеңінен қолданылатын.
Екіқатарлы көтергіштің артықшылығы:
- құм тығыны пайда болуы минимальды;
- айдалатын газ сапасы төмен жағдайда (газ құрамында сұйық компоненттер мөлшері жоғары)
- мұнай құрамында коррозиялық белсенді компоненттер кездескен жағдайда қолданған тиімді.
Кемшілігі:
- конструкцияға металл көп жұмсалады;
- көп қаражатты қажет етеді;
- жөндеу жұмыстарының ұзақтылығы.

Біржарымқатарлы (сур. б), мұнда металлды үнемдеу үшін құбырдың бірінші қатары құйыршық бөлімнен (екінші қатардың башмагынан төмен) тұрады, ол диаметрі кіші құбырдан жасалады. Бұл конструкцияның металлсыйымдылығын елеулі азайтып, көтерілетін ағыстың жылдамдығын арттырады, бірақ түсіруі бойынша операцияны қиындатады, себебі, бұл үшін алдымен бірінші қатар құбырының ілінуін өзгерту қажет.
Біржарымқатарлы көтергіштің артықшылығы:
- конструкцияның металлсыйымдылығы төмен;
Кемшілігі:
-ішкі көтергіштің түсіру тереңдігі шектеулі;
- конструкцияға біраз металл мен қаражатты қажет етеді;
- жөндеу жұмыстарының ұзақтылығы.

Бірқатарлы көтергіш.
Металлсыйымдылығы аз бірқатарлы көтергіштің сұлбасы (сур. в), келтірілген. Газ құбыраралық кеңістікке айдалып, ГСҚ құбырдың бір қатары бойынша көтеріледі, оның диаметрі ұңғы шығымымен және оны пайдаланудың техникалық жағдайларымен анықталады. Сұйықтың нақты деңгейі әрқашан көтеру құбырының башмагы маңында орнатылады. Айдалатын газ сапасы жоғары болу қажет.
Бірқатарлы көтергіштің кемшіліктеріне түп және башмак арасында көтерілетін ағыстың аз жылдамдығы жатады, мұнда түсіру тереңдігі газдың жұмыс қысымымен, сұйықты алу және де ұңғының өнімділік коэффицентімен анықталады.

Бірқатарлы көтергіштің артықшылығы:
- конструкция қарапайымдылығы;
- конструкцияға металл аз жұмсалады;
- газлифт клапандарын орналастыру мүмкіндігі;
- жөндеу жұмыстарын аз уақытта жүргізу мүмкіндігі.
Кемшілігі:
- бүлкілдеу (пульсация) мүмкіндігі жоғары;
- «түп – башмак» аймағында құм түйіршіктерінің көтеру жылдамдығы төмен болуына байланысты, құм тығыны қалыптасуы мүмкін;
- жоғары жіберу (іске қосу) қысымын қажет етеді (құбыраралық кеңістіктегі сұйықтықты СКҚ башмағына дейін ығыстыру үшін).

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Расчет и построение тяговой части паспорта | Физические основы действия оптико-абсорбционных
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1523 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

2264 - | 2037 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.