$$$001
Гипербилирубинемия неғұрылым тән:
А) Созылмалы панкреатиттің ауырсынулық түріне
В) Созылмалы панкреатиттің латентті түріне
С) Созылмалы панкреатиттің склерозды түріне
D) Cозылмалы панкреатиттің рецидивті түріне
E) Cозылмалы панкреатиттің псевдотуморозды түріне
{Дұрыс жауап}=E
Ұйқы безі патологиясын диагностикалауда неғұрылым мәліметті әдіске жататыны:
A) Дуоденалды зондтау
B) Компьютерлі томография
C) Рентгенологиялық тәсіл
D) Интрагастралды рН-метрия
E) Фиброгастродуоденоскопия
{Дұрыс жауап}= В
Науқас П., 25 жаста кеуде қуысының сол жағына берілетін, эпигастрийдің оң жағының қатты ауырсынуына, жүрегінің айнуына, қыжылға, тоқтаусыз құсуға шағымданады. Об-ті: терісі бозғылт, тілі сұрғылт жабынмен жабылған. Пальпация кезінде - эпигастрийдің оң жағында айқын ауырсыну, дефанс, Мендель с/мы (+). Анамнезінде - жоғары қышқылдықты гастрит. Қанында: Нв-107 г/л, ЭТЖ-8 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А) Жедел аппендицит
В) Өт-тас ауруы
С) Асқазанның пилорикалық бөлігінің ойық-жарасы
D) Панкреатит
E) Асқазан обыры
{Дұрыс жауап}= С
Қан араласуынсыз және тенезмдерсіз көп мөлшердегі ботқа тәрізді нәжістің бөлінуімен диареясы бар 49 жастағы науқас К., жағымсыз иіске, іштің кебуіне, дене салмағының азаюына шағымданып келді. Объективті: мезогастрийде, іштің сол фланкасында шамалы ауырсыну сезімі. Копроцитограмма: бейтарап май есебінен стеаторея, креаторея. Қайсысын тағайындаған НЕҒҰРЫЛЫМ тиімді болып табылады:
А) Пробиотиктер, эубиотиктер
В) Метронидазол мен лоперамид
С) Полиферментті препараттар
D) Антацидтержәне спазмолитиктер
E) Холинолитиктержәне антибактериалды препараттар
{Дұрыс жауап}= С
Алкогольды ішімдік қабылдайтын 50 жастағы ер адам тамақтан кейін күшейетін ішінің жоғарғы бөліміндегі ауырсынуға,жүрек айнуына,ішінің кебуіне,сұйық нәжіске, арықтауға шағымданады. Қандай диагностикалық әдіс зақымдалған мүшенің сыртқысекреторлы қызметінің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді?
A) рН-метрия
B) Уреазды сынама
C) Дуоденалды зондтау
D) Эластазды сынама
E) Глюкозотолерантты сынама
{Дұрыс жауап}=D
$$$006
Ұзақ уақыт созылмалы холециститпен ауыратын 40-жастағы науқаста, ем дәмді бұзғаннан кейін қатты белдемелі ауырсыну, іштің кебуі, құсу, склераның иктериялығы пайда болды. Хирургия бөліміне «Жедел холецистит» диагнозымен жатқызылды. 2 күннен кейін диагноз жоққа шығарылып, науқас терапия бөліміне созылмалы панкреатиттің өршуімен ауыстырылды. Ауырсыну синдромын басу үшін осы жағдайда қолдануға болмайды:
A) баралгин
B) новокаин
C) морфин
D) пантопон
E) платифиллин
{Дұрыс жауап}=С
54 жастағы науқас стационарға түскенде ішінің жоғарғы бөліміндегі белдемелі сипатты ауырсынуға,жүрек айнуына,ішінің кебуіне, тәулігіне 3-4 ретке дейін болатын жылтыр майлы түсті сұйық нәжіске шағымданады. Объективті: тілі ылғалды, ақ жабынмен жабылған. Іші кепкен, Шоффар аймағында, Мейо-Робсон нүктесінде аздаған ауырсыну бар. Қан анализі патологиясыз. Копрология: стеаторея, креаторея, амилорея. Ультрадыбысты зерттеуде: өт қабы қабырғасының қалыңдауы және тығыздалуы, ұйқы безінің басының және денесінің ұлғаюы, эхоқұрылымы біркелкі емес.
Қандай емдеу схемасы тиімді:
A) Омепразол+линекс+церукал
B) Фестал+омепразол+но-шпа
C) Креон+квамател+но-шпа
D) Омепразол+аллохол+но-шпа
E) Креон+омепразол+урсосан
{Дұрыс жауап}=E
Науқас А., 48 жаста, қабылдау бөліміне оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға,сарғаюға,жалпы әлсіздікке шағымданып түсті.Анамнезінен:Алкогольды жиі қабылдайды, бір апта бұрын өңештің варикозды-кеңейген тамырларынан қан кету болған. Қарағанда:терісі және склералары сарғыш түсті,телеангиэктазиялар,іші қампайған, гепатоспленомегалия. Қанында: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ - 44 мм/сағ. жалпы билирубин - 68 мкмоль/л, тура фракциясына байланысты.
Осы жағдайда нені тағайындаған неғұрлым тиімді?
А) гептрал+ мұздатылған плазма+С, к витаминдері
B) Преднизолон+гепабене+креон
C) Гептрал+эритромасса+креон
D) преднизолон+гептрал+холензим
E) Феррум-Лек + преднизолон + гептрал
{Дұрыс жауап}=A
Науқас О., 58 жаста эпигастрии аймағының оң жағындағы тұйық ауырсынуға, ішінің ұлғаюына, ентігуге, іш қатуына, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті.Жағдайының нашарлауы 2-3 ай бойы: ақырындап іші ұлғайған,ауырсыну пайда болған, өңештің варикозды-кеңейген тамырларынан қан кету эпизоды болған.Қарағанда: склералары субиктериялы.Ішінің көлемі ұлғайған, асцит. Бауыры қабырға доғасынан 4 см шығып тұр, тығыз,сезімтал. Айқын спленомегалия. Қандай емдеу тактикасын жүргізу НЕҒҰРЛЫМ ТИІМДІ?
A) эубиотиктер + прокинетиктер + витаминдер
B) витаминдер + интерферон индукторлары + ферменттер
C) гепатопротекторлар + ілмектік диуретиктер + прокинетиктер
D) вирусқа қарсы препараттар + витаминдер + прокинетиктер
E) альдостерон антагонистері + гепатопротекторлар + эубиотиктер
{Дұрыс жауап}=Е
Асқазанның ойық-жарасы бар науқас эпигастрий аймағында толу сезіміне және ауырсынуына, сасық иісті, қабылдаған тағаммен құсуға, дене салмағының азаюына шағымданады. Асқазан аймағында көзге көрінетін перистальтика және шылпыл шуы анықталады. Дұрыс диагнозды таңдаңыз:
А) Он екі елі ішектің ойық-жара ауруы
В) Пенетрациямен асқынған асқазаның ойық-жара ауруы
С)Перфорациямен асқынған асқазаның ойық-жара ауруы
D) Қан кетумен асқынған асқазаның ойық-жара ауруы
Е) Қалтқы стенозымен асқынған асқазаның ойық-жара ауруы
{Дұрыс жауап}=Е
20 жастағы ер адамда аяқ астынан қан мен шырыш араласқан диарея, іштегі ұстама тәрізді ауырсынулар, дене температурасының 37 градусқа дейін жоғарылауы пайда болды. Нәжіс жиілігі – 4-5 рет тәулігіне. Қарағанда: тері жабындыларының бозғылттығы, іші жұмсақ, жуан ішек бойымен ауырсынады, бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Нв – 105 г/л, лейк. – 9,6 мың. 1 мкл, жалпы белок 65 г/л, альбуминдер – 35%. Берілген жағдайда колоноскопия кезінде барлығы анықталуы мүмкін, тек:
A) «Түйіршікті» шырышты қабат
B) Контактті қан кету
C) Жараланудың беткей сипаты
D) Шырышты қабаттың терең жіңішке жаралары
E) Нейтрофильді инфильтрация
{Дұрыс жауап}=D
Науқас 48 жаста, қатты шаршағыштыққа, басының ауыруына, жүрек айнуына,оң жақ қабырға астында ауырлық сезіміне, қызыл иектерінің қанауына шағымданып түсті. Анамнезінен: 10 жыл бұрын созылмалы бауыр ауыруына байланысты емделген. Диета сақтамаған, кездейсоқ жыныстық қатынастар болмаған, наркотиктер қабылдамайды. Объективті: тері жабындылары және склералары сарғыш түсті, «бауырлық» алақандар, кеуде қуысының жоғарғы бөлімінде тамырлық жұлдызшалар, гепатоспленомегалия. Қан анализінде: анемия, ЭТЖ жоғарылауы, гипербилирубинемия тура фракциясының жоғарылауымен аланинді және аспарагинді трансаминазалардың 3 есе жоғарылауы. Гепатит маркерлері: вирусты гепатит С-ның барлық маркерлері оң. Қандай препараттарды тағайындау қажет?
A) Эссенциале+креон
B) Гептрал+урсосан
C) Интрон+гептрал
D) Гептрал+креон
E) Преднизолон+эссенциале
{Дұрыс жауап}=C