Эпидемиялық процестің сиппатамасы. Гименолепидоз барлық жерлерде тараған. Барлық климаттық аймақтарда кездеседі, бірақ аурудың таралуына аскаридоз әсер етеді, себебі соңғының тіркелген аймақтарында гименолопедоз табылмайды. Осыған қарамастан, цестоздардың ішіндегі ең кең және барлық жерге тарағаны гименолепидоз, сондықтан бұл гельминтоз контагиоздық деп есептеледі. Ол лңтүстік аймақтарда (әсіресе балалар арасында) жиі тіркеледі.
Жұмыртқа бөліуі.
Ергежейлі цепеннің жұмыртқа бөлуі белгілі мерзімділікпен сиппаталады, оның үстіне жұмыртқаны бөлу мерзімінің ұзақтылығы инвазияның пәрменділігіне тікелей байланысты. Сонымен қатар цепеннің жұмыртқалары қоршаған ортаның әртүрлі әсеріне шыдамсыз, сондықтан тіршілік қабілетін ұзақ сақтай алмайды. Ішектен қоршаған ортаға шыққаннан кейін 1,5-2 сағат ішінде бұзылады. Осыған орай оларды қоршаған орта объектілерінен (көкөніс, топырақ, тұрмыс жабдықтары және т.б.) табу сирек кездеседі.
Гименолепидоз қоздырғышының берілу механизмі.
Гименолепидоз қоздырғышының берілу механизмі – нәжіс – ауыз, берілу жолы – жанасу және ауыз (пероральды). Шыбындар – гельминт жұмыртқаларын механикалық тасушылар. Берілу факторлары – цепеннің жұмыртқаларымен ластанған қолдар, тұрмыс жабдықтары (ойыншықтар, есік тұтқалары және т.б.), тағамдар. Ергежейлі цепеннің жұмыртқалары тырнақтарда 3-4 жұма сақталады. Температура +60 С болғанда олар 15 мин. өмір сүреді. Құрғақшылық және күн сәулелері жұмыртқалаларды өлтіреді. Эпидемиялық процемтің дамуында ең маңыздысы адам, гельминтозға шалдыққан науқаспен тікелей араласқанда, жанасқанда жұқтырады. Бұл жұқтыру қолайсыз тұрмыстық жағдайларда, тығыз орналасқанда, жеке бас тазалығы сақталмағанда жүзеге асады.
Негізгі клиникалық көріністері.
Негізгі клиникалық көріністері – ретсіз және жиі шығатын қан аралас (көбінесе дизентериямен шатастырады) нәжіс; іштің ауруы, әлсіздік, аурушандық, асқазанның қыжылдауы және ішек – қарын жолының жұмысы бұзылғанда байқалатын басқа да белгілер; аллергиялық негізі бар белгілер (бөртпе, дене қышуы). Инвазияланғандардың 30 % және одан көбінде ауру белгісіз өтеді.
Диагноз қою.
Диагноз қою нәжісте және ауруды қоршаған заттардан алынған шаймаларда жұмыртқаларды табуға негізделген. Ергежейлі цепеннің жұмыртқалары циклмен шығатынын және қоршаған ортада тез өлетінін ескеріп, теріс көрсеткіш болатын жағдайда, сынақты 3 рет қайталау керек. Табиғи жағындыны зерттеуді флотациялық әдістермен қоса пайдалану ұсынылады. Фенасалмен арандатуды пайдаланып (кешкісін ауру адам 0,1 – 1,0 г препаратты, сосын іш жүргізетін тұздарды қабылдайды), таңертен нәжісті зерттейді.
Ауруларды емдеу
Ауруларды емдеу және ергежейлі цепенмен залалданған барлық адамдарды дегелминтизация жасау бір уақыттағы емдеу және алдын алу шаралары болып табылады. Бұл мақматта фенасал және празиквантел қолданылады. Аутосуперинвазияны және реинвазияны ескеріп, аталған препараттарды қайталап (2,4 және 7 күндік циклдер, 5-7 күннен кейін) тағайындайды.
Эпидемиялық қадағалау, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралар.
Эпидемиялық қадағалау, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралар көп жағдайда энтеробиозда қолданылатын әдістерге сай келеді. Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңызы аса зор екенін ерекше атауға болады. Егеуқұйрық цепені тудыратын гименолепидоздарда аралық иелері (бүргені, тарақандарды және басқа да буынаяқтыларды) жоюға бағытталған дзинсекция жасау керек. Сонымен қатар ұнды, нан тағамдарын және басқа да тағамдарды ластанудан сақтаған жөн.
Дифиллоботриоз.
Дифиллоботриоз нәжіс ауыз механизмімен жұғатын, асқазан ішек жолдарын зақымдап, созылмалы түрде өтетін, металобласттыанемия дамитын, цестодоз тобына жататын зооантропонозды биогельмитоз. Қоздырғышы: таспа құрттарының 10 дан артық түрлері бар. Олардың ішінде ең көп таралғаны Diphillobotrum latum. Ұзындығы 10 метрдей, 3-4 мың буындары бар. Денесінің алдыңғы шетінде 2 сорғышы бар. Ішектен жоғарғы жағында шырышты қабатына жабысады.
Дифиллоботриоз. Этиологиясы. Қоздырғышы – 10 түрден көп жолақшалар Diphillobothrium тұқымдасынан. Көбінесе зерттелген D. latum(жуан жолақша), жуан жолақшалы құрт көлемі – 10 мм және одан да ұзын. Эпидемиологиясы. Дифиллоботриоздар пероральді биогельминтоздар, зооноздар. Соңғы иесі және инвазия көзі болып адам табылады. Және сирек шошқалар, аюлар, түлкілер, тюленьдер, т.б. балық жегіштер жатады. Ащы ішекте өсіп жетілген гельминт паразиттеледі. Бірінші аралық иесі - су шаяндары, екінші – балықтар, олардың ағзаларында плероциркоидтердің дернәсілдері қалыптасады. Адамға жұғуы тұздалмаған немесе толық өңделмеген балықты және балық уызын қоректенгенде болады. Патогенез. Жуан жолақтың адам организміне патогенді әсері токсико-аллергиялық және механикалық әсер ету арқылы. Ащы ішектің қабырғасына паразит шырышты қабатты зақымдайды. Нәтижесінде некротизация және атрофия болады. Гельминттердің алмасу процестері нәтижесінде адам ағзасының сенсибилизациясы жүреді және аутосенсибилизациясы болуы мүмкін. Ерекше мәнді эндогенді гипо- және авитаминоз алады. Инвазия кезеңінің ұзақтығы 10 жылға дейін.
Клиникалық белгілері. Жуан жолақтың инвазиясы көбінесе симптомсыз өтеді. Кейбір адамдарда бастың ауруы, шаршағыштық, бас айналуы, еңбекке қабілетінің төмендеуі және асқазан ішек жолдарының зақымдануымен бірге өтеді. Ішек өтімсіздігі дамуы мүмкін.