Каф. меңгерушісі, проф. ___________________ Ахмедьянова Г.У.
Кафедра мәжілісінде бекітілді 31.08.2016 ж. хаттама № 1
Астана медицина университеті» АҚ
Акушерлік және гинекология кафедрасы
Рекет алгоритмі
ОҚКЕ станциясы
Іш айналымын, жатыр түбі биіктігін өлшеу, ұрықтың жүрек соғысына аускультация жүргізу.
Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік зерттеу жүргізу
№ | Дағдыларды бағалау белгілері | Әрекет алгоритмі |
Іш айналымын өлшеу. | Сантиметрлік лентаны жүкті әйелдің арқасымен айналдыра, іштің шығыңқы нүктесіне тығыз қойып, кіндік тұсында іш айналымын өлшейміз. | |
Жатыр түбі деңгейін өлшеу. | Сантиметрлік лентамен қасағаның жоғарғы қырынан жатырдың түбіне дейінгі биіктікті өлшейміз. Сантиметрлік лентаның ұшын қасағаның жоғарғы қырына орналастырып қолдың қырымен ысырып жатыр түбінің биіктігін анықтаймыз. | |
1-ші тәсілді жатыр түбі деңгейінің биіктігін және ұрықтың түбіндегі бөлігін анықтау үшін жүргізу. | Ол үшін екі қолдың саусақтарын бір-біріне бағыттап, бірақ жанастырмай алақанын жатыр түбіне қойып жүргізіңіз. | |
2-ші тәсілді жатыр қуысында ұрықтың орналасуын, позициясын және түрін анықтау үшін жүргізу. | Ол үшін қолды жатыр түбінен жатырдың бүйір бетіне жылжытып, алақанмен жатырдың бүйір бетіне алмакезек пальпация жүргізіңіз. | |
3-ші тәсілді ұрықтың келіп тұрған бөлігін сипаттау және оның кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтау үшін жүргізу. | Ол үшін оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, нәрестенің төменгі бөлігіне басбармақты бір жағынан, төрт саусақты екінші жағына орналастырыңыз. | |
4-ші тәсілді ұрықтың келіп тұрған бөлігін және оның кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын анықтау үшін жүргізу. | Бұл тәсілді жүргізу үшін емтихан тапсырушы жүкті әйелдің аяғына қарама-қарсы тұрады. Қолды жатырдың төменгі сегментінің екі жағына қойып, саусақтарды кіші жамбас кіреберіс жазықтығының үстінен барынша түйістіре орналастырып, ұрықтың келіп тұрған бөлігінің сипаты мен орналасуын анықтаңыз. | |
Ұрықтың жүрек соғысына аускультация жүргізу. | Ұрықтың келіп тұрған бөлігіне және бағытына байланысты әйелдің ішіне стетоскопты қойыңыз: егер ұрық басымен келіп тұрса жүрек соғысын позициясына байланысты кіндіктен төмен оң немесе сол (І/ІІ позиция, артқы/алдыңғы көрініс) жағынан тыңдаймыз, егер ұрық жамбаспен келіп тұрса – кіндіктен жоғары оң немесе сол (I/II позиция, артқы/алдыңғы көрініс) жағынан тыңдаймыз. | |
Ұрықтың ЖЖЖ қалыптылығы | Қалыпты жағдайда ұрықтың жүрек жиырылуының жиілігіминутына 110-160 соққы. |
Станция ұзақтығы – 5 минут.
Каф. меңгерушісі, проф. ___________________ Ахмедьянова Г.У.
Кафедра мәжілісінде бекітілді 31.08.2016 ж. хаттама № 1
Астана медицина университеті» АҚ
Акушерлік және гинекология кафедрасы
Рекет алгоритмі
ОҚКЕ станциясы
Ынаптың тазалық дәрежесіне қынаптан жағынды алу
№ | Дағдыларды бағалау белгілері | Әрекет алгоритмі |
Залалсыздандырылған қолғап кию. Екі жақты ашылмалы айнаны қынапқа енгізу. | Екі қолыңызға да жаңа бір қолданыстық қолғап киіңіз. Екі жақты ашылмалы айнаны оң қолыңызға алып, сол қолмен (1-2 саусағымен) үлкен жыныс ернеулерін ашып, кіші жамбастың тік өлшеміне сәйкес қынаптың артқы қабырғасынан артқы күмбезге дейін енгізіп, көлденең өлшемге бұрыңыз. Жатыр мойнын және қынапты ашамыз. | |
Фолькман қасығымен артқы күмбезінен жағындыны алу және заттық шыныға жағу. | Материал жинау үшін Фолькман қасығымен қынаптың артқы күмбезін ақырын баса отырып зерттеу материалын алып, шыны затқа жұқа қабықша секілді жағыңыз. | |
Фолькман қасығын қолданылған инструменттер лотогына қойыңыз. | Фолькман қасығын қолданылған құралдарға арналған лотокқа салыңыз. | |
Қынаптан екі жақты ашылмалы айнаны шығарамыз. | Екі жақты ашылмалы айнаны жабамызжәне көлденең өлшемнен тік өлшемге келтіре отырып,ақырын қынаптан шығарамыз,. | |
Екі жақты ашылмалы айнаны қолданылған құралдарға арналған лотокқа салу. | Екі жақты ашылмалы айнаны қолданылған құралдарға арналған лотокқа салыңыз. | |
Қолғапты шешіп және арнайы контейнерге салыңыз. | Бір қолданыстық қолғапты шешіп, пайдаланылған заттарға арналған сыйымдылыққа салыңыз. | |
Лабораторияға жіберу үшін бағыттау бланкті толтыру. | Зертханаға жіберу үшін жолдама қағазынтолтырыңыз. Науқастың аты–жөнін, жасын, жағынды алынған күнді, дәрігердің фамилиясын көрсетіңіз. |