Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Позитронды-эмиссионды томография 9 страница




*+спазмолитиктер, седативті әсері бар нейротропты заттар, физиоем

*холеретиктер, үстемелеуші әсері бар нейротропты заттар

*спазмолитиктер, холекинетиктер, минеральды сулар

*спазмолитиктер, дуоденальды зондтау, физиоем

*физиоем, холеретиктер, спазмолитиктер

 

!Ерте жастағы балалардағы ЖЖШ /жедел жүрек шамасыздығы/-ның этиологиялық факторларын атаңыз:

*+фиброэластоз ревматизм

*ревматикалық және ревматикалық емес кардиттер

*инфекциялық токсикоздар

*өкпе аурулары (пневмония, БА)

*жүрек аритмиялары

 

!Гемолитикалық анемиялар осы анемияларға жатады:

*Гипорегенераторлы

*+Гиперрегенаторлы

*Регенераторлы

*Макроцитарлы

*микроцитарлы

 

!Қандай қоздырғыш интранатальды індет жұқтыру кезінде балаларда туа біткен пневмония пайда болуының себебі болып табылады?

*Цитомегаловирус

*+В тобының стрептококкы

*Грамтеріс бактериялар

*Стафилококк

*Микоплазма

 

!І-ші жүктіліктен, І-ші ұзаққа созылған босанудан жаңа туған нәресте, өмірінің алғашқы минуттарында енжар, спонтандық қозғалыс белсенділігі, қарап тексеруге және тітіркендіргіштерге реакциясы әлсіз, рефлекстері тұнжыраңқы. Айқайы қысқа, аз эмоциалы. Тері жабындылары көгеріңкі, тахикардия, тондары бәсеңдеген, қысқа мерзімді апноэ. Жаңа туған нәрестенің жағдайын Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:

*9

*8

*7

*6

*+5

 

!Балалардағы гломерулонефриттің дәл диагностикасы үшін келесі тексеру қажет:

*+Бүйрек биопсиясы

*Урография

*Цистография

*Цистоскопия

*Компьютерлік томография

 

!Ұзақ әсер ететін инсулин препараттарына жатқызады:

*Хумалог

*Хумулин

*Протофан

*+Лантус

*Актрагит

 

!Балалардағы Крон ауруы кезінде жиі осы ішек зақымдалады:

*Ащы

*Тоқ

*Мықын тұсы

*Тоқ ішектің дистальды бөліктері

*+Тоқ ішектің илеоцекальды бөлігі

 

!Қан айналымның кіші шеңберінің молаюы қандай туа біткен жүрек ақауына тән?

*+ДМЖП

*Өкпе артериясының стенозы

*Қолқа сағасының стенозы

*Декстракардия

*Қолқа коарктациясы

 

!Балаларда жүрек жеткіліксіздігімен асқынған қандай жүрек патологиясы кезінде, жүрек гликозидтарымен тез қанықтыру әдісі қолданылады?

*Митральды саңылау стенозы

*ҚАПА (ДМЖП)

*Эндокардит

*+Миокардит

*Перикардит

 

!Бала 4 жаста. Көруінің төмендеуіне шағымданады, «көздерінде құм» сезімі, тізе және сирақ-аяқ буындарында қимылсыздық, кешке қарай қимылы толық қалпына келеді, субфебрилитет. Объективті: интоксикация, оң жақ тізе буынының көлемі ұлғайған, сипағанда күйіп тұр, көбірек бүгі мүмкін емес. Басқа органдар өзгеріссіз. Көзін қарап тексергенде: көз алмасының тамырлық суретінің ұлғаюы, синехия есебінен қарашықтарының формасының өзгеруі. Науқаста қандай диагноз болуы ықтимал?

*Реактивті артрит

*+Ювенильді созылмалы артрит

*Ревматоидты артрит

*Облитерацияланған артрит

*ЖҚЖ

 

!12 жастағы бала, тез шаршағыштық, диспепсиялық бұзылыстар, парестезия, көз қарлығу шағымдарымен клиникаға түсті. Объективті: оң Хвостек, Труссо, Люст симптомдары. Қанында гипокальциемия. Науқаста қандай ауруды болжауға болады?

*Спазмофилия

*Эпилепсия

*Гиперинсулинизм

*Гиперпаратиреоз

*+Гипопаратиреоз

 

!6 жастағы бала, клиникаға ауыр жағдайда түсті, енжар, дәрменсіз, тері жабындылары боз-сарғыш, мұнаралы бас-сүйек, биік готикалық таңдай. Бауыры қабырға доғасының шегінде, ауырсынусыз, көкбауыр қабырға астынан 5 см шығып тұр, тығыз консистенциялы. 3 жасынан бастап гематологта есепте тіркеуде. Кесімді диагнозды қоюға қандай жоғары сезімтал және спецификалық тест көмектеседі?

*Эритроциттердің осмотикалық резистенттілігі

*+Ағысты цитометрия

*Билирубинді анықтау

*Ретикулоциттер саны

*Қан сарсуы мен несептегі еркін гемоглобин мөлшері

 

!Систолалық шығарылудың көлемін мен эластикалық және бұлшық ет типтес тамырлар тонусының жағдайын осы әдіс көмегімен жасайды:

*Эхокардиография

*Ангиография

*Векторокардиография

*+Механокардиография

*Фонокардиография

 

!Қандай ауру қоюланудың плазмалық факторларының ақауымен шарттасқан?

*Верльгоф ауруы

*+Гемофилия

*Лейкоз

*Шенлейн-Генох ауруы

*Гемолитикалық анемия

 

!Муковисцидоз– бұл:

*+негізінде экзокринді бездің патологиясы жататын жиі тыныс алу ағзалары мен АІЖ қызметі бұзылуымен жүретін тұқым қуалайтын ауру

*өкпе, бүйрек зақымдануы және өршімелі анемиямен жүретін тұқым қуалайтын ауру

*симптомдар триадасымен ішкі ағзалардың кері орналасуы, бронхоэктаз және риносинуситтермен сипатталатын тұқым қуалайтын ауру

*айқын цианозбен, полицетемия және ентігу, кеуде ауырсынуымен көрінетін тұқым қуалайтын ауру

*трифосфаттар мен кальций карбонатының альвеолаға бірегей таралуымен сипатталатын тұқым қуалайтын ауру

 

!0-3 айлық омыраумен тамақтанатын балаларда ішек құрамының пассаж жиілігі:

*күніне 1 рет

*күніне 2 рет

*+күніне 3 рет

*күніне 4 рет

*күніне 5 рет

 

!Балаларда Крон ауруы кезінде жиі зақымданады:

*ащы ішек

*жуан ішек

*мықын ішек

*жуан ішектің дистальды бөлігі

*+жуан ішектің илеоцекальды бөлігі

 

!Нәрестеге 15 күн. Анасы баласының тамақтан кейін,сондай ақ біраз уақыттан соң жиі құсуына шағымданады. Іріген сүтпен құсады. Емуі белсенді, нәжісі қалыпты, патологиялық қоспаларсыз, диурезі жеткілікті. Анамнезінен босану тез болғаны белгілі, Апгар бойынша 6-7 балл. Өмірінің бірінші күнінен құсады.Болжам диагноз:

*лактазды жетіспеушілік

*пилоростеноз

*перинатальды энцефалопатия

*ішек дисбактериозы

*+пилороспазм

 

!Қыз бала 1,5айда. Анасы баласының тамақтан кейін,сондай ақ біраз уақыттан соң, сонымен қатар тамақтану алдында жиі құсуына шағымданады. Омыраумен тамақтанады, емуі белсенді. Іріген сүтпен құсады. Нәжісі мен зәрі қалыпты. 1 айда салмағына 700 грамм қосқан. Анамнезінен босану тез болғаны белгілі. Өмірінің бірінші күнінен құсады.Бұл ауру неліктен дамыды:

*ішек өтімсіздігінен

*қоршау тарылуынан

*ішек дисбактериозынан

*+қоршау спазмы салдарынан

*лактазды жетіспеушіліктен

 

!5 жастағы баласы бар әйел адам баласында 5 тәулікке дейін нәжісінің болмауына және іш ауырсынуына шағымданып келді. Қарап тексергенде кеуде қуысы ағзалары жағынан өзгеріссіз.Іші жұмсақ, пальпацияда ауырсынады,тітіркену симптомдары жоқ. Қандай әрекет болуға тиіс?

*+тазалау клизмасы

*іш айдайтын препараттар беру

*антибиотик тағайындау

*сифонды клизма

*майлы клизма

 

!3 айлық ұл бала. Анасының сөзі бойынша іш қату, іштің желденуі, екі реттік құсу мазалайды. Іш қатуы туғаннан мазалайды. Қазіргі кезде тазалау клизмалары мен газ шығарушы түтіктің әсері жоқ. Мүмкін диагноз?

*ішек өтімсіздігі

*Крон ауруы

*мегаколон

*+Гиршпрунг ауруы

*копростаз

 

!Алимбек 10 жаста. Іштің ұстама тәрізді ауыруы, нәжістің 4-5 күнге дейін болмауы мазалайды. Нәжістің болмауы 4-5 ай бойы. Объективті: бала қозған, тез тітіркенеді, іш пальпациясында жуан ішек бойымен ауырсыну анықталған. Нәжісі фрагменттелген, тығыз (қой нәжісі). АІЖ рентгеноскопиясында баридің жуан ішек бойымен баяу жылжуы мен оның спастикалық жағдайы анықталған. Бұл жағдайда қандай ем түрі қажет?

*физикалық белсенді өмір сүру

*тазалау клизмалары

*қатты клетчаткасыз диета

*+лактулоза, тазалау клизмалары

*жоғары минералданған минеральды су

 

!Қабылдауда 4-жастағы бала мен оның анасы. Жүрек айнуға, нәжістің 4 күн бойы болмауына шағымданады. Іш қату 6 ай бойы мазалайды. Объективті: терісі құрғақ, қабыршақтанған, тырнақ пен шаш сыңғыштығы анықталады.Аузынан жағымсыз иіс, ауыз бұрышының жарылуы.Іші қампиған, ұлғайған. Іш пальпацияда ауырсынбайды,төмен өрлеуші және сигма тәрізді ішекте нәжіс бөліктері анықталады.Қандай диагностикалық зерттеу осы жағдайда жасалуы қажет?

*колоноскопия

*ирригоскопия

*+ректороманоскопия

*гистологиялық зерттеу

*тік ішекті саусақпен тексеру

 

!Жас ана нәрестенің іш қатуға бейімділігіне шағымданады (нәжіс тек газ шығарушы түтікті енгізген соң ғана шығады) және терісінің сарғаюының сақталуына, салмақ аз қосуға шағымданады. Нәрестеге 15 күн. Анамнезінен: туғандағы салмағы- 4200 гр. Қарап тексергенде: кеңсірігі кең, көзі кең орналасқан, аузы ашық, үлкен жуан тіл, кіндік жарығы, денесінің сұрғылттануы. Бала әлсіз, ұйқышыл. Көзқарасын бекітеді, бірақ қарауы қысқа. Парасимпатикалық тип бойынша терінің айқын вегето-тамырлық реакциясы.Қалыпты терең рефлекстер фонында бұлшықеттік гипотония.Тіреу және адымдау рефлекстері аздап төмендеген.Ошақты симптоматика жоқ. ТАЖ - 38 рет/1 мин, ЖСЖ 100 р/мин. Ішкі ағзалар өзгеріссіз.Бұл жағдайдың патогенетикалық емнің препаратын атаңыз:

*мерказолил

*преднизолон

*гидрокортизон

*+L- тироксин

*дексаметазон

 

!Ұл бала 12жаста. Қыжылға, ащы бөлініспен кекіруге, аш қарынға немесе тамақтанудан кейін бір сағаттан соң эпигастриде ауырсынуға шағымданады. Пальпацияда эпигастрий маңында аурсыну анықталады. Эндоскопиялық: асқазанның шырышты қабатының терең домалақ немесе сопақша пішінді дефектісі, фибриннің ақ жабынымен жабылған, қабыну ошағымен қоршалған.Диагнозың атаңыз:

*Асқазан жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа жара, перевисцерит

*Асқазан жара ауруы, өршу кезеңі,эпителизацияның басталуы, стеноз

*+Асқазан жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа жара, асқынусыз

*Асқазан жара ауруы, өршу кезеңінің қайтуы, жараның жазылуы, асқынусыз

*Асқазан жара ауруы, ремиссия кезеңі, асқынусыз

 

!Бала 1 жаста, салмағы 10 кг.Дене қызуының 39,5 С жоғарылауы анықталады, терісі бозғылт тырнақ беті мен аузы көгерген, «ақ дақ»симптомы оң. Аяқ қолдары суық. Шұғыл шаралар қандай?

*парацетамол 100 мг

*+парацетамол 100 мг+ тамыркеңейткіш препараттар

*парацетамол 120 мг + спиртті ерітіндімен сүрту

*парацетамол 150 мг + ірі тамыр маңына мұз қою

*парацетамол 200 мг+ ампициллин 250 мг

 

!Анасы баласында ауыз қуысының шырышты қабығында жабын болуына шағымданып келді. Балаға 1 ай, омыраумен тамақтанады. Тамақтанғанда мазасыз.Жабынды 10 күн бойвна сақталады. Қарап тексергенде: бала мазасыз, ауыз қуысында – қызарған негізде ірімшікті жабынды, тіл, қатты таңдай мен ұртты толығымен жабады. Басқа ағзалар бойынша өзгеріссіз. Диагноз:

*жіті герпетикалық стоматит

*молочница, жеңіл дәрежеде

*молочница, ауыр дәрежеде

*+молочница, орташа дәреже

*ауыз қуысының созылмалы кандидозы

 

!Егер анасы жағынан тұқым қуалаушылық анықталса, балада бронх демікпесінің дамуы қанша пайыз болуы мүмкін?

*10 %

*20 %

*30 %

*40 %

*+50 %

 

!Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігінің қандай бұйрығына сәйкес балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау жүргізіледі?

*бұйрық № 508 23.06.2015

*бұйрық № 626 28.07.2015

*+бұйрық № 685 10.11.2009

*бұйрық №145 16.03.2012

*бұйрық № 459 8.06.2015

 

!5 жасар бала. Шағымдары: кеуде қуысындағы қысу сезіміне, жөтел, қайталамалы тыныс жеткіліксіздігі эпизодтары, әсіресе жануарлармен жанасудан соң күшейеді. Анамнезінен: анасында – аллергический ринит. Анасының айтуы бойынша аталған шағымдар физикалық жүктемеден соң және салқын тигенде күшейеді. Анамнезде – созылмалы ринит. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Кеуде қуысының гиперэкспансиясы, аускультацияда ысқырықты сырылдар, құрғақ жөтел, периорбитальды көлеңкелер.

Болжам диагноздарының қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

*+Бронх демікпесі

*Обструктивті бронхит

*Жедел бронхит

*Ауруханадан тыс пневмония

*Аллергиялық ринит

 

!4 жасар қыз бала. Шағымдары: жиі және ауру сезімімен зәр шығаруға, «жалған» шақыруларға, зәрін жиі ұстай алмайды, ішіндегі және беліндегі ауру сезімі. Объективті: дене температурасы 37 – 38 С, зәрін ұстай алмайды, зәрінің иісі жағымсыз, ішіндегі және беліндегі ауру сезімі мазалайды. Пастернацкий симптомы (+) екі жағынан да. Жалпы қан анализі: лейкоцит – 7х10/9л, лимфоциттер – 65%, моноциттер - 15%, т/я – 10%, с/я – 55 %, эритроциттерің тұну жылдамдығы – 15 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок – 0,3 г, лейкоциттер – 5 – 7 к/а, эритроциттер – 8 – 10 к/а.

Қандай диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс болуы мүмкін?

*Гломерулонефрит

*Цистит

*+Пиелонефрит

*Тубулопатии

*Нефрит

 

!13 жасар ер бала. Склерасының сарғаюы мен оқтын-оқтын зәрінің қара түсті болуына шағымданады. Алғаш осы симптомдар ЖРВИ ауырғаннан кейін 10 күннен кейін пайда болған, бір апта бойы бисептол қабылдаған. Объективті – терісі мен склерасы сарғайған, көкбауыры қабырға астынан анықталады. ЖҚА – эритроциттер 2,9х10ⁿ/л, Нв 90 г/л, ТК 0,9, ретикулоциттер 10 %, лейкоциттер 18х10ⁿ/л, т\я 2%, с/я 56%, моноциттер 6, эозинофилдер 3%, ЭТЖ 20 мм/с. Б/Х – билирубин 80 г/л тікелей емес фракциясына байланысты.

Қандай диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

*Гассер гемолитико-уремиялық синдромы

*+Гемолитикалық анемия

*Энзимопатия – глюкозо-6-фосфатаз жеткіліксіздігі

*Иерсиниоз

*Жедел лейкоз

 

!2 айлық қыз бала. Шағымдары: жиі лоқсу және құсу, іш қату. Бала мазасыз. Анамнезінде: туылған кездегі салмағы 3400 г, бойы 51 см. қазіргі кездегі салмағы 4000 г, бойы 55 см. Анасының сүтімен қоректенеді, анасының сүті жеткілікті. Лоқсу туылғаннан кейін бірден пайда болған. Объективті: терісі бозарған, теріасты шел-май қабаты жоқ, аяқ-қолдарында терасты шел-май қабаты жұқарған, тіндердің тургоры төмендеген.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

*Муковисцидоз
*Пилоростеноз
*+Пилороспазм
*Өңеш атрезиясы

*Целиакия

 

!10 айлық қыз бала. Анамнезінде: ағасының ұсақ ойыншықтарымен ойнап отырған. Кенеттен жөтел, ентігу пайда болып 10 минуттан кейін жоғалған. Бала белсенді, дене қызуы 36,70С, перкуторлы өкпесінде қораптық дыбыс, аускультативті өкпенің сол жоғарғы бөлімінде тыныс шығару кезінде ысқырықты сырылдар естіледі. Жалпы қан анализінде: эритроциттер- 3,8 х 1012/л, гемоглобин 130 г\л, лейкоциттер 4,3х109/л, эритроциттердің тұну жылдамдығы – 5 мм\сағ. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

*Бронхиолит

*Бронх демікпесі

*+Бронх бөгде заты

*Обструктивті бронхит

*Бронхөкпелік аспергиллез

 

!10 айлық ұл бала. Шағымдары: салмағының азаюы, дауысының қарлығуы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, енжарлық. Объективті: баланың жалпы жағдайы ауыр. Дауысы афониялы, тынысы баяулаған. Дене салмағы 30% кем. Сусыздану белгілері анықталады.

Төмендегі келтірілген тактикалардың қайсысы орынды?

*Емханалық ем тағайындау

*+Ауруханаға жолдау

*ФГДС тағайындау

*Диспансерлі бақылау

*Диетологқа жолдама беру

 

!7 жасар ұл бала. Анамнезінде: 5 жыл бойы ЖРВИ-мен жылына 3-4 рет ауырады, желшешекпен, қызылшамен, баспамен екі рет ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі мен шырышты қабаттары бозарған, сұршылт реңкпен. Бетінің, балтыры мен табанының, алдыңғы құрсақ қабырғасының ісіңкілігі байқалады. АҚҚ 150/110 мм. с. б. Жүрек шекарасы: 3 қабырғадан жоғары, оң жағы төстің оң қырында, сол жағы бұғана ортаңғы сызығынан 1 см сыртқа қарай. Жүрек үндері ырғақты, үнді, ЖЖЖ 72/рет мин. Жүрек ұшында дөрекі емес систолалық шу естіледі. Диурез 400 мл тәулігіне, зәрі лайлы, қоңыр түсті.

Осы науқасты диспансерлеу уақыты қанша?

*1 жыл

*3 жыл

*5 жыл

*14 жыл

*+өмір бойы

 

!2 айлық ұл бала. Тәбеті төмендеген, емшек сүтінен бас тартады. Қарап тексергенде кеуде қуысының тартылуы, қосымша бұлшық еттерінің тыныс алуға қатысуы анықталады. Ентігу, тыныс алу жиілігі = 100. Төмендегі келтірілген тактикалардың қайсысы орынды?

*+Ауруханаға жолдау

*Амбулаторлы емдеу

*Инфекционисттің кеңесі

*Күндізгі стационарға жолдау

*Госпитализацияға көрсеткіш жоқ

 

!12 айлық қыз бала. Шағымдары жоқ. Анамнезінде: анасы ВИЧ – тасымалдаушысы. Объективті: тері жабындысы бозарған, көзге көрінетін шырышты қабаттары қалыпты түсті. Лимфатүйіндері: құлақмаңы, қолтықасты, бұғана үсті, шап 3-4 см дейін ұлғайған. Лабораторлы көрсеткіштері: экспресс тест ELISA (+).

Төмендегі келтірілген тактикалардың қайсысы орынды?

*Амбулаторлы ем

*Күндізгі стационарға жолдау

*+Стационарға зерттеуге жолдау

*Үйден стационар ашу

*Инфекционисттің кеңесіне жолдау

 

!3 жасар ұл бала. Шағымдары: енжарлық, аяқ және бет аймақтарындағы ісінулер, тәбетінің төмендеуіне, ішіндегі ауру сезімі. Анамнезінен бала жиі суық тиіп ауырады, екі апта бұрын баспамен ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозарған, көзінің алды көгерген, қабақтары ісіңкі, аяқтары ісінген. Лимфа түйіндері диаметрі 0,5 см, азап ауырады, айналасындағы тіндерге жабыспаған. Жалпы зәр анализінде: белок 14г/л, салыстырмалы тығыздығы 1030, реакциясы сілтілі, эритроциттер 20 дейін к/а, лейкоциттер 8-10 к/а гиалинді цилиндрлер. Науқастың диспансерлеу уақыты қанша болуы мүмкін?

*1 жыл

*3 жыл

*+5 жыл

*14 жасқа дейін

*Диспансерлеу қажеті жоқ

 

ХИРУРГИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ

!Странгуляциялық ішек өтімсіздігінің АНАҒҰРЛЫМ жиі себебі:

*+Ішектердің түйілуі

*Копростаз

*Ішек өзегінің ісікпен бітелуі

*Көкбауыр инфаркты

*Ішек парезі

!Асқазан-ішек жолынан қан кетудің анағұрлым жиі себебі:

*+Асқазан мен 12 елі ішектің жара ауруы

*Созылмалы эрозивті гастрит

*Асқазанның қатерлі ісігі

*Меллори-Вейс синдромы

*Тоқ ішектің дивертикулезы

!Ер адам, 38 жаста. Алкоголь қабылдаған соң кенет эпигастрий аймағында өте қатты, шаншыған ауыру сезімі пайда болды. Объективті: тізелерін ішіне жинап алған, өте бозарған, салқын тер, іші тартылған, тақтай тәрізді, құрсақ қабырғасының бұлшықеттері өте тырысқан, Щёткин-Блюмберг симптомы оң. Қан анализі: эритроциттер 4,4х1012\л, лейкоциттер 15х109 \л, ЭТЖ 25 мм\ч.

Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысының дамуы анағұрлым ықтимал?

*+Жараның перфорациясы

*Бауыр шаншуы

*Шажырқай тамырларының тромбозы

*Қалтқының стенозы

*Аорта аневризмасының жарылуы

!68 жасар әйел. Эпигастрий аймағында, кіндік айналасында кенет пайда болған, күшті, толғақ тәрізді ауыру сезіміне, қайта-қайта құсуға, газдардың шықпауына шағымданады. Объективті: дене температурасы 370 С, боз, тілі құрғақ, іші үрілген, кіндік айналасында оң жақтан тимпанит, «шалпылдау», қарқынды перистальтика. Қан анализінде: лейкоциттер 17х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

*+Аш ішектің өтімсіздігі

*Тоқ ішектің өтімсіздігі

*Перитонит

*Жедел аппендицит

*Мезентериалды тамырлардың тромбозы

!56 жасар ер адам. Ішінде кенет пайда болған, толғақ тәрізді ауыру сезіміне, құсуға, газдардың шықпауына, нәжісінің болмауына шағымданады. Объективті: боз, қозғалмайды, дене температурасы 37,80 С, тілі құрғақ. Іші ассимметриялы түрде үрілген, сол жақ мықын аймағында Валь, Кивуль симптомдары оң, перистальтика қашықтан естіледі. Қан анализінде: эритроциттер 6х1012 /л, лейкоциттер 18х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ.

Төменде көрсетілген диагностикалық зерттеулердің қайсысы бірінші кезекте жасалады?

*Ирригоскопия

*+Құрсақ қуысының рентгенографиясы

*Ректороманоскопия

*Колоноскопия

*Құрсақ қуысының лапароскопиясы

!23 жасар ер адам. 6 сағат бұрын эпигастрий аймағында күрт ауыру сезімі пайда болған, ол ақырындап бүкіл іш аймағына таралған. Қарағанда іші тырысқан, бүкіл аймағы ауырады, бауыр тұйықтығы анықталмайды. 2 сағаттан соң ауыру сезімі бәсеңдей бастады.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысы анағұрлым жөндірек?

*Компьютерлік томография

*+Құрсақ қуысының рентгенографиясы

*ФГДС

*Құрсақ қуысын УДЗ

*Лапароскопия

!22 жасар ер адам. Құрсақ қуысы мүшесінің жедел іріңді ауруы бойынша операция жасалған соң 5 күннен кейін дене температурасы 37,60С жейін көтерілді, дизурия, тұрақсыз нәжіс, тенезмдер пайда болды.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

*Құрт тәрізді өсінді тұқылының дәрменсіздігі

*Ішек өтімсіздігі

*+Дугласов кеңістігінің абсцесі

*Жедел пиосальпинкс

*Инфекциялық колит

!54 жасар ер адам. Беліндегі және оң қабырға доғасы астындағы жедел ауыру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, бас ауыруына, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Аурудың басталуын шайқалумен байланыстырады. Үздіксіз аунай береді, ыңырсиды. Объективті: терісібоз. Іші ауырады және оң қабырға доғасы астында тырысқан, ұрғылау симптомы оң, бүйректері пальпацияда ауырмайды. Жалпы қан анализі: эритроциттер – 4 х1012/л, лейкоциттер – 9х109/л, ЭТЖ18 мм/сағ. Зәр анализінде эритроциттеркөру аймағында 10-15.

Төменде көрсетілген диагностикалық зерттеулердің қайсысы бірінші кезекте жасалады?

*+Шолу урографиясы

*Экскреторлы урография

*Компьютерлік томография

*Ультрадыбысты зерттеу

*Магнитті-резонансты томография

!36 жасар әйел. Женщина 36 лет. Беліндегі және сол қабырға доғасы астындағы жедел ауыру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Ауыруын физикалық жүктемемен байланыстырады. Объективті: Ыңырсып жатыр. Терісі боз. Іші сол қабырға доғасы астында ауырады және тырысқан. Ұрғылау симптомы оң. Пальпацияда бүйрегі ауырады. Қан анализі: эритроциттер 3,4х1012/л, гемоглобин 100 г/л, лейкоциттер 9,5х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде эритроциттеркөру аймағында 10-15.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 654 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

2285 - | 2070 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.