Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


уропалық философиялық дәстүрді дамытуындағы неміс классикалық философиясы және оның рөлі.




Дәрістің қысқаша мазмұны:

XIXғ. неміс философиясы-әлем философиясы тарихындағы тендесі жоқ құбылыс болды. Оның кейбір маңызды ерекшеліктері:

· адамзаттың ғасырлар бойы сақтап келген ойлау бітімі мәселелерін терең зерттеп, болашақтағы философияның даму бағытын анықтады;

· сол кезеңдегі белгілі барлық философиялық идеяларды зерделеп дүниеге жаңа көзқарас, тарихилық пен логикалықтың бірлігі диалектикасын қалыптастырды;

· әлемдік философияның, "алтын қорына" ондаған данышпан көрнекті философтарды (Гегель, Кант, Маркс, Ницше және т.б.) қосты.

XIXғ. неміс философиясындағы негізгі бағыттар:

· неміс классикалық философиясы (XIXғ. бірінші жартысы);

· материализм (XIXғ. ортасы және екінші жартысы);

· иррационализм, "өмір философиясы" (XIXғ. екінші жартысы, соңы).

§1. "Классикалық неміс философиясы" терминін Ф. Энгельс айналымға енгізді. Бұл заңғар философия XVIIIғ. аяғы-XIXғ. бірінші жартысында (30-шы жылдар) кең тарады. Капиталистік өндіріс әдісі дамыған Еуропа елдерінің ішінде Алмания экономикалық тұрғыда мешеу қалған ел еді. Бірақ осыған қарамай немістерде рухани төңкеріс болды. Осы жағдайды сипаттай келе К.Маркс: "Француз буржуазиялық революциясының немістік теориясы болды" деген баға берді.

Неміс классикалық философиясының маңызы:

· диалектикалық дәстүрді жаңғыртып, дүниеге диалектикалық логика ілімін әкелді;

· философияның логикалық-теориялық аппаратын мейлінше дамытты;

· философияның дәстүрлі мәселелерін (болмыс, ойлау, таным және т.б.) зерттеуді адам болмысын зерттеуге аударды;

· субъективтік және трансценденталдық идеализмнен объективтік идеализмге өту;

· философияны ғылыми білімдер жүйесі ретінде ұғынды;

· тарихилық принципті негізге алды;

· тарихты, қоғам дамуын философиялық мәселе тұрғысында қарастырды.

КНФ-да үш басты философиялық бағыт болды:

· объективтік идеализм (Кант, Шеллинг, Гегель);

· субъективтік идеализм (Фихте, Кант);

· материализм (Фейербех).

НКФ негізін қалаған Иммануил Кант (1724 - 1804) болды:

ü Күн жүйесінің кеңістікте жай бөлшектердің құйынды айналуы нәтижесінде Ньютон физикасының заңдылықтарына сай табиғи себептерден пайда болғанын түсіндірді;

ü адам баласының танымдық қабілетінің шекарасы барлығы туралы және қоршаған дүние ("өзіндік зат") мен құбылыстардың ішкі мәнін тануға болмайтыны туралы теорияны ашты.

ü категориялар туралы ілімді, яғни диалектикада негіз құрайтын, мейлінше жалпы ұғымдарды қарастырды;

ü моральдік заңды ("категориялық императив") тұжырымдады;

ü болашақта "мәңгі бейбітшілік болатыны" туралы идеяны, яғни соғыстың экономикалық жағынан тиімсіздігі және оған құқықтық тыйым салынатынын болжады.

Иоганн Фихте (1762-1814)-субъективтік идеализм өкілі, антитетикалық әдістің, яғни "Мен" және "Мен-емес" диалектикасын қарастырды.

Георг Гегель (1770-1831)-адамзаттың ойлау әлеміндегі теңдесі жоқ данышпаны, диалектикалық логиканың, яғни ойлау туралы ойлаудың негізін салды. Біз Гегельді Жаңа дәуірдің Аристотелі деп айтқан Ф.Энгельстің пікіріне қосыламыз.

Фридрих Шеллинг (1775-1854) - объективтік идеализм өкілі, табиғат философиясы, барабарлық, трансценденталдық идеализм философиясын зерттеді.

Людвиг Фейербах (1804-1872) - КНФ -ның антропологиялық материализм өкілі. Ол идеализмді қатты сынға алып, атеизм, дүниеге материалистік көзқарасты қалыптастырды.

XIXғ. неміс философиясының КНФ-мен бірге кең тараған бағыты материализм болды:

ü Людвиг Фейербах философиясы;

ü Маркстік философия;

ü тұрпайы материалистер.

Людвиг Фейербахтыңатеистік және материалистік философиясын неміс классикалық философиясына да және материализмге де жатқызуға болады. Өйткені Фейербах философиясы КНФ-ді аяқтайды және сонымен бірге XIXғ. неміс материализмнің негізін қалады.

Классикалық (диалектикалық) материализмнің үш құрамдас бөлігі:

v маркстік философия;

v саяси экономия (экономикалық ілім);

v ғылыми коммунизм (әлеуметтік-саяси теория).

Марксизм философиясының көрнекті өкілдері Карл Маркс (1818-1883) пен Фридрих Энгельс (1820-1895) болды.

Маркстік философия:

ü бірізділікті материалистік дүние бейнесін қалыптастырды;

ü материалдық және қоғамдық болмыс үшін өндіріс пен экономиканың рөлін көрсетті;

ü қоғами болмыс қоғами сананы билейді, тарих пен қоғам дамуының негізінде материалдық өндіріс жатытынын дәлелдеді;

ü философиялық мәселелерді диалектика тұрғысынан (диалектикалық материализм) қарастырды;

ü тарихты, қоғам дамуын табиғи-тарихи, заңды (тарихи материализм) процесс деп қарастырды;

ü адам, қоғам, мемлекеттің пайда болып қалыптасуының дәйекті логикалық бейнесін берді;

ü атеистік тұрғыдағы көзқарас басым болды.

Неміс философиясының өзге түрі- тұрпайы материализм. Оның өкілдері- Фохт, Бюхнер, Молешотт адам, қоршаған дүние мәселелеріне тек жаратылыстану ғылымдары (физика, химия, биология) тұрғысынан қарастыруға тырысты:

ü табиғат заңдарын (жануарлар дүниесінің, табиғи сұрыптау, тіршілік үшін күрес) адами қоғамға (әлеуметтік дарвинизм) механикалық тели салу;

ü идеалдықты терістеу, сананың идеалдығын мойындамау;

ü сананың қызметін физиологиялық процесс деп қарастыру (бауыр өтті қалай бөліп шығарса, мида ойды солай шығарады).

3. XIXғ. екінші жартысында Алманияда иррационализм идеясы да көрініс тапты. Иррационализм - болмыс пен танымның объективтік заңдылықтарын, диалектиканы терістейтін, қоршаған дүние мен тарихты хаос, кездейсоқтық тізбегі деп қарастыратын, жалпы бірізділікті, дәйекті логикалық дамуды мойындамайтын философиялық бағыт.

Иррационализм негізін Артур Шопенгауэр (1788-1860) салған деп саналады. Жалпы Шопэнгауэр философиясы пессимистік рухта өрбиді, адамның қоршаған дүниеге, өзінің өмірін өзгертуі мүмкіндігінің, қабілеттілігінің пәрменіне сенімсіздікпен қарайды. Иррационализмге жақын философиялық ағым-" Өмір философиясы ". Бұл философияның негізгі мәселесі-дүниедегі адам болмысы, оның өмір сүруінің мәні, өмірді өз бітімінде, өзінде зерделеу. "Өмір философиясының" көрнекті өкілдерінің бірі - Фридрих Ницше (1844-1900).

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: Өзіндік зат, категориялық императив, Мен және мен емес, аналитикалық пікірлер, синтетикалық пікірлер, Рух феноменологиясы, панлогизм, тезис антитезиз синтез, антропологиялық материализм т.б.

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Кант антиномиялары-ол:

А. Шешілмейтін қарама-қайшылықтар

В. Пайымдаулар

С. Ұғымдар

D. Аксиомалар

Е. Болжамдар

2. Кант этикасының орталық идеясы:

А. Гипотетикалық императив

В. Индивидуалды пайда принципі

С. Категориялық императив

D. Ақылды эгоизм

Е. Қоғамдық пайда принципі

3. Кант философиясындағы адам жүріс-тұрысының бастапқы принципі:

А. Гедонизм

В. Прагматизм

С. Эгоизм

D. Категориялық императив

Е. Альтруизм

4. Кант бойынша, категориялық императив дегеніміз:

А. Себеп-салдарлық

В. Табиғат заңы

С. Адамның субъективті көзқарасы

D. Әлемді эстетикалық қабылдау

Е. Моральдік заң

5. Неміс философиясының өкілі, агностик:

А. И. Кант

В. Й.Г.Фихте

С. Ф.В.Шеллинг

D. Г.Гегель

E. Л.Фейербах

6. Гегель философиясын сипаттайтын негізгі ұғымды көрсетіңіз:

А) «Өзіндік зат»

В) Апейрон

С) Монада

D) Абсолютті идея

E) Табиғат философиясы

7. Л.Фейербах өз философиясындағы негізгі көңіл аударатын мәселесі:

А) Гносеология.

В) Онтология.

С) Антропология.

D) Социология.

Е) Аксиология.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1099 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

2333 - | 2042 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.