Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсы СӘЙКЕС келеді?
*сол тізе буынының зақымдануы
*сол тізе буынының гемартрозы
*сол тізенің жұмсақ тінінің соғылған жарасы
*сол жамбастың төменгі үштен бір бөлігінің сынуы
*+сол тізе тобығының жылжыған бөліктермен сынығы
#1583
*!Ер адам 40 жаста, оң қолымен жүк көтерген, шалынып, оң иығымен құлған. Иық буыны аймағында қатты ауру сезімін сезген, Мужчина 40 лет, нес в правой руке груз, оступился и упал на правое плечо. Сильный удар пришелся на область плечевого сустава, осы уақытта жүктің ауырлығы максимальды төмен түскен. Науқас иық белдеуі аймағынан қатты ауру сезімін сезген. Бір тәуліктен кейін 103 шақырған. Қарап тексергенде: оң жақ зақымданған иық белдеуі ісінген, сыртқы (акромиальді) бұғана соңы баспалдақ тәрізді анық көрініп тұр. Иық буынын қиылдатқанда, әсіресе иықты жоғары көтергенде және әкеткенде қимыл шектелген және ауру сезімімен. Бұғананың акромиальды соңын басқанда ол төмендейді, қысым түсіруді тоқтатқанда ол қайтадан көтеріліп- бұғананың серіппелі қозғалысын тудырады. Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсы СӘЙКЕС келеді?
*оң бұғананың жұмсақ тінінң соғылуы
*оң бұғана буын байламының созылуы
*+оң бұғананың акромиальды соңының шығуы
*оң бұғананың акромиальды соңының сынуы
*оң бұғананың акромиальды соңының гематомасы
#1584
*!Ер адам 30 жаста, 2 м биіктіктен құлап түсті. Негізгі соққы сол жақ өкшеге түсті. Оқиға болған жерді 103дәрігері қарады.Объективті:сол өкше жалпақталған, ісінген және кеңейген. Тобықтың ішкі жағы қанталаған. Табанның күмбез бойы жалпақталған. Ауру сезіміне байланысты өкшеге күш түсіру мүмкін емес. Өкшенің пальпациясы ауру сезімімен. Тобық бұлшықетінің жиырылуы өкшедегі ауру сезімін күшейтеді. Артынан қарағанда зақымданған аймақта тобық төмен тұр, ал өкше сүйегінің осі ішке қараған екі табан көрінеді. Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсы СӘЙКЕС келеді?
*сол тобық буын байламының созылуы
*сол тобықтың ішкі сынығы
*сол тобықтың сыртқы сынығы
*+сол өкше сүйегінің сынығы
*сол тобықтың екі жағының да сынығы
#1585
*!Жасөспірім 16 жаста, 3 м биіктіктен құлап түсті. Негізгі соққы күші сол аяққа түсті. 103 дәрігерінің қарап тексергенде: сол жамбас ісінген, деформацияланған, оның осьі қисайған. Жарақат алған аймақта ауру сезімі сезіледі. Жамбастың ортаңғы үштен бір бөлігінде патологиялық қозғалу байқалады. Сол аяғын көтере алмайды. Табанның қозғалғыштық және сезімталдық қызметі толығымен сақталған. Шеткі артерияларда пульс сақталған.Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсы СӘЙКЕС келеді?
*+сол жамбастың ортаңғы үштен бір сынығы
*сол жамбастың жоғарғы үштен бір сынығы
*сол жамбастың төменгі үштен бір сынығы
*сол жамбастың жұмсақ тінінің соғылуы
*сол жамбастың мойның сынуы
#1586
*!Науқас Ж. 37 жаста. Жол-көлік апаты болған жерге 103 бригадасы келген кезде, науқас оң жамбас аймағында кенет ауру сезіміне шағымданады. Науқастың айтуы бойынша, 10 минут бұрын автокөлікке соғылып, оң жамбас аймағынан соққы алған. Есін жоғалтпаған. Қарап тексергенде: Оң жақ мықын сүйегінде кең көлемде теріастылық гематома анықталды, шат және шонданай сүйектерін, сонымен қатар мықын сүйегінің оң қанатын пальпациялағанда кенет ауру сезімімен.
Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсы СӘЙКЕС келеді?
*жамбастың жұмсақ тінінің гематомасы
*оң жамбастың мойнының сынығы
*оңжамбастың сынығы
*+жамбас сүйегінің сынығы
*жамбас сүйегінің соғылуы
#1587
*!Ер кісі 40 жаста, пәтерінде жөндеу жұмысын жасады. Қабырғаға бетон құйып жатқан.Сол білеігіндегі I-ші саусағының тырнағын байқамай балғашықпен соғып алды. 103-ті шақырды. Қарап тексергенде I саусақтың тырнағы ісінген,пальпация кезінде ауру сезімімен.Саусақтың қозғалысы шектелген. Тырнақ пластинкасының астында гематома бар. Саусақ осьі бойынша күш түсіру ару сезімімен. Ауру сезіміне байланысты қандай да бір затты саусақпен ұстау мүмкін емес.
Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсы СӘЙКЕС келеді?
*сол жақтағы I саусақтың шеткі фалангасының мыжылуы
*сол жақтағы I саусақтың шеткі фалангасының гематомасы
*сол жақтағы I саусақтың шеткі фалангасының жарақаты
*сол жақтағы I саусақтың шеткі фалангасының ашық сынығы
*+сол жақтағы I саусақтың шеткі фалангасының жабық сынығы
#1588
*!Ер адам 39 жаста, пышақтық соққыдан қорғану мақсатында оң қолымен пышақты алып оның жүзін ұстап қалған. Шабуылшы оның қолынан қатты күшпен итеріп жіберді. Осының нәтижесінде, оң алақан сыртында терең жара пайда болды. 103 дәрігерінің қарауы кезінде, оң алақан сыртында терең, көлденең кесілген жара ұзындығы 4 см, жиектері тегіс және айқын қансыраумен. Жара тереңдігінде, ІІІ саусақ сіңірінде перифериялық шеті көрінеді, жарада орталық шеті жоқ. III саусақ жазылған, соңғы және ортаңғы фалангтарда белсенді бүгілу жоқ. Сезімталдық сақталған
Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсы СӘЙКЕС келеді?
*+III-саусақтың сіңірінің зақымдалуымен оң қолдың кесілген жарасы
*III-саусақтың сіңірінің зақымдалуымен оң қолдың тесілген жарасы
*III-саусақтың сіңірінің зақымдалуымен оң қолдың жыртылған жарасы
*сіңірдің зақымдалуыныз оң қолдың кесілген жарасы
*оң қолдың III-саусақ сіңірінің зақымдалуы
#1589
!Науқас 50 жаста, автомобиль жарақатынан кейінгі жағдай. 103 дәрігері жалпы қарағанда науқас бас ауруына, бас айналуына, жүрек айнуына шағымданған. Неврологиялық статус: ретроградная амнезия, шамалы анизокория, нистагм, пирамидалық жеткіліксіздіктің белгілері. Киімінде құсық қалдықтары. Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*субдуральды гематома
*эпидуральды гематома
*бас-ми шайқалуы
*+бас-миының жеңіл дәрежелі зақымдануы
*бас-миының ауыр дәрежелі зақымдануы
#1590
*!103 бригадасы келіп жеткен сәтте, 70 жасар ер адам, ес-түссіз жатыр. Көршілерінің айтуы бойынша науқас сатыдан құлап түскен. Объективно: есі-комада, брадикардия, брадипноэ. Неврологический статус: айқын анизокория. Патологогиялық табан белгілері. Мұрын жолдарынан қан кеткен іздері бар.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*+бас-миының ауыр дәрежелі зақымдалуы
*бас-миының орташа дәрежелі зақымдалуы
*бас-миының жеңіл дәрежелі зақымдалуы
*бассүйек күмбезінің және негізінің сынуы
*субдуральды гематома
#1591
*!35 жастағы ер адам, ауыр затпен басын урып алған сәтте есінен танып, құлап қалған. Науқас жағдайын біріншілік бағалау кезінде түсініксіз сөздер айтып, ауырсыну тітіркендіргішіне көзін ашып, тітіркендіргіш тиген аймақтағы қол-аяқты қозғайды.
Глазго шкаласы бойынша бағалаңыз:
*5 балл
*7 балл
*8 балл
*+9 балл
*10 балл
#1592
*!Ер адам 27 жаста. Ауыр басссүйек-ми жарақатын алған. Кереңделген. Жедел-жәрдем дәрігерінің терапиясынан кейін, науқасты нейротравматологиялық бөлімшеге госпитилизациялау шемішім қабылданды. Тасымалдау кезінде науқас жағдайы нашарлай түсті: есінің команың ІІ дәрежесіне дейін нашарлауы, брадикардия, тоникалық тырысулар. Науқаста бассүйек-ми жарақатының қандай асқынуын болжауға болады?
*тырыспалы синдром
*геморрагиялық шок
*бассүйек сынығы
*+бассүйек ішілік гематома
*бас-ми қанайналымының жедел бұзылысы
#1593
*!Ер адам 20 жаста, бассүйек-ми жарақатын алған. Бір сағаттан көп уақыт ессіз жатқан. Қысқа уақытты сөйлеу бұзылыстары тіркелген. Айқын жалпы милық сиптоматика.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*бас-ми шайқалуының ауыр дәрежесі
*бас-миының ауыр дәрежелі зақымдалуы
*+ бас-миының жеңіл дәрежелі зақымдалуы
*бас-миының шайқалуы
*бас-миының қысылуы
#1594
*!Ер адам 26 жаста. Басының жарақатынан кейін 12 сағаттан кейін есінен танып қалған. 103 бригадасының дәрігері жалпы қарағанда: науқас жағдайы ауыр, PS – минутына 60 соққы, АҚ 70/40 мм с.б., сол жақтық гемипарез анықталған.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*бас-ми шайқалуының ауыр дәрежесі
*+бас-миының оң жақтық бассүйек ішілік гематомамен қысылуы
*бас-миының ауыр дәрежелі зақымдалуы
*бас-миының сол жақтық бассүйек ішілік гематомамен қысылуы
*бас-миының қысылуы
#1595
*!Ер адам 45 жаста, 103 дәрігері жалпы қараған кезде, бас ауруы, бас айналуы, жүрек айну, құсуға шағымданған. Анамнезінде бір тәулік бұрын құлап, басын жерге соғып алған. Қысқа мерзімді есін жоғалтқан, жарақат себебі есінде жоқ. Қарап тексергенде: науқас бозғылт, АҚ 130/80, брадикардия минутына 62 соққыға дейін, ошақтық неврологиялық симптомдар жоқ.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*бас-ми зақымдалуының ауыр дәрежесі
*бас-ми зақымдалуының орташа дәрежесі
*бас-ми зақымдалуының жеңіл дәрежесі
*+бас-ми шайқалуы
*бас-миының қысылуы
#1596
*!Қабылдау бөліміне 6 метр биіктіктен құлаған науқас комалық жағдайда жедел жәрдеммен жеткізілді. Қарап тексергенде: тері жамылғылары бозғылт, брадикардия минутына 60 соққы, АҚ 140/80 мм. с.б.б., сол жақ самай аймағында орбиталық аймаққа дейін тараған қан кету. Оң жақтық гемипарез және оң жақтық сезімталдық төмендеуі анықталды.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*бас-ми шайқалуының ауыр дәрежесі
*бас-ми зақымдалуының ауыр дәрежесі
*+ сол жақтық бассүйек ішілік гематома
*оң жақтық бассүйек ішілік гематома
*бас-миының қысылуы
#1597
*!Жан сақтау автокөлігімен 1 сағат бұрын болған автоавариядан зардап шегуші жеткізілді. Есінің деңгейі – кома, өкпені жасанды желдендіру жүргізілуде. Қарау кезінде нистагм, анизокория, екі көз шұңқырында да қан құйылулар анықталған, сол құлақтан ликворрея анықталды.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*+бас сүйек негізінің сынуы
*бас-ми шайқалуының ауыр дәрежесі
*бас-ми зақымдалуының ауыр дәрежесі
*бас-ми зақымдалуының жеңіл дәрежесі
*алдыңғы бас сүйек шұңқырының сынуы
#1598
*!Жедел жәрдем бригадасы қабылдау бөліміне 50 минут бұрын ағаш шабу кезінде байқаусызда басының үлкен көлемді шабылған жарақатын алған науқас жеткізілді. Қарау кезінде: сол жақ төбе-маңдай аймағында кең және аздаған қан кетумен көрінетін шабылған жара анықталды. Жарада сүйек қалдықтары көрінеді. АҚ 11/70 мм.с.б.б., пульс минутына 98 соққы, ритмді. Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*бас сүйек негізінің сынуы
*алдыңғы бас сүйек шұңқырының сынуы
*жабық бас-ми жарақаты
*+ашық бас-ми жарақаты
*бас-ми зақымдалуының ауыр дәрежесі
#1599
*!Ер кісі 43 жаста, құлау кезінде басын соғып алған. Басының қатты ауырсынуына, жүрегінің айнуына, бас айналуына шағымданады. Қарау кезінде: есеңгіреген, тері жамылғылары бозғылт, пульс минутына 62-64 соққы. Сол жақ самай бөлігінде жұмсақ тіндердің ісінуі, сол жақ құлағынан аздап қан кеткен. Науқас жарыққа қарай алмайды. Сол жақ қарашығы оң жақпен салыстырғанда кеңдеу.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*+бассүйек негізінің сынуы
*алдыңғы бассүйек шұңқырының сынуы
*жабық бас-ми жарақаты
*ашық бас-ми жарақаты
*бас-ми зақымдалуының ауыр дәрежесі
#1600
*!Ер кісі 28 жаста. Төбелес кезінде басына қатты затпен соққы алған. Жедел жәрдем дәрігері қарау кезінде: ұйқышыл, сұрақтарға түсініксіз жауап береді, аздап бозғылт, пульсі минутына 62 соққы, маңдай аймағында 8х15 см көлемді жара,аздап қан кеткен, сол жақта мұрын-ерін қыртысы тегістелген, тілі аздап солға ығысқан, оң жақ қарашығы сол жақпен салыстырғанда аздап кеңейген.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*бассүйек негізінің сынуы
*алдыңғы бассүйек шұңқырының сынуы
*Ашық бас-ми жарақаты. Басүйек-ми зақымдануы.
*+Жабық бас-ми жарақаты. Бассүйек-ми зақымдануы.
*Жабық бас-ми жарақаты. Бас-миының шайқалуы.
#1601
*!Ер кісі 41 жаста. Автокөлік апаты салдарынан ауыр бас жарақатын алған. 103 бригада келген сәттегі жағдайы ауыр. Есінен танып қалған, мұрнынан, аузынан, құлақтарынан қан кетуде, жоғарғы жақ фрагменттерінің түсуі, тістеудің бұзылысы, оң жақ төменгі көз шарасы аймағында «саты» симптомы оң.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*+бас сүйек негізінің сынуы
*алдыңғы бас сүйек шұңқырының сынуы
*ашық бассүйек-ми жарақаты. Бас миының зақымдалуы.
*жабық бассүйек-ми жарақаты. Бас миының зақымдалуы.
*жабық бассүйек-ми жарақаты. Бас миының шайқалуы.
#1602
*!Науқас 45 жаста ауыр затпен басына соққы алған, 2-3 минутқа есінен танып қалған. Жарақатқа алып келген оқиға есінде емес. тексеру кезінде – жағдайы орташа ауырлықта, бас ауруына, құлақтағы шуылға, бас айналуына шағымданады. Маңдай бөлігінде гематома анықталады. Тері жамылғысы аздап бозарған, АҚ 120/80мм.с.б.б., пульс минутына 56 соққы. Көлденең және тік нистагм, сіңірлік және периостальді рефлекстердің төмендеуі анықталды.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*бас миының ауыр дәрежелі зақымдалуы.
*бас миының орташа дәрежелі зақымдалуы.
*бас миының жеңіл дәрежелі зақымдалуы.
*+бас миының шайқалуы.
*бас миының қысылуы
#1603
*!Ер кісі 30 жаста, үйіне қайтып жатқанда басына қатты затпен соққы алған. Бірнеше минутқа есінен танған. Үйіне дейін ешкімнің көмегінсіз жетіп, ұйықтап қалған. Таңертең әйелі оята алмаған. 103 бригаданы шақырған. Дәрігер қараған кезде: науқас есеңгіреген, қарауға қарсыланады, сөйлеу контакті мүмкін емес. Қорғаныс қозғалыстарынан оң жақта бұлшықет әлсіздігі анықталды. Сол жақ самай аймағының терісі бозарған. Сол жақ қарашық оң жақпен салыстырғанда кеңейген. АҚ 100/70 мм.с.б.б., пульс минутына 48 соққы.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*бас миының ауыр дәрежелі шайқалуы.
*бас миының ауыр дәрежелі зақымдалуы.
*+сол жақ бассүйек гематомасы
*оң жақ бассүйек гематомасы
*бас миының қысылуы
#1604
*!Ер кісі 65 жаста. Ауыр бассүйек-милық жарақаттан соң «машиналық» тыныс пайда болған. Бас миының қай бөлігінің зақымдалуында аталған тыныс бұзылысы байқалады?
*аралық ми
*семиовалді орталық
*сопақша ми
*+ортаңғы ми
*көпір
#1605
*!18 жасар боз бала. Төбелес кезінде қатты затпен басына соққы алған, есінен танып қалған. Жедел жәрдем дәрігерінің бағалауы бойынша есі сопорлық жағдайға тең. Қозғыштық пен тырысулар анықталмайды.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*+бас миының ауыр дәрежелі шайқалуы.
*бас миының ауыр дәрежелі зақымдалуы.
*оң жақ бассүйек гематомасы
*сол жақ бассүйек гематомасы
*бас миының қысылуы
#1606
*!Ер адам 27 жаста, ауыр бассүйек-ми жарақатын алған. Кереңденген. Жедел жәрдем дәрігерінің терапиясынан кейін, науқасты нейротравматикалық бөлімшеге госпитализациялау шешімі қабылданды. Транспортировка кезінде науқас жағдайы жедел нашарлай түсті: есінің команың ІІ дәрежесіне дейін нашарлауы, брадикардия, тоникалық тырысулар. Науқаста бассүйек-ми жарақатының қандай асқынысын болжауға болады?
*+бас миының ісінуі
*тырыспалы синдром
*геморрагиялық шок
*бассүйек сынығы
*бас-ми қанайналымының жедел бұзылысы
#1607
*!Қала сыртында 10 жастағы бала бірнеше сағат бойы қатты аязда болды. Мұздалған баланы шаңғышылар тауып,жақын жерде орналасқан елді мекенге апарады. 103 шақырды. Қарағанда білек пен табан терісі гиперемияланған, қолдың саусақ ұштары және аяқтың бірең-сараң күлдіреуік, сезімталдық төмендеген.
Науқаста үсіктің қандай дәрежесі?
*I дәреже
*+II дәреже
*III дәреже
*IV дәреже
*II-III дәреже
#1608
*!Моншада 20 жастағы қызда бұтаралық және екі жақты төменгі бөліктерде термиялық күйік.
Күйіктің жалпы ауданың анықтаңыз?
*19%
*22%
*27%
*32%
*+37%
#1609
*!Жас жігіт 25 жаста.Аспазшы болып жұмыс істейді. Қазір даярлап жатқан ботқаны өзіне аударып алған.Ауру сезімнен қатты айғалап, мазасыз, қозғыш,сымда тізе буын деңгейінен сирақ-табанға дейін және табан терісінде, қол білегіне және тоқпан жілікке жабысқан сұйық ботқа, терінің бос аумағы гиперемияланған,ісінген, көпіршік түрде қабатталған мөлдір сұйықтықпен.Ашылған көпіршіктің түбі-қызыл,жалтыраған,ауру сезімді; кейбір орында ақ түсті бедер,құрғақ. АҚ 110/75 мм рт. ст, пульс 86 мин.соққы..ритмді.
Термиялық үсіктің дәрежесін анықтаныз?
*I дәреже
*II дәреже
*+IIIа дәреже
*IIIб дәреже
*IV дәреже
#1610
*!Ер адам 45 жаста.Жарылыстан машина өртенген.Кеуденің бүйір беті және жоғарғы сол жақты және төменгі бөліктеріне күйік алған.Осы жерде терінің гиперемиясы жайылған,көпіршік, кейбір аумағында бозғылт-сұр түс(дене беткейі 10% дейін), сезімталдық жоғалған.АҚ 110/70 мм.рт.ст. Пульс 110 мин.соққы,ритмды,қанағаттанарлық толықтыру.
Термиялық күйіктің дәрежесін аңықтаңыз?
* I дәреже
*+II дәреже
*IIIа дәреже
*IIIб дәреже
*IV дәреже
#1611
*!Жас әйел 33 жаста.Байқаусызда қайнап тұрған сүтті иық пен білекке төгіп алады. 103 дәрігері тексергенде: тері жамылғы ашық-қызыл түсті, көп мөлшерлі көпіршіктер,серозды сұйықтықпен толған.Қатты ауру сезім мазалайды.
Термиялық күйіктің дәрежесін анықтаңыз?
*I дәреже
*+II дәреже
*IIIа дәреже
*IIIб дәреже
*IV дәреже
#1612
*!Ер адам 42 жаста. Өзіне ыстық сорпаны төгіп алды.103 дәрігері тексергенде:дене беткейі 5% терең күйік жарақаты,көпіршіктер ашылған.Жарақат оң жақты төменгі бөлікте –сирақтың сырт жағында орналасқан.
Термиялық күйіктің дәрежесін анықтаңыз?
*I дәреже
*II дәреже
*IIIа дәреже
*+IIIб дәреже
*IV дәреже
#1613
*!8 айлық бала ыстық сұйықтықпен кеуде,екі жақты жоғарғы және төменгі бөліктері термиялық күйік.Локальды:кеуденің беткей алдыңғы және бүйір күйік жарақаты орналасқан,екі жақты сан және білек. Гиперемия фонында және ісінуіне кейбір аймақтарда эпидермис қабаттары болмайды.Жараланған беттері қызыл түсті, плазморрея болады.Сезімталдық сақталған.
Термиялық күйіктің дәрежесін анықтаңыз?
*I дәреже
*II дәреже
*+IIIа дәреже
*IIIб дәреже
*IV дәреже
#1614
*! Науқас 50 жас. Дене бетінде 35% аймағы I-II-IIIA дәрежелі термиялық күйік бар.Күйік жарақаттары бетте,мойында,кеуденің алдыңғы беткейінде орналасқан. Бетте,мойында жұмсақ тіндердің ісінуі бар.Тыныс алуы мұрын және ауыз арқылы қиын,шулы. Мұрын жолында шарпылу қылшығы бар.
Науқастың тыныс алу бөлігінің күйігі қай жерде орналасқан?
*+жоғарғы тыныс алу жолында күйігі
*төменгі тыныс жолында күйігі
*мұрын жолындағы күйік
*көмей күйігі
*трахея күйігі
#1615
*!Ер адам 53 жаста, қарауылшы, 12 сағат бойы ауа температурасы (-25С) далада болды. Кезек ауыстыру кезде екі табанда күйіп-жану ауру сезімді және шаншып сезіледі, аяқ саусақтары ұйып қалу. Кезекшілік аяқталғанда уйне барып, ұйықтап қалды. Келесі күні екі аяқ саусақтары көпіршіктің ішінде геморрагия пайда болуымен. 3 күннен кейін жедел жәрдем шақырды. Тексеру кезінде аяқ табан саусақтары суық, қозғалыстың болмауы, екі табанның ісінуі сыртқы жағы гиперемияланған, ішінде геморрагиялық көпіршік бар. Саусақтар көк-қызыл, сезімталдық жоғалған. Төмендегі алдын-ала көрсетілген қай диагноз дұрыс?